Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
БӨЛІМ. 4 page
Геологиялық суретке түсіру жұмыстары өндірістік геологиялық бірлестіктің ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК) геологиялық есепті бекіткеннен кейін және оны геологиялық қорға тапсырғаннан кейін аяқталды деп есептеледі. §3. Геофизикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Геофизикалық зерттеулер геологиялық барлау жұмыстарының жалпы кешенінің бір бөлігі болып табылады және оларды орындаудың барлық кезеңдерінде (геологиялық суретке түсіруде, іздеу жұмыстарында және пайдалы қазба кенорындарын барлауда) ұйымдастырылады. Геофизикалық жұмыстардың міндеттері мыналар болып табылады: зерттелетін территорияның терең геологиялық құрылысын орнату; пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлауды және оларды анықтауды жүргізу үшін қолайлы аудандарды, аймақтар мен құрылымдарды анықтау; бұрғылау ұңғымаларының геологиялық қимасын зерттеу және т.б. Зерттелетін өрістердің физикалық мәні мен түрі бойынша геофизикалық әдістер магниттік барлау (соның ішінде аэромагниттік), электробарлау, сейсмобарлау, гравибарлау, радиометриялық және т.б. болып бөлінеді. Ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулерді ерекше топқа ажыратуға болады. Геологиялық жұмыстарды жобалағанда геофизикалық әдістерді қойылған міндеттерге, ауданның геологиялық құрылысының ерекшеліктеріне, зерттелетін құбылыстардың сипатына, тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың физикалық қасиеттеріне қарай таңдайды. Бірқатар жағдайларда нәтижелердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін бір мезетте бірнеше әдіс қолданылады. Геофизикалық зерттеулердің жүргізудің жобасы жұмыстардың мақсаттық міндетіне қарай, жеке партиялар үшін жеке құжат түрінде немесе кешенді экспедицияның, партияның жоба бөлімі түрінде құрылады. Жобада әдіс немесе зерттеу әдістерінің кешені, түсірімдердің масштабтары, бақылау желісінің тығыздығы, жұмыстарды орындауға арналға аппаратура мен жабдықтардың таңдалуы, тәжірибелік зерттеулерді жүргізудің параметрлері мен техникалық жағдайлары, физикалық көрсеткіштердегі жұмыстардың көлемдері, зерттеулер кезегі, көлік құралдарының түрлері мен саны және жұмыстар әдістемесінің, техникасы мен ұйымдастырылуының өзге мәселелері негізделеді. Геофизикалық зерттеулерді жүргізудің әдістері мен техникалық құралдарын сенімді нәтижелер мен жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштер алу қажеттілігінен шыға отырып, таңдау қажет. Жобалық шешімдерді дұрыс негіздеу және бұрын атқарылған жұмыстарды қисынсыз қайталауды болдырмау үшін, жобаны құрушы мамандар геологиялық қорлардың материалдарын, зерттелетін ауданда және кенорында жүргізілген геофизикалық зерттеулер мен геология бойынша әдеби материалдарды жинау және зерттеу қажет, бұл материалдарға жүйелеу және талдау жүргізу қажет. Жобалау кезінде негізгі ғана емес, қосалқы операцияларды механизациялауды; жаңа әдістер мен аспаптарды қолдануды, оларды уақыт ішінде жоғары пайдалануды; операциялардың әрбіреуі үшін жұмыстар майданын құру шамасы бойынша үрдісті құрайтын операцияларды үздіксіз және параллель орындауды көздеу қажет. Далалық геофизикалық жұмыстар геофизикалық жұмыстардың тиісті түрлерін жүргізу бойынша бекітілген жоба мен нұсқауларға қатаң сәйкестікте орындалады. Далалық геофизикалық жұмыстардың үлкен бөлігі аномалияларды, құрылымдарды анықтау және геофизикалық карталарды құру мақсатында айтарлықтай аудандағы зерттеулер мен бақылаулардан тұрады. Далалық жұмыстар кезеңінде геофизикалық партиялардағы еңбекті тиімді ұйымдастыру геофизикалық, топографиялық-геодезиялық және қосалқы жұмыстарды дұрыс үйлестіруді көздейді. Олармен бірге далалық материалдарды алдын ала өңдеу және далалық жұмыстардың геологиялық нәтижелері туралы алдын ала есеп құру жүргізілу керек, бұл жұмыстардың алдағы бағытын анықтау үшін геофизикалық бақылаулардың мәліметтерін оперативті пайдалануға мүмкіндік береді. Геофизикалық экспедицияның, партияның, отрядтың камералдық жұмыстары барлық орындалған далалық жұмыстардың нәтижелері туралы қорытынды есеп жасаудан тұрады. Есепті жасаған кезде геофизикалық жұмыстардың тиісті әдістері бойынша техникалық нұсқауларды жетекшілікке алу қажет. Камералдық жұмыстар мыналардан тұрады: материалдарды камералдық өңдеудің күнтізбелік жоспарын құру; далалық бақылаулар мен тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін, барлық далалық құжаттаманы орындаушылардан қабылдау-тапсыру, соңғысын жүйелеу; барлық орындалған жұмыстардың нәтижелерін соңғы өңдеу, түсіндіру және геологиялық талдау; бұрын орындалған зерттеулердің мәліметтерін салыстыру; қорытынды есепке карталарды, схемаларды, қималар мен басқа графикалық қосымшаларды құру, нақтылау және редакциялау; геологиялық есепті құру, рәсімдеу, рецензиялау және бекіту, оны геологиялық қорларға тапсыру.
§4. Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстарды ұйымдастыру. Геологиялық барлау жұмыстарына гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер ұласады. Геологиялық түсірімді жүргізу әдістемесі геологиямен бірге ауданның гидрогеологиялық жағдайларын зерттеуді және гидрогеологиялық карталар құруды көздейді. Кенорынды бағалаған кезде де ауданның гидрогеологиялық жағдайларын, оның суландырылуын, жерасты суларының болуын және т.с.с. анықтау қажет. Бірқатар пайдалы қазбалардың қорларын бекіткенде қорлар сапасының қажетті шарты кенорынның гидрогеологиялық жағдайларының сипаттамасы болып табылады. Осылайша, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер геологиялық барлау партиясы орындайтын жұмыстардың құрамдас бөлігі ғана емес, дербес маңызға ие, өйткені су ресурстары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы үшін, қалалардың құрылысы мен сумен қамтылуы үшін, суландыру үшін қажет, ал ауданның инженерлік-геологиялық жағдайларын зерттеу өнеркәсіптік, тұрғын үй, гидротехникалық және жол құрылысы мәселелерін шешу кезінде қажет. Сипаты бойынша гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстарды келесі топтарға бөлуге болады: - гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық түсірімдер; - кенорындардың гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу; - түрлі объектілерді жобалаумен және тұрғызумен байланысты мәселелерді шешуге арналған инженерлік-геологиялық ізденістер; - арнайы режимдік гидрогеологиялық бақылауларды жүргізу; - сумен қамту көздерін іздеу. Ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстары партияны қызметкерлер құрамымен, жабдықтармен, керек-жарақпен, көлік құралдарымен және аппаратурамен жабдықтаудан тұрады. Суға далалық химиялық талдаулар жүргізу үшін, партияға далалық жағдайларда су сынамаларын талдауға мүмкіндік беретін, химиялық зертхана беріледі. Партияның қызметкерлер құрамы жұмыстарды жүргізудің тиісті жағдайларына және қауіпсіздік техникасына сәйкес келетін, арнайы киіммен, аяқ-киіммен, шатырлармен және өзге керек-жарақтармен, сонымен қатар радиобайланысты қамтамасыз етуге арналған құралдармен жабдықталады. Сауда желісі арқылы азық-түлікпен қамтуды ұйымдастыру мүмкін болмаған аудандарда жұмыс істейтін партиялар сақтандыру қорын есепке алып, далалық жұмыстардың бүкіл кезеңіне онымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қажетті қордың салмағын азайту үшін, азық-түлік жоғары калориялы болу керек. Геологиялық түсірім сияқты, гидрогеологиялық түсірім қар жамылғысы түскенге дейін ғана жүргізілуі мүмкін, сондықтан далалық жұмыстардың маусымдылығы партия жұмысын ұйымдастыруды көздеуге мәжібүрлейді. Онда қысқы кезеңде, арнайы қысқы зерттеулерден басқа, әдетте материалдарға камералдық өңдеу, есептеу құру, сонымен қатар келесі маусымға белгіленген зерттеулер ауданымен алдын ала танысу, жобаны құру немесе нақтылау жүргізіледі. Стационарлық бақылаулар негізінен ауданның гидрогеологиялық жағдайларын және оларға маусымддық өзгерістердің ықпалын зерттеу үшін ұйымдастырылады. Бақылаулар гидрографиялық желіні және белгілі бір аудандағы бірқатар нүктелерді қамтиды. Мұндай нүктелер ұңғымалар, құжықтар, жерасты қазбаларынан судың шығыстары мен табиңи су көздері болып табылады. Қазбалардағы, су айдындары мен өзендердегі судың деңгейі мен температурасын бақылау, суды физикалық-химиялық және бактериалдық талдау, шығымның тәуліктік, маусымдық өзгерістерін, жерасты суларының режим өзгерістері мен табиғи факторлардың өзара байланысын, жерасты суларының ағу бағыты мен қозғалыс жылдамдығын, суларды сорғыту жағдайларын, сейсмикалық белсенділіктен кейін жерасты суларының химиялық және газды құрамының өзгерістерін және т.б. зерттеу жиі жүргізіледі. Жерасты суларының сарқылуы мен оларды жасанды толтыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қоршаған ортаның ластануын анықтау үшін, әсіресе ірі өнеркәсіптік орталықтардың маңындағы аудандарда түскен жауын-шашындардан, ауадан сынамалар алынады. Далалық жұмыстар аяқталған соң жүргізілетін, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстардың материалдарын камералдық өңдеу үшін, шектеулі мерзімдер белгіленген. Сондықтан далалық бақылаулар барысында-ақ бақылаулардың, тәжірибелердің нәтижелерін және өзге мәліметтерді өңдеу мен жүйелеуге жоғары назар аудару қажет. Материалдарға уақытында камералдық өңдеу жүргізу үшін, оларды бастамас бұрын, нақты орындаушылар көрсетілген, камералдық жұмыстардың барлық кезеңдерінжүргізудің күнтізбелік жоспары мен желілік графигін құру қажет. Камералдық жұмыстардың ұзақтығы далалық жұмыстардың кезеңіне қарай пайызбен анықталады: жергілікті жерде өте нашар өту жағдайында 80%-дан жақсы өту кезінде 160% дейін. §5. Бұрғылау және таулы-барлау жұмыстарын ұйымдастыру.
Барлау ұңғымаларын бұрғылау өзара кезектесетін немесе уақыт ішінде қиылысатын, біртіндеп орындалатын, қарапайым жұмыс үрдістерінің кешені болып табылады. Соңғы мақсатқа жетудегі маңызы бойынша бұрғылаудың барлық үрдістерін үш топқа бөлуге болады: дайындық-қорытынды, негізгі және қосалқы. Сонымен қатар, бұрғылауға геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер ұласады, олар тиісті міндеттегі партияларда негізгі үрдістер болуы мүмкін. Бұрғылау үрдісінде мыналарды ажыратады: - бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, машиналық бұрғылаудың 1 сағ. ішінде үңгілеудің орташа шамасымен беріледі; - бұрғылаудың техникалық жылдамдығы, негізгі үрдіске – бұрғылаудың өзіне және қосалқы операциялардың барлық түрлеріне шығындалған, 1 сағ. уақыт ішінде үңгілеудің орташа жылдамдығына тең; - бұрғылаудың жалпы (коммерциялық) жылдамдығы, ұңғымалардың бұрғыланған метрлерін станоктың жұмыс жасаған айларының санына бөлуге тең және метрдің станок-айға бөліндісімен беріледі. Геологиялық жұмыстардың басқа түрлерімен салыстырғанда, тау-кен қазбаларын үңгілеу жоғары еңбек сыйымдылықпен және жоғары құнмен ерекшеленеді. Жерасты тау-кен барлау қазбаларын үңгілеудің жалпы көлемінің 95% астамын көлденеңдер құрайды, негізінен штольнялар, штректер, олардың шамамен 90%, 500 м асатын жылжуының орташа қашықтығында қимасының ауданы 5 м2 астам. Жерасты қазбаларының шамамен 98% бұрғылау-қопару жұмыстарын қолданып, жартасты жыныстарда үңгіленеді, соның ішінде 60% астамы берік әрі аса қатты жыныстарда. Тау-кен барлау қазбаларын үңгілеудің шығындары далалық геологиялық жұмыстарға жалпы қаржы бөлудің 10-15% құрайды. Сонымен қатар көптеген жағдайларда, соның ішінде түсті, сирекжәне асыл металдар кенорындарының үлкен бөлігі тиесілі, күрделі кенорындарды зерттегенде, тек тау-кен үңгілеу жұмыстары барлау нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз етуі мүмкін. Тау-кен барлау қазбаларын жүргізу бойынша жұмыстардың құрамына дайындық, негізгі, қосалқы және қорытынды үрдістердің кең кешені енеді. Тау-кен жұмыстарының негізгі үрдістерімен қатар немесе олардан шамалы артта қалып, қазбаларда мыналар жүргізіледі: геологиялық құжаттау, сынамалар мен үлгілерді іріктеу, кенорынның геологиялық құрылысын зерттеуге қажетті, геофизикалық, гидрогеологиялық және өзге зерттеулер, минералды шикізаттың сапалық сипаттамаларын анықтау, пайдалы қазбалар мен сыйыстырушы жыныстардың физикалық-механикалық және таулы-технологиялық қасиеттерін анықтау, қорларды есептеу және т.с.с. Тау-кен барлау қазбаларын жүргізу бойынша жұмыстар белгілі бір кезекпен жүйелі қайталанатын, өзара байланысты жұмыс үрдістерінің бірқатарынан тұрады. жұмыс үрдістерінің толық кешені үңгілеу циклы деп аталады. Циклдың құрамы, оның құрамына енетін үрдістер шеңбері мен қазбаның әр түрі үшін оларды орындау тәсілдері геологиялық жағдайлармен және үңгілеудің қабылданған технологиясымен анықталады. Үңгілеу үрдістерінен басқа, циклдың құрамына, орындалуы тау-кен барлау жұмыстарының соңғы мақсаты болып табылатын, қандай да бір геологиялық зерттеулер енуі мүмкін. Қазбаның түріне, жұмыстардың жағдайларына және қолданылатын жабдықтардың сипатына қарай, үңгілеу әр негізгі үрдіс алдыңғысы толық аяқталған соң басталатын, бір забойда үрдістерді бірізді орындау принципі бойынша, екі немесе одан да көп үрдістер уақыт ішінде ішінара немесе толық үйлестірілетін, бір забойда үрдістерді параллель орындау принципі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Әр циклды жүзеге асырудың нәтижесінде қазбаның забойы цикл ішіндегі үңгілеу деп аталатын шамаға алға жылжиды.
§6. Уақытша ғимараттар мен құрылыстардың тұрғызылуын ұйымдастыру.
Геологиялық партияның (экспедицияның) уақытша ғимараттары мен құрылыстарына мыналар жатады: тұрғын үй ғимараттары (пәтерлік типтегі және жатақханалар), өндірістік (компрессорлық, электр станциялар, жөндеу шеберханасы, ұсақтау цехы, саз зауыты, камералдық өңдеуге арналған бөлме, гараж және т.б.), мәдени-тұрмыстық (монша, асхана, дүкен, медбөлімше), қоғамдық (балабақша, мектеп); қойма бөлмелері; инженерлік құрылыстар (көпірлер, жолдар, өткелдер, кеме аялдамалары, аэродромдар және т.б.), сыртқы коммуникациялар (суқұбырларының, электр энергиясымен қамтудың, жылумен қамтудың, байланыстың сыртқы желілері). Бұл ғимараттар мен құрылыстардың уақытша сипаты әр объектіде геологиялық ұйым әрекетінің шағын мерзіміне және жеке жайдағларда кейбір құрылыстар кенорындарды өнеркәсіпке бергеннен кейін бұдан ары қолданылуына негізделген. Кандай да бір партиядағы, экспедициядағы құрылыстың нақты құрамы мен көлемі көптеген факторларға, соның ішінде геологиялық жұмыстардың сатыларына, масштабтарына, ұзақтығына, түрлеріне, жақын маңда елді мекендердің және қатынас жолдарының болуына, климаттық жағдайларға, қолданылатын геологиялық барлау техникасына тәуелді. Құрылыстың ең үлкен көлемі, бірқатар жыл бойы елді мекендерден алыс орналасқан аудандарда кенорындарға түбегейлі барлауды жүргізетін, ірі стационарлық экспедицияларда жүргізіледі.
§7. Геологиялық барлау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастыру геологиялық партияның үздіксіз және үнемді жұмысының маңызды шарты болып табылады, өйткені инструменттерге, керек-жарақтар мен түрлі шамалы бағалы мүлік шығындарын есепке алмағанда, материалдарға кететін шығандар геологиялық барлау жұмыстарына кететін шығындардың жалпы сомасының 10-15% құрайды. Материалдық құндылықтарға деген қажеттілікті анықтау материалдарды шығындау нормаларына қарай жүргізіледі. Материалдар мен энергияны мөлшерлеу аналитикалық әдіспен жүргізіледі. Материалдар мен энергияны шығындаудың техникалық негізделген нормалары екі тәсілмен құрылады: есептеу тәсілімен және арнайы бақылауларды құру жолымен. Есептеу тәсілі жабдықтардың төлқұжаттарын, бекітілген техникалық жағдайларды, жұмыс сызбаларыны, жұмыстардың графиктерін және т.с.с., материалдар мен энергияны меншікті шығындау шамасына ықпал ететін, факторлардың түрлі мәні мен түрлі жағдайларда қолдануға негізделген. Материалдардың есептік нормалары уақыт өткен сайын өндірісте тексеріледі, одан соң есепке жататын факторлар, соның ішінде техникалық нормалардың шамасы нақтыланады. Материалдар мен энергияның шығынын техникалық мөлшерлеудің екінші тәсілі – материалдардың шығынына арнайы аналитикалық есеп және бақылаулар жүргізу жолымен нормаларды белгілеу (шығын нормаларын техникалық есептеудің негізінде анықтау мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады). Бақылаулар мен есептеуді жүргізудің алдында қалыпты жұмыс жағдайларын, материалдарды тиімді пайдалану мен үнемді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында дайындық жүргізілуі тиіс. Материалдардың шығын: осы мақсатта іріктелген, белгілі бір жағдайлары бар бөлікшелерде; тәжірибелі білікті атқарушылардың жұмысында; механизмдердің дұрыс жағдайында және жұмысының тиімді режимінде және шығындалатын материалдардың жұмыстың ерекшелігін, сапасы мен нақты жағдайларының мөлшері бойынша сәйкестігінде есепке алынады. Бақылау мен есептеу үрдісінде жұмыстардың атқарылған көлемдері, жабдықтар жұмысының нақты жағдайлары мен технологиялық режимі бекітіледі. Түрлі жағдайларда бақылау нәтижелерін және материалдардың шығындалу есебін талдау материалдардың шығындалуына ықпал ететін, негізгі факторларды және осы факторлардың маңызына қарай нормалардың шамасын белгілеуге мүмкіндік береді. Бақылаулардың нәтижелерін талдауда материалдар мен энергия шығынын қысқарту бойынша шаралар көзделеді. Осылайша, геологиялық барлау жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін, негізді өндірісті де, қосалқы өндірісті де ұйымдастыру ерекше маңызға ие.
Тақырып 4.7: Еңбекті мөлшерлеу – нарықтық экономикада өндірісті басқару қызметі ретінде. Жоспар: 1. Еңбекті мөлшерлеу түсінігі және оның негізгі міндеттері. 2. Еңбекті мөлшерлеу бойынша негізгі ережелер. 3. Жұмыс уақытының шығындарын зерттеу. 4. Еңбек нормалары.
§1. Еңбекті мөлшерлеу түсінігі және оның негізгі міндеттері. Еңбек тіршілікке қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасайтын, адамдардың санлы, мақсатқа сай іс-әрекеті болып табылады. Бұл әрекет табиғатқа негізделген. Ф.Энгельс жазғандай, еңбек «белгілі мағынада адамды жаратқан еңбек деп айта алатындай дәрежеде бүкіл адам өмірінің бастапқы негізгі шарты». Еңбек үрдісі келесі үш құраушы болғанда жүзеге асырылады: еңбек заты, еңбек құралдары және еңбектің өзі. Геологиялық барлау жұмыстарында (ГБЖ) еңбектің заты жер және оның қойнаулары болып табылады; адам еңбек затына ықпал ететін, бұрғылау, тау-кен үңгілеу, гидрогеологиялық, геофизикалық, зертханалық және өзге жабдықтар еңбек құралдары болып табылады. Геологиялық барлау саласында да, кез келген еңбек үрдісінің басты элементі тірі адам еңбегі болып табылады. Еңбекті мөлшерлеу – бұл өнім бірлігін жасауға шығындалған еңбектің мөлшерін және уақыт бірлігінде өнім өнімділігін белгілеу, белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда жұмыстың берілген көлемін орындау немесе өндіріс құралдарына қызмет көрсету. Еңбекті техникалық мөлшерлеудің негізгі міндеті өндіріс, оған қызмет көрсету мен басқару саласындағы әр қызметкер үшін, еңбек шығындарының ғылыми негізделген шамасын белгілеу болып табылады. Еңбек шамасы тиісті нормалар түрінде (уақыт нормалары, өнімділік нормалары, қызмет көрсету нормалары, (нормативтердің) нормалары) белгіленеді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін техникалық мөлшерлеудің мақсаты – еңбек өнімділігінің артуына және өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік тудырады. Еңбекті техникалық мөлшерлеу келесі негізгі міндеттерден тұрады:
§2. Еңбекті мөлшерлеу бойынша негізгі ережелер: 1. Өндірістік үрдістің құрылымы. Өндірістік үрдістің екі қыры бар: технологиялық және еңбектік. Технологиялық үрдістің барысында еңбек заты сапалық және сандық өзгерістерге ұшырайды (мөлшері, формалары, күйін, құрылымы және т.с.с.). Date: 2015-06-08; view: 2275; Нарушение авторских прав |