Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Сапаны бақылау және оның түрлері
1. Сапаны бақылау бағалаушылар мен бағалау ұйымдарының бағалау стандарттарына қойылатын талаптарды сақтауына бағытталған. 2. Сапаны бақылау түрлері ішкі және сыртқы сапаны бақылау болып табылады. Ішкі сапаны бақылауды бағалау ұйымы бағалау стандарттарына және өз мүшелерінің жұмыс сапасын бақылау қағидаларына сәйкес дербес жүзеге асырады. Сыртқы сапаны бақылауды аумақтық бағалаушылар палатасы өз мүшелеріне қатысты екі жылда бір рет жүзеге асырады. 3. Сыртқы сапаны бақылау жүргізу қағидаларын Республикалық бағалаушылар палатасы әзірлейді. 4. Бағалау ұйымы аумақтық бағалаушылар палатасының қорытындысына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Бап. Аумақтық бағалаушылар палатасының бағалау қызметінің жүзеге асырылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі 1. Аумақтық бағалаушылар палатасы мүшелерінің бағалау қызметін жүзеге асыруды бақылауы жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жүргізу арқылы жүргізіледі. Жоспарлы тексеру нысанасы бағалаушылар палатасы мүшелерінің осы Заңның, бағалау стандарттарының талаптарын сақтау болып табылады. Жоспарлы тексеру екі жылда бір реттен асырмай жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз бағалау ұйымының: 1) Заңның, бағалау стандарттарының талаптарын; 2) іскерлік және кәсіптік этика қағидаларын бұзуы туралы дәлелденген шағымды аумақтық бағалаушылар палатасына жіберуі болып табылады. 2. Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында шағымда көрсетілген фактілер ғана зерттелуге жатады. Бағалау ұйымы тексеру жүргізу үшін шағымда жазылған мәселелер бойынша ақпаратты бағалаушылар палатасының ішкі құжаттарында айқындалған тәртіпте ұсынуға міндетті. Аумақтық бағалаушылар палатасы, сондай-ақ тексеру жүргізуге қатысушы оның қызметкерлері мен лауазымды адамдары осы Заңға және басқа заңдарға сәйкес тексеру жүргізу барысында алынған мәліметтердің жарияланбауына және таратылмауына жауапты. Тексеру жүзеге асырылып жатқан бағалау ұйымының қызметкерлері болып табылатын бағалаушылар палатасының қызметкерлері мен лауазымды адамдары тексеру жүргізуге қатыспайды. 3) Бағалаушылар палатасын басқарудың алқалы органы: бағалаушылар палатасы мүшесін айқындалған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және осындай бұзушылықтарды жою мерзімін белгілейтін ұйғарымды шығару; бағалаушылар палатасы мүшесіне ескерту; бағалаушылар палатасы мүшесінен шығару; бағалаушылар палатасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге шараларды шығару туралы шешім қабылдауға құқылы. Осы баптың төртінші бөлігінің үшінші абзацында көзделген шешім аумақтық бағалаушылар палатасын басқарудың алқалы органының отырысына қатысқан мүшелерінің кемінде жетпіс бес пайыз дауысымен қабылдануы мүмкін. Аумақтық бағалаушылар палатасы басқарудың алқалы органы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін бағалаушылар палатасының мүшесіне және жіберген шағымы бойынша осындай шешім қабылданған адамға жібереді.
Date: 2015-05-09; view: 1349; Нарушение авторских прав |