Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан Республикасының Президенті – Ұлт Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы





Өз жолдауында Ел басы, Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – бұл экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру екендігін атап өтті. Бұл қазіргі дүние жүзінде әлеуметтік-экономикалық модернизацияның басты сауалы. Бұл - Қазақстанның алдағы он жылдықта дамуының басты бағыты.

- Қазақстандықтар – біртұтас, кемелденген және мықты халық. Алайда біз қауіп-қатерге толы қиын кезеңде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – бұндай сынаққа экономиканы дайындау, оның диверсификациясын жалғастыру, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент, Қазақстанға он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыру қажеттілігін, ерекше атап өтті.

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуы. Бұл - оқытудың тиімді жүйесін жасау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жылдамдығын жоғарлату, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа басым орналастыру.

Екінші. Арзан пәтер үйлер. Қазақстанда жыл сайын жаңа тұрғын үйлердің 6 миллион шаршы метрі қабылданатын болады. Бірінші кезекте, жарты миллионға жуық жас отбасыларын пәтермен қамтамасыз ету мәселесін шешу аса маңызды. Бұл тапсырманы шешу үшін 1 миллион шаршы метрге дейінгі жалдамалы тұрғын үй алаңдарын пайдалануға алу қажет.

Үшінші. Аймақтық дамыту. Қуатты Қазақстан – бұл, ең алдымен, қуатты аймақтар. Экономикалық дамудың болашағы бар ареалдарында бірінші кезекте, жаңа зауыттар салыну керек, индустриялық жұмыс орындары, әлеуметтік инфрақұрылым жасалу керек. Жеке мәселе – кіші қалалардың дамуы.

- Жаңаозендегі жан түршігерлік оқиға, бұдай моноқалалар әлеуметтік қауіп-қатерге ұшырауға жақын екендігін көсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай режимін енгізуге, жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді шаралар қолдануға мәжбүр болды. Қазір жағдай қалыпты арнаға түсті. Мәжіліс сайлауында басым көпшілікпен «Нұр Отан» партиясына дауыс беріп, мемлекет саясатын толығымен қолдайтындықтарын көрсетті. Мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін ұзартпау туралы шешім қабылдадым, - деді Президент.

 

 

Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату. Электронды үкімет, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын жоғарлату.

Бесінші. Кадрлық әлеуетті жақсарту. Басты міндет – Қазақстанды ХХІ ғасырда лайықты басқара алатын жаңа басқару элитасын құрайтын кеңсе қызметкерлерінің білікті саяси тобын даярлау.

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерінің модернизациясы. Соттық корпустың құрылу ретін толығымен қайта қарау қажет. Басты мәселе – құқық қорғау және арнайы мекемелердің сапалы кадрлық жаңарту.

Жетінші. Қазақстанда адамдық капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру және денсаулықты сақтау. Оқыту үрдісіне қазіргі әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрамның сапасын жоғарлату, біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін құру, жастарға білім алудың қол жетімділігін кеңейту қажет.


Сегізінші. Зейнеткерлік жүйені жетілдіру. Өкіметке Ұлттық Банкпен бірлесе отырып зейнеткерлік жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстарды іске асыру қажет.

Тоғызыншы. Индустриялы-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму шегіндегі жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жетілдірудің басты бағыты болып қала бермек. Индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамытудың бірқатар жаңа жобалары анықталды, олардың ішінде Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол желілері, Атыру МӨЗ (Мұнайды өңдеу зауыты) мұнайды терең өңдеудің кешені, Қарағанды кен орындарындағы газ өңдеу зауыты, мемлекеттің орталық аймақтарын, астана мен басқа да аймақтарды газбен қамтамасыз ететін құбыр өткізу жүйесі.

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалдарсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың механизмдері енгізілетін болады, бірыңғай дәнді-дақылдар холдингі жасалады, аграрлы өндіріске жеке инвестициялардың қауіп-қатерін төмендету үшін қарыздарға кепілдік беру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесі жасалатын болады.

- Әлеуметтік модернизация – бұл Жаңа Парламент пен Өкіметтің, Қазақстанның қалған барлық күштерінің – партиялар, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық және кәсіптік одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, еліміздің барлық патриоттары қызметінің басты мәселесі. Біз барлық күштерді Отан игілігі үшін біріктіруіміз керек. Барлық қазақстандықтарды барлық көрсетілген міндеттер бойынша жұмыстарға белсенді түрде қатысуға шақырамын! – деді Ел басы.

 

Тақырып 1.2: Нарықтық экономиканың негіздері. Нарық заңдары.







Date: 2015-06-08; view: 922; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию