Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Геологиялық барлау саласының сипаттамасы
Жоспар: 1. Елдің нарықтық шаруашылығы жүйесінде геологиялық барлау саласының ролі мен мәні. 2. ҚР жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтың негізгі қағидалары. 3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
§1. Елдің нарықтық шаруашылығы жүйесінде геологиялық барлау саласының ролі мен мәні. Қазақстан жоғары минералды-шикізат әлеуеті бар елдердің қатарына кіреді. Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары – оның басты байлықтарының бірі. Олардың бағалығы қалған табиғи ресурстардың құндылығынан асады. Осының арқасында шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына көшудің күрделі кезеңінде ел экономикасының минералды-шикізаттық бейімделуі қалыптасты. Сонымен қатар келешектің негізгі стратегиялық міндеті өзекті болып қалып отыр, ол негізінен шикізат ресурстарын өңдеуге негізделетін, экономикалық өсімді сақтаудан, тұрақты даму мен ұлттық экономиканың өзге салаларының алғышарттарын құрудан тұрады. ҚР экономикасы үшін, жүз жылдам астам тарихы бар, мұнай-газ саласы ерекше маңызға ие. Елдің дәлелденген геологиялық қорлары мұнай мен газ конденсатының 21 млрд. баррелін (2,9 млрд. т) құрайды (дүниежүзілік қорлардың шамамен 2%) және газдың 1,8 трлн. м3 құрайды. Ел территориясында 200 астам мұнай мен газ кенорны ашылды, олардың негізгі қорлары негізінен Батыс Қазақстанның 14 ірі кенорнында шоғырланған. Әрине, Қазақстанның мұнай-газ саласы елдің экономикалық дамуын бұдан ары да айтарлықтай дәрежеде анықтайды. Тиісті экономикалық саясатта жедел қарқынмен мұнай-газ, энергетикалық, көлік, машина жасау; химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, телекоммуникация, көлік тасымалдары, автокөлік жолдарын салу, құрылыс материалдарының өнеркәсібі дами бастайды. Кезеңдер мен сатылар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу тәртібінің Ережесіне сәйкес (қатты пайдалы қазбалар) мақсаттарға қарай жер қойнауын геологиялық зерттеу үрдісі 3 кезең мен 5 сатыға бөлінеді. I кезең Жалпы геологиялық міндеттегі жұмыстар. 1 саты Жер қойнауын аймақтық геологиялық зерттеу. II кезең Кенорындарды іздеу және бағалау. 2 саты Іздеу жұмыстары. 3 саты Кенорындарды бағалау. III кезең Кенорындарды барлау мен игеру. 4 саты Кенорындарды барлау. 5 саты Игере барлау. I кезеңнің мәні минералды шикізаттың барлық түрлерінің орналасу заңдылықтарын анықтап және қорларды болжамды бағалап, аймақ территориясының геологиялық құрылысын кешенді зерттеуге келіп саяды. II және III кезеңдердегі жұмыстар ҚР минералды-шикізат базасын ұдайы өндіруге бағытталған. Нарықтық экономика жағдайында жер қойнауын геологиялық зерттеуді басқару геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталу керек. Мәселелердің шешілуіне ҚР экономикасындағы мемлекеттік және нарықтық секторлардың болуы ықпал етеді. Мемлекеттік сектор жер қойнауын аймақтық зерттеу, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен бағалау, нақты жер қойнауын пайдаланушыларға арналған құқықтық және ақпараттық базаны құру мәселелерін шешеді. Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік есепке алуға және мемлекеттік реестрге енгізуге мыналар жатады: - жер қойнауларын геологиялық зерттеу бойынша барлық жұмыстар; - пайдалы қазбаларды өндіруге берілетін жер қойнауларының бөлікшелері; - жер қойнауын пайдалануға берілетін лицензиялар. Нарықтық сектор бар лицензияларға сәйкес нақты объектілерде геологиялық барлау жұмыстарымен және пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Геологиялық қызметтің нарықтық секторы серіктестіктерден, акционерлік қоғамдардан және жеке кәсіпкерлерден тұрады. Мемлекеттік қажеттіліктерге арналған жер қойнауын зерттеумен байланысты барлық жұмыстары, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес ПҚК геологиялық картаға түсіруді, іздеу мен бағалауды, жер қойнаулары туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қаржыландыру ҚР мемлекеттік бюджетінің қаржылары есебінен жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану маңызды экономикалық әрекет болып табылады және ҚР құқықтық нормативтік құжаттарымен, соның ішінде ҚР жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықпен және Салық кодексімен реттеледі.
«ҚР жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлықтың негізгі қағидалары. 5 бап. Жер қойнауларына меншік құқығы, Пайдалы қазбалар және Минералды шикізат. 1. ҚР Конституциясына сәйкес, соның ішінде Пайдалы қазбалар, мемлекет меншігінде. 2. Егер Келісімшартпен өзгесі көзделмесе, Минералды шикізат Жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығының негізінде тиісті. 7 бап. ҚР Үкіметінің құзыреті. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1. мемлекеттік меншік объектісі ретінде Жер қойнауларының мемлекеттік қорын басқаруды ұйымдастырады; 2. Жер қойнауларын пайдалану және оларды қорғау ережелерін белгілейді; 3. Минералды шикізаттың стратегиялық және дефициттік түрлеріне деген мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған Жер қойнауларының бөлікшелерін анықтайды; 4. жалпы таралған пайдалы қазбалардың тізімін анықтайды; 5. Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған салықтар мен арнайы төлемдерді төлеу тәртібінің ерекшеліктерін анықтайды; 6. Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау мен Келісімшарттар жасасу тәртібін анықтайды; 7. жер қойнауын пайдалану Құқығына және өзге өкілеттіктерге Лицензиялар беруді жүзеге асырады. 10 бап. Жер қойнауын пайдалану Құқығының түрлері. Жер қойнауын пайдалану Құқығы келесі операциялр үшін беріледі:
Жер қойнауын пайдалану Құқығы: - тұрақты және уақытша; - адаланатын немесе адаланбайтын; - өтеулі немесе өтеусіз болуы мүмкін. 11 бап. Жер қойнауын пайдалану Құқығының субъектілері. Олар жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.
13 бап. Жер қойнауын пайдалану Құқығын беру. 1. Шығарумен байланысты емес, Барлау, Жерасты құрылыстарын тұрғызу және игеру құқығы, Лицензия мен Келісімшарттың негізінде жүргізіледі. 2. Коммерциялық мақсатта Жалпы таралған Пайдалы қазбаларды шығарудың бұл құқығы Лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
21 бап. Лицензия берудің тәсілдері. Барлау немесе Шығару құқығына берілетін Лицензия, әдетте, инвестициялық бағдарламалардың конкурсы негізінде беріледі. Лицензияларды келіссөздердің негізінде беруге рұқсат етіледі. Лицензиялар былай бөлінеді: - Барлау лицензиясы; - Шығару лицензиясы; - шығаруға байланыссыз, жерасты құрылыстарын салу және / немесе игеру лицензиясы. 25 бап. Барлау және / немесе Шығару Лицензиясын алу құқығына инвестициялық бағдарламаларын жүргізу шарттары.
а) оны өткізу уақыты мен орны, мәлімдемелер беру мерзімі; б) конкурстың негізгі шарттары; в) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу үшін көзделетін, жер қойнауылары бөлікшелерінің орналасуы мен сипаттамасы туралы нұсқаулар; г) нұсқаулар: - бюджетке төленетін бастапқы төлемдер туралы (жалға алу төлемі, бонустар, роялти және т.б.); - геологиялық ақпарат пакетінің құны туралы; - конкурсқа қатысу құқығының жарнасы туралы. 28 бап. Лицензия алу құқығы (конкурстық ұсыныс). I. Өтініш білдіруші белгілі мерзімде Барлау немесе Шығару Лицензиясын алу құқығына конкурстық ұсынысты құрады. II. Конкурстық ұсыныс мыналардан тұру керек: 1) соңғы 5 жылдағы өтініш білдірушінің бұрынғы әрекеті туралы ақпарат; өтініш білдірушінің қаржылық мүмкіндіктері туралы банк анықтамасы; 2) жұмыстардың бағдарламасынан және оларды жүзеге асыру шығындарын қосқанда, Барлауды жүргізу жағдайлары туралы өтініш білдірушінің ниеттері; 3) жерлерді рекультивациялау мен қалпына келтіруді қосқанда, қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысты өтініш білдірушінің ниеттері; 4) Барлауды қаржыландыру көздері (меншікті немесе заем қаржылары); 5) инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін талап етілетін кезең; 6) шығарылуы көзделген пайдалы қазбалардың мөлшері кіретін, жергілікті жерлерді өңдеу планы; 7) Шығаруды бастаудың күтілетін мерзімі; 8) ҚР көзделетін ақша түсімдері және Келісімшартты территорияның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын күрделі қаржылар. 30 бап. Конкурс қорытындыларын шығару. Конкурстың жеңімпазы келесі критерийлердің жиынтығы негізінде анықталады:
34 бап. Лицензияның әрекет ету мерзімі. Барлау Лицензиясы Лицензияның әрекет ету мерзімін екі рет ұзарту құқығы бар, әр кезеңнің ұзақтығы 2 жылға дейін, 6 жыл мерзімге беріледі. Шығару Лицензиясы 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. 38-41 бап. Лицензияны тоқтату, қайтарып алу немесе жарамсыз деп қабылдау. 1. Лицензиялық орган келесі жағдайларда 6 айға дейінгі мерзімге Лицензияның әрекетін тоқтатуға құқылы: а) лицензиат Лицензия шарттарын бұзып немесе онда көзделмеген әрекетті жүргізгенде; б) жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау заңнамасын жүйелі немесе өрескел бұзғанда. 2. Лицензиат анықталған бұзылуларды жоюдан бас тартқан жағдайда лицензия қайтарылып алуы мүмкін, бұл келісімшартты бұзуға (егер ол жасалса), лицензиаттан шығындарды өтеуге алып келеді. 68 бап. Пайдалы қазбалардың реквизициясы. Соғыс, апат және т.с.с. жағдайында ҚР Үкіметі құнын заттай өтеуді немесе шетелдік Жер қойнауын пайдаланушыға СКВ; ұлттық Жер қойнауын пайдаланушыға Ұлттық валютада төлеуді кепілдендіре отырып, Жер қойнауын пайдаланушыға тиісті пайдалы қазбалардың барлығын немесе бір бөлігін реквициялауға құқылы.
§3 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіппен жасалған, жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының аясында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізгенде жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен бекітілген, барлық салықтарды және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді төлейді. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары мыналардан тұрады: 1. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері: а) жазылу бонусы; б) коммерциялық анықтау бонусы; в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем; 2. пайдалы қазбаларды шығару салығы; 3. үстеме пайда салығы. Жазылу бонусы келісімшартты территорияда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жер қойнауын пайдаланушының бірлік белгіленген төлемі болып табылады. Жазылу бонусының бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалған әр келісімшарт үшін келесі мөлшерде жеке белгіленеді: 1) пайдалы қазбалардың белгіленген қорлары жоқ территорияға геологиялық барлау жүргізудің келісімшарттары үшін; 2) пайдалы қазбаларды шығарудың келісімшарттары үшін; 3) техногенді минералды түзілімдерді өңдеудің келісімшарттары үшін; 4) қарқынды суларды лықсытуға, сонымен қатар барлаумен және (немесе) шығарумен байланыссыз, жерасты құрылыстарын тұрғызуға және (немесе) игеруге арналған жер қойнауларын барлаудың келісімшарттары үшін. Коммерциялық анықтау бонусы келісімшартты территорияда пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық анықтау үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын қорлардың артуына алып келетін, кенорындарды қосымша барлаудың барысында анықтау үшін, жер қойнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық анықтау бонусын есептеуге арналған салық базасы пайдалы қазбаның алынатын қорларының салық базасының 0,1% мөлшерлемесі бойынша құны болып табылады. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдаланудың келісімшарты жасалғанға дейін тиісті келісімшарт территориясын геологиялық зерттеу мен жабдықтауға мемлекеттен кеткен шығындардың орнын толтыру бойынша жер қойнауын пайдаланушының белгіленген төлемі болып табылады. Пайдалы қазбаларды қазып шығару салығы ҚР территориясында қазып шығарылатын минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік батпақтардың әр түрі бойынша жер қойнауын пайдаланушы жеке төлейді. Салық шығарылатын минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік батпақтардың барлық түрлері бойынша ақшалай немесе натуралдық формада төленеді. Техногенді минералды түзілімдерден шығаруды қоса алғанда, салық пайдалы қазбаларды шығару кезінде төленеді. Үстеме пайда салығы (жалпы таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік батпақтарды өндіруге, сонымен қатар барлаумен және шығарумен байланыссыз жерасты құрылыстарын тұрғызуға және игеруге жасалған келісімшарттарды қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Бұл салық салық кодексімен анықталған шегерімдердің сомасының 25% асатын, жер қойнауын пайдаланушының таза пайдасының бір бөлігін құрайды. Date: 2015-06-08; view: 1617; Нарушение авторских прав |