Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Өтемақы қоры





Меншік құқығында аумақтық бағалаушылар палатасына тиесілі және бастапқыда оның мүшелерінің жыл сайынғы міндетті жарналары есебінен ақшалай нысанда ғана қалыптасатын оқшауланған мүлік өтемақы қоры болып табылады.

2. Өтемақы қоры аумақтық бағалаушылар палатасы мүшелерінен өтемақы қорына жарналарды салу арқылы қалыптасады. Өтемақы қорына жарна мөлшері 50 000 (елу мың) теңгені құрайды. Аумақтық бағалаушылар палатасының мүшесін аумақтық бағалаушылар палатасының өтемақы қорына жарна салу, оның ішінде оның аумақтық бағалаушылар палатасына талаптары есебінен жарна салу міндетінен босатуға жол берілмейді.

Өтемақы қорына жарналар есептеу аумақтық бағалаушылар палатасының арнайы есепшотына есептеу арқылы жүзеге асырылады.

3. Өтемақы қорын қалыптастыру тәртібі және оның мөлшері осы Заңның талаптарын сақтай отырып аумақтық бағалаушылар палатасының жарғысында айқындалады.

Аумақтық бағалаушылар палатасының өтемақы қорының жай-күйін бақылауды аумақтық бағалаушылар палатасының төрағасы жүзеге асырады.

Өтем қорының ағымдағы мөлшері туралы ақпарат аумақтық бағалаушылар палатасының сайтында орналастырылуы және өтем қорының мөлшері өзгеруіне қарай жаңартылып отыруға тиіс. Өтем қорының мөлшері төменгі деңгейден де төмен азайтылған кезде немесе оның туындау қауіпі болған кезде, аумақтық бағалаушылар палатасының төрағасы аумақтық бағалаушылар палатасы басқармасының мүшелерін хабардар етуге міндетті.

6. Мынадай:

1) қате аударылған қаражаттарды қайтару;

2) аумақтық бағалаушылар палатасы өтем қорының қаражатын сақтау және оның мөлшерін ұлғайту мақсатында оны орналастыру;

3) бапта көзделген ортақ жауапкершіліктің туындауы нәтижесінде төлемдерді жүзеге асыру (зиянды өтеу мақсатындағы төлемдер және сот шығындары) жағдайларын қоспағанда, аумақтық бағалаушылар палатасы өтем қорының қаражатынан төлемдерді жүзеге асыруға жол берілмейді.

7. Осы Заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес аумақтық бағалаушылар палатасының өтем қоры қаражатынан төлемдер жүзеге асырылған жағдайда, кінәсінен объектілерді бағалау жөніндегі жұмыстың кемшіліктері салдарынан зиян келтірілген аумақтық бағалаушылар палатасының мүшесі немесе оның бұрыңғы мүшесі, сондай-ақ аумақтық бағалаушылар палатасының өзге мүшелері аумақтық бағалаушылар палатасының өтем қорына мұндай қордың мөлшерін ұлғайту мақсатында аумақтық бағалаушылар палатасының жарғысында белгіленген тәртіппен және мөлшерге дейін көрсетілген төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде оған жарналар енгізуге тиіс.

8. Өтем қор оны сақтау және оның мөлшерін ұлғайту мақсатында аумақтық бағалаушылар палатасының банктік депозиттік шотында орналастырылуы мүмкін. Аумақтық бағалаушылар палатасының банктік депозиттік шотында қаражатты орналастыру туралы шешімді аумақтық бағалаушылар палатасының басқармасы қабылдайды. Қаражатты аумақтық бағалаушылар палатасының банктік депозиттік шотына орналастыру аумақтық бағалаушылар палатасының талабы бойынша осы шоттан қаражатты 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтару мүмкіндігі туралы талап сақталған кезде мүмкін болады.

Аумақтық бағалаушылар палатасы өтем қоры қаражатын өзге де орналастыру, оның ішінде аумақтық бағалаушылар палатасы мүшелерінің банктік шоттарында орналастыруға тыйым салынады.

9. Бағалаушылар палатасы мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйымды тарату жағдайында, осы ұйымның өтем қорын құрайтын мүлікті Республикалық бағалаушылар палатасына берілуге жатады. Республикалық бағалаушылар палатасына берілген аумақтық бағалаушылар палатасының өтем қорының қаражатын орналастыру тәртібіне аумақтық бағалаушылар палатасының өтемақы қорының қаражатын орналастыру тәртібіне қойылатындарға ұқсас етіп қойылады.

Аумақтық бағалаушылар палатасының өтемақы қорын құрайтын және Республикалық бағалаушылар палатасына берілген мүлік бағалаушылар палатасы таратылған күннен бастап төрт жыл өткен соң осындай бағалаушылар палатасының мүшелері болып табылатын адамдарға ақшалай нысанда және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның өтемақы қорына салған жарналары мөлшерінен аспайтын мөлшерде қайтарылуға жатады.

 

Date: 2015-05-09; view: 597; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию