Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ндіріс салаларындағы бизнесті дамыту шарттары
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан – 1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.; 2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады. Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді. Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 – 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 – 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті. Қазақстан шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орында болды. Республикада шетел инвестицияларының негізгі капиталдағы үлесі негізінен Батыс Қазақстан (92%), Маңғыстау (66%) және Ақтөбе (75%) облыстарына тиесілі болды. Республика өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар ескірген (50%-дан астам). Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі 2004 жылы 30%-дан асты, яғни ақшаға шаққандағы көлемі 3000 млрд. теңгеден астам болды, ал өнеркәсіптің негізгі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 30 мың теңге шамасында. Негізгі қызметтен алынған табыс 402,2 млрд. теңгені құрады және өнеркәсіптің пайдалылық деңгейі 23%-ға жетті. 21 ғасырдың басынан Қазақстан өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі жүргізіле бастады. Нәтижесінде ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль құрастыру сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда болып, әлемдік бәселестікке төтеп беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі жолға қойылды. Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр.
Date: 2016-01-20; view: 1033; Нарушение авторских прав |