Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Аумақтық бағалаушылар палатасы функциялары





Аумақтық бағалаушылар палатасының функциялары:

1) бағалаушының іскерлік және кәсіптік әдеп қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2) бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау(link is external), Республикалық бағалаушылар палатасы бекіткен бағдарламаға сәйкес курстардан өту туралы сертификаттарды беру;

3) палатаға мүшелікке қабылдау және одан шығару негіздерін көрсете отырып, бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдау ережелері мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

4) өз мүшелерінің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарымен қатынастарында олардың мүдделерін білдіру;

5) өз мүшелерінің бағалау қызметі туралы заңнаманың, бағалау(link is external) стандарттарының(link is external), іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

6) бағалаушы ұйымдардың сапаны сырттай бақылауын жүзеге асыру және жүргізілген сапаны сырттай бақылау жүргізу нәтижелері бойынша бағалау стандарттарын және Этика кодексін бұзуға жол бергендерді бағалаушылар палатасынан шығару;

7) бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген(link is external) тәртіпте Республикалық бағалаушылар палатасына, мүдделі тұлғаларға беру;

8) өз мүшелерінің ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

9) палатаның бағалаушысына, палата мүшесі - бағалаушы ұйымның басшысына палата бағалаушыларының, бағалаушылар палатасының бағалаушы ұйымдарының бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;

10) Республикалық бағалаушылар палатасына бағалаушылар палатасы мүшелері - бағалаушы ұйымның қызметі туралы статистикалық ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беру;

11) мүдделі тараптардың бірі бағалау нәтижелерімен келіспеген, уәкілетті орган жүгінген жағдайда объектіні бағалауға сараптама жүргізу;

12) бағалаушылар мен бағалаушы ұйымдардың жұмыс тәжірибесін талдау, қорыту және тарату;

13) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына(link is external) сәйкес бағалаушылар палатасы мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы өтінішхат беру;

14) біліктілік комиссиясының құрамына кіргізу үшін өкілдер жіберу;

15) өз мүшелерінің бағалау қызметі саласындағы көрсетілетін қызмет тұтынушылары мен үшінші тұлғалар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін аумақтық бағалаушылар палатасының өтемақы қорын қалыптастыру болып табылады.

 







Date: 2015-05-09; view: 912; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию