Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
БӨЛІМ. 5 page
Еңбек үрдісі – бұл технологиялық үрдісті жүзеге асыру бойынша әрекеттердің жиынтығы. Екі үрдіс те тығыз байланысты, бірақ атқарушылар әрекетінің мазмұны мен тәртібі технологиялық үрдіспен анықталады. ГБЖ әр жеке түріндегі өндірістік үрдіс операциялардан тұрады. Мысалы, штольняны үңгілеген кезде өндірістік үрдіс келесі операцияларға бөлінеді: шпурларды бұрғылау, жыныстарды қопару, жинау және тасымалдау, бекіту, қосалқы операциялар. Бір жұмыс орнында бір жұмысшы немесе жұмысшылар тобы жүзеге асыратын және ортан берілген жұмысты орындау бойынша олардың әрекеттерін қамтитын, өндірістік үрдістің бөлігі операция деп аталады. Операция еңбек затының, жұмыс орнының және атқарушылардың тұрақтылығымен сипатталады. Операция еңбекті техникалық мөлшерлеудің объектісі болып табылады. Бірақ егер өндірістік үрдісті жүйелі қайталанатын операцияларға бөлу мүмкін болмаса, мөлшерлеу объектісі операциялардың кешені немесе біртекті жұмыстардың топтары болуы мүмкін. Технологиялық тұрғыдан операция бөлінбейді, бірақ жұмыс уақытының шығындарын зерттеу және талдау үшін, еңбек бойынша нормативтерді белгілеу үшін, операциялар тәсілдерге, еңбек әрекеттері мен қимылдарға бөлінеді. Тәсіл – бұл белгілі бір мақсатты міндетке ие әрекеттердің жиынтығы. Мысалы, электробұрғыны қосу, бұрғылау қабын бағаналы құбырға бұрап кіргізу. Тәсілдер, өз кезегінде, еңбек әрекеттері мен қимылдарға бөлінеді. Еңбек әрекеті – бұл үздіксіз орындалатын, еңбек қимылдарының жиынтығы. Мысалы, қапты алу, құбырларды бұрап шығарғанда ирек ойманы майлау. Еңбек қимылы – бұл еңбек әрекетін орындағанда жұмысшының қолдарын, аяқтарын, басын, корпусын бір қалыптан басқа қалыпқа бір рет орын ауыстыру. Мысалы, кнопканы басу, инструментке қол созу, инструментті саусақтарымен алу. Операцияны құраушы элементтерге бөлу дәрежесі жұмыс уақытының шығындарын талдаудың және нормативтер құрудың қажетті дәлдігіне тәуелді.
2. Атқарушының жұмыс уақытының шығындарын жіктеу. Жұмыс уақыты – бұл қызметкерлер қызмет міндеттерін орындауға міндетті, кәсіпорында белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы. Жұмыс уақыты 2 топқа бөлінеді: жұмыс уақыты және үзіліс уақыты. Жұмыс уақыты – қызметкер орындайтын жұмысқа байланысты әрекеттерді орындайтын кезең. Жұмыс уақыты уақыт шығындарының 2 түрінен тұрады: өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты және өндірістік тапсырманы орындаумен көзделмеген жұмыс уақыты. Өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты жұмысшы дайындыққа және өндірістік тапсырманы орындауға шығындайды, ол дайындық-қорытынды жұмысты орындаудан, оперативтік жұмыстан және жұмыс орнына қызмет көрсетуден тұрады. Өндірістік тапсырманы орындаумен көзделмеген жұмыс уақыты – бұл кездейсоқ жұмыстарды орындау (тау-кен қазбасында жыныстардың құлауын жою) және өндірістік емес жұмыстардың уақыты, олар орындалған жұмыстарды арттырмайды немесе өнімнің өсірмейді (станокты ұсақ жөндеу, апатты жою). Үзілістер уақыты – жұмысшы жұмысқа қатыспайтын уақыт. Ол регламенттелген және регламенттелмеген үзілістерге бөлінеді. Регламенттелген үзілістерге демалысқағ жеке мұқтаждықтарға үзіліс уақыттары, өндіріс технологиясымен және ұйымдастырылуымен белгіленген үзілістер уақыты кіреді. Демалыс үзілістері – қалыпты жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында демалуға арналған уақыт. Жеке мұқтаждықтарға арнайылған үзілістер – жеке тазалық пен табиғи мұқтаждықтарға арналған уақыт. Үзілістердің уақыты технологиямен бекітілген, технологиялық үрдіс жүруінің ерекше жағдайларынан түзіледі (қопару жұмыстарынан кейін забойды желдету, сейсмобарлау жұмыстарында қопаруды күту, ұңғымаларды тығындауда керіш ерітіндісінің қатуын күту). Регламенттелмеген (жойылатын) үзілістер мыналарға бөлінеді:
§3. Жұмыс уақытының шығындарын зерттеу. Геологиялық барлау жұмыстарында бақылаудың келесі түрлері қолданылады:
§4. Еңбек нормалары және нормаларды қайта қараудың тиімділігі. Еңбек нормасы – бұл еңбек шығындарының тікелей өлшемі, бұл тиісті кәсібі, мамандығы мен біліктілігі бар, атқарушының (атқарушылар тобының) белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда жеке жұмыстарды, операцияларды немесе функцияларды орындау бойынша белгіленген нақты тапсырма. Еңбектің келесі нормаларын ажыратады: уақыт нормалары, өнімділік нормалары, қызмет көрсету нормалары, сан нормалары. Уақыт нормасы (Нуақ) – бұл берілген ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда тиісті біліктілігі бар бірқызметкердің немесе қызметкерлер тобының жұмыстың, өндірістік операцияның бірлігін немесе операциялар кешенін орындауына қажетті, жұмыс уақытының шамасы (сағ., мин., сек.). Өнімділік нормасы (Нө) – бұл берілген ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда жұмыс уақытының бірлігінде (жұмыс ауысымы, жұмыс айы) тиісті біліктілігі бар қызметкер (бригада) орындауға міндетті, натуралды бірліктермен (данамен, метрмен, шаршы м, т) берілген, еңбек тапсырмасының бекітілген көлемі. Уақыт нормасы мен өнімділік нормасының арасында кері пропорционалды тәуелділік бар.
Нө = Тсм / Нуақ Нуақ = Тсм / Нө
Уақыт (өнімділік) нормалары негізінде ауыспалы тапсырмаларды тікелей мөлшерлеу жұмыстар көлемінің тұрақсыздығынан жүзеге асырылуы мүмкін болмаған жағдайда, қызмет көрсету нормалары мен сан нормаларын белгілейді. Қызмет көрсету нормасы – бұл берілген ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда жұмыс ауысымының, жұмыс айының және т.с.с. ішінде тиісті біліктілігі бар қызметкер (бригада) қызмет көрсетуге міндетті, объектілер санымен (жабдықтардың, жұмыс орындарының, өндірістік аудандардың және т.с.с бірлігімен) берілген, еңбек тапсырмасының бекітілген көлемі. Қызмет көрсету нормасының шамасы қызмет көрсетілетін объектілердің бірлігіне уақыттың белгіленген нормасынан және қызметкерлердің берілген категориясына арналған жұмыс уақытының ұзақтық нормасынан туындайды. Жұмысшылар мен қызметкерлер санының нормасы (нормативі) – бұл белгілі бір өндірістік функцияларды немесе жұмыстардың көлемін орындауға қажетті, тиісті кәсіби-біліктілік құрамы бар қызметкерлердің жеке категорияларының белгіленген саны. Сан нормалары (нормативтері) бойынша жабдықтарға, жұмыс орындарына, өндірістік алаңдарға және т.с.с. қызмет көрсетуге арналған қызметкерлердің қажетті санын, сонымен қатар кәсіптер, мамандықтар, жұмыстардың топтары немесе түрлері, жалпы ұйым, кәсіп немесе цех бойынша еңбектің қажетті шығындарын анықтайды. Өндірістік тапсырманы мөлшерлеу – бұл жұмыс ауысымында (өндірістік тапсырманы ауысымдық мөлшерлеу), жұмыс айында (өндірістік тапсырманы айлық мөлшерлеу) және т.с.с. қызметкер (бригада) орындауға міндетті, әдетте, мөлшер-сағатпен берілетін, мерзімді төлемдегі қызметкерлерге белгіленген еңбек тапсырмасының көлемі. Еңбекті техникалық мөлшерлеуді жетілдіру еңбек пен өндірістің белгіленген технологиясына, тиімді ұйымдастырылуына, жұмысшылардың озық тәжірибесіне қарай, сонымен қатар еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияның қолданыстағы ережелерін есепке алып, белгілік бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларға арналған техникалық мөлшерлеу әдістерімен есептелген, еңбектің техникалық негізделген нормаларының санын арттырудан тұрады. Тақырып 4.8: Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – менеджменттің элементі ретінде. Жоспар: 1. Еңбек және оны ұйымдастырудың негізгі түсініктері. 2. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (ЕҒҰ) мәні мен міндеттері. 3. ЕҒҰ негізгі бағыттары: §1. Еңбек және оны ұйымдастырудың негізгі түсініктері. Экономикалық теорияда еңбек адамды келесі міндетті шарттармен қабаттаса жүретін адамның қызметі ретінде қаралады: 1. еңбек әрекеттерінің тиянақтылығы; 2. энергия шығыны; 3. қоғаммен мойындалған пайдалы нәтиже. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру пайдалы әсерге жету мақсатында адам еңбегін пайдалану бойынша күрделі жүйені құрайды. Адам еңбегі саналы және нәтижелі юолу керек. Өндірістің қалыпты қызмет етуі үшін, адамдардың ұйымдасқан еңбегі міндетті шарт болып табылады. Еңбек барысында адам, еңбек затына ықпал ете отырып және оны дайын өнімге айналдырып, дене және жүйке энергиясын шығындайды. Бұл еңбек үрдісін физиологиялық тұрғыдан сипаттайды. Басқа жағынан, еңбек үрдісінде адамдар белгілі бір қоғамдық қатынастарға түседі. Нәтижесінде, еңбек үрдісі қоғамдық құбылыс ретінде болады, оны ұйымдастыру қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысына, яғни басым өндірістік қатынастарға тәуелді. Жалпы алғанда, еңбек үрдісінің мәнін зерттей отырып, оның физиологиялық та, қоғамдық та қырларын назарға алу қажет. «Өндіріс үрдісі» түсінігі – «еңбек үрдісі» түсінігіне қарағанда кеңірек, өйткені өндіріс үрдісі әрбіреуі белгілі бір саты болып табылатын, түрлі еңбек үрдістерінің тұтас кешенін құрайды. Сонымен қатар, өндіріс үрдісі еңбек затына адамдар ғана емес, табиғат күштері де ықпал ететін, түрлі табиғи үрдістерден де тұрады. Өндіріс үрдісі үш фактордың бірлігін құрайды: еңбек заты, еңбек құралдары мен еңбектің өзі, яғни адамның мақсатқа сай іс-әрекеті. Бұл өндірісті ұйымдастырудың міндеттері, бір жағынан, адамдардың еңбегін (тірі еңбекті), басқа жағынан, еңбек қарулары мен заттарын (заттандырылған еңбек), өндіріс құралдарын тиімді пайдаланудан тұрады.
§2. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (ЕҒҰ) мәні мен міндеттері. ЕҒҰ жалпы түрде қазіргі ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибені кең пайдалануға негізделетін, еңбектің ұйымдастырылуы болып табылады. Еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру жүзеге асырылғанда, ЕҒҰ жайлы сөз қозғайды. ЕҒҰ кең анықтамасы: «ЕҒҰ – өндіріске жүйелі түрде енгізілетін, ғылым жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген еңбектің ұйымдастырылуы, бұл ортақ өндірістік үрдісте техника мен адамдарды тиімді біріктіруге мүмкіндік береді, материалдық дәне еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, еңбек өнімділігін үздіксіз арттыру мен адам денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді».
Осылайша, ЕҒҰ келесі өзара байланысты міндеттерді шешуге міндетті: 1. экономикалық – техниканы, материалдық және еңбек ресурстарын толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, нәтижесінде, еңбек өнімділігі мен ГБЖ тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету; 2. психофизиологиялық – қоғамның басты өндіргіш күшінің – адамның денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін, өндірісте қолайлы жағдайлар жасау; 3. әлеуметтік – қызметкерлердің кәсіби және мәдени деңгейін арттыруға, еңбектің мазмұндылығы мен көріктілігін арттыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
§3. ЕҒҰ негізгі бағыттары. 1. Еңбек бөлінісі мен кооперациясын жетілдіру, қызметкерлерді тиімді орналастыруды, жұмыс күнін тығыздауды, кәсіптерді үйлестіруді, әр қызметкердің қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін нақты белгілеуді көздейді. 2. Жұмыс орындарының ұйымдастырылуын жетілдіру – бұл оларға қызмет көрсетуді, кеңістікте жоспарлауды, нақты жұмыстың сипатына сай жабдықтауды жақсарту. 3. Еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін зерттеу және тарату – артық қимылдарды, қажуды, жұмыс уақытын жоғалтуды болдырмайтын, еңбектің тиімді тәсілдері мен әдістерін іріктеу. 4. Кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру – өндірістік-техникалық курстарда, мақсатты міндеттегі курстарда өндірістен бөлек немесе өндірістен үзбей оқытуды ұйымдастыру. 5. Еңбектің мөлшерленуін жетілдіру – еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын құру, нормаларды игеруде қызметкерлерге көмек көрсету. 6. Еңбек жағдайларын жақсарту – қолайлы өндірістік жағдайлар, еңбек пен демалыстың ғылыми негізделген режимдерін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбек және технологиялық тәртіпті нығайту, шығармашылық бастаманы дамыту. ЕҒҰ бұл барлық бағыты өзара байланысты және бірдей деңгейде маңызды болып табылады. Алайда, жоғары экономикалық және әлеуметтік әсер алу ЕҒҰ барлық бағыттарын бір мезетте пайдаланған кезде ғана мүмкін.
Еңбек бөлінісі мен кооперациясы. Еңбек бөлінісі – бұл бірлескен еңбек барысында қызметкерлердің еңбек әрекетінің әр түрлерін оқшаулау (ажырату). Еңбек бөлінісінің келесі түрлері бар: жалпы, жеке және бір реттік. Жалпы еңбек бөлінісі – бұл бүкіл қоғам ауқымында еңбек әрекетінің әр түрлерінің оқшаулануы (мысалы, қала мен аулы арасындағы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және т.с.с. арасындағы еңбек бөлінісі). Жеке еңбек бөлінісі салалардың ішінде жүреді (мысалы, ауыл шаруашылығында егіншілік пен мал шаруашылығын ажыратады, өнеркәсіптік өндіруші және өңдеуші, ауыр, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібі деп бөледі, көлікті автомобиль, теміржол көлігі деп бөледі және т.с.с.). Бірлік еңбек бөлінісі кәсіпорынның ішінде жүреді. ГБЖ оның кең таралған формалары мыналар болып табылады: а) еңбектің технологиялық бөлінісі – орындалатын жұмыстардың технологиялық біртектілігінің белгісі бойынша (ұңғымаларды бұрғылау, жерасты тау-кен қазбаларын үңгілеу). Еңбек бөлінісінің осы формасының негізінде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері қалыптасады: цехтар, бөлікшелер, жұмыс орындары, сонымен қатар әр құрылымдық бөлімшедегі қызметкерлердің тиімді саны анықталады. Технологиялық бөліністің жеке жағдайы еңбектің операция бойынша бөлінісі болып табылады, мұнда технологиялық үрдіс жеке операцияларға бөлінеді; б) функционалды еңбек бөлінісі ГБЖ орындағанда қыметкерлердің түрлі категорияларының ролі мен орнын анықтаудан тұрады. Сонымен қатар негізгі және қосалқы цехтардағы қызметкерлерді бөлу жүргізіледі. Қызметкерлер жұмысшыларға, ИТҚ, қызметкерлер, МҚҚ, күзет пен оқушыларға бөлінеді; в) кәсіби-білікті еңбек бөлінісі орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен жауаптылығына сәйкес еңбек бөлінісінен, жұмысшыларды кәсіптер (мамандықтар), разрядтар, лауазымдар бойынша бөлуден тұрады. Шамадан тыс еңбек бөлінісінің теріс қырлары да бар екенін есепке алу қажет. Ол жұмыста бірсарындылықты тудырады және еңбек өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. Еңбек бөлінісі оның кооперациясымен, яғни қызметкерлердің арасында өзара байланысты белгілеумен тығыз байланысты. Еңбек кооперациясы – бір немесе түрліше, бірақ өзара байланысты өндірістік үрдістерге жоспарлы және бірлесіп қатысу үшін қызметкерлердің бірігуі. Еңбек кооперациясы цехтардың, бөлікшелердің, бригадалардың арасында және олардың ішінде болуы мүмкін. ГБЖ еңбек бөлінісі мен кооперациясы құрылымдық бөлімшелердің арасында жүзеге асырылады (мысалы, бір жағынан, бұрғылау және тау-кен жұмыстарының бөлікшелерінің арасында және, екінші жағынан, жөндеу шеберханаларының, зертханаларының арасында). Дәл осылай кооперация бригадалардың ішінде жеке атқарушылар арасында болады. Еңбек кооперациясы еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасында толығырақ көрініс табады. Бригадалық форма ЕҒҰ қолдану, еңбек өнімділігінің өсуін арттыру және жұмыстардың сапасын жақсарту үшін кең мүмкіндіктер ашады. Жұмысшылар жалпы өндірістік тапсырманы бірлесіп орындау үшін бригадаға бірігеді, бригада мүшелері бір-бірімен өзара байланысты емес, еңбек нәтижелері үшін ұжымдық жауапкершілік жүктеледі. Еңбек кооперациясының сипатына қарай өндірістік бригадалар 2 түрлі болады: - мамандандырылған бригадалар бір кәсіптегі, біліктіліктің бір немесе бірнеше деңгейіндегі және біртекті жұмысты орындайтын жұмысшылардан тұрады (бұрғылау бригадалары); - кешенді бригадалар технологиясы бойынша түрліше, өзара байланысты жұмыстар кешенін орындайтын, түрлі мамандықтағы жұмысшылардан тұрады (тау-кен қазбасын үңгілеу бойынша бригада). Мамандандырылған және кешенді бригаданың бір түрі бірнеше ауысымда жұмыс істейтін жұмысшыларды біріктіретін, толассыз бригадалар болып табылады.
Жұмыс орындарының ұйымдастырылуын жетілдіру. Жұмыс орны – бір немесе бірнеше атқарушыларға бекітілген және өндірістік тапсырманы (лауазым міндеттерін) орындауға арналған қажетті құралдармен жабдықталған, өндірістік алаңның бір бөлігі. Жұмыс орындары әр түрлі, сондықтан олар белгілі бір белгілер бойынша жіктеледі. 1. Механизация мен автоматизация дәрежесіне қарай былайша ажыратады: - қолмен жұмыс жасалатын жұмыс орындары; - ішінара механизацияланған, кешенді механизацияланған, автоматтандырылған. 2. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың санына қарай: - бір станокты (бір агрегатты); - көп станокты (көп агрегатты) жұмыс орындары. 3. Мамандану дәрежесі бойынша: - мамандандырылған; - әмбебап. 4. Қызметкерлердің саны бойынша: - жеке; - ұжымдық. 5. Орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша: - стационарлық; - қозғалмалы. 6. Орналасуы бойынша: - жабық бөлмелерде; - таза ауада. Жұмыс орындарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру еңбектің ауырлық, қажытушылық және көріктілік дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді. Бригадалардағы, бөлікшелердегі жұмыс орындары тиімдірек орналасқан сайын, жұмысшылар үздіксіз жұмыс үшін барлық қажеттімен жақсырақ қамтамасыз етілген сайын, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі де соншалықты жоғары болады. Кез келген жұмыс орнын ұйымдастыру үшін негізгі, жалпы бағыттар жоспарлау, жабдықтау және қызмет көрсету жүйесі болып табылады. Жұмыс орнын жоспарлау жұмыс орнында еңбек заттары мен құралдарының тиімді, яғни олардың мұндай орналасуы атқарушы қалыпты еңбек ете алатындай орналасуын қамтамасыз ету керек. Әр жұмыс орны технологиялық үрдістің бағытына сәйкес құралдардың барлық қажетті тізімімен жабдықталуы тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтар, мүлік, инструменттер, ҚТ құрылғылары. ГБЖ жұмыс объектілерінің негізгі қамтамасыз ету базаларынан алшақтығына байланысты және жиі орын ауыстыруына байланысты жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыруға үлкен маңыз беріледі. Жұмыс орындарына қызмет көрсету – бұл жұмыс орындарына қажетті материалдарды, инструменттерді уақытында жеткізу, оларды энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету, жабдықтарды уақытында тексеру және жөндеу. Қызмет көрсетудің барлық жүйесі жоспарлы болуы тиіс және жұмысшылар мен жабдықтардың жұмыссыз тоқтап тұруын болдырмайтын, алдын алу сипатына ие болу керек.
Еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін зерттеу және тарату. ЕҒҰ еңбектің озық тәжірибесін, оның тәсілдері мен әдістерін зерттеу мен таратуды көздейді. Еңбек әдісі – бұл нақты бірізділікпен белгілі бір тәсілдерді, әрекеттер мен қимылдарды қолданып, өндірістік тапсырманы орындау тәсілі. Еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін зерттеу және енгізу үшін келесі шаралар қажет:
Date: 2015-06-08; view: 1871; Нарушение авторских прав |