Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
БӨЛІМ. 2 page
Геологиялық барлау кәсіпорнының келешегін анықтаудың негізгі әдістері маркетинг және стартегиялық жоспарлау болып табылады. Геологиялық барлау кәсіпорындары маркетингілік зерттеулерді екі бағытта жүргізеді:
Бірінші жағдайда мемлекеттік геологиялық бағдарламаны жүзеге асыруға кәсіпорынның болашақ қатысу мүмкіндігі бағаланады, алдағы жұмыстардың құрамы мен көлемдері, конкурстарды өткізу орны, тәртібі мен шарттары анықталады. Конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мұндай тапсырыстарды алу келешегінің саласында маркетинг қызметінің ерекше сипатын көздейді. Мұнда бастысы – құрастыруға жоспарланған және құрастырылатын геологиялық бағдарламалар туралы кең ақпараттану және оларға қатысу мүмкіндігін алдын ала анықтау. Экономикалық шарттарды, ықтимал бәсекелестердің болуын білген маңызды. Кәсіпорын территориалдық геологиялық комитеттермен және аймақтық геологиялық орталықтармен (басқармалармен), мүмкіндігінше тиісті өкілеттіктері бар арнайы өкілдері арқылы тікелей Министрліктің бөлімшелерімен жүйелі қатынастарды қолдау қажет. Екінші жағдайда дербес шаруашылық әрекеттегі жетістіктер көбінесе геологиялық, өндірістік қызметтерге тұтынушылық сұранысты білумен және шебер ұйымдастырылған жарнамамен анықталады. Бас геолог пен бас инженер қызметтері геологиялық және өндірістік қызметтерге тұрақты сұранысты қамтамасыз ету үшін, кәсіпорын тапсырыс берушілерге ұсынуы мүмкін, жұмыстар мен зерттеулер туралы ақпаратты тұрақты дайындау және орналастыру керек. Өндіруші және геологиялық ұйымдардың қызметтерін пайдаланатын өзге кәсіпорындардың мамандарын сауалнамалауды жүргізу шаралары пайдалы болуы мүмкін, оның негізінде сұраныстың перспективтілік дәрежесі бойынша жұмыстардың үш тобын қалыптастыруға болады:
Алынған мәліметтер кәсіпорын жұмысында басым бағыттарды анықтауға, тапсырыс берушілермен келісімдер жүйесін баптауға, ҒТӨ саясатын құруға, техника мен кадрларды іріктеуге мүмкіндік тудыруы мүмкін. Маркетингілік әрекеттің маңызды нәтижесі геологиялық жұмыстарға (қызметтерге) сұранысты болжау болып табылады. Жалпы геологиялық барлау ұйымында тапсыпыстар портфелі үш бағытта (деңгейде) қалыптасатын болады. Тапсырыстың I және II деңгейлері сәйкесінше геологиялық барлау жұмыстарын немесе кәсіпорынның негізгі әрекеті бойынша жұмыстарды құрайды. Олар мемлекеттік тапсырыстар бойынша (I деңгей) және жеке өндіруші кәсіпорындартың тапсырыстары бойынша (II деңгей) геологиялық міндеттегі жұмыстарды орындаумен байланысты. III деңгейдегі жұмыстар болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Барлығы геологиялық кәсіпорын орналасқан аймақтағы жағдайларға тәуелді. Бұл жұмыстар іс-әрекеттің негізгі кескініне қосымша болып табылады. Бірқатар ұйымдарда сәтті жағдайларда мұндай жұмыстар кәсіпорынға сезілетін кіріс әкелуі мүмкін. Мысалы, геологиялық кәсіпорын табиғатты сүюшілер үшін қызықты геологиялық объектілер бойынша экскурсиялар, жорықтар ұйымдастыруы мүмкін, оқу материалын ұсынуы мүмкін; көлік құралдарын, құрылыс және ауылшаруашылық техниканы жөндеуде жеке тұлғаларға қызметтер көрсетуі мүмкін және т.с.с. Егер мұндай қызметтерді тұтынушы тікелей жақын орналасқанда ғана мүмкін. Бірақ көбінесе геологиялық кәсіпорынның мұндай қызметтерінің тұтынушылардың үлкен саны жоқ. Геологиялық кәсіпорын әрекетінің аса қызықты салалары I деңгейдегі жұмыстар болып табылады. Бұл мұндай жұмыстардың ірі әрі ұзақ мерзімді болып табылатындығымен, сенімді қаржылық қамтамасыз етілуімен, бірқатар жағдайларда қолайлы қаршылық ортаға ие болуымен байланысты. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстар жүргізгенде кәсіпорын аванс, жеңілдікті несие, салық жеңілдіктерін алуы мүмкін. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін, геологиялық кәсіпорыннан конкурсқа дайындық бойынша алдын ала жұмыс жасау талап етіледі. Мұндай жұмыс болашақ жұмыстардың мүмкін құнын анықтаудан, мемлекеттік тапсырыстың минималды (шекті) бағасын негіздеуден, кәсіпорынның мемлекеттік тапсырысты орындау мүмкіндігін бейнелейтін, негіздеуді дайындаудан тұрады. Негіздеу геологиялық кәсіпорынның өндірістік базасының жағдайын сипаттаудан, кадрлардың болуынан, берілген бағыт бойынша жұмыс өтілінің болуынан тұрады. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін, материалдарды конкурсқа тапсыру бизнес-жоспарды құруға жақын. Тапсырыстар портфелін құрғаннан кейін кәсіпорын ағымдағы жылдағы жұмыстарды бөліп, жұмыстардың объектілік жоспарын құрады. Тақырып 4.3: Геологиялық барлау жұмыстарындағы еңбек ресурстары. Жоспар:
§1. Еңбек ресурстары мен кадрлар ұғымы. Еңбек ресурстары – қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды құрамдас бөлігі, олардың даму деңгейіне, біліктілігі мен техникалық жабдықталуына ел экономикасының жағдайы тәуелді. Еңбек ресурстары – бұл еңбекке қабілетті жастағы (15 жастан жоғары зейнеткерлік жасқа дейін) қоғамның экономикалық белсенді халығы. КТМ, колледждер мен жоо білім алушылары да еңбек ресурстары болып есептеледі. Кадрлар – халық шаруашылығының белгілі бір саласында жұмысқа арнайы дайындалған, қызметкерлердің негізгі құрамы. Өндірісте қамтылған олар, өндіріс құралдарын жасай, жетілдіре және дамыта отырып, оларды қозғалысқа келтіре отырып және материалдық игіліктерді өндіре отырып, өндіргіш күштердің басты элементі болып табылады. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, адамдардың өндірістік тәжірибесіне және еңбе дағдыларына берілген тарихи кезеңдегі қоғамдық еңбектің өнімділігі тәуелді. Геологиялық барлау кадрларын кәсіптер, мамандықтар және біліктілік бойынша жіктеу айтарлықтай маңызға ие. Кәсіп орындауға қажетті, білімдер мен ерекше дағдылардың ерекше кешенін талап ететін, өндіріс салаларының біріндегі жұмыстың белгілі бір түрін сипаттайды. Кәсіптің ішінде өндірістің белгілі бір саласының жеке бөлікшесінде жұмыстарды орындау үшін қоысмша білімдер мен дағдыларды талап ететін мамандықтарды ажыратады. Мысалы, тау-кен инженер-геологының кәсібінде мамандықтар бар: геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау, геологиялық суретке түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу, гидрогеология және инженерлік геология, ал слесарьдің кәсібінде – электрослесарь, бұрғылау және тау-кен жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь және т.с.с. мамандықтарды ажыратады. Біліктілік деп, өндірістің жеке бөлікшелерінде түрлі күрделіліктегі жұмыстарды орындауға қажетті білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың болуын түсінеді. Геологиялқ барлау өндірісінің кадрлар құрамы мен құрылымының сипаттамалары негізінде геологиялық ұйымдардың өндірістік әрекетінде жұмыс істейтіндердің жеке топтарының қатысу принципі жатыр. Геологиялық барлау өндірісі қызметкерлерінің жалпы санынан, ең алдымен, өндірістік қызметкерлер құрамының тобын және өндірістік емес жұмыстарда қамтылған қызметкерлер тобын ажыратады. Өндірістік қызметкерлер құрамы геологиялық барлау қызметкерлерінің негізгі бөлігін құрайды; оған мынадай қызметкерлер жатады: 1. геологиялық барлау жұмыстарын тікелей орындайтын, геологиялық барлаудың барлық буындарындағы қызметкерлер; 2. геологиялық кәсіпорындардың қызмет көрсететін, қосалқы және көмекші цехтарының қызметкерлері; 3. саланың ғылыми және өндірістік әрекетіне қызмет көрсететін, зертханалардың, зерттеу, жобалық және тәжірибелік ұйымдардың қызметкерлері; 4. геологиялық ұйымдар мен кәсіпорындарды басқару аппаратының қызметкерлері; 5. күзеттің барлың түрлерінің қызметкерлері. Өндірістік емес қызметкерлер құрамына тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылыққа, геологиялық ұйымдардан тыс көлікке, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге, амбулаторияларға, клубтарға, қосалқы шаруашылықтарға және т.б. қызмет көрсететін қызметкерлер жатады. Атқаратын міндеттеріне қарай барлық қызметкерлерді келесі категорияларға топтастырады: жұмысшылар, мамандар, қызметшілер, кіші қызмет көрсетуші қызметкерлер (МОП), оқушылар, күзет және өрт қорғанысының қызметкерлері.
§2. Қызметкерлер құрамының саны және олардың түрлері. Қызметкерлер құрамының қозғалысы және қозғалыс көрсеткіштері. Қызметкерлердің санын олардың тізімдік және келу құрамдары бойынша есептейді. Геологиялық ұйым қызметкерлерінің тізімдік құрамына барлық тұрақты, уақытша және маусымдық қызметкерлерін енгізеді, келу құрамына берілген күні жұмысқа шыққандардың санын енгізеді. Келу саны демалыстарға, науқаутануға және өзге келмеулерге байланысты әркез тізімдіктен аз. Геологиялық ұйымның қызметкерлерінің тізімдік құрамы Nсп мынадай формула Nсп = Kсп * Nяв бойынша есептеледі, мұнда Kсп – тізімдік құрамның коэффициенті (әрқашан бірден үлкен); Nяв – қызметкерлердің жалпы келу саны. Тізімдік құрамның коэффициентін қызметкерлердің келі санынан тізімдік санына көшу үшін анықтайды. Бұл коэффициент негізінен күнтізбелік кезеңдегі геологиялық ұйымның жұмыс режиміне және қызметкерлердің жұмысқа шығу санына тәуелді. Кәсіпорынның қызметкерлер құрамы сондай-ақ жұмысшылардың әртүрлі себептермен (қабылдау немесе жұмыстан шығару) келуі мен кетуі сипатталатын қозғалысымен сипатталады. Қызметкерлер құрамының қозғалу деңгейін анықтау үшін келесі көрсеткіштер есептеледі: - қызметкерлер құрамының айналымы – зерттелетін кезең бойынша (жыл) қабылданған (жұмыстан шығарылған) жұмысшылардың саны; - қажетті айналым – ақиқат себептер бойынша жұмыстан шығарылған (жұмыстан шыққан) жұмысшылардың саны; - қажетсіз айналым – субъективті себептер бойынша жұмыстан шығарылған (жұмыстан шыққан) жұмысшылардың саны; - айналым қарқындылығы – зерттелетін кезеңде (жылда) жұмысшылардың орташа тізімдік санына қызметкерлер құрамы айналымының қатынасы; - тұрақтылық коэффициенті – зерттелетін кезең ішінде кәсіпорын тізімінде орналасқан жұмысшылар санының зерттелетін кезеңдегі орташа тізімдік санына қатынасы.
§3. Жұмыс уақытының балансы. Қызметкерлер санын жоспарлау. Жұмыс уақытының балансы. Жұмыс уақытын есепке алу мен бөлу үшін, жұмысшылардың санын тиімді есептеу үшін бір жұмысшының жұмыс уақытының балансын құрады. Жұмыс уақытының балансы келесі көрсеткіштерді қамтиды: - жылдағы күндердің күнтізбелік саны (Кк); - демалыс күндері (Дк); - мереке күндері (Мк); - көрсетілген күндер (Кк); - көрсетілген себептер бойынша келмеу (Кк); - жұмыс күндері (Тэф тиімді жұмыс күндері). Жұмысшылардың келу санынан тізімдік санына өту үшін жұмыс уақыты балансының негізінде тізімдік құрам коэффициенттерін есептейді.
Кадрлардың санын жоспарлау. Келешекте еңбек ресурстарын пайдалану бойынша тікелей есептеулердің алдында олардың өткен кезеңдегі жағдайына талдау жүргізіледі. Өткен кезеңдегі еңбек бойынша есептік мәліметтерді, еңбек өнімділігінің жоспарлы өсімін және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарын талдаудың негізінде категориялар бойынша жоспарланатын кезеңге қажетті қызметкерлер саны анықталады. Қызметкерлердің санын еңбекті мөлшерлеу мәліметтерінің негізінде анықтайды: өнімілік нормалары, уақыт нормалары, жабдыққа қызмет көрсету нормалары. Қызмет көрсету нормасы бойынша қызметкерлердің тізімдік санын Nсп мына формула бойынша есептейді: Nсп = N*a*n * Kсп, мұндай N – бір ауысымның ішінде бір агрегатқа қызмет көрсетуге қажетті қызметкерлердің саны; а – жұмыс істейтін агрегаттардың саны; n – тәуліктегі ауысымдардың саны. Жұмыс бірлігіне уақыт нормалары бойынша қызметкерлердің санын есептеуді жұмыстардың белгілі бір көлемін жүргізуге немесе жұмыс бірлігіне адам-сағатпен немесе адам-ауысыммен уақыт нормалар белгіленген бөлікшелерде қолданады. Бұл әдісте қызметкерлердің қажетті тізімдік санын мына формула бойынша анықтайды: Nсп = Нвр*Q*Kсп: Тб, мұнда Нвр – жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт, сағ немесе ауысым; Q – жоспар бойынша көзделген жұмыстың көлемі; Тб – жоспарлық баланс бойынша бір қызметкер атқаратын тиімді уақыт, сағ немесе ауысым. Өнімділік нормалары бойынша есептегенде қызметкерлердің тізімдік құрамын натуралдық көрсеткіштегі өндірістік бағдарламаны осы көрсеткіштерде есептелген, жоспарланған кезеңдегі бір жұмысшының өнімділік нормасына бөлу арқылы анықтайды. Бұл есептеу мына формула бойынша жүргізілуі мүмкін: Nсп = Q*Kсп: Нв*Тб, мұнда Нв – бір сағаттың немесе ауысымның ішіндегі бір қызметкердің өнімділік нормасы. Тікелей геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде қамтылған және өндірісті басқару қызметтерімен қатар геологиялық тапсырмаларды орындайтын, жетекшілер мен мамандардың санын геологиялық ұйымдардың (партиялардың, экспедициялардың) ұйымдастырушылық құрылымына, жұмыстардың мазмұнына және жұмыс ауысымдарының санына қарай жоспарлайды. Бұл категориялағы қызметкерлердің санын, сонымен қатар геологиялық ұйымдарды басқаруда қамтылған қызметшілердің санын геологиялық барлау жұмыстарының көлеміне және геологиялық ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымына қарай штаттардың үлгілік схемаларына негізделе анықтайды. Жетекшілердің, мамандар мен қызметшілердің санын жоспарлағанда өндірісті басқару мен қызмет көрсету сапасын жақсартып, артық лауазымдарды қысқарту мақсатында олардың жұмысын барынша толықтауға ұмтылады. Кіші қызмет көрсетуші қызметкерлердің санын жоспарлау қолданылатын механизмдер мен керек-жарақтарды есепке алып, бір адамның белгілі бір алаңға қызмет көрсету нормаларына негізделеді. Жоспарлы кезеңдегі қызметкерлердің саны мына формула бойынша анықталады: N = Q: (Пб (1+Кпр / 100)), мұнда Q – ақшалай көріністегі геологиялық барлау жұмыстарының жылдық көлемі, тңг; Пб – базалық кезеңдегі бір қызметкердің орташа жылдық өнімділігі, тңг; Кпр – жоспарлы кезеңде еңбек өнімділігін арттыру, %. Қызметкерлердің саны бойынша жоспарды құру үрдісінде жұмыс күшінің тұрақсыздығының (ауыспалылығының) себептеріне талдау жүргізу және оны жою бойынша шараларды белгілеу қажет. Жұмысшылар тұрақсыздығының негізгі себептері ауыр жұмыстарды механизациялаудың жеткіліксіз деңгейі, жалақыны ұйымдастырудағы кемшіліктер, партияларда (экспедицияларда) қолайлы тұрғын-тұрмыстық жағдайлардың болмауы, жұмысшы кадрларды оқыту мен біліктілігін арттыру жүйесіндегі кемшіліктер, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің маусымдылығы болып табылады. Жұмыс күшінің тұрақсыздығы геологиялық тапсырмалардың орындалуына теріс ықпалын тигізеді, геологиялық барлау жұмыстарының сапасын нашарлатады және олардың өндірісін қымбаттатады. Еңбектің жоғары техникалық жабдықталуында кадрлардың тұрақтылығы геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық тиімділігін арттыруға қажетті жағдайлардың бірі болып табылады.
Тақырып 4.4: Еңбек өнімділігі – өндіріс тиімділігінің көрсеткіші. Жоспар: 1. Еңбек өнімділігі – экономикалық категория ретінде. 2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері мен көрсеткіштері. 3. Еңбек өнімділігін өсірудің негізгі бағыттары. Еңбек өнімділігі – экономикалық категория ретінде. Еңбек өнімділігі материалдық өндірістегі еңбек шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде өндірілетін өнімнің (жұмыстардың) санымен немесе өнім (жұмыс) бірлігіне жұмсалатын еңбек шығындарымен анықталады. Жеке еңбек өнімділігі мен қоғамдық еңбек өнімділігін ажыратады. Жеке еңбек өнімділігі жұмыс уақытының бірлігінде жасалатын нақты өнімнің (жұмыстың) санымен немесе осы өндірістегі өнімнің (жұмыстың) бірлігін шығаруға жұмсалған тірі еңбек шығындарымен өлшенеді. Қоғамдық еңбек өнімділігі өнімнің (жұмыстың) бірлігін өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының барлық шығындарымен, яғни тірі еңбек (берілген өндірісте жұмыс істейтін) және өнімнің (жұмыстың) бірлігіне жұмсалған шикізатта, материалдарда, еңбек құралдары мен қаруларында көрініс тапқан, өткен еңбектің қосындысымен анықталады. Еңбек өнімділігінің өсуі өнімнің (жұмыстың) бірлігін өндіргенде жұмыс уақытын үнемдеуден көрінеді, бұл жұмыс уақытының бірлігінде өнім (жұмыс) шығарылымының артуын білдіреді. Еңбек өнімділігі өндіргіш күштердің даму деңгейіне де, өндірістік қатынастардың сипатына да тәуелді. Әр жаңа қоғамдық құрылыс алдыңғысын жеңеді, өйткені жоғары еңбек өнімділігі үшін жағдай жасайды және осылайша қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырудың үлкен мүмкіндіктерін ашады. Еңбек өнімділігін арттырудың маңызы зор: еңбек өнімділігінің артуы қоғамдық байлық пен елдің кеңейтілген ұдайы өндірісі өсуінің, өнімнің өзіндік құнының және бағалардың төмендеуінің басты көзі, еңбек етушілердің материалдық жағдайын жақсартудың, жұмыс күнінің ұзақтығын қысқартудың және жыл сайынғы төленетін демалыстар ұзақтығын арттырудың негізгі жолы болып табылады.
§2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері мен көрсеткіштері. Еңбек өнімділігі өндірістің түрлі деңгейлерінде – жұмыс орнында, кәсіпорында, салада, материалдық өндірістің салалары бойынша жоспарланады және есептеледі. Осыған байланысты ажыратады: жеке еңбек өнімділігі, яғни жеке қызметкердің еңбек өнімділігі; жеке кәсіпорындағы еңбек өнімділігі (геологиялық барлау партиясы, экспедиция, кеніш, байыту фабрикасы және т.б.); республикалар мен экономикалық аудандар үшін жалпы сала бойынша да, территориалдық қимада да есептелетін, салалық еңбек өнімділігі; материалдық өндірістің ірі салаларындағы - өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, көлік пен құрылыстағы еңбек өнімділігі; қоғамдық еңбек өнімділігі. Еңбек өнімділігін өлшейтін көрсеткіштерге қойылатын маңызды талаптар олардың объективтілігі, уақыттың түрлі кезеңдеріне сәйкестігі, берілген сала шектеріндегі түрлі кәсіпорындардың, сонымен қатар түрлі сала кәсіпорындарының көрсеткіштерінің салыстырылуы болып табылады. Халық шаруашылығының жоғарыда аталған әр буынында еңбек өнімділігінің (өнімділіктің) орташа деңгейі өндірілген өнім мөлшерінің Q осы өнімді өндіруге шығындалған (жұмсалған) уақытқа Т қатынасымен анықталады: П = Q: Т, мұндай Т – белгілі бір кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санымен немесе адам-сағатпен, адам-күнмен берілуі мүмкін, шығындалған еңбек. Берілген тәсілмен есептелген көрсеткіш еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші деп аталады. Еңбек өнімділігінің деңгейі сонымен қатар еңбек өнімділігіне кері шаманы білдіретін, еңбек сыйымдылығымен сипатталады: t = 1: П = Т: Q, мұнда t – өнімнің бірлігіне шығындалған жұмыс уақыты (еңбек сыйымдылық). Алайда бұл сырттай қарапайым формулаларды қолдану материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар көп номенклатуралы өнімді өндіретін кәсіпорындарда (геологиялық ұйымдарда) еңбек өнімділігінің деңгейін анықтау үшін, үлкен қиындықтар тудырады. Формуланың екі көрсеткішін де (өндіріс көлемі мен еңбек шығындарын) өлшеудің түрлі әдістері мен бірліктерін пайдаланып, өзгертуге болатындығы күрделі. Өндірістік әрекеттің көлемі мен өнім шығару Q натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құн көрсеткіштерімен берілуі мүмкін. Еңбек шығындарында барлық қызметкерлер (өндірістік қызметкерлер құрамы) немесе барлық жұмысшылар шығындаған уақытты Т есепке алады. Еңбек өнімділігін анықтаудағы жұмыс уақытының бірлігі жыл, тоқсан, ай, ауысым, сағат болуы мүмкін. Еңбек өнімділігін адам-сағат есебінде анықтау дәлірек нәтижелер береді. Date: 2015-06-08; view: 1797; Нарушение авторских прав |