Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар





Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бағалау – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;

2) бағалау амалы – бағалаудың бiр немесе бiрнеше әдiстерiн пайдалана отырып, бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсiлi;

3) бағалау әдiсi – бағалау объектiсiнiң нарықтық және өзге құнын белгiлеу үшiн пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы iс-қимылдар жиынтығы;

4) бағалау күнi – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт кезеңi;

5) бағалау қызметi – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектiлерiне қатысты бағалау ұйымдарыжүзеге асыратын белгiлi бiр күнге нарықтық немесе өзге құнды белгiлеуге бағытталған кәсiпкерлiк қызмет;

6) бағалау ұйымы – бағалау қызметін жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;

7) бағалаушы – Біліктілік комиссиясы берген «бағалаушы» деген біліктілік сертификатын алған, өз қызметін бір бағалау ұйымының құрамында бағалаушы ретінде тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;

8) бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер – бағалау жүргiзуге, бағалау туралы есептерде пайдаланылатын амалдар мен әдiстерге, олардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгiлейтiн актiлер;

9) бағалау стандарттары – бағалау қызметi саласындағы ережелер, қағидаттар мен сипаттамалар жалпыға бiрдей және бiрнеше рет пайдалану үшiн белгiленетiн нормативтiк құжат;

10) бағалау туралы есеп – Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған, объектіні бағалау бойынша жұмыстың қорытындысы жазылған жазбаша құжат;

11) бағалаушылар палатасы – бағалау қызметін реттеу және бақылау мақсатында құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;

12) дұрыс емес бағалау – жоқ объектiге немесе бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын дұрыс емес деректердi пайдалана отырып, жүзеге асырылған бағалау;

13) қайталап бағалау – бағалау қызметi субъектiлерiнiң арасында бағалау нәтижелерi бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектiнiң нарықтық немесе өзге құнын анықтау;

14) «бағалаушы» біліктілік сертификаты –тұлғаныңосы Заңда, Қазақстан Республикасының стандарттарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленгенбағалаушыға кандидаттың дайындық, кәсіби білімдер мен дағдыларлар деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;

15) Біліктілік комиссиясы – Республикалық бағалаушылар палатасы бағалаушыларға кандидаттарды сертификаттау үшін құратын аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;

16) Халықаралық бағалау стандарттары – Халықаралық бағалау стандарттары жөніндегі комитет шығарған бағалау стандарттары;

17) сертификаттау – ол арқылы Біліктілік комиссиясы тұлғаның осы Заңда, Қазақстан Республикасының стандарттарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген бағалаушыға кандидаттың дайындық, кәсіби білімдер мен дағдыларлар деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін және тиісті «бағалаушы» біліктілік сертификатын беретін рәсім;


18) тапсырыс берушi – жеке немесе заңды тұлға,бағалау ұйымының қызметін тұтынушы;

19) уәкiлеттi орган – бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

20) үшiншi тұлғалар – бағалаушылардың, бағалау ұйымдарының және тапсырыс берушiлердiң қатарына кiрмейтiн, бағаланатын мүлiкке, бағалау ұйымыныңбағалау қызметiне және тапсырыс берушiнiң тапсырысына белгiлi бiр қатысы бар тұлғалар;

21) аккредиттеу – осы Заңда көзделген Біліктілік комиссиясының құқықтылығын уәкілетті органның ресми мойындауы;

22) сарапшы - Бағалаушыға кандидаттарды сертификаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «сарапшы» біліктілік аттестаты бар аумақтық бағалаушылар палатасы, Республикалық бағалаушылар палатасы сарапшылық кеңесінің мүшесі;

23) есепке сараптама жүргізу - аумақтық бағалаушылар палатасы, Республикалық бағалаушылар палатасы сарапшысының немесе сарапшыларының объекті есебінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына, соның ішінде осы Заңның, бағалау қызметінің стандарттары сен қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеру, есепте айқындалдған бағалау объектісініңқұнын растау мақсатындағы іс қимылы.







Date: 2015-05-09; view: 660; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию