Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кімшілік және экономикалық әдістердің құрамы және олардың маңызы





Әкімшілік және тура реттеу әдістері шаруашылықты субъектінің еркін таңдауын
шектейді. Мысалы, өндірілген өнімнің ассортименті және көлемі бойынша берілген
директивті жоспарлық тапсырма немесе жоспарлы экономикада әкімшілік реттеу әдісі -
тауар және қызмет көрсетуге орталықты белгіленген баға - ресурстарды альтернативті
қолдануға мүмкіндік бермейді. Мұның ерекшелігі мемлекеттік реттеудің экономикалық
және жанама әдістері кәсіпкерлік таңдау еркіндігін шектемейді.
Реттеудің әкімшілік әдісі нарық табиғатына қарама-қарсы, олар сәйкес қаржылық
реттеушілердің қызметін блоктайды.
Экономикалық әдістер, керісінше, нарық табиғатына адекватты. Олар нарықтың
конъюктурасына тікелей әсер етеді және сол арқылы тауар және қызмет көрсетудің
тұтынушысына және өндірушісіне жанама әсер етеді. Мысалы, трансфертті
төлемдердердің артуы тұтынушы тауарлардың нарығының коъюктурасын өзгертеді,
сұранысты арттырады. Басқарудың экономикалық әдістері осылайша нарықтық механизм
арқылы қызмет етеді
Командалық экономикадан нарықтық экономикаға өту бұрынғы әкімшілік әдістерін
бұзып, экономикалық реттеуші жаңа жүйелерді құрумен мемлекеттік реттеу әдістерінің
жүйесін өзгертумен бірге жүреді.
Жоспарлау болашақ қызметтерді өңдеу процесін көрсетеді. Және кез келген жүйемен
басқарудың маңызды қызметі болып табылады. Ол келесі негізгі сәттерді қамтиды: желілі
макроэкономикалық көрсеткіштерді жоспарлау; қоғамдық дамуда мәселелерді және
дисбаланстарды көрсету.
Өндірістің дағдарыстық қысқаруының масштабын азайту үшін халықтық өмір сүру
деңгейін төмендетпеуге күш салу керек, мемлекет реформаның алғашқы кезеңдерңнде,
мысалы, өндірістік негізді және ұлттық жеке тутынуын құрайтын тауарлардың біраз
тобын өткізу мен өндіріске әкімшілік бақылауды сақтай алады.
Өтпелі кезеңде мемлекеттің маңызды міндетті болып реттеудің экономикалық
әдістерінің жалпы жүйесін құру табылады. Осы мақсатпен барлық елдер нарықтық
экономикаға өтуді жүзеге асыру несиелік және салықтық жүйенің реформасын жүргізеді.
Нарықтық экономикаға тән елдерде екі деңгейлі банктік жүйе қаралады. Мұнда
орталық банк экономикалық нормативтермен бірге коммерциялық банктерінің кең
тораптарының әрекеттерін реттеуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы экономиканы басқару.

Қазақстан жағдайында өкімет ролін бағалау қиынырақ. Жоспарлау жүйесінен нарықтық
экономикаға өту өте тез және қиын болады. Қандай саясат жүргізу керектігін ешкім
білмеді, реформа сәтті эксперимент бола алмады. әрине бәрі ретімен болу керек. Кез-
келген әрекеттің міндеттері мен нәтижелері мақсатты түрде бағалануы керек.
Сонымен қазіргі кездегі Қазақстан жағдайында экономиканы басқарудағы
мемлекеттің ролін активтендіру мәнді болып табылады. Осыдан елдің ары қарай дамуы,
оның ауыр дағдарыстан шығу мүмкіндігі, әлеуметтік – экономикалық реформа тағдыры,
экономикалық жүйені құру артықшылықтары тәуелді. Қазақстанның ұлттық
экономикалық мүддесі, трансформациялық кезендегі күрделі мәселелер, сонымен қатар
экономиканы мемлекеттік басқару жүйесін бағыттау қажеттілігі реттеумен жүзеге асыру.
Өтпелі экономиканың парадоксы болып осы кезендегі мемлекеттің шаруашылық
процесстеріне әсер ету мүмкіндігі табылады. Ал мемлекеттік араласуда қажеттілік
жоғарғы деңгейде сақталады, және экономиканың жалпы дағдырыс жағдайымен
байланысты жоғарылауы мүмкін.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты мақсаты, мемлекет мүддесін сақтау,
қоғамды, халықтық әлеуметтік қорғалмаған қабатын қорғау.
Мемлекет әрдайым ерекше экономикалық субъект ретінде қоғамның экономикалық
өмірін қатыса отырып көрінген. 29
Бақылау сұрақтары:


1. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің маңызды міндеттері.
2. Нарықтық экономикалық жүйе ерекшелігі және екі деңгейлі банктік жүйе
3. Қазақстан жағдайындағы экономиканы басқарудағы мемлекеттің ролі.
№3 дәріс тақырыбы. Мемлекеттік реттеу жүйесінің әлеуметтік-экономикалық
серпінін болжау
1. Болжаудың маңыздылығы мен мақсаттылығы.

2. Болжаудың негізгі принциптері.

3. Экономикалық болжау жасаудың экономикалық әдісі

Кез келген қоғам, мейлі оны капиталистік дейік, мейлі социялистік дейік өзінің
болашақта даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық
болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті
экономикалық ресурстар көлемін – ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді
варианттарын, үкіметтің экономикалық, тахникалық саясаттарының негізгі бағыттарын
анықтау үшін керек.
Өндірісті басқару тек қана тиімді шешімдерді таңдап, іске асыру керек, өйткені
тиянақтаусыз, қате қабылданған шешімдердің залалы, әсірессе қазіргі кезде өте үлкен.
Сондықтан, қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса
экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары
туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі болжау деп
аталады. Болжау – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы
байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау
танылады. Экономикалық болжау объектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу
заты экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және
экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз –
экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және
экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген
экономикалық болжамдар жасау процесі.
Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолдануына және болашақ жәй-күйдің
айқындалу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар. Олар
гипотеза (жалпығылымдық болжау), болжам, жоспар. Гипотеза жалпы теория деңгейіндегі
ғылыми болжауды бейнелейді. Болжам, гипотезамен салыстырғанда, әлдеқайда нақты
сипаттама береді, өйткені, ол сапалық қана емес, сандық өлшемдерге негізделген.
Болжау кеңістігіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалық (халық
шаруашылығының); құрылымдық (салааралық және аймақаралық); экономикалық
кешендер (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, т.б.) және салалық және аймақтық
болжамдар.
Болжау мерзіміне байланысты: байланысты оперативті (1 айға дейін); қысқа
мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ
мерзімдік (5-15-20 жылға дейін); алыс мерзімдік (20 жылдан арғы мерзімге) болжамдар.
Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардың даму болжамы;
ғылыми-техникалық прогрестің даму болжамы; халық шаруашылығы дамуының
динамикасы; еңбек ресурстарының даму болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану
болжамы т.б.
Функционалдық белгісі бойынша: барлау болжамдары; нормативтік болжамдар.
Нормативтік болжам алдын ала айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады.
Зерттеу объектісінің ықтимал хал-күйіне қанша мерзімде, қандай жолдармен жететіндігін
анықтауға арналған.


 

 







Date: 2016-01-20; view: 945; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию