Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жапония
Жапония – Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Жер аумағы 372,2 мың шақырым. Халқы 125 млн. Астанасы – Токио қаласы (11,9 млн.). Жапония бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і жапондар. Жапония табиғаты жағынан таңқаларлық сұлулығымен тартымды. Аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Жерінің 68%-ын таулар алып жатыр. Ең биік тауы Фудзи елдің ұлттық символы болып табылады. Фудзиді жапондар «киелі тау» деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Жапонияның тағы бір ерекшелігі минералдық шикізаттарға кедей. «Сату немесе өмір сүрмеу», – деген ұранды жергілікті жердегі өнеркәсіпті дамыту мақсатында ұстанады. Ел әлемдегі радио электроника мен жеңіл және ауыр жүк көліктерін жасауда алдыңғы қатарда. Соның өзінде ұлттық өндіріске фарфорлық ойыншықтар және көркем суреттік бұйымдар жасаужатады. Мұнайдың жоғарлауымен болған ХХ ғасырдың соңындағы әлемдік энергетикалық дағдарыс Жапония елін әлсіретпей, керісінше жоғары технологиялар жасап және қаржылық жағдайы одан әрі дами түсті. Осыдан кейін Жапония әлемдегі тек өндірістік өнімдерді шығаратын ірі ел емес, сонымен қатар Азиядағы Тынық мұхиттық технологиялардың «миы» және әлемдегі ірі қаржылық орталықтардың бірі бола бастады. Ұзақ уақыт (1868 жылға дейін) Жапония жабық ел деп саналды. Токио – Жапонияның астанасы әрі дүние жүзіндегі ірі мегалополистердің бірі. Токияның көрнекі жерлеріне буддалық храмдар, оларға: Каннон, Мейдзи, Ракандзи, синтоистік касиетті Яскуни, сонымен қатар императорлық сарай, ұлттық мұражай, өнер орталығы Согэцу. Осака – Жапонияның батысындағы ең ірі қала. Ол өзінің әлемдегі ең үлкен «Шолып өту дөңгелегін» және аквариумын мақтан етеді. Нара ежелгі Жапонияның астанасы, мұражай қаласы, сәулет ескерткіштерімен және императорлық қазыналарымен танымал. Соңғы онжылдықта Жапония спорттық мерейтойлар сонымен бірге, олимпиадалық ойындар, футболдан әлем чемпионатын өткізу арқылы көптеген туристерді өзіне тартуда. Жылы климат, көптеген аралдар және жағалау сызықтары теңіздік туризмге қолайлы орын болып табылады. Солай бола тұра, басқа елдерге қарағанда бұл жерде жағалаулық курорттар мүлдем жоқ. Елде бұл туризмді дамыту үшін инфрақұрылымға материалдық жағдай жасау керек, ал оның орнына жапондықтар шетелдерде демалғанды жөн көреді. Ертеден Жапония жұмбақ ел болып келді. Ең бірінші Жапония елі туралы деректі еуропалықтар (ХVIII ғ.) Қытайда қызметте жүрген Марко Поло арқылы таныды. Ол өз деректерінде Жапонияның алтынға бай ел екенін айтып кетеді. Кейін осы ел туралы көптеген аңыздар жүре бастайды. Қазіргі заманауи өмірде болып жаткан әлемдік өзгерістер, және шекаралардың жойылуы, халықтың қарқынды қоныс аударуы, соңғы жаңалықтардың қол жетімді болған кезінде, Жапония әлі өзінің жұмбақтылығын сақтап келуде. Жапония – экономикалық жағдайы жоғары, өндірістің әр саласы ең соңғы құралдармен жабдықталған, сонымен қатар осының барлығын салт-дәстүрмен сабақтастыра білген әлемдегі жалғыз ел. Оны қазіргі жетілген заманда, яғни, миллиондаған халық тұратын ірі қалаларындағы аспанмен таласқан ғимараттарда, жылдамдығы 200-300 шақырым сағатта жүретін поездарда ұлттық киім киіп жүрген адамдарды тек жазда емес, сонымен бірге қыста да жиі көресін. Жапонияда бір көзге сәйкес келмейтін дүниелер бір-бірімен үйлесім тауып орналасқан. Ғылыми-техникалық жетістік, ірі қалалардың салынуы, олардың аспанмен таласқан ғимараттары, үнемі ұмтылыстағы қарқынды өмірлері, көп ақпарат пен адамдардың ағыны, айналадағы жоғары жылдамдық пен асықпай табиғатын сүйсіну, шынайы болмысқа эстетикалық тұрғыда қарау, осының барлығы көпғасырлық салт-дәстүрдің ізімен келеді. Саяхаттау – жапондықтардың салт-дәстүрлерінің бірі. Еуропалықтардың ішінде «жабық» Жапонияда болып қайтқан неміс дәрігері Кемпфер (XVII ғ. соңы) және Фон Зибольд (ХІХ ғ. соңында) бұл елдің басқа азиялық елдерге қарағандағы ерекшелігі халқы жиі саяхаттайтынын айтып кетеді. Сонымен бірге Зибольд сол заманға сай саяхаттауға алып шығатын құрал-жабдықтарға ерекше көңіл аударады: «Жол картасы және нұсқаулық карта – саяхаттаушыға ең қажетті заттар. Саяхаттаушылар арасында еуропаға қарағанда бұл жерде кең тараған. Жергілікті жер мен жолдардың картасынан бөлек, саяхаттайтын жері туралы басқада көптеген ақпараттары болады, оларға: жолға қажетті заттардың тізімі; жүк тасушылар мен жылқыға кететін баға; атақты таулардың және табыну орындарының аттары; климатының ерекшелігі; әр түрлі қауіпті жыландар мен құмырсқалар туралы ақпарат бар». Жапондықтар әр уақытта қай жерде болмасын қолдарына өздерінің үйренген заттарын ұстайды. Сондықтан шетелге сапар шеккенде жапондық кептірілген балдыр, кейбір дәмдеуіштер және жартылай фабрикат тамақтарын ала жүреді. Олар басқа елдің тағамынан міндетті түрде ауыз тиеді, бірақ күнделікті ас мәзіріне қоспайды. Елдің ұлттық дәстүрлеріне әр түрлі сыни көзқарастар жүруі мүмкін, соның ішінде өз елінің табиғатына деген қарым-қатынасы. Табиғатқа сүйсіну – жапондықтардың ежелгі дәстүрі. Елде бұл дәстүрдің 3 негізгі салты бар: гүлге, айға және қарға сүйсіну. ХХ ғ. ІІ жартысында Жапонияның сыртқы туризмі қарқынды дамыды. 1965-2000 жж. аралығында Жапонияның туризмі 100 есе өсті. Жапония тығыз қоныстану жағынан әлемдегі ондыққа кіреді. Ол өте жоғары дамыған ел, халықтың 90 % астамы орта тапқа жатады. Сонымен қатар сыртқы туризм кеш дамыды, және әлі күнге дейін, жапон туристерінің шетелге шығатын легі жылма-жыл артуы байқалса да сыртқа шығатын турим басқа дамыған елдерге қарағанда төмен. Жапондықтардың «Туризмге қатысты ақ кітабында» 2002-2004 жж. сыртқы туризм бойынша Жапония әлемде 11 орында және Азияда 2 орынды (Малайзиядан кейін), жапондық туристердің шетелде шыққан шығын көлемі бойынща 4-ші орынды алады. Шамамен жапондық туристер басқа елге барып-қайтуға орта есеппен 2,8 мың дол., немесе күніне 300 дол. жұмсайды. Сыртқы туризм толқыны Жапонияда бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші толқын 1960 жылдың ортасында жапондық туристерді шетелге шығармау туралы шектеулерді алып тастағаннан кейін болды. Жыл сайынғы олардың орта өсімі 30% құрады. Екінші толқын азаматтық әуе көлігінің келуімен болды. Басты туристік орталықтардан алыс орналасқан аралдық Жапония үшін, бұның маңызы зор болды. Жапонияның сыртқы туризмі әлі даму үстінде. Көбіне туристік белсенділікті ірі Канто ауданында тұратын жапондықтар көрсетуде (барлық шетелге шығатын турист 42%). Келесі елдің экономикалық маңызы бар аудан – Кинки Осаканың орталығы (41%) және Токай, орталығы Нагоя (12%). Осылайша әлемдегі ірі мегалополис Токайдодан 60-70% жапондықтар шетелге шығады. 2003 ж. бастап 60% жапондық туристер жаңа халықаралық токиялық «Нарита» әуежайын қолданады, ал 20% – осактік «Кансай» әуежайын пайдаланылады. Тағы да Нагойдан 10%, Фукуокадан 5%, қалған әуежайлардан Токиялық «Ханэданы» қосқанда 5% жетіп отыр. Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады. VI ғ. будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапония сәулет-архитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хородзю, Якусидзи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора VIІІ ғ. қытай үлгісімен салынды. ХІІ-ХVI ғ. Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап Жапония сәулет-архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима) Жапония өнеріне ХІV ғ. бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. ХVI-ХVIІІ ғ. жанрлық кескіндеме дами түсті. ХІХ ғ. аяғында еуропа үлгісімен сурет салу дәстүрге енді. Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш – татами төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Жапондықтардың шетелге саяхаттауда Азиялық-Тынықмұхиттық елдерге бағыт алады: АҚШ, Гонконг, Корея Республикасы, Сингапур әр елге шамамен 1 млн-дай саяхатшы барады), сонымен қатар Аустралияға, Қытай, Тайвань, Тайланд, Гуам (жарты млн-дай адам саяхаттайды). Ал еуропалық елдер қатарында Францияның (1 млн-нан астам), Ұлыбританияның, Германия мен Италияның (жарты млн-дай) туристік орындарына сұраныс жоғары.
Date: 2015-06-07; view: 2523; Нарушение авторских прав |