Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
БӨЛІМ. Өнеркәсіп пен сала экономикасының негіздері
Өнеркәсіп пен сала экономикасының негіздері. Тақырып 2.1: Елдің өндірістік күштерінің дамуындағы минералды шикізаттың рөлі. Жоспар: 1.Табиғи ресурстар, минералды шикізат және пайдалы қазба кен орындары туралы түсінік. 2. Минералды шикізаттардың экономикалық топтары. 3. Пайдалы қазбаларға баға беру. Өндіріске және минералды шикізаттарға қойылатын талаптар.
§1. Табиғи ресурстар, минералды шикізат және пайдалы қазба кен орындары туралы түсінік. Табиғи ресурстар деп өндірісте қолдануға жарамды заттардың табиғи күштерін атайды, олардың ішінде «сарқылмайтын» және «таусылатын» түрлерін ажыратады. Пайдалы қазбалар – табиғи ресурстардың аса маңызды бөлігі; бұл жер бедеріндегі табиғи минералды заттар, олар өндірістік күштердің айтарлықтай дамуында өндірістік қолдануға жарамды. Жер қойнауларынан алынғандар, олар минералды шикізаттарды білдіреді. Пайдалы қазба кен орындары – бұл саны, сапасы және орналасу жағдайлары бойынша өндірістің барлық талаптарына жауап беретін және тауөндіру кәсіпорнының - кеніш, карьер, шахтаның минералды-шикізат базасы ретінде қызмет ете алатын жер белеріндегі минералды заттардың кеңістікте өздігінен жинақталуы. Берілген мемлекет территорияларының жер қойнауларында табылған сол немесе басқа пайдалы қазбалардың қорлары оның белгілі-бір кезеңге минералды қорын білдіреді. Анықталған минералды қорлардың жиынтығы елдің минералды-шикізат базасын білдіреді. Минералды шикізат – әр елдің маңызды байлық көзі; одан алынатын өнімдер адамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Минералды шикізат қара, түсті және бағалы металдарды қорыту үшін отын ретінде, құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы мен т.с.с. арналған химикаттарды, тыңайтқыштарды жасау үшін қолданылуы мүмкін. Шикізат өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларын өндіру құралдарының негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Ол қандай да бір өнеркәсіптік кәсіпорынның дайын тауарлы өніміне немесе жартылай өнімдерге айнала отырып, еңбек заты ретінде өндірістік үрдістерге қатысады.
§2. Минералды шикізаттардың экономикалық топтары. Өнеркәсіптің түрлі салаларында тұтынылатын шикізаттың түрлері сан алуан. Бастапқы жаралуы бойынша оларды екі негізгі топқа бөледі:
Өндірістік міндеті бойынша өнеркәсіптік шикізат негізгі шикізатқа және қосалқы материалдарға бөлінеді. Негізгі шикізат (негізгі материалдар) дайын өнімнің материалдық негізі болып табылады (мысалы, қорғасын қорытуға арналған қорғасын кені, вольфрам және молибден концентраттарын өндіруге арналған вольфрамомолибден кені және т.с.с.). Қосалқы материалдар дайын өнімнің материалдық негізін ешқашан құрамайтындығымен негізгі шикізаттан ерекшеленеді. Олар өндірістік үрдіске түрліше қатысады: белгілі бір қасиеттер бере отырып, негізгі шикізатқа қосылады (мысалы, флюстер, қоспалауыштар және т.с.с.), немесе еңбек құралдарының жұмысын қамтамасыз етеді (мысалы, отын, майлайтын майлар және басқалары), немесе өндіріс жағдайларын құрады (мысалы, өндірістік ғимараттарды жылыту мен жарықтандыруға арналған материалдар мен энергия). Негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың басты айырмашылығы олардың материалдық құрамында емес, олардың дайын өнім өндірісіне қатысу сипатынан тұрады. Мысалы, мұнай отын ретінде қосалқы материал болып табылады, ал бензин өндірісінде ол шикізатқа айналады. Өнеркәсіптің қазіргі техникалық дамуында кейбір негізгі және қосалқы материалдардың арасындағы айырмашылық жойылады, әсіресе химиялық өндірістерде. Қосалқы материалдар өнеркәсіптің көптеген салалары үшін үлкен маңызға ие. Осылайша, түсті металлургияның бірқатар өндірістерінде (алюминийлі, никельді) қосалқы материалдарға кететін шығындар негізгі шикізатқа кететін шығындарға тең немесе артық. Өнеркәсіптік шикізат табиғи жаратылысқа ие немесе жасанды жолмен алынады. Минералды шикізат, су, ауа және т.с.с. табиғи жаратылысқа ие. Жасанды шикізатқа минералды және органикалық шикізаттан алынатын, химиялық өнеркәсіптің түрлі өнімдері, мысалы, пластикалық массалар, синтетикалық отын және т.б. жатады. Өнеркәсіптік шикізаттың негізгі түрі минералды шикізат болып табылады. Ол қара және түсті металлургия өндірісінің, яғни машина жасау, электротехникалық өндірістің және ауыр өнеркәсіптің өзге салаларының негізі болып табылады. Минералды шикізатқа көмірлерді, мұнайды, табиғи газдарды, тұздарды, кенді және кенсіз шикізатты жатқызады. Минералды шикізаттың айрықша белгісі оны жер қойнауларынан шығару болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі минералды шикізаттың айрықша ерекшелігі, басқа түрлерге қарағанда, шығарылған минералды шикізаттың орны толмайды. Жер оның байлықтарын пайдалану шамасына қарай әлсіреуі мүмкін, алайда оның құнарлығы прогрессивті агротехника кезінде қалпына келтіріледі; ормандар кесілуі және қайте қалпына келтірілуі мүмкін. Жер қойнауларынан алынған минералды шикізаттың шоғырлары қалпына келтірілмейді. Бұл тұрғыда олар белгілі бір уақыт аралығынан кейін табиғи жолмен қалпына келетін, жағалау-теңіз және кейбір арналық шашылымдар, сонымен қатар жерасты сулары өзгеше. Пайдалы қазбалар – бұл өндіргіш күштер дамуының қазіргі деңгейінде өнеркәсіптік пайдалануға жарамды, жер қыртысындағы табиғи материалдық заттар. Олар жер қойнауларынан алынады, минералды шикізатты құрайды. Осылайша, минералды шикізат деп, халықшаруашылық маңызға ие, жер қойнауларынан өндірілген пайдалы қазбалар, ал минералды ресурстар деп, белгілі бір күнге елдің қарамағындағы, пайдал қазбалардың анықталған және барланған, сонымен қатар бағаланған болжамды ресурстары есептеледі. Пайдалы қазбалардың арасында келесі негізгі топтарды ажыратады:
Химиялық құрамына қарай қарапайым (монометалды) және әдетте бір немесе екі металл өнеркәсіптік маңызға ие, салыстырмалы қарапайым құрамды кендерді, құрамында өнеркәсіптік тәсілмен алынатын металдар және сирек элементтердің бірқатары бар, күрделі (полиметалл) кендерді ажыратады. Қарапайымдарға көптеген темір және марганец кендерін, кейбір мыс кендерін, көптеген алтын және қалайы кендерін жатқызады. Полиметалл кендердің тобына, құрамында көбінесе мыс, алтын, күміс, вольфрамомолибден кендері, мыс-цинк кендері, мыс-никель кендері және т.б. енетін, қорғасын-цинк кендерінің көпшілігін жатқызады. Металлургиялық өнеркәсіпте шикізатты бастапқы және екінші қатарлы деп бөлу үлкен маңызға ие. Бастапқыға жер қойнауынан алынатын металл шикізатты жатқызады, екінші қатарлы амортизациялық сынықтардан (тозған машиналардағы, жабдықтардағы, тұрмыс заттарындағы және т.б. қара және түсті металдар) және іріктелген металдан (қара және түсті металлургия қалдықтары, прокат, машина жасау және металл өңдеу қалдықтары) түзіледі. Халық шаруашылығының барлық салаларының, ең алдымен ауыр өнеркәсіптің дамуының жоғары қарқыны, күшті техникалық өрлеу қолданысқа жаңа минералдар мен олардың қоспаларын енгізеді. Қазіргі уақытта Д.И.Менделеевтің Элементтердің периодты жүйесіндегі барлық дерлік элементтер қолданылады, минералды шикізаттың номенклатурасы 200 атауға дейін көбейді. Бұл жағдайда минералды шикізаттың есебін, жоспарлануы мен бөлінуін дұрыс ұйымдастыру үшін, негізгі белгі – салалық өнеркәсіптік тұтыну бойынша пайдалы қазбаларды топтау қажет:
Пайдалы қазбалардың аталған топтары бойынша геологиялық тапсырмаларды бекітеді.
§3. Пайдалы қазбаларға баға беру. Өндіріске және минералды шикізаттарға қойылатын талаптар. Өнеркәсіпті минералды шикізатпен қамтамасыз ету пайдалы қазбалардың қорларын дұрыс экономикалық бағалауды, олардың барлау мен игеру кезегін анықтауды талап етеді. Жер қойнауларында жатқан қорларды өнеркәсіптік игеруге жарамды және жарамсыз деп бөлу мүмкін емес. Жер қойнауында халық шаруашылығы үшін пайдасыз болуы мүмкін қазбалар жоқ. Барлығы пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу техниканың, технологиясының деңгейіне тәуелді. Техника өрлеуінің нәтижесінде, құрамында түсті металдар бар, минералдардың айтарлықтай бөлігі өнеркәсіптік еместер қатарынан өнеркәсіптілер қатарына көшті. Техниканың өрлеуі, өндірістің өсуі және шикізатқа деген қажеттіліктің тиісті өсуі өнеркәсіптік пайдалануға кедей кендерді және күрделі (кешенді) құрамды кендерді енгізеді. Қазіргі уақытта бұл кендер түсті және әсіресе сирек металдардың көптеген салаларының шикізаттық балансында басым болып келеді. Уақыттың әр нақты сәтінде жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың шоғырлары пайдалы бола бастайды және халықшаруашылық мақсат талаптарын қанағаттандыру шартында өнеркәсіптік маңызға ие болады. Соның ішінде, кенді пайдалы қазбалар өнеркәсіптің таулы-өндіруші және өңдеуші салаларының талаптарына жауап беру керек. Бұл талаптар, ең алдымен, пайдалы қазбалардың кеңістікте оқшауланған мөлшері мен оның сапасына қатысты. Пайдалы қазбаның мөлшері өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың ауқымын, яғни нақты көзді игеру есебінен бұл пайдалы қазбаға деген халық шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін анықтайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауқымымен бірге олардың құрылысына жұмсалатын күрделі қаржылар анықталады. Пайдалы қазбаның сапасы ең алдымен құрамындағы пайдалы компоненттердің мөлшерімен, сонымен қатар оның минералды және химиялық құрамдарымен, физикалық қасиеттерімен, зиянды қоспалардың болуымен, бітімдік және өзге ерекшеліктерімен сипатталады, олар бірлесіп, пайдалы қазбаның технологиялық қасиеттерін және оның өнеркәсіптік пайдаланудың мүмкіндігін анықтайды. Пайдалы қазбаның технологиялық қасиеттеріне тау-кен өнімінің шығымы және оның өндірісіне кеткен шығындар тәуелді. Сандық және сапалық қасиеттерден басқа, пайдалы қазба, өндірудің таулы-технологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын, жер қойнауларында орналасуының геологиялық жағдайларымен сипатталады. Геологиялық жағдайларға пайдалы қазба шоғырларының морфологиялық ерекшеліктері (мөлшері, формалары және түрлі бағыттар бойынша формаларының тұрақтылығы), пайдалы қазба денелерінің құрылысы (шоғырлардың үзілу дәрежесі және олардың бітімдік ерекшеліктері), шоғырлардың жатыс элементтері (жер бетінен орналасу тереңдігі, еңістік бұрышы), пайдалы қазбаның гидрогеологиялық жағдайлары және сыйыстырушы жыныстардың инженерлік-геологиялық қасиеттері жатады. Жерқойнауларында пайдалы қазба орналасуының геологиялық жағдайлары пайдалы қазбаларды аршу, пайдалану тәсілдерін және өндіру жүйелерін, сонымен қатар оны жер қойнауынан шығарудың игеру шығындарын анықтайды. Пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік маңызын анықтағанда олардың жатыс ауданының табиғи және экономикалық жағдайлары үлкен маңызға ие: жергілікті жердің климаты мен бедері, ауданның игерілуі, көлік және энергетикалық жағдайлар, су ресурстары, ауданда басқа пайдалы қазбалар мен материалдардың болуы, тұтынушылардан алыстығы және т.с.с. Бұл факторлар пайдалы қазбаны игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне және оны игеру мерзімдеріне маңызды ықпалын тигізеді. Жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың шоғырларын жоғарыда аталған талаптарға қаншалықты сай келуіне қарай, олардың өнеркәсіптік бағалығы мен игеру кезегі анықталады. Жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың шоғырлары өнеркәсіптік маңызға ие бола бастаған жағдайда, оларды кенорындар деп атайды. Пайдалы қазба кенорны – бұл саны, сапасы және жатыс жағдайлары бойынша өнеркәсіптің қазіргі талаптарына сай келетін және тау-кен өндіруші кәсіпорынның – кеніштің, карьердің, шахтаның минералды-шикізат базасы қызметін атқаруы мүмкін, жер қыртысындағы минералды заттардың кеңістікте ерекше шоғырлануы. Берілген елдің территориясында анықталған қандай да бір пайдалы қазбаның қорлары белгілі бір мерзімдегі оның минералды ресурстарын білдіреді. Анықталған минералды ресурстардың жиынтығы елдің минералды-шикізат базасын құрайды. Тақырып 2.2: Жер қойнауын пайдаланудың экономикалық және құқықтық негіздері. Date: 2015-06-08; view: 1936; Нарушение авторских прав |