Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет Лоббизм қызметінің мәні мен әдістері





Әрбір саяси жүйеде азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейтін белгіленген тетіктер бар. Олардың арасындағы маңызды рөлді мүдделер тобы алады. Бұл бірлестіктер мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарда делдал бола отырып, адамдардың әлеуметтік, ұлттық, өңірлік және басқа да мүдделерін білдіреді. Өз функцияларын атқара отырып, олар билікке қысым көрсетудің тікелей формаларын дамытады. Сонымен бірге, үкімет алдында түрлі, үйлестірілмеген сұраныстарын ұсына отырып, қысым тобы шешім қабылдауды оңтайландырады. Себебі билік құрылымдары осы кезеңдегі мемлекет алдында тұрған мәселелерді анықтауға, әлеуметтік шиеленістерді шешуде тиісті басымдықтарды анықтауға, өзгеріп жатқан жағдайларға қарай өз бағыттарын үйлестіруге мүмкіндік алады.

Лоббидің экономикаға әсерін зерттеу үшін осы сөздің мәнін және тарихын білудің маңызы зор.

Лобби, лоббизм (ағылшын lobby – кулуар) – АҚШ-тың заңдық органдарының жанындағы ірі монополиялардың кеңселері мен агенттері жүйесі, олар аталған монополиялар мүддесі үшін заңдарды қабылдауда, үкіметтік тапсырыстарды орналастыруда және т.с.с. тиімді шешімдер қабылдату үшін заңнамалық және мемлекеттік шенеуніктерге ықпал етеді (сатып алуға дейін).

Лобби тек АҚШ-та ғана бар десек қателесеміз, өйткені лоббизм кез-келген елге тән, оны әрбір мемлекетте экономикалық тұрғыдан қуатты субъектілердің болуымен немесе қандай да бір компанияларға протекция жасайтын ықпалды саяси топтардың болуымен түсінідіре аламыз.

Лоббизмнің тамыры терең, себебі мұндай құбылыс адамның табиғатына тән, яғни белгілі бір экономикалық сыйақыға ықпалды тұлғалар немесе тұлғалар тобы қандай да бір экономикалық субъектілерге қолдау көрсетеді. АҚШ-та бұл құбылыс өз атауын алып, қарым-қатынаста бекітілген.

Лоббизм кез-келген елде болғанымен, біздің елімізде оған аса мән берілген жоқ не болмаса оны жоққа шығаруға тырыстық. Дамыған елдерде лоббизм түрлі комапниялар үшін маңызды саналатын мәселелерді шешудің маңызды ажырамас бөлігі болып табылады.

Соңғы кездері лоббистер мемлекеттік биліктің иерархиясындағы тиісті құрылымдарға қысым көрсетудің өркениетті тәсілдерін қолдана бастады. Оған лоббизмнің шет елдерде тұрақты дамуы себеп.

Кез-келген елдің ықпалды экономикалық субъектілері өздерінің әрі қарайғы экономикалық дамуын лоббизмдегі табысы мен жеңілісімен байланыстыра бастады.

Лоббизм мемлекеттің билік құрылымдарына қысым көрсету болып табылады. Қысым арқылы қабылданған шешімдер тек бір ғана топтың мүддесін қорғайтыны белгілі. Үкімет көбінесе ерекше мүдддесі бар аз ғана топтың мақсатын қолдайды, ал ол жалпы бүкіл қоғамға шығын келтіреді. Экономикада мұндай құбылыс ерекше мүдделер әсері деген атау алды.

Лоббизм арқасында қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы аз ғана адамдар тобы қомақты пайда табады. Осы жерже лоббистер қалайша өз дегендеріне басқалардың көзіне «таза» болып көрініп, қол жеткізе алады деген сұрақ туындайды. Лобби мұндай жетістікке өз қызметтерінің ерекшелігі мен қорытындысы туралы ақпаратты жетік білуімен, өз көзқарастарын дәлелдей алу қабілетімен, саяси тұлғаларға тиімді ықпал ету құралдарын қолданумен жетеді. Шын мәнінде лоббистер – бұл кәсіптік негізде құрылған жаңа саяси институт. Енду халықтың қалған бөлігі жайында сұрақ туындайды: неліктен адамдар өз құқығының шектелуіне көз жұмады? Батыс экономистері мынадай себептерді атап көрсетеді: олар бұл мәселе жөнінде толық білмейді және немқұрайлы қарайды және де олар үшін маңызды емес кішкене ғана шығынға ұшырау тәуекеліне ие болады.

Лоббизм арқылы қабылданған шешімдерді қабылдау барысында саясаткер сайлаушылар оны байқамайды және де келесі жолы оған қайта дауыс береді деген қағиданы ұстанады. Сонымен бірге кей саясаткерлерге сайлау науқанын жүргізу үшін ірі компаниялар қарыжлай көмек көрсетеді, сондықтан да саясаткер экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тиімсіз болса да лоббистік шешімді қабылдауға мәжбүр болады. Осылайша лоббизм бәсекелес фирмаларға теңсіздік жағдайын құрады, ал ол рыноктік экономика қағидаларына мүлде қарама-қайшы.

Тиімділік және әділеттілік тұрғысынан ақталмаған қабылданған заңнамалық құжаттар немесе үкіметтік шараларға көптеген мысалдар келтіруге болады: бәсекені шектейтін шет елдік тауарларға тарифтерді енгізу, тұтынушылар үшін бағаны көтеру, тек байларға пайда алып келетін салықтың тесіктерді белгілеу, шын мәнінде қымбат тұратын және қомақты пайда әкелетін жұмыстарға қоғамдық жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру, салық төлеушілер есебінен фермерлерге субсидиялар беру және т.б.

Аталған шаралардың бір бөлігі тек аз ғана топтың мүддесін көздесе, бір бөлігі адамдық, ынталандырушылық нышанға ие екендігін көреміз. Барлығы да қандай да бір шаралардың қандай жағдайларда қолданылатындығына байланысты яғни елдегі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Осындай көзқарастар тұрғысынан лоббизм арқылы қабылданған шешімдердің мақсаттылығы мен тиімділігін қарастыру қажет.

Мысалы, шет елдік тауарларға тарифтерді енгізуді алайық. Мәні жағынан мұндай шешім еркін бәсекелестік қағидасына қарама-қайшы болып келеді: еркін бәсекенің ешбір қатысушысы басқа қатысушы қабылдаған шешімге ықпал ете алмайды. Алайда мұндай шаралар жұмыспен қамтуды қолдау, отандық тауар өндірушілерді қолдауды ынталандырады.

Алайда шет елдік тауарларға тарифтерді енгізу қысқа мерзімдік нышанда болуы тиіс, яғни пайда болған әлеуметтік мәселе мен капиталды табысы мол салағы аударуды жүзеге асыру уақытында ғана пайдаланылуы тиіс.

Лоббизм арқылы қабылданған шешімдердің бірі – қоғамдық жұмыстар бағдарламасын жүзеге асыру. Мемлекеттің экономикалық даму тұрғысынан бұл шара тиімсіз болуы мүмкін, алайда әлеуметтік даму тұрғысынан кәсіподақтар қолдаған бұл шара толығымен ақталған және жұмыспен қамту саясатының бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да мұндай лобби кез келген дамыған қоғамда қолдауға ие болуы тиіс.

Тура осыны фермерлерге берілетін субсидиялар жөнінде айтуға болады, себебі ауыл шаруашылығы – қоғамдық өндірістің ерекше аясы және көбінесе дотацияны керек етеді. Мұндай шаралардың ақталуы ауыл шаруашылығының кез келген мемлекеттің стратегиялық саласы болуымен, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен түсіндіруге болады.

Өкінішке орай, көп жағдайларда үкіметтік реттеу бәсекені күшейтудің орнына оны бәсеңдетеді. Мұндай реттеу өзін тауарлар мен қызметтер өнідірісіне эксклюзивтік лицензия беру, шет елдік тауарлар мен қызметте импортын шектейтін салықтар, квоталар, мамандар мен кәсіби жұмысшылардың кәсіптік талаптары мен жалақысын анықтайтын лицензиялар жатады. Бұл шаралардың кейбірі, мысалы патенттер мен авторлық құқықтар беру ақталуға жататын шара. Басқа шектеулер аз ғана топтың мүддесін қолдағандықтан да ақылға қонымсыз, дұрыс емес нәрсе. Алайда бұған қатысты шығындар халықтың арасында кеңінен бөлінгендіктен қоғамдық қарысылықты тудыра қоймайды.

 

 

Date: 2016-01-20; view: 1559; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию