Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БӨЛІМ. 3 page





Төменде өндіріс көлемі мен еңбек шығындарын сипаттайтын, көрсеткіштерге қарай еңбек өнімділігін өлшеу нұсқалары қарастырылады.

Бірінші әдіс. Өндірістік әрекеттің көлемі натуралды (немесе шартты-натуралды) көрсеткіштерде, яғни берілген өнімге тән өлшем бірліктерінде – тоннада, метрлерде, куб метрлерде және т.с.с. өнімнің шығарылуымен (жұмыстардың орындалуымен) анықталады.

Натуралды көрсеткіштер өндірістік әрекеттің көлемін дәл анықтайды, алайда олар негізінен біртекті өнім (жұмыс) өндіретін кәсіпорындар мен салаларда қолданылады. Кәсіпорындар мен салалардың көпшілігі түрлі номеклатурада өнім шығаратындықтан, өндірістік әрекеттің көлемін және еңбек өнімділігін анықтау үшін өнімнің (жұмыстардың) натуралды есебін қолдану шектеулі.

Екінші әдіс. Кәсіпорынның және саланың өнім (жұмыстар) көлемі, сонымен қатар өнімділік еңбек көрсеткіштерімен – мөлшер-сағатпен есептелуі мүмкін. Өнімділікті анықтаудың еңбектік әдісін мөлшерленген жұмыс уақытының әдісі деп те атайды. Оны негізінен жеке жұмыс орындарында, бригадаларда, бөлікшелерде, сонымен қатар цехтарда натуралды да, ақшалай көріністе де көрсетуге болмайтын, біртексіз және өндіріспен аяқталмаған өнімді шығаруда қолданады.

Үшінші әдіс. Өнімнің (жұмыстардың) көлемі құн көрсеткіштерімен есептеледі. Мұндай есеп құрамы бойынша біртексіз өнімі (жұмыстары) бар кәсіпорын бойынша өндірістік әрекеттің нәтижесін, өндіріс көлемінің динамикасын анықтауға мүмкіндік береді, бұл жоспарлау мен талдау мүмкіндіктерін кеңейтеді, өндірістің түрлі буындарының нәтижелерінің салыстырылуын қамтамасыз етеді.

Осы әдістің аясындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші (П) қызметін өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрамының бір орташа тізімдік қызметкеріне (N тіз) тауарлы өнімнің жылдық өнімділігі атқарады.

П = Q: N тіз

Геологиялық барлау өндірісінде еңбек өнімділігі деңгейінің жалпылама көрсеткіші ақшалай көріністегі бір қызметкердің өнімділігі болып табылады. Оның мөлшері белгілі бір уақыт аралығында (ай, тоқсан, жыл) орындалған сметалық құн бойынша геологиялық барлау жұмыстарының жалпы көлемін қызметкерлердің орташа тізімдік санына бөлудің бөліндісіне тең. Бұл әдіспен жалпы геологиялық ұйым бойынша еңбек өнімділігін (өнімділікті) анықтайды, геологиялық барлау жұмыстарының жеке түрлері бойынша еңбек өнімділігі көбінесе натуралдық өлшеммен, яғни уақыт бірлігінде (сағат, ауысым және т.с.с.) орындалған жұмыстың көлемімен (м, м 3, т және т.с.с.) анықталады.

§3. Еңбек өнімділігі арттырудың негізгі бағыттары.

 

I топ – техникалық өрлеудің нәтижесінде өндірістің техникалық деңгейін, еңбектің техникалық жабдықталуын арттыру. Мұнда өндірістік үрдістерді механизациялау және автоматтандыру, қолданыстағы техниканы жаңасымен, өнімдісімен ауыстыру, өндіріс технологиясын жетілдіру, қолданыстағы техника мен жабдықтарды жаңарту; бұйымдардың конструкциялары мен техникалық сипаттамаларын жақсарту; пайдаланылуын жақсарту және шикізаттың, материалдардың, отын мен энергияның жаңа, тиімдірек түрлерін енгізу жатады.


II топ – өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, яғни өндірістің құрылымы мен басқарылуын жетілдіру; қызмет көрсету нормалары мен аймақтарын арттыру; өндірісті мамандандырудағы, кооперациялаудағы және араластырудағы өзгерістер.

III топ – еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру және осының негізінде жұмыс уақытының қорын пайдалануды және өнімнің (жұмыстардың) еңбек өнімділігін қысқартуды жақсарту. Факторлардың бұл тобы жұмысшыларды орналастыруды, жұмыс орындарын жабдықтауды, жұмыс уақытының шығындарын (жұмысқа келмеуді қысқартуды, іркілістерді қысқартуды) қысқартуды, брак шығындарын қысқартуды, өнімділік нормаларын орындамайтын жұмысшылар санын азайтуды, маусымдық салалардағы жұмыс кезеңінің өзгерістерін, еңбектің ұйымдастырылуын жақсартуды қамтиды. Еңбекті ұйымдастаруды жетілдірудің қажетті алғышарттары ғылыми негізделген еңбекті мөлшерлеу мен өндірісті басқару болып табылады.

IV топ – еңбекті шамалы шығындап, қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өнімнің (жұмыстардың) сапасын арттыру. Керісінше, сапасыз өнімді (жұмыстарды) өндіру қоғамдық еңбектің шығындалуына алып келеді, әр еңбектенушіге және жалпы қоғамға зиян келтіреді.

Минералдық құрамы күрделі және қасиеттерінің өзгеру дәрежесі түрліге табиғи денелермен жұмыс жасайтын, геологиялық барлау өндірісінде еңбек өнімділігі арту факторлардың бұл тобы өзгеше көрінеді. Геологиялық барлау жұмыстарының өнімі пайдалы қазбаның барланған қорлары болып табылатындықтан, барлаушылардың еңбек өнімділігі бұл пайдалы қазбаның жатыс жағдайлары, құрылыс және құрам ерекшеліктері зерттеудің толықтық және сенімділік дәрежесімен анықталады. Геологиялық зерттеудің толықтығы мен сенімділігінің негізгі талабы негізгі пайдалы қазбаның сапасын жан-жақты зерттеу, оның ілеспелі өнеркәсіптік те, уақытша (өнеркәсіптік) те пайдалы компоненттерінің бүкіл кешенін анықтау, сонымен қатар барлау кенорны алып жатқан бүкіл кеңістікті сапалы және сенімді баяндау болып табылады.

Тақырып 4.5: Еңбек төлемін ұйымдастыру – өндірісті басқару қызметі.


Жоспар:

1. Еңбек төлемінің принципиалды қағидалары.

2. Еңбек төлемінің формалары мен жүйелері.

3. Жалақыға қосымша төлемдер мен үстемелер.

 

§1. Еңбек төлемінің принципиалды қағидалары.

Қызметкерлер еңбегінің төлемі – бұл өндірістік үрдістер қамтылған еңбек ресурстарының бағасы. Айтарлықтай дәрежеде ол шығындалған еңбектің санымен және сапасымен анықталады, алайда, оған еңбек сұранысы мен ұсынысы, қалыптасқан нақты конъюктура, территориалдық тұрғылар, заң нормалары сияқты, таза нарықтық факторлар ықпал етеді.

Нарықтық экономика еңбек ресурстарын территориалды орын ауыстырумен, сұраныс бар жерде еңбекті шоғырландырумен, артық ұсыныс жерлерінде оны қайтарумен, жұмыс күші нарығының болуын ұсынады. Осы факторлардың кешені нақты еңбек төлемін қалыптастырады.

Кәсіпкер өз әрекетінде өндіріске тартылатын кез келген фактор төленуі тиістілігіне тап болады. Ол өндірісті бастау үшін, станоктар, машиналар, жабдықтар, шикізат сатып алады, жұмыс күшін жалдайды. Еңбек үшін төлем – бұл еңбек төлемі болып табылады. Бір жағынан, төлем қызметкердің дене және зияткерлік күштерінің шығындалуын өтеу керек, басқа жағынан, қызметкер өз еңбегінің төлемін тектес кәсіпорындағы ұқсас еңбек төлемімен салыстыра отырып, өзін кемсітілген болып сезінбеуі тиіс. Алайда кәсіпкерді сыртқы сипаттағы бірқатар факторлар шектейді:

- мемлекет орнатқан жалақының минималды деңгейі;

- кәсіпкер мен қызметкерлер ұжымының арасындағы келесімнің шарттары;

- кәсіподақ комитеттерінің талаптары.

- Еңбек төлемін ұйымдастырған кезде кәсіпкер:

- кәсіпорнындағы қызметкерлер еңбегін төлеудің формасы мен жүйесін анықтау керек;

- қызметкерлерге, мамандарға, басқарушы қызметкерлер құрамына арналған лауазымдық жалақы жүйесін құру керек;

- қызметкерлер үшін де, басқарушы қызметкерлер құрамы үшін де критерийлер құру және қосымша төлемдердің мөлшерін анықтау керек.


Кәсіпкердің құзырында жалақының қандай да бір формаларын немесе жүйелерін таңдаудың кең мүмкіндіктері бар, олар сыйақыларды анықтаған кезде бұдан да кең. Бірақ жетекшінің шеберлігі бар құралдардан нақты кәсіпорынға және осы кәсіпорынға алынған қызметкерлер құрамына тиістілерін таңдаудан тұрады.

§2. Еңбек төлемінің формалары мен жүйелері.

Меншіктің түрлі формасындағы кәсіпорындарда еңбек төлемінің екі формасы кең таралған: кесімді – өнімнің немесе орындалған жұмыстың әр бірлігіне төленетін төлем және мерзімді – күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен көзделген, нормативтік, атқарылған уақыт үшін төлем.

Әрбір нақты кәсіпорында шығарылатын өнімнің сипатына қарай, қандай да бір технологиялық үрдістердің болуына қарай, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейіне қарай еңбек төлемінің қандай да бір формасы қолданылады.

Бір кәсіпорында цехтар бойынша өнімнің нақты түрін шығаруға қарай еңбек төлемін қолданудың нұсқалары түрліше болуы мүмкін.

Нарық жағдайында жоспарлы экономикаға тән болған қатаң регламентация жоқ, сондықтан кәсіпкер, кәсіпорынның басшылығы еңбек төлемінің кез келген нұсқасын тексеруі және кәсіпорынның мақсаттарына жоғар дәрежеде тиістісін қолдануы мүмкін.

Тікелей кесімді жүйеде, немесе қарапайы кесімді жүйеде, еңбек өндірілген өнімнің бірлігі үшін орнатылған бағалар бойынша төленеді.

Жұмысшының жалпы жалақысы кесімді баға орнатуды есептің кезеңде өндірілген өнімнің мөлшеріне көбейту жолымен анықталады.

Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы тікелей кесімді баға орнату бойынша еңбек төлемін алады және қосымша сыйақы алады. Ол үшін сыйақы төлеуді жүзеге асыратын көрсеткіштер нақты белгіленуі тиіс. Бұл еңбек өнімділігінің өсу; өндіріс көлемдерін арттыру; өнімділіктің техникалық негізделген нормаларын орындау және мөлшерленетін еңбек сыйымдылығын азайту; өндірістік тапсырмаларды, жеке жоспарларды орындау; өнімнің сапасы мен сорттылығын арттыру; өнімді ақаусыз дайындау; бракты болдырмау; нормативтік-техникалық құжаттаманы, стандарттарды сақтау; шикізатты, материалдарды, инструментті, майлау материалдарын және өзге материалдық құндылықтарды үнемдеу көрсеткіштері болуы мүмкін.

Жанама-кесімді жүйеде жұмысшы жалақысының мөлшері ол қызмет көрсететін кесімді ақы алатын жұмысшылардың еңбек нәтижелеріне тікелей тәуелді болады. Бұл жүйе негізгі емес, қосалқы жұмысшылардың (реттеушілердің, баптаушылардың және т.б.) еңбегін төлеу үшін қолданылады.

Еңбектің аккордты-кесімді төлемінде қолданыстағы уақыт мөлшерлері немесе өнімділік пен баға орнату мөлшерлерінің негізінде жұмыстың бүкіл көлеміне (жеке операцияға емес) баға тағайындалады. Еңбек төлемінің бұл жүйесінде жұмысшылар жұмыстарды орындау мерзімдерін қысқартқаны үшін сыйақы алады, бұл еңбек өнімділігін арттырудағы бұл жүйенің ынталандырушы ролін күшейтеді.

Кесімді-прогрессивті жүйеде жұмысшының еңбегі мөлшерлерді орындау шектерінде кесімді баға орнату бойынша төленеді, ал мөлшерден артық өнімділікте – жоғары баға ортану бойынша төленеді.

Еңбек төлемінің мердігерлік формасы кең таралды. Оның мәнісі бір тарап белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенуі, мердігерлік алуынан, ал басқа тарап, яғни тапсырыс беруші, осы жұмысты аяқталған соң төлеуге міндеттенуі бойынша келісім жасасудан тұрады.

Мерзімді жалақы кезінде қызметкер атқарылған уақыттың көлеміне қарай ақшалай сыйақы алады, алайда, еңбек қарапайым және күрделі, төмен және жоғары білікті болуы мүмкіндігіне орай, еңбекті мөлшерлеу қажет. Ол тарифтік жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады. Тарифтік жүйенің құрамдас элементтері мыналар болып табылады:

- тарифтік мөлшерлеме – уақыт бірлігіндегі жұмысшылардың түрлі топтары мен санаттарының еңбек төлемінің абсолютті мөлшері. Ең төмен тарифтік мөлшерлеме немесе бірінші разрядтың тарифтік мөлшерлемесі бастапқы болып табылады. Ол ең қарапайым еңбектің төлем деңгейін анықтайды. Тарифтік мөлшерлемелер сағаттық, күндік болуы мүмкін;

- тарифтік торлар біліктілік деңгейіне қарай еңбек төлеміндегі қатынасты орнату үшін қызмет етеді. Бұл тарифтік разрядтар мен олардың тиісті тарифтік коэффициенттерінің жиынтығы. Төменгі разрядтағы тарифтік коэффициент бірге тең деп алынады. Кейінгі разрядтардың тарифтік коэффициенттері тиісті тарифтік мөлшерлемелер бірінші разрядтағы тарифтік мөлшерлемеден жоғары екендігін көрсетеді. Мерзімді жалақының екі жүйесі бар: қарапайым мерзімді және мерзімді-сыйақылы. Жетекшілер, мамандар мен қызметкерлер үшін лауазымды еңбекақы мөлшерінің жүйесі қолданылады. Лауазымды еңбекақы мөлшері – алатын лауазымға сәйкес белгіленген, жалақының абсолютті мөлшері.

Еңбек төлемінің бар формаларының көп түрінен әр кәсіпкер өндірістің нақты жағдайларына жоғары дәрежеде сай келетінін таңдайды.

§3. Жалақыдағы қосымша төлемдер мен үстеме төлемдер.

(мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ортақ)

  1. Түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша төлемдер (22 с. 6 с дейін.) – әр сағатқа сағаттық мөлшерлеменің 50%.
  2. Мейрам және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін қосымша төлем – екі есе мөлшерден кем емес.
  3. Мөлшерден артық жұмыс үшін қосымша төлем – әр сағат үшін сағаттық мөлшерлеменің 50%.
  4. Экологиялық апат аймақтарында тұратын қызметкерлерге мынадай аймақтар бойынша коэффициенттерді қолданып, еңбек төлемі белгіленеді: экологиялық апат – 1,5 (50%); экологиялық дағдарыс – 1,3 (30%); экологиялық дағдарыс алды жағдай – 1,2 (20%).
  5. Ядролық сынақ (ССЯП) территориясында тұратын қызметкерлер еңбегінің келесі аймақтар бойынша қосымша төлемі: төтенше радиациялық қауіп – 2 АЕК; максималды радиациялық қауіп – 1,75 АЕК; жоғары радиациялық қауіп – 1,5 АЕК; минималды радиациялық қауіп – 1,25 АЕК; жеңілдетілген әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар – 1 АЕК.
  6. Ауыр жұмыстарда және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлердің қосымша төлемі – 10-24%.
  7. Уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындау үшін қосымша төлем – нақты көлемге қарай.
  8. Лауазымдарды үйлестіргені үшін қосымша төлем (қызмет ету аймағын кеңейту) 50% дейін.

 

Тақырып 4.6: Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру – өндірісті басқару қызметі.

Жоспар:

1. Өндірістік үрдіс. Оны ұйымдастырудың принциптері.

2.Геологиялық суретке түсіру және іздеу жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Геофизикалық жұмыстарды ұйымдастыру.

4. Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

5. Бұрғылау және таулы-барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызуды ұйымдастыру.

7.Геологиялық барлау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

1. Өндірістік үрдіс. Оны ұйымдастырудың принциптері.

Геологиялық қымет өзінің сипаты, өткізу жағдайлары, қолданылатын жабдықтары, өндірісті ұйымдастыруы бойынша жұмыстардың кең ауқымын қамтиды. Жаңа пайдалы қазба кенорындарын табу мен барлауға бағытталған геологиялық жұмыстар, бірқатар кезеңдерден құралады, соның ішінде әртүрлі әдісдер арқылы жүзеге асуы мүмкін, әртүрлі жұмыстарды өткізуді талап ететін геологиялық түсірілім, іздеу, алдын-ала және детальді барлаудан тұрады. Оларға, мысалы, ұңғымаларды бұрғылау, тау-кен барлау қазбаларын ұңғылау, тау қазбаларын сынақтау, геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеулер және т.б. жатады. Геологиялық барлау жұмыстарының кез-келген түрі бірнеше қарапайым жұмыс үрдістерінен тұратын күрделі жұмыс үрдісі болып табылады, олардың кешені геологиялық тапсырмамен, жұмыстарды өткізудің жағдайлары және тәсілдерімен анықталады. Жұмыс үрдістері бір-бірінен технологиялық мазмұнмен, қолданылатын құрал-жабдықтармен, ұйымдастырушылық құрылыммен ерекшеленеді. Әрбір жұмыс үрдісінде адамның еңбегі, еңбек құралдары мен еңбек заты қатысады. Жұмысшы құрал-саймандармен еңбек затына әсер ете отырып, белгілі бір дәрежеде сол заттың күйін, оның орнын, түрін, пішінін өзгертеді. Жұмыс үрдісінің мәнін құрайтын бұл өзгерістер белгілі-бір сандық көрсеткіштермен өлшенуі мүмкін.

Жұмыс үрдістері белгілі-бір ретпен орындалатын немесе уақыт бойынша бірге қолданылатын операцияларға бөлінеді. Операциялар жұмыс орнының, құралдар мен еңбек затының біркелкілігімен сипатталатын, технологиялық мазмұны бойынша біркелкі жұмыс үрдісінің бөлігін құрайды. Операциялар тәсілдерден тұрады. Тәсіл деп, белгілі-бір мақсаттық қызметі бар жұмысшы іс-әрекетінің жеке аяқталған жиынтығы. Операцияға кіретін тәсілдердің саны әртүрлі, ол операцияның сипаты мен күрделігіне тәуелді. Тәсілдер қозғалыстарға бөлінеді. Қозғалыс – орындаушының қолының, аяғының, саусақтарының, денесінің бір қайтара орын ауыстыруы – қарапайым өлшеуге келетін іс-әрекет болып табылады.

Жұмыс үрдістерінің барлық әртүрлігі кезінде, олардың орындалуына жұмсалатын уақыт және кез-келген үрдісті жарыққа шығаратын операциялар қажеттілікке байланысты немесе берілген жұмыс үрдісінің соңғы мақсатына жетуге бағытталған операция мәндеріне байланысты жіктелуі мүмкін.

Геологиялық суретке түсіру және іздеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Геологиялық суретке түсіру және іздеу жұмыстарын орындау зерттеу ауданы бойынша геологиялық суретке түсіруші және іздеуші партиялардың тұрақты орын ауыстыруына байланысты.

Тұрақты орын ауыстыруды талап ететін жұмыстарды ұйымдастыру бірқатар ерекшеліктерге байланысты. Партияның қызметкерлер құрамының геологиялық қорлардың, ғылыми кітапханалардың материалдарын пайдалану мүмкіндіктері аса шектеулі; материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу-механикалық жұмыстар мәселелерін шешу айтарлықтай қиындаған. Осыған байланысты геологиялық суретке түсіру және іздеуші партиялар үшін дұрыс, түбегейлі құрылған жобаның болуы, далалық жұмыстарға ойыластырылған жан-жақты дайындықты ұйымдастыру ерекше маңызға ие. Оларды нәтижелі өткізу үшін, жұмыстар ауданына қатысты геологиялық қорлардың барлық материалдарын алдын ала зерттеу және қорыту қажет. Осы шарттарды орындағанда партия жұмысының негізгі бөлігі бұдан бұрын алынған геологиялық мәліметтерді бөлшектеуден, түзетуден және нақтылаудан тұрады.

Геологиялық суретке түсіруші партиялар қажетті топографиялық негізбен – дәл сондай немесе жобаланатын түсірімге қарағанда, үлкенірек масштабтағы топографиялық картамен қамтамасыз етілу керек. Сонымен қатар, геологиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізу аэрофотосуреттерді пайдалануды көздейді, бұл жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, өйткені аэрофотоматериалдар жыныстардың шығу жапсарлары мен пункттерін орнатуға, геологиялық түсірімді тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта аэрофототүсірімдердің материалдары алдын ала бажайлауға жатады, онда бедердің жеке типтері мен элементтері, геологиялық құрылымдар, айырылымды бұзылыстар және т.с.с. анықталады.

Әдебиеттік және есептік геологиялық материалдарды, тау жыныстарының коллекцияларын, олардың тілімтастарын, түсірім ауданына тиісті қазбалы фауна мен флораны зерттеудің негізінде, зерттелетін ауданның алдын ала жұмысшы геологиялық картасы және стратиграфиялық бағана құрылады, олар далалық геологиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізудің барысында нақтыланады.

Далалық жұмыстарға ұйымдастырушылық-шаруашылық дайындық партияның жеке құрамын жинақтаудан және қажетті жабдықтарды, керек-жарақтар мен көлік құралдарын іріктеуден тұрады. Партияның жеке құрамын, алшақ, аз қоныстанған немесе жоғары таулы аймақтарда жұмыс жасаушыларды жинақтағанда, жұмыстар ауданын жақсы білетін, арнайы жол көрсетушімен немесе жергілікті халықтан шыққан жұмысшылармен партияны қамтамасыз ету қажет. Партияларға арналған керек-жарақты оны пайдалану жағдайларын және түсірім ауданы бойынша тұрақты тасымалдарының қажеттілігін есепке алып іріктейді. Қызметкерлерді жұмыстар ауданына сәйкес келетін, арнайы аяқ-киіммен, киім-кешекпен және сақтандырғыш құралдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Шөлді және шалғай аудандарда жұмыс жасайтын партиялар байланысты қамтамасыз ету үшін, портативтік радиостанцияларға ие болу керек.

Сауда желісі жоқ аудандарға жолданатын геологиялық суретке түсіруші партиялар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Партияларды геологиялық бірлестіктердің (басқармалардың) немесе жергілікті сауда ұйымдарының қоры арқылы азық-түлікпен қамту мүмкін болмағанда, азық-түліктің қажетті қорлары алдын ала дайындалады және ол далалық жұмыстар ауданына шығар кезде партияға беріледі.

Далалық жұмыстардың басталу сәтіне қарай, негіздеудің бір нүктесінде зерттелетін бөлікшелер көрсетілген, оларды жүргізудің графигі, сонымен қатар түсірі ауданы бойынша базаның орын ауыстыру графигі құрылу керек. Бөлікшелердің шекаралары физикалық-географиялық жағдайларға сәйкес анықталады; сонымен қатар партияның қызметкерлер құрамының уақытты көп шығындамай бағытжолдардан жүйелі оралу мүмкіндігі есепке алынады.







Date: 2015-06-08; view: 1344; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.019 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию