Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Бағалау жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi талаптар





1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.

2. Бағалау жүргізу шартында мыналар қамтылуға тиіс:

1) тапсырыс беруші мен бағалау ұйымының деректемелері:

жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұратын жері;

заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (почталық мекенжайы), банктік деректемелері;

2) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі;

3) бағалау түрі;

4) бағалау объектісінің түрі;

5) бағалау жүргізудің мерзімдері;

6) бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау;

7) көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;

8) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

9) тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер;

10) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері (лицензия берген орган көрсетілген оның нөмірі мен берілген күні).Бағалау жүргізу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкін.

Бап. Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын талаптар

1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, оның біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалау ұйымында сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2. Бағалау ұйымының есебiне бағалаушы-жеке тұлға қол қояды, бағалау ұйымының басшысы бекiтеді және мөрмен расталады.

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайларда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн көрсетiп қол қояды.







Date: 2015-05-09; view: 727; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию