Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіпорындардың формалары. 2 page
§5 Негізгі қорлардың амортизациясы. Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінің барысында олардың пайдаланылуына және тұтыну құнын жоғалтуына қарай олардың құнын дайын өнімге (орындалған жұмысқа) көшіру жүзеге асырылады. Негізгі қорлар тозуының ақшалай өтемі, негізгі қорлардың тозу дәрежесіне сәйкес келетін, амортизациялық бөлінген сомалар болып табылады. Бұл бөлінген сомалардың құрамына өнімнің (жұмыстардың) өзіндік құны кіреді, өйткені олар, негізгі қорларда заттанған және өндірілетін өнімге (орындалған жұмысқа) көшірілген, еңбектің шынайы шығындарын құн формасында бейнелейді. Амортизациялық сомалар әрекеттегі кәсіпорындардың негізгі қорларының құнына қарай, олардың игеруде, жөндеуде немесе жұмыссыз тұрғанына тәуелсіз бөлінеді. Амортизация негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының ақшалай көрінісі болып табылады. Амортизация қатардан шыққанда негізгі қорларды толық ауыстыру мақсатында жүзеге асырылады. Амортизациялық бөлінген сомалар негізгі қорлардың құнына, оларды игеру уақытына, модернизацияға кеткен шығындарға тәуелді. Амортизацияның жылдық сомасының, пайызбен берілген, негізгі қорлардың құнына қатынасы амортизация нормасы деп аталады. Пайызбен бөлінген амортизация нормасы еңбек құралдары жыл сайын өзінің баланстық құнының қандай үлесін өндірілетін өнімге көшіретінін көрсетеді. Белгіленген нормалар бойынша амортизациялық бөлінген сомалар дайын өнімнің құнына кіреді. Амортизация нормасын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі: На = [(Қб – Қж) / (Та * Қб)] * 100%, мұнда Қб – негізгі қорлардың бастапқы құны, а.б.; Қж – негізгі қорларды жою құны, а.б.; Та – негізгі қорлардың нормативтік мерзімі (амортизациялық кезең), жыл. Амортизация нормаларының деңгейі негізгі қорлардың тозған бөлігін қалпына келтіру үшін қажетті, ресурстардың көлемін анықтайды. Амортизация нормаларының көмегімен негізгі қорлардың айналым жылдамдығы реттеледі, оларды ұдайы өндіру үрдісі қарқындатылады. Амортизация нормалары және оларды негізгі қорлардың топтары бойынша дифференциация арқылы кәсіпорындағы техникалық және өндірістік саясат жүзеге асырылады. Негізгі қорларды толық қалпына келтірудің амортизациялық есептеулерінің сомасы мына формула бойынша анықталады: А = ҚБ * На / 100%,
мұнда Қб – негізгі қорлардың бастапқы (орташа жылдық) құны, а.б.
амортизациялық есептеулердің шамасы үш әдіспен анықталады: біркелкі, біркелкі жеделдетілген және жедел. Амортизациялық есептеулердің шамасын анықтаудың біркелкі әдісі негізгі қорлардың біркелкі физикалық және моральдық тозуына бағдарланған. Мұндай мүмкіндік физикалық тозуға қатысты айтарлықтай заңды болып табылады. Алайда моральдық тозудың жайы мұндай емес. Ғылым, өндіріс техникасы, технологиясы біркелкі дамымайды. Негізгі қорлардың моральдық тозуы көп жағдайда амортизация нормаларында көзделгендей біркелкі емес, жедел қарқынмен жүреді. Сондықтан кәсіпкер негізгі қорлардың жедел моральдық тозуы туындағанда, оларды ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, амортизациялық бөлінген сомалары болу керек. Негізгі қорлардың жедел амортизациясының әдісін қолданып, бұл мәселені шешуге болады, алғашқы үш жылда өнімнің құнынан олардың бастапқы құнының шамамен 2/3 көшіруге мүмкіндік беретін, артық нормалар қолданылады. Осыдан қалған құн қабылданған амортизациялық кезеңнің шектерінде қызмет етудің қалған жылдарының әрбіреуі бойынша амортизацияның бірдей (тұрақты) нормалары бойынша көшіріледі. Қазіргі уақытта біркелкі емес амортизация кең таралған, онда жабдықтар құнының үлкен бөлігі игерудің алғашқы жылдарында өндіріс шығындарынан тұрады. мысалы, бірінші жылы – 50%, екінші жылы – 30%, үшінші жылы – 20%. Бұл кәсіпорынға инфляция жағдайында кеткен шығындарды жылдам өтеуге және оларды жабдықтар паркін бұдан ары жаңартуға бағыттауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кәсіпорындар амортизациялық есептеулердің сомасын дербес қолданады, оны кәсіпорынның ғылыми-техникалық, өндірістік дамытуға, негізгі қорларды ұдайы өндіруге және жетілдіруге бағыттайды.
§6. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың көрсеткіштері. Өндірістік үрдістердің техникалық жабдықталуы геологиялық сала қызметкерлері еңбегінің қор жарақтануының көрсеткішімен сипатталады. Еңбектің қор жарақтануы Қ е а.б./адам – бұл негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының қызметкерлердің орташа тізімдік санына қатынасы: Қ е = Қ нег: Т о, мұнда Қ нег – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, а.б.; Т о – қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам.
Кәсіпорындардың және өнеркәсіп салаларының негізгі өндірістік қорларын пайдалану деңгейін анықтайтын ортақ көрсеткіш қор қайтарым болып табылады, ол негізгі өндірістік қорлардың 1 а.б. тиісті өнімді шығаруға (орындалған геологиялық жұмыстардың көлеміне) сәйкес келеді: Қ қ = В: Қ нег, Ққ – қор қайтарым, т / а.б., Ш – өнімді (орындалған геологиялық барлау жұмыстарын) шығарудың жылдық көлемі, т; а.б. Өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстардың) көлемі натуралдық, шартты-натуралдық және құн бірліктерімен берілуі мүмкін. Негізгі өндірістік қорлардың қызмет ету тиімділігінің екінші жалпылаушы көрсеткіші қойсыйымдылық болып табылады, ол қолданылған негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының құндық немесе натуралдық көріністегі өнімнің (жұмыстардың) жылдық көлеміне қатынасы: Қ сый = Қ нег: Ш. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігі туралы тек қорқайтарым немесе қорсыйымдылық деңгейі бойынша тұжырымдауға болмайды. Геологиялық барлауда қорқайтарымның төмендеуіне еңбек өнімділігінің өсуі, материалдарды, энергияны үнемдеу, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың тиімдірек әдістерін қолдану және т.с.с. есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шығындарының қысқаруы ұласуы мүмкін. Сондықтан қолданыстағы өндірістік қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде рентабельділік деңгейі болу керек: Р = П 100: Қ ө, мұнда Р – өндірістік қорларға қатысты рентабельділік деңгейі, %; П – жылдық пайда сомасы, а.б.; Қ ө – өндірістік қорлардың (негізгі өндірістік қорлардың және мөлшерленетін айналым құралдарының) орташа жылдық құны, а.б. Жалпы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды сипаттайтын, аталған көрсеткіштерден басқа, машиналар мен жабдықтардың пайдаланылуын бағалау үшін, басқа жеке көрсеткіштерді де пайдаланады. Оларға мыналар жатады: Жабдықтар паркін қолдану коэффициентін К қол жұмыстағы жабдықтар (машиналар) бірлігінің санын кәсіпорынның (ұйымның) қарамағындағы, осы түрдегі жабдықтардың (машиналардың) жалпы санына бөлу арқылы анықтайды. Экстенсивті жүктеме коэффициенті К экс, жабдықтардың (машиналарды) уақыт ішінде қолдануды сипаттайды, жыл ішіндегі сағатпен алынған нақты атқарылған машиналық уақыттың сағатпен алынған машинаның (жабдықтың) күнтізбелік, режимдік немесе жоспарлы уақыт қорына қатынасына тең: К экс = Т н: Т к (р. жос.), мұнда Т н және Т к (р. жос.) – жыл ішіндегі нақты, күнтізбелік (режимдік және жоспарлы) уақыт, сағ. Интенсивті жүктеме коэффициенті К инт жабдықты қуаты бойынша пайдалануды сипаттайды; уақыт бірлігінде шығарылған өнімнің (жұмыстың) нақты санын Ш н, сол уақыт бірлігінде берілген қорлар көмегімен жүргізуге болатын, өнімнің (жұмыстың) максималды (немесе нормативтік) шығарылымы Ш н. т: К инт = Ш н: Ш н.т Жабдықтың жалпы (интегралдық) жүктемесінің коэффициенті К жал, оның уақыт ішінде және қуаты бойынша пайдаланылуын сипаттайды, жабдықты экстенсивті және интенсивті пайдалану коэффициенттерімен анықталады: К жал = К экс К инт. §7 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі. Негізгі қорларды қарапайым және кеңейтіп ұдайы өндірудің түрлі формалары бар. Қарапайым ұдайы өндірістің формалары – ескірген еңбек құралын ауыстыру және күрделі жөндеу. Кәсіпорындар жөндеу қорын құруға құқылы. Жөндеу қорына бөлінетін қаражаттардың дайын сомасын дербес бекітілген нормативтер бойынша кәсіпорын анықтайды. Бұл қор негізгі қорларды жөндеудің барлық түрлерін қаржыландыру үшін қолданылады. Жөндеу қоры құрылмауы да мүмкін. Онда жөндеу шығындары тікелей өнімнің өзіндік құнына енеді, ал өндірістік емес қорлар бойынша пайда есебінен өтеледі. Жөндеу қоры жөндеу шығындарын айтарлықтай біркелкі өтеуге мүмкіндік береді. Негізгі қорларды кеңейтіп ұдайы өндірудің формаларына жаңа құрылыс, әрекеттегі кәсіпорындарды кеңейту, оларды қайта құру және техникалық қайта жарақтау, жабдықтарды жаңарту жатады. Бұл формалардың әрбіреуі белгілі бір міндеттерді шешеді, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жаңа құрылыстың есебінен негізгі қорларының барлық элементтері техникалық өрлеудің осы заманғы талаптарына сай келетін жаңа кәсіпорындар қолданысқа енгізіледі, ел территориясы бойынша өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру мәселесі шешіледі. Алайда нарықтық экономикаға өту кезеңінде, өндіріс төмендеген кезде және көптеген кәсіпорындар қаражаттың жетіспеуінен әрекет етуін тоқтатқанда, әрекеттегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтауға көңіл бөлінеді. Қайта құру кезінде күрделі қаржылардың негізгі бөлігі ескі өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды пайдаланып, қорлардың белсенді бөлігін жетілдіруге бағытталады. Жабдықтарға кететін шығындарды арттыру күрделі қаржылардың сол көлемінде өндірістің жоғары өсіміне ие болуға және осының негізінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Негізгі қорларды кеңейтіп ұдайы өндірудің формасы жабдықтарды жаңарту да болып табылады, бұл екінші формадағы моральдық тозуды толық немесе ішінара жою, жетілген конструкциялы ұқсас жабдықтардың техникалық-экономикалық сипаттамаларын арттыру мақсатында оны жаңарту болып табылады. Жабдықтарды жаңарту бірнеше бағытта жүруі мүмкін: - режимдік сипаттамалары мен техникалық мүмкіндіктерін арттыратын, әрекеттегі машиналардың конструкцияларын жетілдіру; - жабдықтардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін станоктар мен механизмдерді механизациялау және автоматтандыру; - жабдықтарды бағдарламалық басқаруға көшіру. Егер жаңартуды жүргізудің нәтижесінде жылдық өндіріс көлемі артса, еңбек өнімділігі артып, өнімнің өзіндік құны төмендесе, жабдықтарды жаңарту экономикалық тұрғыда өте тиімді. Сонымен қатар өндіріс рентабельділігінің артуы қажет. Егер жаңартуға кеткен шығындардың нәтижесінде өндірістік қорлардың артуына қарағанда, пайданың салыстырмалы өсімі артық болса, соңғысына қол жеткізуге болады.
Тақырып 3.4: Геологиялық кәсіпорындардың айналым құралдары. Жоспар: 1. Өндірістік айналым қорлары мен айналдыру қорлары. 2. Айналым құралдарын қалыптастырудың көздері. 3. Айналым құралдарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері. §1. Өндірістік айналым қорлары мен айналдыру қорлары. Үздіксіз өндіріс үрдісін қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістік қорлармен қатар еңбек заттары, материалдық ресурстар қажет. Айналым қорлары – өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнімнің бірлігіне кеткен шикізаттың, материалдардың, отын мен энергияның шығыны аз болған сайын, оларды алу мен өндіруге кететін еңбек үнемді шығындалады, өнім арзанырақ болады. Айналым құралдары өндірістік айналым қорларынан және айналыс қорларынан тұрады. Өндірістік айналым қорларына еңбек үрдісінің заттық элементтері жатады, олар негізгі өндірістік қорларға қарағанда, әр өндірістік циклде шығындалады, олардың құны еңбек өніміне тұтас және бірден көшіріледі, өзінің натуралдық формасының түрін өзгертеді. Кәсіпорындардың өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады:
Өндірістік қорлар – бұл өндірістік үрдісте пайдалануға дайындалған еңбек заттары; олар шикізаттан, негізгі және қосалқы материалдардан, отыннан, жанар майдан, сатып алынатын жартылай фабрикаттардан және жинақтаушы бұйымдардан, ыдыстан және ыдыс материалдарынан, негізгі қорларды ағымдағы жөндеуге арналған қосымша бөлшектерден тұрады. Геологиялық кәсіпорынның өндірістік қорларының топтары:
Аяқталмаған өндіріс – бұл өндірістік үрдіске түскен еңбек заттары: өңдеу немесе құрастыру үрдісіндегі материалдар, бөлшектер, тораптар мен бұйымдар. Бұл геологиялық тапсырманың жеке орындалмаған бөліктері, бұрғылау мұнараларын тұрғызу, бұрғылау жабдықтарын құрастыру және бөлшектеу бойынша аяқталмаған жұмыстар. Болашақ кезеңдердің шығындары – бұл осы кезеңде (квартал, жыл) жүргізілетін, бірақ болашақ кезеңнің өніміне жататын немесе алдағы жылдардың геологиялық барлау жұмыстарының құнына енгізілетін, өндірістің жаңа әдістерін дайындау мен игеруге кететін шығындардан тұратын, айналым қорларының заттық емес элементтері.
Қозғалысындағы өндірістік айналым қорлары айналым саласына қызмет көрсететін айналым қорларынан да тұрады. Олар қоймалардағы дайын өнімнен, атқарылған геологиялық барлау жұмыстарынан, ақша қаражаттарынан және өнімді тұтынушылармен есептесудегі қаражаттардан, соның ішінде, дебиторлық берешектен тұрады. Айналыстың айналым қорларын түзуге арналған, кәсіпорынның ақша қаражаттарының жиынтығы кәсіпорынның айналым құралдары құрайды. Айналым қорларының жеке элементтерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің арасындағы қатынас (%) айналым қорларының құрылымы деп аталады.
§2. Айналым құралдарын қалыптастырудың көздері. Қалыптастыру көздері бойынша айналым құралдары меншікті және заемды болып бөлінеді. Меншікті айналым құралдары – бұл үнемі кәсіпорынның қарамағында болатын және меншікті ресурстардың есебінен қалыптасатын құралдар (пайда және т.б.). Меншікті айналым құралдары келесі көздерден түзіледі: - бастапқы капитал қаржылары; - тауар өнімдерін өткізуден түскен ақшалай түсім; - іске аспай қалған мүліктерді сату және жалға беруден түскен қаржы; - басқа кәсіпорындар қызметінде үлестік қатысудан түскен қаржы; - банктік тайыз бойынша табыс; - акциялар бойынша табыс (девиденттер); - мүліктерді өтеусіз сыйға алу; Қозғалыс үрдісінде меншікті айналым құралдары меншіктінің бір бөлігі болып табылатын, еңбек төлеміне авансталған, бірақ уақытша бос (жалақы бойынша төлемнің бір жолдылығына байланысты) құралдармен алмастырылуы мүмкін. Бұл құралдар меншіктіге теңестірілген немесе тұрақты пассивті деп аталады. Заемдік айналым құралдары – банк несиелері, несиелік берешек (коммерциялық несие) және өзге пассивтер. §3. Айналым құралдарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері. Геологиялық кәсіпорынның айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі айналым құралдарының қайтарымдылығымен – қарастырылатын кезеңдегі (ай, квартал, жыл) айналым құралдарының айналу санын; бір айналыс жүзеге асырылатын күндер саны; қайтарымдылықты жеделдету нәтижесінде айналыстан шыққан қаражаттардың сомасын білдіретін көрсеткішпен сипатталады. Белгілі бір кезеңде (жыл, квартал, ай) айналым құралдарының айналымдарының саны немесе құралдардың қайтарымдылық коэффициенті Кқай мына формула бойынша анықталады Кқай = Qж: Qо , мұндай Qж – геологиялық барлау жұмыстарының көлемі, тг; Qо – берілген кезеңдегі айналым құралдарының орташа сомасы, тг. Қайтарымдылық коэффициенті айналым құралдарының әр бірлігінің көмегімен ақшалай көріністегі геологиялық барлау жұмыстарының қандай көлемі орындалғанын көрсетеді. Орындалған геологиялық барлау жұмыстарының 1тг. тиісті айналым құралдарының мөлшері қайтарымдылық коэффициентіне кері көрсеткішті білдіреді және айналым құралдарын бекіту коэффициенті деп аталады. 1 /Коб = Qс: Qр.
Бір айналыстың орташа ұзақтығы К (күндер) мына формула бойынша анықталады: К = Т:Кқай мұнда Т – берілген кезеңнің ұзақтығы, күндер. Айналым құралдары бойынша есептеулер үшін кезеңнің ұзақтығын әдетте ай үшін 30 күн, квартал үшін 90, жыл үшін 360 күн деп қабылдайды. Кәсіпорынның айналым құралдары айналысқа түсіп, үнемі қозғалыста болады. Айналыс саласынан олар өндіріс саласына көшеді, содан соң өндіріс саласынан қайтадан айналыс саласына және т.с.с. көшеді. Айналым құралдары толық айналатын, яғни өндіріс кезеңі мен айналыс кезеңінен өтетін уақыт айналым құралдарының айналыс кезеңі деп аталады. Бұл көрсеткіш кәсіпорындағы немесе саладағы қаражаттар қозғалысының орташа жылдамдығын сипаттайды. Айналым құралдарының қайтарымдылығын үдету қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың бастапқы міндеті болып табылады және оған келесі жолдармен қол жеткізуге болады. Өндірістік қорларды құру сатысында – қордың экономикалық негізделген нормаларын енгізу; шикізатты, жартылай фабрикаттарды, құраушы бұйымдарды және т.б. тұтынушыларға жеткізушілерді жақындату; тура ұзақ байланыстарды кең пайдалану; материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қоймалық жүйесін, сонымен қатар материалдар мен жабдықтарды көтерме сауда жүйесін кеңейту; қоймалардағы тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау және автоматтандыру. Аяқталмаған өндіріс сатысында – ғылыми-техникалық өрлеуді үдету (прогрессивті, әсіресе қалдықсыз және аз қалдықты техника мен технологияны енгізу). Айналыс сатысында – тауар тұтынушыларды оны өндірушілерге жақындату; есептеу жүйелерін жетілдіру; тікелей байланыстар бойынша тапсырыстарды орындау салдарынан сатылған өнімнің көлемін арттыру. Тақырып 3.5: Өнімнің және геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құны. Жоспар: 1. Өзіндік құн – маңызды экономикалық категория ретінде. 2. Өзіндік құнның құрылымы мен шығындардың жіктелуі. 3. Геологиялық кәсіпорынның негізгі және қосымша шығындарының құрамы. 4. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі бағыттары. Өзіндік құн – маңызды экономикалық категория ретінде. Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құны жеке геологиялық ұйымдардың және жалпы саланың минералды шикізаттың кенорындарын іздеу мен барлауға шығындаған шығындарының ақшалай көрінісі болып табылады. Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнына кіретін шығындарға өндірістік жұмысшылардың, ұйымның жетекшілері мен мамандарының жалақысы және оның есептемелері, далалық үлес, материалдар мен электр энергиясының құны, негізгі құралдардың амортизациясы, аз құнды және жылдам тозатын заттардың тозуы, меншікті қосалқы-көмекші өндірістердің қызметтері және сырттай қызметтер, өндірістік көлік шығындары, сонымен қатар өндірісті басқару мен қызмет көрсету шығындары (қосымша шығындар). Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құны геологиялық барлау үрдісінің жеке сатылары – геологиялық түсірім мен геофизикалық жұмыстар, іздеулер, алдын ала және түбегейлі барлау, тау бұрымы шектерінде барлау бойынша шығындардан қалыптасады. Әр сатыны орындау шығындары, өз кезегінде, жұмыстардың жеке түрлерінің өзіндік құнынан құралады: барлау бұрғылауы, тау-кен қазбаларын жүргізу және т.б. Date: 2015-06-08; view: 1408; Нарушение авторских прав |