Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық реформаның негізгі бағыттары





Жоспар:

1. Экономиканың негізгі мәселелері және оны шешудің негізгі тәсілдері.

2. Қазіргі экономиканың жойылмас қарама-қайшылықтары және нарықтық экономика принциптері.

3. Қазақстандағы экономикалық реформаның негізгі бағыттары.

Қазіргі экономика – бұл экономикалық тәуелсіздік құқығы және коммерциялық жетістіктің мүмкіндігі.

Қазіргі экономика – бұл өздерінің материалдық саулығын өз күшімен құруға дайын, әуелсіз және экономикалық дербестікке ұмтылатын адамдардың қауымдастығы. Дәл осындай адам болу ұмтылысынан өркениетті тиімді нарықтық экономикаға көшу басталады.

Қазіргі экономиканың іргелі мәселесіқазіргі нарықтық шаруашылық үрдістерді реттеудің тиімді механизмін іздеу (мемлекеттің ролі, оның араласу дәрежесі, өндірушілер мен тұтынушылар еркіндігінің дәрежесі).

Соңғы уақытқа дейін экономикалық теорияда және тәжірибеде бұл мәселені шешудің қарама-қайшы тәсілдері өзара күресті.

Бірінші тәсіл «классикалық» деген атауға ие болды. Оның мәні – шаруашылық әрекеттің әр субъектісіне шексіз экономикалы еркіндік беру мүмкіндігі. Алайда тәжірибе «классикалық» тәсілдің мүмкін еместігін көрсетті, өйткені мұндай экономикалық ұйымға қайта өндірістің дағдарыстары мен әлеуметтік антагонизмдер объективті түрде тән.

Екінші қарама-қарсы «әлеуметтік» тәсіл – оның мәні шаруашылық әрекет субъектілерінің әрекеті қатаң директивті регламентацияға бағынатындығында жатыр (не өндіру, қашан, қанша, кім үшін, қандай ресурстардан, сату бағасы және т.с.с.). Бұл қатаң бақылауды, экономикадан тыс мәжбүрлеу құқығына ие, мемлекет жүзеге асырады. Әрине, өндірісті директивті ұйымдастыру, өндірушілердің экономикалық дербестігінсіз мүмкін емес, нарықты жоққа шығарады.

Мемлекеттің экономикаға араласу керектігі бұрыннан белгілі және түрлі экономикалық концепциялармен қабылданған. Бірақ тек «кеңестік экономикада» бұл араласу тантыққа әкеліп соқты. Барлық жерде директивті жоспарлылық «мемлекеттік социализмнің» экономикалық үлгісі ретінде анықтала бастады. Қоғамдық өндірістің бұл формасының ұзақ болмауын тәжірибе көрсетті.

Тек қазіргі постиндустриалды қоғамда бұл мәселені «аралас жүйе» шектерінде тиімді шешуге болады. «Аралас жүйенің» мәнісі мынада: оның аясында өндірушінің абсолютті экономикалық дербестігі салыстырмалыға, ал мемлекеттің директивті араласуы бағдарлаушы жанама ықпалға ауысады. Аралас жүйе жүгенделген нарық сақталатын, «әлеуметтік-реттелетін нарықтық экономиканы» құруға мүмкіндік береді.

§2 Қазіргі экономиканың жойылмас қарама-қайшылықтары және нарықтық экономика принциптері.

Қазіргі нарықтық экономикаға жойылмас кемшіліктер тән:

а) жалпы қажеттіліктерді қанағаттандырудың күрделілігі (білім беру, ғылым, жұмысқа қабілетсіздерді қолдау, денсаулық сақтау, экология);

б) кірістердің әділсіз дифференциациясы;

в) монополизм (таңдау мүмкіндігінің жоқтығына әкеледі).

Тәжірибеде мұндай экономиканы тиімді реттеу, ең алдымен, нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы ғана мүмкін.


«Жеке пайда» - нарықтық экономика құрылған жалпы негіз. Алайда жеке пайдаға қол жеткізу келесі міндетті шарттарды талап етеді:

1. әрбір шаруашылық субъектісі (соның ішінде қарапайым адам) таңдау мүмкіндігіне ие:

- капиталды қолдану салалары;

- бәсекенің формалары;

- ұсыныс молдылығынан таңдау

2. нарықтық экономикада көбірек индивидтер өздерінің жеке пайдасына жететіндей, олардың көбі таңдау мүмкіндігіне ие болу керек;

3. әр индивид, ең алдымен өзінің соңғы таңдауын жасауға тиіс, нәтижеге жету үшін мүмкін пайда мен шығындарды сұрап және салыстырып, көптеген мүмкіндіктерді бағалайды.

Сондықтан пайдаға жетудің әр таңдауы тиімді жасалу керек.

Қазіргі нарықтық экономика ерекше әлеуметтік, экономикалық, саяси, нарықтық принциптердің тұтас жүйесін қалыптастырды:

  1. адамның жеке бостандығының негізі, оның шығармашылық әлеуетін ашудың шарты тұлғаның өзін-өзі экономикалық анықтауы, яғни өмірін дербес жақсарту құқығы болып табылады;
  2. жылжитын және жылжымайтын мүліктің барлық түрлерінің меншік иесі болу құқығы. Мұндай меншік иелерінің саны артқан сайын, қоғамдағы әлеуметтік жағдай соншалықты тұрақты болады. Алайда, нарықтық экономика жағдайындағы меншік бай тірліктің кепілі емес, өз меншігін коммерциялық пайдалану нәтижелерінің мүліктік жауапкершілігі екенін білу керек. Меншіктің барлық формалары мен түрлерін қорғауды, қолдау мен тең құқылығын қоғам кепілдендіргенде, меншік иесі болу құқығы мүмкін болды;
  3. шаруашылық әрекетті жүргізуде нарықтық экономика субъектілерінің экономикалық құқытарының теңдігі – маңызды принцип. Мұндай тепе-теңдік қана нарықтық өндірістің көпсекторлығын, ашықтығын және еркін бәсекесін қамтамасыз етуі мүмкін;
  4. тауар өндірушінің экономикалық еркіндігі, яғни өндіріс көлеміне, өнім ассортиментіне, сату көлеміне, бағаны белгілеуге, серіктестер таңдауға және т.с.с. қатысты мәселелерді дербес шешу құқығы;
  5. бағаның еркін түзілуі, көбінесе сұраныс пен ұсыныстың қатынасымен анықталады. Бағаларды әкімшілік тағайындау ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, қорғаныс құрылымдары, экология сияқты экономиканың нарықтық емес секторларында ғана рұқсат етіледі;
  6. еңбек, тауарлар мен капиталдар нарығының болуы. Әсіресе тиімді жұмыспен қамтылуды және қоғамның жұмыс күшін үздіксіз қайта дайындауды қамтамасыз ететін, еңбек нарығы маңызды;
  7. келесі басты бағыттар бойынша нарықтық экономиканы міндетті мемлекеттік реттеу:

а) өндірісті тұрақтандыру (салықтық және инвестициялық саясат);


б) ҒТӨ қаржыландыру (ғылыми-мақсатты бағдарламалардың саясаты);

в) әлеуметтік маңызы бар салалар дотациясы (инвестициялық саясат);

г) түрлі аймақтардың экономикалық даму деңгейлерін теңестіру (аймақтық экономикалық саясат);

д) бәсекені мемлекеттік қолдау (демонополизация саясаты);

е) ақша жүйесін тұрақтандыру және сауықтыру (қаржы және антиинфляциялық саясат);

ж) қоғамның шамадан тыс мүліктік бөлінуін жеңу (яғни кіріс саясаты);

  1. әлеуметтік қорғау жүйесі – бұл нарықтық экономиканың шарасыз жағымсыз әлеуметтік салдарын әлсіретудің басты құралы.

Әлеуметтік қорғау жүйесі үш негізгі бағыттан тұрады:

а) кірістерді салықтық қайта бөлу арқылы кәсіпкерлердің кірістерін реттеу;

б) еңбек төлемінің міндетті негізі ретінде ең төмен жалақыны заңмен бекіту арқылы жалдамалы қызметкерлердің жалақысын кепілдендіру;

в) жалақыны индексациялау арқылы халықтың тіршілік деңгейін қорғау.

 

Қазіргі экономика – бұл оның үш негізі: «сұраныс», «ұсыныс» және «баға» арасындағы үздіксіз әрекеттестік.

 

§3 Қазақстандағы экономикалық реформаның негізгі бағыттары.

Қазақстан қысқа мерзімде экономиканың түбегейлі реформасын жүзеге асырды, нарықтық реформаларды жүргізді және тиісті заңнаманы құрды. Бүгінгі таңда Қазақстанның шынайы түрле әрекет ететін нарықтық экономикасы бар, онда экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін игеру болып табылады. Шикізат секторының кірістері негізінде Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қорды құрды (2009 жылға қарай онда шамамен 47 млрд. американ доллары шоғырланды). Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын біртіндеп жүргізеді, шетел инвесторлары бүгін Қазақстанның тұрақтылықты кепілдендірілетін және өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін, сенімді серіктес екендігін біледі.


ХХI ғасырда Қазақстан Республикасында экономиканы диферсификациялауға бағытталған, индустриалды-инновациялық стратегиясы қабылданды. Бұл болашақ бағдарламасы. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың экономикалық әлеуетіне ие, басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісі құрылатын болады. Бұл стратегияны жүзеге ашыру үшін, туризм, мұнайгазды машина жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі, көліктік-логистикалық қызметтер, металлургия және құрылыс материалдары сияқты нарық сегменттерінде қазақстандық кластерлердің жүйесін дамыту басталды. Олар шикізатсыз салалардағы ел экономикасының ұзақ мерзімді мамандануын анықтайды.

Қазақстанда Әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламаларын біртіндеп жүзеге асыруды жүргізеді, оның аясында зейнетақылардың, жәрдемақылардың, стипендиялардың, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысының мөлшері біртіндеп артып келеді, сонымен қатар ана мен баланы қолдау жетілдіріледі.

Елдегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі қалыптасқан. Жыл сайын ауылшаруашылық өндірісті дамытуға республикалық бюджеттен айтарлықтай ақша қаражаттары бөлінеді. ДСҰ алдағы ену отандық ауылшаруашылық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Бұдан ары аграрлық өндірісті индустриаландыру қажет. Білім беру мен кәсіби дайындық саласында болашақтың жоғары технологиялы және ғылыми өндірістеріне арналған кадрлық жиналу қалыптасады. Барлық деңгейлердегі техникалық және кәсіптік білім дамиды, соның ішінде бүгінгі таңда қазақстандық жоо-ның басты міндеті дүниежүзілік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Қазақстан жоғары адамгершілік, этикалық стандарттар және рухани құндылықтар бағаланатын қоғамды құрады.

 







Date: 2015-06-08; view: 3128; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию