Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Санитарлық-тазалық факторлары
1. Жұмыс орнының жарықтандырылуы айтарлықтай дәрежеде адамның жұмысқа қабілеттілігіне, еңбек өнімділігіне, травматизм шамасына және денсаулыққа, еңбек үрдісіндегі жүйке-психикалық қажуға ықпал етедіжұмыс орындарының жарықтандырылуы былай жіктеледі: - қалыпты – табиғи және жасанды жарықтандыру нормаларына сай келеді; - қолайсыз – нормамен салыстырғанда, жарықтандыру 40% артық төмен. 2. Шу және тербеліс – физикалық тұрғыдан қарағанда – бірдей құбылыстар, алайда шу есту арқылы, ал тербеліс сипап сезу арқылы сезіледі. Шу – дыбыстардың тәртіпсіз үйлесімі. Шулар ауалы және корпустық болады. Ауалылар ауа арқылы таралады, корпустық – ғимараттардың, машиналардың, жабдықтардың конструкциялары бойынша таралады. Теңселу жиілігіне қарай шулар төмен жиілікті, орташа жиілікті және жоғары жиілікті болады. Адамның хал-жайына жоғары жиілікті шулар зор теріс ықпалын тигізеді. 3. Ауа ортасының жағдайы – жұмыс орындарының «ауа ортасы» түсінігі метеорологиялық жағдайлардан (микроклимат) тұрады: температура, ауаның ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым, сонымен қатар ауа ортасының тазалығы (ауаның газдануы мен шаңдануы).
Эстетикалық факторлар. Бұл факторларды өндірістік эстетика – материалдық өндіріс саласындағы әсемдіктің объективті заңдылықтарының әрекетін ашатын пән зерттейді. Өндірістегі эстетикалық жағдайлардың деңгейін анықтайтын маңызды факторларға жатады: өндірістік ортаны жарықпен безендіру, өндірістік территорияны көгалдандыру, жабдықтар мен өндірістік объектілердің конструктивтік ерекшеліктері және өндірістің жалпы мәдениеті.
Леуметтік-психологиялық факторлар. Оларды жетілдіру ұжымдағы қолайлы тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, әр жұмысшының шығармашылық әлеуетін ашуға және жұмысшылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру арқылы өндірістің жалпы тиімділігін арттыруға бағытталған. Date: 2015-06-08; view: 1072; Нарушение авторских прав |