Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорындардың формалары. 4 page





г) құрылымдық бағалар – алдын ала қабылданған шкала бойынша өнімнің біртіндеп төмендейтін бағалардың бірқатары.

 

§4. Бағаларды орнату бойынша кәсіпорындардың міндеттері (бағаны орнатудың кезеңдері мен әдістері.

Бағаның түзілуі күрделі үрдіс, оның құрамына келесі кезеңдер кіреді: 1. мақсатты таңдау, 2. сұранысты анықтау, 3. шығындарды талдау, 4. бәсекелестердің бағаларын талдау, 5. бағаның түзілу әдісін таңдау, 6. соңғы бағаны белгілеу.

Мақсатты таңдау тауардың бағасы арқылы фирма жетуге тырысатын әсер. Үш негізгі мақсат бар:

а) фирманың амандығын қамтамасыз ету – қатаң бәсеке жағдайында қолданылады; көбінесе нарықтың үлкен бөлігін жаулау үшін төмендетілген баға – нарыққа ену бағасы қолданылады;

б) пайданы максимализациялау – тұрақты жоғары пайдаға қол жеткізу мақсатында жоғары бағаны орнату (нарықтың ең тиімді шарттарын пайдаланған маңызды);

в) нарықты ұстау – фирма нарықтағы жағдайын сақтауға ұмтылады, бағаларды асыра көтеруге (төмендетуге) жол бермейді, шығындарын азайтуға тырысады.

Сұранысты анықтау – фирма әрқашан тауар бағасын сұранысұа бейімдейді, түрлі тауарларға деген сұраныс бағаға түрліше жауап қайтарады, бұл сұраныс икемділігінің коэффициентінен көрінеді. Тауарға деген икемсіз сұраныс (Е < 1) сатушыға бағаны өсіруге мүмкіндік береді (бұл күнделікті сұраныс тауарларына тиісті); икемді сұраныс (Е > 1) сатушыларға бағаның өсуі сұраныстың төмендеуіне алып келетіндігін, сондықтан бағаны өсірмеу қажеттігін білдіреді.

Шығындарды талдау (яғни тұрақты және айнымалы өндірістік шығындардың сомалары) өндіріс шығындары тауардың ең төмен бағасын анықтайды, ал тауарға деген ең жоғары сұраныс – ең жоғары бағаны анықтайды. Егер фирма бағаны төмендетсе, шығындалу қаупі пайда болады; өзіндік құннан төмен бағаны орнату саясатын нарыққа ену кезінде қысқа уақыт ішінде ғана жүргізуге болады.

Бәсекелестердің бағаларын талдау. Әр фирма бәсекелестердің ұқсас өнімінің бағаларын және олардың өнімдерінің айрықша белгілерін білу керек, ол үшін олардың құрамы мен сапасын мұқият талдауға арналған бәсекелес тауарларды салыстырмалы сатып алулар жүргізіледі.

Бағаның түзілу әдісін таңдау. Мұратында тауардың бағасы өндіріс пен өтімнің барлық шығындарын толық өтеуге, сонымен қатар белгілі бір пайданы қамтамасыз етуге міндетті. Бағаны белгілеудің келесі әдістері бар:

1. орташа шығындар + пайда – ең қарапайым және кең таралған әдістеме (тауардың өзіндік құнына үстеме бағаны есептеу);

2. мақсатты пайда алу (баға қажетті пайдаға тікелей тәуелді);

3. тауардың сезілетін құндылығының негізінде бағаны есептеу – баға түзілуінің өзіндік әдісі, мұнда бірінші орынға өз шығындары емес, сатып алушының тауарды қабылдауы шығады.

Тақырып 3.7: Геологиялық кәсіпорындардың пайдасы мен рентабельділігі.

Жоспар:

1. Кәсіпорынның пайдасы – экономикалық категория ретінде.

2. Рентабельділік және оны анықтау тәсілдері.

Кәсіпорынның пайдасы – экономикалық категория ретінде.

Әр кәсіпорын, фирма өнімді өндіруді бастаудың алдында, қандай пайда ала алытынын анықтайды.

Кәсіпорынның (фирманың) пайдасы екі көрсеткішке тәуелді: өнімнің бағасына және оның өндіріс шығындарына. Нарықтағы өнімнің бағасы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігінің салдары болып табылады. Өнім өндірісінің шығындары (өндіріс шығындары) тұтынылатын еңбеу немесе материалдық ресурстардың көлеміне, техниканың деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға қарай артуы немесе төмендеуі мүмкін.

Пайда тауарларды (орындалған жұмыстарды) сатудан түскен кірістер мен ағымдағы шығындардың (өзіндік құнның) арасындағы айырманы білдіреді.

Пайда кәсіпорын (ұйым, мекеме) әрекетінің қорытушы бағалау көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Пайда екі маңызды қызмет атқарады:

  1. кәсіпорын әрекетінің соңғы қаржылық нәтижелерін, оның ақшалай жинақтарының мөлшерін сипаттайды;
  2. кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму шығындарын қаржыландырудың басты көзі болып табылады (пайдаға салынатын салық – мемлекеттік бюджет кірістерінің маңызды элементі).

Кәсіпорын (фирма) әрекетінің негізгі принципі пайданы максимизациялауға ұмтылудан тұрады. Осы себепті пайда өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіші болады.

Шаруашылық субъектісінің деңгейінде пайданың тұтас жүйесі туындайды: жалпы (баланстық) пайда, негізгі қорларды және кәсіпорынның өзге мүлігін сатудан түскен пайда, сатудан тыс операциялар бойынша пайда, таза пайда.

Жалпы (баланстық) пайда өнімді (жұмыстарды, қызметтерді), негізгі қорларды, кәсіпорынның өзге мүлігін сатудан түскен пайда мен сатудан тыс операциялардың, осы операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған, кірістердің сомасы болып табылады.

Сатудан тыс операциялардан түсетін кірістердің (шығындардың) құрамына мыналар кіреді: өзге кәсіпорындардың әрекетіне үлестік қатысудан, мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, кәсіпорындарға тиесілі акциялар, облигациялар және өзге бағалы қағаздар бойынша кірістер (дивидендтер, пайыздар), сонымен қатар санкциялар немесе шығындардың орнын толтыру түрінде алынған және төленген сомаларды қосқанда, өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндірумен және оны сатумен тікелей байланысты емес, операциялардан түскен өзге кірістер (шығындар).

Таза пайда жалпы пайдадан салықтар мен өзге міндетті төлемдерді төлегеннен кейін түзіледі. Таза пайда кәсіпорынның толық қарамағында қалады, ол таза пайданы пайдалану бағытын дербес анықтайды. Бұл бағыттар келесідей болуы мүмкін:

  1. резервтік қор әрекетті тоқтатқан және несиелік берешекті жапқан жағдайда, сонымен қатар форс-мажорлық жағдаяттарды (өрт, су басу, желсілкіну, техногенді апат) жеңу үшін құрылады;
  2. жинақтау қоры негізгі қорларды сатып алуға, айналыс құралдарын қалыптастыруға, жаңа мүлікті құруға арналған кәсіпорын қаражаттарының көзі болып табылады;

тұтыну қоры кәсіпорынның ұжымын әлеуметтік дамыту мен материалдық қолдау бойынша шараларды жүзеге асыруға арналады. Геологиялық барлауда пайда жоспарлы жинақтардан және геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнын төмендетуден үнемдеуден қалыптасады. Пайданың екі бөлігін есептеу ақшалау көріністегі геологиялық барлау жұмыстарының көлемі, яғни геологиялық тапсырманы орындау шығындарының сметасы негізінде жүзеге асырылады.

Пайда өсімінің басты факторы еңбек өнімділігінің артуы болып табылады, ол өнімнің өндіріс көлемінің, яоның салдарынан кәсіпорынның ақшалай кірістерінің артуын қамтамасыз етеді және өнімнің (жұмыстардың) бірлігіне, оның өзіндік құнына кететін еңбек шығындарын азайтады. Пайданың өсуі үшін өнімнің (жұмыстардың) өндірісіне кететін материалдық шығындарды үнемдеу, оның сапасын арттыру, негізгі және өндірістік айналыс қорларын пайдалану тиімділігін арттыру, өндірістің табиғи жағдайлары үлкен маңызға ие.

§2 Рентабельділік және оны анықтау тәсілдері.

Пайданың абсолюттік мөлшері кәсіпорындар жұмысының сапасын сипаттау үшін жеткілікті негіз бола алмайды. Кәсіпорын алатын пайда жасалатын өнімнің сипатына және өз кезегінде бірқатар факторлардың қызметі болып табылатын, өндіріс көлеміне тәуелді: өндірістік қорлардың мөлшері, жұмысшылардың саны, олардың еңбек өнімділігі. Сондықтан кәсіпорынның жұмыс сапасы туралы, өндірістің қандай да бір факторына қатысты пайдалылық дәрежесін білдіретін, салыстырмалы көрсеткіш бойынша тұжырымдаған дұрыс. Мұндай көрсеткішті рентабельділік деп атау қабылданған.

Рентабельділік – біржолғы және ағымдағы шығындар тиімділігінің көрсеткіші. Жалпы түрде рентабельділік пайда алынған біржолғы және ағымдағы шығындарға осы пайданың қатынасымен анықталады. «Өндіріс рентабельділігі» мен «өнім рентабельділігін» ажыратады.

Өндіріс рентабельділігі кәсіпорын мүлігінің қаншалықты нәтижелі қолданылатынын көрсетеді; ол жылдық (баланстық) пайданың негізгі қорлардың орташа жылдық құнына және айналым құралдарының сомасына пайыздық қатынасы ретінде анықталады.

Өнімнің рентабельділігі ағымдағы шығындардың нәтижелілігін көрсетеді; ол тауарлы өнімді сатудан тұскен пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасымен анықталады. Өнімнің рентабельділігін жалпы бүкіл өнім бойынша да, оның жеке түрлері бойынша да анықтауға болады.

Геологиялық ұйымдардың рентабельділік деңгейі жылдық пайданың (сметалық құн бойынша) аяқталған геологиялық барлау жұмыстарының көлеміне қатынасы ретінде есептейді.

Кәсіпорындардың рентабельділігін арттыру ғылыми-техникалық өрлеудің жетістіктерін енгізумен, өндірістік қорларды, еңбек және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Рентабельділіктің өзгеруіне өнімнің өндіріс көлемінің артуы, кәсіпорындар шығындарының төмендеуі, кәсіпорын қорларының айналым уақыты ұзақтығының қысқаруы тікелей ықпал етеді.

Date: 2015-06-08; view: 1667; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию