Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіпорындардың формалары. 1 page
Жоспар: 1. Қазіргі кәсіпорынның экономикалық мәні. 2. Кәсіпорындардың маңызды белгілері бойынша жіктелуі. 3. Ірі және кіші кәсіпорындар және олардың ерекшеліктері. Кез келген елдің экономикасы тауарлар мен қызметтердің көптеген түрлерін жасап шығаратын шаруашылық субъектілерінің зор санының іс-әрекеті болып табылады. Егер әр нақты кәсіпорын өндіретін өнімнің көптүрлілігінен ажырасақ, олардың барлығына тән жалпы белгілерді айшықтауға болады. Ең алдымен, әр кәсіпорын – бұл өндірістің белгілі бір құралдарының жиынтығы екенін байқауға болады (осылайша, шойынды өндіру үшін, домна пештері, балқытылатын кен, көмір және т.б. қажет). Өнімнің белгілі бір түрін өндіретін әр кәсіпорын үшін өндіріс құралдарының жиынтығы өзінің ерекшелігіне, технологиясына, яғни өнімді дайындау тәсіліне ие. К.Маркс айтқандай, еңбектің тірі жалыны қамтымаған өндіріс құралдары өздігінен – заттардың жансыз үйіндісі ғана. Олардың жандандыру, әрекетке келтіру үшін, еңбек қажет, жаңа өнімді жасау үшін өндіріс құралдарын пайдаланатын жұмысшылар қажет. Сондықтан кәсіпорынның міндетті және маңызды белгісі ортақ еңбек үрдісімен біріккен жұмысшылардың жиынтығы болып табылады. Еңбек үрдісінде жұмысшылардың арасында түрлі қатынастар туындайды, олар «өндірістік қатынастар» деп аталады. Олар мыналардан тұрады:
Аталған белгілер бір-бірінен ажырамайды. Олардың жиынтығы мен бірлігі шаруашылық жүйенің ерекше, жеке буыны ретінде кәсіпорынға анықтық пен тұтастық береді. Яғни, кәсіпорын – бұл қоғам үшін пайдалы игіліктерді өндіруге арналған, оқшауланған техникалық-экономикалық және әлеуметтік кешен. Нарықтық экономика, қоғамдық өндірістің тауарлық сипаты жағдайында кәсіпорындар «тауар өндірушілер» ретінде болады. Олар өндіретін өнім «тауар» болады, яғни тауарлы формаға ие болады. Іс-әрекеттің нарықтық принциптері – тиімділік, үнемділік және қолайлылық – кәсіпорын деңгейінде өздерінің бастапқы сатысына ие болады. Бәсеке – бұл нарықтық дамудың қозғалтқышы, – кәсіпорында өзінің басты субъектісіне ие болады. Кәсіпорындардың өндірістік әрекетінің мақсаты екіжақты сипатқа ие. Кәсіпорын әрекетінің тікелей мақсаты мен итермелеуші мотиві өнімді сату арқылы пайда болып табылады, алайда тек сұранысқа ие өнімді өндіру жолымен пайда алуға болады, сондықтан кәсіпорынның өзге мақсаты – тұтынушылық сұранысты толық қанағаттандыру.
§2. Кәсіпорындардың маңызды белгілері бойынша жіктелуі. Қазіргі уақытта кәсіпорындарды бірқатар белгілер бойынша жіктейді. Ең алдымен, кәсіпорындарды әрекет салалары бойынша жіктейді. Бұл тұрғыда материалдық өндіріс және оның ірі бөлімшелері (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, құрылыс) саласында әрекет ететін кәсіпорындарды ажыратады. Геологиялық кәсіпорындар материалдық өндіріс саласында қызмет етеді. Материалдық емес өндірісті басқа топ құрайды, оның айрықша белгісі ерекшек өнімдерді – «қызметтерді» жасау болып табылады. Осы салада әрекет ететін кәсіпорындар іс-әрекетінің міндеттері сипаты бойынша түрлі қызметтерді жасау болып табылады (тұрмыстық техниканы жөндеуден әлеуметтік маңызы бар қызметтерге дейін – денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет). Кәсіпорындардың үлкен тобы делдалдық әрекетпен айналысады. Делдал-кәсіпорындардың міндеті – өндірушілер мен тұтынулар, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара тиімді келісімшарттар жасасу (тауар, қор биржалары). Өндірілетін өнім түрлерінің саны бойынша кәсіпорындарды мамандандырылған, яғни тауарлардың шектеулі санын шығаратын, және тауарларды өндіретін көпсалалы кәсіпорындарды ажыратады. Өз кезегінде, кәсіпорындардың мамандану деңгейі түрліше. Бұл тұрғыда тұтынуға дайын өнім (мысалы, азық-түлік өнеркәсібінде - әр түрлі бұйымдар) өндірілгенде, заттық мамандану орын алуы мүмкін. Толық мамандану өндіріс құралдарын өндіретін салаларда дамиды (мысалы, машина жасаудың түрлі салаларында қолданылатын ішпектер өндірісі). Технологиялық мамандану технологиялық үрдістің белгілі бір сатысын орындауға кәсіпорынның шоғырлануын сипаттайды. Көлеміне қарай (іс-әрекеттің ауқымына қарай) кәсіпорындар «ірі», «орта» және «шағын» болып бөлінеді. Көбінесе кәсіпорынның көлемі онда қамтылған жұмысшылардың санымен анықталады. Көлемі бойынша кәсіпорындарды бөлу тәсілі әр елде түрліше болуы мүмкін және өндіріс салалары бойынша өзгереді. Геологиялық кәсіпорын көлемі бойынша ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Өте шағындар қатарына 20 дейін, шағынға – 100 дейін, ортаға – 500 дейін, іріге – 500 артық адам санымен қамтылған кәсіпорындар жатады. Ғылыми-техникалық өндіріс жағдайында кәсіпорын қызметкерлерінің саны кәсіпорынның көлемін анықтау басты фактор болудан қалады. Бірінші орынға кәсіпорынның өндірістік қуаты және негізгі капиталдың мөлшері сияқты көрсеткіштер шығады. Геологиялық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ортақ белгілеріне қарамастан, геологияда және халық шаруашылығының қалған салаларында жұмыстар өндірісінің жағдайлары арасында принципиалды айрымашылықтар бар. кез келген өнеркәсіптік кәсіпорынмен салыстырғанда геологиялық кәсіпорын ауқымды аудандарда жұмыс жасайды, ал геологиялық объектілер бір-бірінен алшақ орналасқан, жұмыстар өндірісі олардың бірінен екіншісіне көшіріледі. Өндірістік үрдістің әдістемесінде, технологиясы мен экономикасында өзгерістерді алдын ала анықтай отырып, геологиялық, табиғи, сонымен қатар ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар тұрақты түрде өзгереді. Өндіріс сипатына қарай және өндірістік факторларды есепке алып, геологиялық кәсіпорындар көп еңбек жұмсауды қажет ететін болып бөлінеді, оларда жоғары білікті еңбек қолданылады, ал оның нәтижелері жер қойнауларының жағдайы туралы ғылыми ақпарат болып табылады.
§3. Ірі және ұсақ кәсіпорындар, олардың ерекшеліктері. Нарықтық экономикада ірі кәсіпорындардың үлесі орташа есеппен 20% құрайды, ал ұсақ кәсіпорындардың үлесіне 80%-ға жуығы тиесілі. Алайда, ірі кәсіпорындар 80% жуық ВНП өндіреді. Бұл келесі себептерден болады: - өндірістің үлкен көлемдері ірі кәсіпорындарға кәсіпорын ішінде еңбекті бөлудің артықшылығын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді; - арнайы маниналар мен жабдықтарды қолдану кезінде еңбек өнімділігі үлкен дәрежеде жоғарлайды; - қорларды үлкен көлемде алу көтерме шегерімге құқық береді. Барлық осы артықшылықтар экономикалық теорияда «масштаб әсері» атауына ие болды. Қазіргі нарықтық экономикада кіші бизнес кеңінен дами бастады, ол келесі артықшылықтарға ие: - кіші бизнес өзгеретін жағдайларға жеңіл дағдыланады; - ол аз қаржы салуды талап етеді және олардың жылдам өтелуін қамтамасыз етеді; - кіші бизнестің дамуы жұмыс күші мен капиталдың қозғалысын жеңілдетеді; - кіші бизнесті дамыту халықтың жұмыс бастылығын қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.
Тақырып 3.3: Геологиялық кәсіпорындардың негізгі қорлары. Жоспар: 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде негізгі қорлардың маңызы. 2. Негізгі қорлардың жіктелуі мен құрылымы. 3. Негізгі қорлардың (тізімге алу және құжаттандыру) есепке алу және бағалау. 4. Негізгі қорлардың тозуы. 5. Негізгі қорлардың амортизациясы. 6. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың көрсеткіштері. 7. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі.
1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде негізгі қорлардың маңызы. Дайын өнімді шығаратын (немесе белгілі бір тапсырмалар орындайтын) кәсіпорындардың өндіріс құралдарының құрамына екі әр түрлі бөлім енеді: біріншісі еңбек заттарынан (шикізат, материалдар және т.б.) тұрады, екіншісі еңбек құралдарынан (машиналар, жабдықтар, ғимараттар және т.б.) тұрады, олардың көмегімен адам дайын өнімге айналдыра отырып, еңбек заттарына ықпал етеді. Өндірістік үрдіс еңбек құралдары мен еңбек заттары түрліше қатысатын, олардың тұрақты айналымын білдіреді. Еңбек заттары бір өндірістік циклдың барысында толық тұтынылады, өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оны жаңа еңбек заттарымен тұрақты толтыру талап етіледі. Еңбек құралдары олардың әрбіреуінен кейін өзінің материалдық формасын сақтай отырып, көптеген өндірістік циклдарды қамтамасыз етеді. Өндірістік үрдістегі рольге сәйкес, дайын өнімнің түзілуінде, сонымен қатар өзінің құнын дайын өнімге көшіруде еңбек құралдары негізгі қорлардың формасына, ал еңбек заттары айналыс құралдарының формасына ие болады; жиынтығында олар кәсіпорындардың өндірістік қорларын қалыптастырады. Өндірістік қорлардың жалпы көлемінде негізгі қорлар үлкен рольге ие. Осылайша, өнеркәсіпте олар шамамен 80%, ал өндіруші салаларда 85-95% құрайды. Негізгі қорлар – бұл көптеген өндірістік циклдарға қатысатын, еңбек құралдары, өздерінің натуралдық формасын сақтайды, олардың құны дайын өнімге (орындалған жұмысқа) біртіндеп, жарым-жартылай, тозуына қарай көшіріледі. Негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі қорларға өндірістік үрдіске тікелей қатысатын немесе оны жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын еңбек құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар – бұл әлеуметтік міндеттегі ұзақ маңызды объектілер. Олар өндірістік үрдіске қатыспағанмен, қоғамдық өндірістегі олардың ролі зор, өйткені олар жұмысшылардың тұрмыстық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, еңбек өнімділігіне жанама ықпал етеді.
2. Негізгі қорлардың жіктелуі мен құрылымы. Заттық-натуралдық құрамы, өндірістегі міндеті мен қызметі бойынша, геологиялық барлаудың негізгі өндірістік қорлары (НӨҚ) келесі топтарға бөлінеді:
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымы кәсіпорын бойынша олардың жалпы құнындағы әр топтың үлесімен сипатталады. Ел территориясының шектеріндегі геологиялық барлау жұмыстарының сан алуандығына, олардың өнеркәсіптік орталықтардан алшақтығына байланысты, жұмыстарды жүргізуде көлік үлкен роль ойнайды. Геологиялық барлаудың негізгі өндірістік қорларының жалпы сомасында көлік құралдарының үлесі 12% артық, өнеркәсіпке қарағанда шамамен 3 есе артық. Сонымен қатар түрлі геологиялық кәсіпорындардың өндірістік құрылымы бірдей емес, өйткені геологиялық тапсырманың мазмұнына, геологиялық барлау жұмыстарының құрамына, технологияға және қолданылатын техникаға, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді. 3. Негізгі қорларды есепке алу және бағалау (тізімге алу және құжаттау).
Негізгі қорларды натуралдық көрсеткіштермен және ақшалай көріністе есептейді және жоспарлайды. Заттай есепке алу негізгі қорлардың техникалық құрамын, яғни жабдқтардың әр түрлерінің қатынастарын анықтау үшін, негізгі қорлардың технологиялық және жастық құрылымын анықтау, өндірістік аудандарды және жабдықтардың санын есептеу, жабдықтар балансын құру, негізгі қорлардың тозу дәрежесін анықтау және олардың ұдайы өндірісін жоспарлау үшін қажет. Заттай есепке алуды негізгі қорларды жыл сайын тізімге алудың және мерзімді төлқұжаттаудың негізінде жүргізеді. Жабдықтардың төлқұжаттарында мыналар көрсетіледі: қолданысқа енгізілген жылы, габариттер, жүргізілетін жөндеулер, тозу дәрежесі, пайдалану көрсеткіштері және жабдықтардың техникалық сипаттамасының өзге мәліметтері. Негізгі қорлардың құрамында және күйінде болатын барлық өзгерістер төлқұжаттарда көрсетіледі. Ақшалай көріністегі негізгі қорларды бағалау олардың жалпы құнын анықтау, олардың динамикасын есептеу, кеңейтілген ұдайы өндірісті жоспарлау, тозуды анықтау, амортизацияны есептеу, өнімнің (жұмыстардың) өзіндік құнын есептеу, кәсіпорынның рентабельділігін есептеу үшін қажет. Негізгі қорлардың өндірістік үрдіске ұзақ қатысуына, олардың біртіндеп тозуына, сонымен қатар өндіріс жағдайларының өзгеруіне байланысты негізгі қорларды ақшалай бағалаудың бірнеше түрі бар:
Толық бастапқы құн негізгі қорларды сатып алу (жеткізу мен ортану шығындарын есепке алғанда) немесе құрылыс бағалары бойынша нақты құн болып табылады. Қт = Б + Шж + Шқ, мұнда Сп – толық бастапқы құн; Б – негізгі қорлардың бағасы; Шж, Шқ – сәйкесінше жеткізу мен құрастыру шығындары.
Толық бастапқы құн бойынша бағалауды негізгі қорларды құрудың өндірістік шығындарының көлемін анықтау үшін қолданылады. Бастапқы құн бойынша кәсіпорындардың негізгі қорларының баланстық құнына жаңадан енгізілетін еңбек құралдары енгізіледі. Бастапқы құн бөлінген амортизациялық сомаларды анықтау үшін қызмет етеді, сондықтан ол негізгі қорлардың ықзмет етуінің бүкіл уақытында бухгалтерлік есепте өзгеріссіз қалады. Тозған құн өндіріс жағдайларында негізгі қорларды игеру үрдісінде дайын өнімнің өзіндік құнына көшірілген, негізгі қорлардың бастапқы құнының бөлігі болып табылады. Қтозу = Қт*Тж*Тн / 100, мұнда Қт – негізгі қорлардың толық бастапқы құны; Тж – жылдық тозу дәрежесі (амортизация мөлшері) %; Тн – негізгі қорларды игерудің нақты мерзімі (жылдар). Қалдық (тозуды шегергендегі бастапқы) құн бойынша бағалау негізгі қорлардың тозу дәрежесін байқауға және еңбек өніміне әлі көшірілмеген, құнның бөлігін анықтауға мүмкіндік береді. Ол негізгі қорлардың тозу шамасының толық бастапқы құнынан аз. Ққалд = Қт – Қтозу
Қалпына келтіру құны – бұл негізгі қорлар сомасының динамикасын сипаттайтын, (берілген жылдың) жаңа өндірістік жағдайларында негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің құны. Осы құн бойынша негізгі қорларды бағалау – уақыт пен қаражаттың айтарлықтай шығындарын талап ететін, өте күрделі, көп еңбекті қажет ететін үрдісі, сондықтан мұндай бағалау мерзімді түрде жүзеге асырылады. Негізгі қорларды жою құны негізгі қорларды игерудің толық мерзімі аяқталған соң қалатын, құнды қалдықтардың өзіндік құнын құрайды. §4. Негізгі қорлардың тозуы.
Өндіріс үрдісінде негізгі қорлар материалдық (физикалық) тозуға ұшырайды. Негізгі қорлардың тозғыштығының экономикалық мәні өзінің тұтынушылық құнынан және сонымен бірге нөдірілетін өнімге (жұмысқа) біртіндеп көшірілетін құнынан біртіндеп айырылуынан тұрады. Материалдық тозу негізгі қорларды пайдаланудың нәтижесінде де, олардың әрекетсіздігі кезеңінде де орын алады. Әрекетсіз негізгі қорлар, әсіресе тиісті күтім болмағанда, табиғи үрдістерге ұшырап (металл бөлшектердің коррозиясы, ағаш бөліктерінің бүрсиюі және шіруі, негізгі қорлар жасалған металдардағы ішкі үрдістер), тозады және, осының салдарынан, материалдық тозудың бұл түрі қоғамға тек шығындар әкеледі. Әрекет ететін негізгі қорлардың материалдық тозуы негізгі қорлардың сапасына, жүктеменің деңгейіне, технологиялық үрдістің ерекшеліктеріне және сыртқы жағдайлардың ықпалынан негізгі қорларды қорғау дәрежесіне, соның ішінде агрессивті орталарға, күтім сапасына (тазарту, майлау, бояу, жөндеулердің жүйелілігі мен сапасы), жұмысшылардың біліктілігіне және олардың негізгі қорларға қатынасына тәуелді. Материалдық (физикалық) тозу Кфф. т, %, мынадай формула бойынша анықталады:
Кф. т = Тн100: Та , мұнда Тф – негізгі қорларды игерудің нақты мерзімі, жылдар; Та – белгіленген норма бойынша қызмет мерзімі (амортизациялық кезең), жылдар. Тәжірибеде материалдық (физикалық) тозу заттай объектінің техникалық жағдайын зерттеу жолымен анықталады. Негізгі қорлар толық тозғаннан кейін сынықтар қалады, олар қолданылуы мүмкін (мысалы, қайта қорыту үшін); қалған сынықтар жою құны бойынша бағаланады. Материалдық (физикалық) тозуды натуралдық формада қалпына келтіру үшін, күрделі жөндеуді немесе негізгі қорларды толық ауыстыруды қолданады. Бұл тозудың орнын толтыру құн формасында амортизациялық бөлінген сомалар есебінен жүргізіледі. Негізгі қорлар да моралдық тозуға жатады. Олар техникалық сипаттамасы мен экономикалық тиімділігі бойынша артта қалады. Моральдық тозудың екі формасын ажыратады. Бірінші формасы жаңа машиналарды енгізумен, техниканы, технологияны жетілдірумен бірге негізгі қорларды дайындау құнының төмендеу керектігінен тұрады. Моральдық тозудың бұл формасы өндірісті арзандату салдарынан негізгі қорлар құнының азаюынан көренеді, бұл инфляция болмағанда ғана байқалуы мүмкін. Бірінші формадағы моральдық тозу мына формула бойынша анықталады:
КIмт = 1 – Сқ : Сб , мұнда Сқ, Сб - негізгі қорлардың қалпына келтіру және бастапқы құны. Моральдық тозудың екінші формасы жаңа, прогрессивті және тиімді машиналарды немесе жабдықтарды енгізудің нәтижесінде негізгі қорлардың техникалық артта қалуын білдіреді. Техникалық өрлеуі жылдамырақ жүрген сайын, моральдық тозудың салдарынан негізгі қорлардың қызмет мерзімі соншалықты қысқарады. Сонымен қатар әлі физикалық жарамды еңбек құралдары экономикалық тиімсіз болып қалады. Екінші формадағы моральдық тозудың көрсеткіші мына формула бойынша анықталады: КIIмт = Фом : Фоқ – 1, мұнда Фом , Фоқ – модернизацияланған және қолданыстағы негізгі қорлардың қор қайтарымының көрсеткіштері. Моральдық тозу мәселесі өндірісті жетілдіру арқылы шешіледі, соның ішінде, ескіруге дейін пайдалы әсерінің қайтарымын жеделдету үшін, қолданыстағы негізгі қорларды максималды жүктемемен пайдалану қажет. Жаңа объектілерді салу мерзімдерін қысқарту, машиналарға, жабдықтарға, өзге негізгі қорларға қатысты ұзақ қоймалық және құрастыру операцияларын болдырмау керек. Date: 2015-06-08; view: 2449; Нарушение авторских прав |