Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БӨЛІМ





Жоспарлау және жобалау – басқарудың қызметтері.

Тақырып 5.1: Техниалық-экономикалық жоспарлау.

Жоспар:

1. Жоспарлау үрдісінің мәні мен маңызы.

2. Жоспарлардың жіктелуі.

3. Тиімді жоспарлаудың принциптері.

4. Жоспарлаудың негізгі әдістері.

5. Геологиялық кәсіпорынның бизнес-жоспары.

§1. Жоспарлау үрдісінің мәні мен маңызы.

Жоспарлау – кәсіпорында өндірісті тиімді басқарудың маңызды алғышарттарының бірі. Жоспарлау – бұл болашақ әрекеттердің жоспарын, тәсілін құру, көзделген мақсатқа алып келетін, экономикалық мазмұн мен бірізді қадамдарды анықтау.

Жоспарлау жеке адамның да, кез келген кәсіпорынның да барлық әрекеттерінің негізі болып табылады. Жоспарлы әрекеттің маңыздылығы өндірістің барлық тәсілдеріне тән және меншік формаларына тәуелді емес.

Нарық жағдайындағы жоспарлауды жеткіліксіз бағалау, оны минимумға жеткізу, елемеу немесе құзыретсіз жүзеге асыру, әдетте, үлкен экономикалық шығындарға алып келеді.

Нарық жоспарлылықты жоққа шығармайды, оны бастапқы өндірістік буынға – кәсіпорынға көшіреді. Жалпы ел ауқымында да жоспарлау нарықтың реттеуші қызметімен толық алмастырылмайды.

Мемлекеттік жоспарлаудың құзыретіне жалпы ел экономикасының даму жоспарлары мен бағдарламаларын құру, келешекте экономика дамуының маңызды бағыттарының жоспарларын құру кіреді. Мұндай жоспарларға елдің берік минералды-шикізат базасын құру жоспарлары да кіреді. Сонымен қатар, мемлекеттік жоспарлаудың құзыретіне білім беру, әлеуметтік, қорғаныс және бірқатар өзге концепцияларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар жатады.

Мемлекеттік жоспарлаудың құзыретіне елдің даму жоспарларының орындалуын қамтамасыз ететін, заңдар, жарлықтар, нормативтік актілер мен өзге иіндерінің жүйесімен қабылданған, мемлекеттік жоспарларды қамтамасыз ету міндеті де кіреді.

Жоспарлаудың кез-келген үрдісін келесі схема түрінде көрсетуге болады:

 

2. Қолданыстағы экономикалық және құқықтық базаны талдау және олардың келешегі
1. Жалпы мақсаттарды құру

 

4. Мақсатқа жету үшін қажетті (экономикалық және т.б.) әрекеттер мен құралдарды анықтау
3. Мақсатқа жету жолдарын құру

5. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді бақылау

 


 

 

§2. Жоспарлардың жіктелуі.

Жоспарлауды түрлі бағыттар бойынша жіктеуге болады:

 

1. Қамту дәрежесі бойынша: мемлекеттік; салалық; территориалды; фирмаішілік жоспарлау; кәсіпорындағы жоспарлау.

2. Құрамы бойынша: бизнес-жоспарлау, кәсіпорын дамуының мүмкін жолдарын негіздеу; оперативті жоспарлау – кәсіпорынның ағымдағы әрекетін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.

3. Кезеңдер (жоспар әрекетінің уақыты) бойынша: болжау (15-30 жыл); перспективті жоспарлау (5-7 жыл) (орташа шұғыл жоспарлау – 5 жылға дейін және ұзақ мерзімді жоспарлау – 5 жылдан артық); ағымдағы жоспарлау (1 жылға дейін); оперативті жоспарлау (күн, ай, жоспарлау).

4. Функционалды бағыттар бойынша: өндірісті; өтімді; қаржыларды; ҒТӨ және т.с.с. жоспарлау.

Бұл кезеңдердің әрбіреуі бөлшектелуі мүмкін.

§3. Тиімді жоспарлаудың принциптері.

Тиімді жоспарлау келесі принциптерге негізделу керек:

  1. жоспарлаудың кешенділігі оның кәсіпорын әрекетінің барлық көзделетін салаларын қамтуын білдіреді;
  2. жоспарлаудың жүйелілігі – бұл кәсіпорынның барлық элементтері үшін жоспарлы әрекет бағыттарының бірлігі, яғни барлық құрылымдық бөлімшелер кәсіпорынның жалпы мақсаттары мен стратегиясына орай, өз әрекетін жоспарлау керек;
  3. жоспарлаудың үздіксіздігі жоспарлау үрдісі тұрақты, сыртқы ортада орын алған өзгерістерді есепке алып, сонымен қатар кәсіпорынның мақсаттары мен мүмкіндіктері мақсатында жүзеге асырылу керектігін білдіреді;
  4. жоспарлаудың икемділігі жағдаяттарға қарай жоспарлардың оперативті өзгерістерінің мүмкіндігін білдіреді, ол үшін кәсіпорын жұмысында, өнімді өткізу нарығында және, форс-мажорды қосқанда, өзге ішкі және сыртқы факторларда болуы мүмкін өзгерістер туралы толық түсінік қалыптастыру керек. Бұл ақпараттың негізінде жоспарлардың балама нұсқалары қалыптасады;
  5. қатысу принципі жоспарларды құруға оларды іс жүзінде асыратындарн, яғни менеджерлер қатысу керектігін білдіреді. Жоспарлау үрдісіне қатысу, өндірістік және тұрмыстық бөлімшелерді басқаратын жоспарлаушылардан басқа, жоспардың шаруашылық жүргізудің шынайы жағдайларын толық сәйкестігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, төмненгі буын менеджерлеріне фирманың мақсаттары мен міндететрі түсінікті бола бастайды, бұл жалпы алғанда олардың жұмысқа деген қызығушылығын арттырады және кәсіпорынның ішінде ақпарат алмасу үрдісін жеңілдетеді.

Жоспарлы шешімдерді қабылдау тәсілдері түрлі менеджерлерде әртүрлі. Бұл шағын кәсіпорындарға жарамды жоспарлау тәсілдері ірі компаниялар үшін жиі жарамсыз болатындығымен байланысты. Алайда жоспарлы шешімдерді таңдауда күрделі қате жіберуге мүмкіндік бермейтін, әдістердің белгілі бір жиынтығын жүзеге асырады.


 

§4. Жоспарлаудың негізгі әдістері.

Тәжірибеде келесі негізгі әдістер қолданылады:

1. нормативті әдіс – бұрын белгіленген түрлі нормалар мен техникалық-экономикалық нормативтердің негізінде шаруашылық субъектісіне қажетті ресурстарды есептеуді көздейді. Мұндай нормалар салық мөлшерлемелері, бөлінген амортизациялық қаржылардың нормалары, түрлі технологиялық нормативтер, қызмет көрсету нормалары, материалдар қорларының нормалары және т.с.с. болып табылады. Кәсіпорында негізделген нормалар мен нормативтерді құру – үздіксіз және үлкен еңбекті қажет ететін үрдіс. Сонымен қатар оларға негізделетін жоспарлаудың нормативтік әдісі ең сенімді бола отырып, жоспарларды негіздейді;


2. баланстық әдіс – қолда бар кәсіпорын ресурстарын және оларға деген қажеттіліктерді баланстардың көмегімен байланыстыруды көздейді. Баланстық қатынастар натуралды және құн көріністерінде құрылады және баланстардың материалдық, қаржылық, еңбектің және өзге типтерінен тұруы мүмкін. Бұл әдісті пайдаланудың тиімділігі айтарлықтай дәрежеде кәсіпорында қолданылатын нормативтік базаның сапасына тәуелді;

3. жоспарлы есептеулердің аналитикалық әдісі негіз ретінде қабылданатын, көрсеткіштің қол жеткізген шамасын және жоспарлы кезеңдегі оның өзгерістерінің индекстерін талдаудың негізінде бұл көрсеткіштің жоспарлы шамасы есептеледі. Жоспарлаудың бұл әдісі техникалық-экономикалық нормативтер болмаған жағдайда қолданылады, ал көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс жанама – олардың динамикасы мен байланыстарын талдаудың негізінде бекітілуі мүмкін;

4. нұсқалық әдіс (жоспарлы шешімдерді тиімділеу әдісі) – жоспарлы есептеулердің бірнеше балама нұсқаларын сипаттауды және белгілі бір критерий бойынша (немесе олардың жиынтығы бойынша) олардың ең жақсысын таңдауды көздейді. Мұндай критерийлер болуы мүмкін: келтірілген шығындардың минимумы; келтірілген пайданың максимумы; тәуекел минимумы; қосымша қаржы жұмсаудың минимумы; салынған капитал кірісінің максимумы және т.б. Нұсқаулық әдістер қаржы салымдарын жоспарлауға көбірек тән;

5. экономикалық-математикалық әдістер қаржылық көрсеткіштер мен оларды анықтайтын факторлар арасындағы өзара байланыстардың сандық сипатын білдіретін, экономикалық-математикалық үлгілерді қолдануға арналады. Соңғы уақытта бұл әдістер экономикалық объектілерді талдауда, болжау мен жоспарлауда, сонымен қатар басқару шешімдерін таңдағанда кең тарала бастады.

Тәжірибеде көбінесе аталған әдістердің жиынтығы қолданылады.


 

§5. Геологиялық кәсіпорынның бизнес-жоспары.

Өндіріс үрдісі кезінде кәсіпорын алдында өндірісті басқарудың ерекше, жаңа амал-тәсілдерін талап ететін өндірістік мәселелер туындауы мүмкін. Бұл толық техникалық қайта жабдықталу, қызметтің жаңа түрлері, жаңа бөлімшелерді жасау болуы мүмкін. Геологиялық өндірісте, кәсіпорындар өзіндік қаржы есебінен болашағы бар объектілерде геологиялық барлау жұмыстарын өткізудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдауға тура келетін жағдайлар болуы мүмкін.

Өндірісте жаңа амалдарды жүзеге асырудың мақсаттылығы туарлы шешім қабылдар алдында кәсіпорын бизнес-жоспар жасайды.

Кейбір жағдайларда, кәсіпорынның өндірістік тапсырмаларын шешу үшін салуға тура келетін қаржының қажетті сомасы айтарлықтай болып келеді, және кәсіпорын алға қойылған міндеттерді өздігінен шеше алмайды.

Сыртқы инвесторлардың ақшалай қаржыларын тарту үшін бизнес-жоспарды жасау басқаша бағытта жүзеге асады. Бизнес-жоспар ұсынылған іс-шараның экономикалық тартымдылығын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар, ықтимал инвесторларды алға қойылған өндірістік тапсырманы шешуге қатысуға қызығушылығын ояту керек.

Қазіргі эконималық теорияға сәйкес бизнес-жоспар төрт функцияны орындайды.

Бірінші функция концепцияларды, бизнес стратегияларды жасау үшін оны қолдану мүмкіндігімен байланысты және әдетте кәсіпорынды жасау кезінде қажет.

Екінші функция – жоспарлау, ол қызметтің жаңа бағытын дамытудың мүмкіндіктерін бағалауға, бизнес-жоспардың орындалу барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Үшінші функция ақшалай қаржыны (қарыздар мен несие) тартуға мүмкіндік береді. Шебер және дәлелді құрылған бизнес-жоспар банк несиесін алуды жеңілдетіп қана қоймайды, сондай-ақ жоспарды жүзеге асыруда өзіндік қаржы сала алатын ықтимал серіктестерді тартуды қамтамасыз етеді.

Бизнес жоспардың төртінші функциясы – жаңа технологияларды тартуға негізделеді. Бизнес-жоспарды құруға кірісер алдында, маркетинг қызметінің мәліметтерін ескере отырып, алдын-ала келесі үш мәселені шешу (анықтау) қажет:

· кәсіпорын қолда бар құрал-жабдықтары мен технологияларын қолдана отырып қандай тұтыну өнімдерін (қызметтерді) және қандай көлемде шығара алады;

· бұл өнімдер (қызметтер) бойынша нарықтың даму тенденциясы қандай;

· бұл өнімдерді (қызметтерді) өткізуден күтілетін табыс қандай және шаруашылық қауіп-қатердің дәрежесі қандай.

Бірінші екі сұрақ өзара байланысты және бір уақытта шешілуі керек. Кәсіпорындар қолда бар жабдықтар мен жұмыс орындарының негізінде, жұмыс істеп тұрған өндірістермен қанағаттандырылған жұмыстарды орындай алады. Сондықтан да берілген жағдайда, бұл жұмыстарды орындау тек, оларды өндіру бойынша шығындар өндіруші-бәсекелестердің шығындарынан айтарлықтай төмен болған жағдайда ғана тиімді болуы мүмкін. Онда келісілген бағалар сақталған кезде кәсіпорын қалаған көлемде табыс көре алады.

Басқа нұсқа да болуы мүмкін. Сұраныс тұрақты өсіп келе жатқан геологиялық барлау жұмыстары кәсіпорында орындала алады, бірақ өндірістің технологиялық үрдісінің белгілі-бір өзгеруімен. Бұндай жағдайда, өндірістің күтілген шығындарының жорамалданған бағалармен салыстыру негізінде шешімдер қабылданады. Қабылданған шешім маркетинг философиясына жауап беруі керек, ол рентабельділіктің белгіленген деңгейін және жоғары пайда алуды ескеретін, өндірушінің алдын-ала өтімі қамтамасыз етілген өнімдерді шығаруынан тұрады.

Кәсіпкерлік қызметті жағдайдың белгісіздігі мен экономикалық ортаның өзгеру жағдайларында жүзеге асыруға тура келетіндіктен, күтілген соңғы нәтижені алуда түсініксіздік, демек, сәтсіздік қаупі яғни шаруашылық қауіп-қатер пайда болады. Тәуекелді сезіне білу керек, оның дәрежесін бағалау және рұқсат етілген шектерден шықпау керек.

Кәсіпкерлік қауіп-қатер ресурстардың болуы мүмкін ықтимал шығындары немесе қорларды тиімді пайдалануға және дайын өнімді сәтті өткізуді есептеу нұсқасымен салыстырғанда табыстарды алмау каупі ретінде сипатталады.

Қауіп-қатердің келесі түрлерін ерекшелеуге болады:

І.Экономикалық қауіп-қатер. Қауіп-қатердің бұл түрі елдегі инфляцияның жалпы қарқындылығын, өнімге, жұмыстарға, қазметтерге сұранысты, тауарлардың жеке түрлеріне ішкі және дүние жүзілік нарықта бағалардың өзгеруін, теміржол және басқа да көлік тарифтерінің, кедендік салықтардың өзгеруін, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістерді қамтиды.

ІІ. Техникалық қауіп-қатер. Жоспарда қабылданған параметрлерден жақсартылған техника мен технологияның жаңа түрлерінің пайда болуы. Бұл үлкен жүк көтергіштік, аса жоғары өндірушілік, айтарлықтай үлкен ремонт аралық кезең және т.б. болуы мүмкін.

ІІІ. Табиғи қауіп-қатер. Қауіп –қатердің бұл түріне жерсілкінісі, су тасқыны, дауылдар, жауын шашындар, экстремалды темпиратуралар, тайғақ мұздар және т.б. жатады. Барлық аталған табиғи құбылыстар өндірістік үрдістің бұзылуына, жұмыс сапасының төмендеуіне, мүліктерден айрылуға әкеп соғуы мүмкін. Геологиялық барлау ұйымдары үшін қауіп-қатердің бұл түрі ерекше мәнге ие. Геологиялық барлау жұмыстарының өндірісі табиғатпен байланысты, және минералды шикізаттың кез-келген түрі бойынша одан әрі игеруге арналған жаңа объектілерді ашу келелі мәселе. Кез-келген тапсырыс беруші кен орындарын іздеу мен барлауға қаржы құярда тәуекелге барады. Әсіресе, қауіп-қатер кен орындарын барлауда іздеу-бағалау жұмыстары кезеңдерінде ұлғаяды. Эксплуатациялық барлау кезеңінде қауіп-қатер азаяды, бірақ үнемі болады.

IV. Экологиялық қауіп-қатер. Экология мәселесі соңғы жылдары аса өткір мәселелердің біріне айналды. Жылдан-жылға табиғатты пайдалануға төлемдер ұлғая түсуде, бірқатар аймақтарда табиғатта пайдалану қызметі немесе бұл қызметтің қандай да бір саласы мүлдем тоқтатылуы мүмкін.

V. Саяси қауіп-қатер. Қауіп-қатердің бұл түрі елдегі немесе жеке аймақтағы саяси тұрақтылықты, криминогендік жағдайларды, мүдделерді қорғауды сипаттайды.

Соңғы екі позиция елдің құқықтық секторының жағдайы мен жұмыс сапасымен тығыз байланысты.

Қауіп –қатер жоғары болған сайын, кез-келген инвестор, қауіпті жағдайлар пайда болғанда оларды жабуға қаржының болуы үшін экономикалық тиімділік рентабельділігінің жоғары көлемін алғысы келеді.

Бизнес-жоспардың құрылымы жобаның күрделігіне, құны мен ұзақтығына байланысты көлемі, мәселелерді қарастырудың тереңдігі және жеке бөлімдердің маңызына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда бизнес-жоспарда үнемі болуы тиіс сұрақтар құрамы болады.

 

Бизнес жоспардың құрылымы

Бөлімнің № Бөлімнің атауы Бөлімнің мазмұны
1 Мақсаттың негіздемесі Неліктен кәсіпорынға берілген іс-шараны орындау қажет, соңғы күтілетін нәтиже.
2 Кәсіпорын күш-қуатын бағалау Кәсіпорынның техникалық шамасын сипаттау, өндірістік қуаттарды енгізу, кәсіпорынмен шығарылатын өнімдерге сұраныс және т.б.
3 Өтім нарығын бағалау. Аймақта, елде, және шет елдегі нарық қажеттіліктері.
4 Жаңа өнім (жұмыстар мен қызметтер) Жаңа өнімнің ерекше жақтары. Оның тұтынушылық қасиеттері. Жаңа өнімге ықтимал нарықтық бағалар.
5 Жаңа өнімді(жұмыс, қызмет) шығару Жаңа технологиялық циклді сипаттау. Жабдықтарға, көлікке, өндірістік алаңдарға қажеттіліктерді анықтау. Кадрларға қажеттіліктерді есептеу, олардың мамандықтары мен біліктіліктері, құрамы. Шикізаттарды, материалдар мен электроэнергияларды және т.б. жеткізудің шарттары. Өнімді шығаруға құқықтардың, лицензиялардың болуы.
6 Өнімді шығаруға дейінгі қажетті жұмыстарды орындаудың кестесі Жұмыстар мен жеке кезеңдерді орындаудың реттілігін негіздеу. Жұмыстың әрбір кезеңінде талап етілетін қажетті ресурстар (матералдар, еңбек, ақша, уақыт)
7 Бизнес-жоспарды экономикалық негіздеу Экономикалық жағдайды сипаттау, соның ішінде: теңге курсы, инфляция қарқындылығы, еңбекті төлеудегі, бағалар мен тарифтердегі өзгерістер сынды көрсеткіштерді бағала; салықтар, несие беру мүмкіндіктері, ұқсас өнімдерге дүниежүзілік және ұқсас бағалар. Бұдан кейін өнімді шығаруға қажетті шығындар, күтілетін табыс пен рентабельдідіктің көлемі есептеледі. Бүтіндей және уақыттың жеке кезеңдері бойынша инвестиция қажеттіліктері есептеледі.  
8 Түйіндеме Кәсіпорынға сыртқы инвесторлар қажет болған кезде құрылады. Баспаша мәтін 3-5 беттен сапау керек, бұнда жобаның тартымдылығы мен сенімділігін көрсету керек.

 

Тақырып 5.2: Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау және олардың өндірісіне кететін шығындар сметасы.

Жоспар:

1. Геологиялық барлау жұмыстарының өндірісіне жобаны тағайындау.

2. Жобаның құрамдас бөліктері.

3. Геологиялық жұмыстардың сметалық құны.

 

1. Геологиялық барлау жұмыстарының өндірісіне жобаны тағайындау.

Геологиялық барлау жұмыстарының жобасы геологиялық тапсырманы орындауға қажетті, геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі, техникасы, технологиясы мен ұйымдастырылуы негізделетін құжат болып табылады. Геологиялық тапсырманы Тапсырыс беруші бекітеді, ол ҚР Үкіметі немесе оның бұйрығы бойынша территориалды басқарма болуы мүмкін. Геологиялық тапсырма инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңімпазына беріледі. ГБЖ әр объектісіне бір геологиялық тапсырма беріледі.

ГБЖ объектілері ПҚК немесе олардың бөлікшелері, кенді өрістер, кенді және мұнайгазды аудандар, көмірлі және сулы бассейндер мен т.б. болуы мүмкін. ГБЖ жобасы оларды жүргізудің кешенділігін, жер қойнаулары мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды есепке алып, сонымен қатар ҚТ талаптарын есепке алып, құрылуы тиіс. ГЗ сапалы және шамалы шығынды орындауды қамтамасыз ететін, тиімді зерттеу әдістерін қолдану көзделеді. ГБЖ жобалық құжаттамасын бас мердігер, яғни конкурстағы жеңімпаз-ұйым құрады, территориалды басқарманың ҒТК қарастырады, сараптамадан өтеду және Тапсырыс беруші бекітеді. Жоба ГБЖ сметалық құнын есептеуге негіз болып табылады.

2. Жобаның құрамдас бөліктері.

Жоба екі бөлімнен тұрады: геологиялық-әдістемелік және өндірістік-техникалық, оларға келесі негізгі бөлімдер кіреді:

  1. Геологиялық тапсырма.
  2. Жұмыстарды жүргізу жағдайлары.
  3. Жұмыстардың жүргізілуін негіздеу.
  4. Жұмыстар объектісінің геологиялық, гидрогеологиялық, геохимиялық, геофизикалық және геологиялық-экологиялық сипаттамасы.
  5. Жобаланатын жұмыстардың әдістемесі.
  6. Жер қойнауларын және қоршаған табиғи ортаны қорғау.
  7. Жобаланатын жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі.
  8. Жоба қосымшалары.

 

1.Геологиялық тапсырма.

Геологиялық тапсырманы тапсырыс беруші кәсіпорын бекітеді. 1:200000 и 1:50000 масштабтағы геологиялық суретке түсіру жұмсытары үшін және аймақтық геологиялық зерттеулер үшін геологиялық тапсырманың соңғы мақсаты 2010 жылға дейінгі кезеңде Геологиялық суретке түсіру, аймақтық геологиялық-геофизикалық және картақұру жұмыстарының бағдарламасына сәйкес қалыптастырылу керек.

2. Жұмыстарды жүргізу жағдайлары.

Бұл бөлім сауалнама түрінде құрылады. Әр қойылған сұраққа қысқаша, бірақ жеткілікті жауап берілуі тиіс. Жобаланатын жұмыстар ауданын сипаттайтын тармақтар ғана толтырылады.

 

Сауалнама.

  • Жұмыстардың түрлері –
  • Жұмыстардың масштабы –
  • Парақтардың номенклатурасы –
  • Аудан км2
  • Жұмыстар ауданының әкімшілік жағдайы –
  • Ауданның бедері –
  • Абсолютті биіктік белгілері (min және max) –
  • Жұмыстар ауданының абсолютті биіктіктер бойынша таралуы (км2) –
  • Шөлейттілік, сары топырақтылық, пайдаланылатын жерлер, егістіктер (км2) –
  • Климаттық жағдайлар –
  • Гидрографиялық желі –
  • Ашылымдық (км2) –
  • Үңгілену категориясы –
  • Жолдардың ұзақтығы, автожолдардың тобы, жұмыстар ауданында үңгіленетін соқпақ жолдардың болуы –
  • Партия базасына дейінгі қашықтық –
  • Елді мекендердің болу, олардың саны мен сипаттамасы –
  • Жұмыстар жүргізу орнында жұмысшылар жалдау мүмкіндігі –
  • Ауыз сумен және техникалық сумен қамту көздерінің болуы және олардан партия базасына дейінгі қашықтық –
  • Далалық жұмыстардың (жалпы) ұзақтығы және далалық маусымдардың саны –

Бұл тарауға жобаланатын жұмыстар ауданының шолу картасы тіркеледі. Онда жұмыстар ауданының контуры, партия базасына дейінгі км қашықтық бар көлік түрлері мен тасымалдау ағындары бойынша көліктік байланыс жолдары көрсетіледі.

 

3. Жұмыстардың жүргізілуін негіздеу.

Жұмыстардың жобаланатын түрлері мен көлемдерін жүргізуді негіздеу мақсатында объектінің зерттелу дәрежесі қысқаша баяндалады (геологиялық, геохимялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, гео-экологиялық және т.б.). Объектіде бұрын жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарына, олардың негізгі жетістіктері мен кемшіліктеріне қысқаша аналитикалық шолу жүргізіледі.

 

4. Жұмыстар объектісінің геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геологиялық-экологиялық сипаттамасы.

Алдыңғы зерттеулердің материалдары бойынша құрылған, жобаланатын жұмыстардың масштабындағы геологиялық картаны жобаға тіркей қажет. Картаға қандай да бір түзетусіз ізашарлардың барлық геологиялық мәліметтері көшіріледі. Геологиялық картаға толық стратиграфиялық бағана және геологиялық қималар (2-3 қима) ұласады. Жұмыстар ауданының пайдалы қазбалары, аномалиялары туралы барлық мәліметтер қысқаша күйде арнайы кестеде келтіріледі. Сонымен қатар пайдалы қазбалардың картасы тіркеледі, онда геологиялық тапсырманы сапалы және толық орындауға қажетті, кенорындар, кенбілінімдер, шашырау ореолдары, ауданның геохимиялық, геофизикалық аномалиялары және пайдалы қазбалардың концентрациялары үшін қолайлы, басқа белгілер туралы нақты мәліметтер бейнелену керек. Пайдалы қазбалардың картасы жобаға тіркелетін геологиялық карта масштабында құрылады.

 

5. Жобаланатын жұмыстардың әдістемесі.

Жобаланатын алаңның барлық ерекшеліктерін, сонымен қатар өткен жылдары оны зерттеудің ерекшеліктерін есепке алудың және талдаудың негізінде геологиялық тапсырманы орындауға қажетті тиімді әдістеме құрылады және оларды шешу бойынша жұмыстардың тиімді кешені негізделеді. Геологиялық барлау жұмыстарының келесі түрлері жобаланады:

 

5.1 Дайындық кезеңі.

Геологиялық суретке түсіру жұмыстарының масштабы мен жобалық ауданы (м2) және парақтардың номенклатурасы көрсетіледі. Масштабы, басылған жылы, қимасы, бедері көрсетілген, қажетті сападағы топографиялық карталардың болуы туралы мәліметтер келтіріледі. Сапасы мен масштабы көрсетілген, ғарышты- және аэрофотоматериалдардың болуы және бажайлаудың көлемі туралы мәліметтер келтіріледі.

5.2 Далалық геологиялық суретке түсіру жұмыстары.

Геологиялық тапсырмаға қарай, далалық жұмыстардың ұзақтығы, олардың басталу және аяқталу мерзімдері негізделеді. Геологиялық суретке түсіру жұмыстарын жобалауда түсірім ауданы геологиялық тапсырманың күрделілігі, аэрофотосуреттердің бажайлану дәрежесі және үңгілену бойынша бөлікшелерге бөлінеді. Геологиялық бағытжолдардың түрлері мен көлемдері анықталады; бақылаулар желісінің жиілігі белгіленеді. Геологиялық-экологиялық зерттеулерді жүргізгенде шаруашылық меңгерілген аудандардағы топырақтардың, топырақасты горизонттар мен судың радиометриясы мен геохимиялық сынамалауы бар геоэкологиялық бағытжолдардың көлемі негізделеді.

Қажетті жағдайларда геологиялық суретке түсіру жұмыстарымен бірге (стратиграфиялық, литологиялық және т.б.) мамандандырылған геологиялық зерттеулер жүргізу негізделеді.

 

5.3 Тау-кен ұңғылау жұмыстары.

Геологиялық суретке түсіру жұмыстарында қазбаларды үңгілеудің ең тиімді тәсілі – қолмен үңгілеу, өйткені жұмыстардың көлемдері үлкен ауданда шағын көлемде (бірлік қазбаларды – каналдарды, шурфтарды үңгілеу) көзделеді. Шурфтар мен ашық тау-кен қазбаларын жобалауда олардың жатыс орындары және үңгілеу жағдайлары, жыныстардың категориялары, қазба тереңдігінің аралықтары мен қима ауданы бойынша көлемін бөліп, үңгілеу бойынша жұмыстардың көлемі анықталады (байланыстырылады).

 

5.4 Бұрғылау жұмыстары.

Геологиялық суретке түсіру кезінде бұрғылау жұмыстардың ең қымбат түрі болып табылады. Бұрғылау көлемі жобамен негізделеді. Нақты геологиялық міндеттерге қарай, ұңғымалардың жатыс жерлері, олардың тереңдігі, керн алу аралықтары, аралықтар бойынша керн шығуының минималды мүмкін пайызы анықталады. Бұрғылаудың тау-кен геологиялық жағдайларына және ұңғымалардың параметрлеріне қарай, бұрғылаудың түрлері мен тәсілдері, бұрғылау станоктарының түрлері таңдалады, ұңғымалардың конструкциясы және бұрғылау технологиясы негізделеді. Бұрғылау көлемдері есептеледі, олар ұңғымалардың міндеті бойынша (картаға түсіру, құрылымдық, құрылымдық-параметрлік, іздеу-картаға түсіру), ұңғымалардың түрі бойынша (тік, еңіс-бағытта), бұрғылау тәсілдері бойынша (бағаналы, шнектік және т.б.), базаға және бәр-біріне қатысты ұңғымалардың орналасуы бойынша (бірлік, топтық), электр энергиясын алу тәсілі бойынша (мемлекеттік желіден, меншікті стационарлық электрстанциясынан және т.с.с.) бөлінеді. Сонымен қатар бұрғылау көлемдері ұңғымалардың топтары, ұңғымалардың тереңдігі, орташа диаметрі, тау жыныстарының категориялары, бұрғылау станогының сым түрі (электрқозғалтқыштан немесе ІЖҚ) бойынша бөлінеді. Бұрғылауға мүмкіндік тудыратын қосалқы жұмыстардың (ұңғымаларды бекіту, керіштеу, тығындау және т.б.) көлемдері анықталады.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізу мерзімдеріне, бұрғылау қондырғыларының өнімділігне және жұмыс істейтіндерінің санына сәйкес, бұрғылау қондырғыларының жұмыс уақыты және соның ішінде қысқы жағдайлардағы олардың тасымалдарының саны анықталады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге қажетті жүктер мен шайғыш сұйықтықты жеткізудің тиімді схемасы анықталады.

5.5 Геофизикалық зерттеулер.

Геофизикалық жұмыстарда шешуге жататын геологиялық міндеттер баяндалады, жұмыстардың түрлері мен әдістерінің тиімді кешені негізделеді. Тиісті аппаратура мен жабдықтарды таңдау негізделеді, қиындық категориялары, өндірістік көліктің түрі, қалыпты жағдайлардан ауытқуды есепке алатын коэффициенттер негізделеді. Негізгі және қосалқы жұмыстардың көлемдері көрсетіледі.

Сейсмобарлау жұмыстарын жобалағанда ауданның сейсмогеологиялық жағдайлары, жоғарғы қабаттағы серпінді толқындардың таралу және сіңірілу сипаты, тербелістерді қоздыру жағдайлары туралы мәліметтер көрсетіледі. Сейсмобарлау әдістері, қолданылатын сейсмостанцияның түрі, бақылаулар жүйесі, пайдалы сейсмикалық толқындарды қоздыру мен қабылдаудың тиімді тәсілдері мен құралдары, физикалық бақылаудағы сейсмограммалардың саны, сонымен қатар зерттеулердің қосалқы түрлері негізделеді.

Электробарлауды жобалаған кезде жұмыстар ауданында суландырылған бөлікшелер мен горизонттардың болуы, жерасты және жерүсті суларының сипаты мен химиялық құрамы туралы мәліметтер келтіріледі; бақылаулар желісі, қондырғылардың түрі, схемасы мен мөлшері, қуаттаушы элеектродтарды жерге қосу жағдайлары, өлшенетін параметрлердің саны және оларды өлшеу жағдайлары негізделеді.

Гравибарлауды жобалаған кезде бастапқы тірек гравиметрлік пункттердің орналасуының болуы көрсетіледі, түсірімнің желісі, тірек желісінің жиілігі мен орналасуы, бақылаулардың дәлдігі, тірек желісін құрғанда және түсірім кезінде аспаптардың саны және т.с.с. негізделеді және есептеледі.

Магниттік барлауды жобалағанда бақылаулар желісі, тірек пункттерінің жиілігі мен орналасуы, бақылау пункттерінің саны мен орналасуы, тірек желісін құрудағы және түсірім өндірісіндегі бақылаулардың дәлдігі және т.с.с. негізделеді.

5.6 Сынамалау.

Сынамалаудың түрлері, сынамаларды іріктеу мен өңдеудің тиімді көлемдері мен тәсілдері, типтер мен мөлшерлер бойынша сынамалардың саны (атыздың қимасы, қайырманың тереңдігі және т.б.), бұрғылау ұңғымаларының сынамаланатын кернінің ұзындығы, бұрғылану бойынша сынамаланатын жыныстардың категориясы анықталады. Сынамалардың бастапқы және соңғы салмағы, өңдеу схемасы негізделеді. Литогеохимиялық зерттеулерді жобалауда жұмыстардың көлемі, сынамалау әдісі мен әдістемесі көрсетіледі.

Геологиялық-экологиялық зерттеулерді жобалауда гидрогеохимиялық және биохимиялық сынамалаудың көлемі мен әдістемесі негізделеді.

5.7 Зертханалық жұмыстар.

Тау жыныстарын зертханалық зерттеудің минималды қажетті кешені анықталады. Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерде грунттар мен сулардың сынамаларын зертханалық зерттеудің көлемдері мен түрлері анықталады. Натуралды көріністегі жұмыстардың көлемдері келтіріледі (сынамалардың, үлгілердің, тілімтастардың саны). Сыртқы геологиялық бақылауға бағытталатын талдаулардың көлемдері негізделеді, зертханалық зерттеулердің ең экономикалық тәсілдері таңдалады.

 

5.8 Камералдық жұмыстар.

Геологиялық тапсырмаға сәйкес, жұмыстарды жүргізу барысында қандай материалдар құру керектігі белгіленеді. Далалық материалдарды өңдеудің, түсіндіру мен жүйелеудің экономикалық мақсатқа сай тәсілдері анықталады және негізделеді.

Есептің көлемі мен мазмұны, графикалық материалдардың (соның ішінде карталардың) тізімі анықталады.

5.9 Топографиялық-геодезиялық жұмыстар.

Кешендер мен жұмыстардың жеке түрлері және оларды жүргізудің қиындық категориялары бойынша міндетін, орналасуын, жүргізу әдістемесін, масштабын (түбегейлілігін), көлемін көрсетіп, жұмыстардың нақты түрлері анықталады. Графикалық материалдар тіркеледі.

5.10 ГБЖ жүргізумен техникалық байланысты ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу.

Базалық лагерьде шағын типтегі құрылыстың минималды қажетті көлемін көздеп, жұмыстарды нәтижелі жүргізу үшін қажетті: уақытша ас үй, асхана, қойма, монша, әжетхана, сынамалармен жұмыс жасауға арналған бастырмалар мен стеллаждар, автомашиналар мен ЖЖМ қоймасын орналасытуға арналған алаңды жабдықтау. Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызуға кететін шығындар далалық жұмыстар құнының 50% дейін көлемде көзделеді.

5.11 Жүктер мен партияның қызметкерлер құрамын тасымалдау.

Мұнда далалық ГБЖ мен уақытша құрылыстың сметалық құнының пайызымен жүктер мен партияның қызметкерлер құрамын тасымалдаудың бекітілген сметалық лимиттері көліктің барлық түрлері бойынша көрсетіледі.

Жүктерді тасымалдаудың тиімді схемасының негізінде тасымалдаулар жүзеге асырылатын пункттер мен олардың арасындағы қашықтықтар, қолданылатын көлік құралдары, жолдардың сипаттамасы, жүк тасымалдарының жалпы схемасы көрсетіледі. Тиеу-түсіру жұмыстарының көлемі анықталады.

 

6. Жер қойнауларын, қоршаған табиғи ортаны қорғау, техникалық қауіпсіздік пен санитария.

ҚР Президентінің «Жер қойнаулары туралы» Жарлығына сәйкес жұмыстарды жобалағанда қауіпсіз жер қойнауын пайдалану саласында негізгі талаптарды есепке алу қажет:

  • жер қойнауларын толық және сенімді геологиялық, гидрогеологиялық және т.с.с. зерттеуді қамтамасыз ету;
  • заңнаманың талаптарына сәйкес жер қойнауларын пайдалану;
  • жұмыстарды жүргізгенде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Жобада ГБЖ жер қойнауларын қорғаумен, ортаны қорғаумен, техникалық қауіпсіздікпен және санитариямен байланысты, мыналарды қамтамасыз етуі міндетті, бақылау жұмыстары мен шаралары көзделеді:

  • жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтау;
  • табиғи ландшафттарды сақтау және бұзылған жерлерді қалпына келтіру;
  • жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша заңнамамен көзделген ережелер мен нормаларды орындау.

Жұмыстардың жеке түрлеріне қатысты барлық бөлімдерде келесі мәліметтер келтіріледі: машиналарды, аспаптарды және басқа жабдықтарды таңдауды негіздеу; машиналардың еңбек өнімділігін анықтау; қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру бойынша шаралары; геологиялық барлау жұмыстарының барлық түрлеріне уақыт шығындарын есептеу; қызметкерлер құрамының санын есептеу; материалдарға, инструменттерге, энергияға, көлікке қажеттілікті есептеу; күнтізбелік графиктерді есептеу; камералдық жұмыстарды ұйымдастыру.

 

Геологиялық жұмыстардың сметалық құны.

Геологиялық барлау жұмыстарының сметасы қаржыландыру үшін негіз болып табылады. Геологиялық барлау жұмыстарының толық сметалық құны екі шығыннан тұрады.

– геологиялық барлау жұмыстарының өзіне, оларға жобалық-сметалық жұмыстар, далалық жұмыстарға дайындық, далалық жұмыстармен технологиялық байланысты, уақытша құрылыстарды тұрғызуды қосқанда, далалық жұмыстар, далалық жұмыстарды ұйымдастыру және жою, камералдық, баспа, тақырыптық жұмыстар, қорлар бойынша мемлекеттік және территориалды комиссияларға жүргізілген жұмыстар туралы есептерді бекіту, техникалық-экономикалық баяндамалар мен сапаларды құру, есептердің, рецензиялардың кеңестерін, сараптамаларын төлеу.

– жалғаспалы жұмыстар мен шығындарға – уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу, қар көшкініне қарсы шаралар, жүктер мен партияның қызметкерлер құрамын тасымалдау, экспедициялар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жерді пайдалану арқылы ұжымды шаруашылықтар мен басқа жер пайдаланушыларына келтірілген залалдың орнын толтыру, далалық үлес, өндірістік іссапарлар, сыйақылар, үстеме төлемдер, көзделмеген жұмыстар мен шығындарға арналған резервтер.







Date: 2015-06-08; view: 2675; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.062 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию