Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Бағалау ұйымының міндеттері





Бағалау ұйымы:

1. бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, бағалау стандарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға;

2. өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасы бекіткен іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін сақтауға;

3. өз мүшелерінің жұмыс сапасын бақылаудың ішкі стандарттары мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;

4. аумақтық бағалаушылар палаталарының біреуінің ғана мүшесі болуға;

5. объективтi бағалау жүргiзуге кедергi болатын жағдайлардың туындауы салдарынан бағалауды жүргiзу мүмкiндiгi болмайтыны жайында тапсырыс берушiге хабарлауға;

6. бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушi мен үшiншi бiр тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етуге;

7. уәкiлеттi орган өкiлiнiң және тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берiлген лицензияны көрсетуге;

8. заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бiр тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге;

9. тапсырыс берушіге бағалау туралы есеп табыс етуге;

10. бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзуге;

11. бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға;

12. бағалау ұйымы мүшесі болып табылатын аумақтық бағалаушылар палатасына филиалдардағы (өкілдіктердегі) бағалаушылар туралы ақпаратты қоса алғанда, бағалаушылар құрамы туралы ақпаратты, бағалау ұйымдарының қызметі туралы статистикалық ақпаратты (күнтізбелік кезеңдер бойынша жүргізілген бағалаулар саны) уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынуға;

13. бағалау ұйымы мүшесі болып табылатын аумақтық бағалаушылар палатасына ол бағалау қызметін жүзеге асыруға бақылауды жүргізу үшін заңды тұлғаның немесе тапсырыс берушінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпаратты, не өзіне қатысты оның құпиялылығын қамтамасыз ету туралы талап белгіленген өзге де ақпаратты қоспағанда, негізге алынып бағалау жүргізілген құжаттар мен материалдарға қол жеткізуді беруге;

14. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттiк органдардың, аумақтық бағалаушылар палаталарының заңды түрде талап етуi бойынша оларға беруге;

15. өзі мүшесі болып табылатын аумақтық бағалаушылардың өтемақы қорына осы Заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде жыл сайын жарна енгізуге мiндеттi.

 







Date: 2015-05-09; view: 614; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию