Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орталық және Шығыс Азия: Қытай және Жапония
Қытай – Тынық мұхитын жағалай, Орталық және Шығыс Азия бөлігінде орналасқан. Дүние жүзінде ауданы бойынша Ресей мен Канададан кейінгі (9 560 000 шаршы шақырым) үшінші және халық саны бойынша бірінші орын алатын мемлекет. Қытай көп ұлтты мемлекет. Елдегі 56 тайпаның ішінде ең көбі хань тайпасынан (елдің 90%-дан астамы). Сондықтан да қытайлықтар өздерін «ханьдықтармыз» деп те атайды. Қытайлықтардың басым бөлігі шетелдерде тұрады. Оларды «хуацяо» деп атайды. Қытай негізінен қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінде орналасқан. Жер бедері жағынан үш үлкен аймаққа бөлінеді. Біріншісі оңтүстік-батысындағы Тибет таулы қыраты, Қытайдың ең биік бөлігі болып саналады (жекелеген шыңдарының биіктігі 6000-7000 м болады). Ол Джантанг жазығын, Орталық Тибет таулы үстіртін, Ішкі және Шеткі тау жүйелерін қамтиды. Гималай мен Қарақорым Қытай шекарасынан асып кетеді. Екіншісі Орталық Азия жазықтары мен таулы үстірті Қашғар мен Жоңғар жазықтарын қамтиды. Оларды Шығыс Тянь-Шань таулары бөліп жатыр. Үшіншісі Шығыс Қытайдың ойпатты жазықтары, негізінен, Сары теңіз жағалауын қамтиды. Оларға: Саньцзян, Солтүстік Ханкай ойпаттары, Сунлео, Ұлы Қытай жазықтары жатады. Қытайдың қалыптасу тарихы тереңде жатыр, әлемге конфуций діни бағытын әкелген де Қытай. Қытайдың тарихи дәстүрлері ретінде монархиялық әулеттермен жалғасып отырған, ондағы соңғы монархиялық – Цин (1644-1911 жж.) әулеті болды. 1949 жылдың 1 қазанындағы төңкеріс нәтижесінде Мао Цзэдун Қытай Халық Республикасын жариялады. Ежелгі Қытай әлемге төрт жаңашылдықты тарту етті: қағаз, кітап шығару, тұсбағдар мен оқ-дәріні ойлап тапты. Еуропада Қытай туралы алғаш деректерді кітаптан және әйгілі итальян саяхатшысы Марко Полоның шығармаларынан танып білді. 1271-1275 жылдары ол Қытайға саяхат жасап, онда шамамен 17 жылдай тұрады. Қытай – индустриалды-аграрлы ел. Болат, түсті металдар қорытылады, минералды тыңайтқыштар, цемент өндіріледі. Көпсалалы машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, жібек өндірісі дамыған. Негізгі экономикалық әріптестері: АҚШ, Жапония, Тайвань, Ресей және т.б. Қытайда қазіргі заманғы туризмнің дамуы өз бастауын 1923 жылдан алады. Қытай Халық Республикасы 1949 жылдан бастап «жаңа өмір» идеясын құра бастады. Осы кезден бастап Қытай шетелдермен қарым-қатынасын дамыта бастады. 1954 жылы Қытайдың халықаралық бюросы (China International Travel Servise – CITS) құрылды. 1960 жылы Қытайдың экономикасы қарқынды түрде өсе бастады, сонымен қатар саясатының өзгеруі нәтижесінде Франциямен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды және Қытай мен Пәкістан арасындағы әуе рейстердің ашылуы көптеген саяхатшылардың келуіне мүмкіндік жасады. 1965 жылы Қытайға келген шетел туристерінің саны 13 мыңды құрады. Қытай аумағының әкімшілік бөлінуіне қарай 23 провинцияға, бес автономды ауданға және орталыққа бағынатын ірі төрт қала: Пекин, Шанхай, Тяньцзинь және Чунцин. Қытай құрамына екі арнайы әкімшілік аудан Сянган (Гонконг) және Аомынь (Макао) қарайды. Кейбір мәліметтер бойынша Қытай ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі туристер көп келетін көшбасшы мемлекетке айналады. Қытайда көрікті орындар өте көп. Солардың бірі ең керемет ескерткіш – Солтүстік Қытайдағы Ұлы Қытай қорғаны. Қабырғаның жалпы ұзындығы – 6700 шақырым. Б.э.д. ІІ ғ. Цинь императоры Шихуанди Қытайды солтүстіктегі моңғолдардан қорғау үшін қорғанды салдырған. Ол 1911 жылға дейін салынды, оның құрылысына бүкіл Қытайдың шаруалары мен жауынгерлері жұмылдырылды. Бірақ та олардың барлығы осы құрылыста қаза болды, сондықтан да оны «ұлы зират» деп те атайды. Қазіргі таңдағы қабырғаның сақталған ұзындығы 5 мың шақырым. Қытайдағы туризмнің дамуы мынадай көлік түрлерімен байланысты: әуе көлігі, теміржол (Пекин – Цзюлун, 2536 шақырым), автомобиль, су көлігі. Көлікпен қатар қонақ үй шаруашылығы да маңызды рөл атқарады. Қонақ үй шаруашылығының дамуы экономикалық реформаның шығуымен тығыз байланысты. 1979 жылы мемлекет 16 мың орындық 33 қонақ үй құрылысына 360 млн-дай юань қаржы бөлді. Қытайдағы әлемге танымал халықаралық туризм орталықтары: Пекин, Шанхай, Гуанчжоу, Макао, Сянган (Гонконг), Хайнань аралы және Тибет. Пекин Қытайдың мәдени орталығы болып табылады. Мәдени ескерткіштері – Мао Цзэ Дун мавзолейі, қытай төңкерісінің мұражайы, ұлттық галерея, сонымен қатар көптеген ғибадатханалар – Аспан асты ғибадатханасы (XV ғ.); Цян Тан бағында Мин императоры әулиетінің қорымы орналасқан, оған барар жолда танымал жануарлар аллеясының бойында мәрмәр арыстандар, пілдер, түйелер, жылқылар орналасқан; Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі қала шекарасының бойын қамтиды. Пекиннен 20 шақырым солтүстік-батыста жазғы император сарайы – Ихэюань бағы орналасқан. Ал Қытай астанасының солтүстік-шығыс бөлігінде қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған ламаизмдік Юнхэгун ғибадатханасы салынған. Қытайдың көптеген қалаларында соның ішінде Пекинде Конфуций ілімінің ғибадатханалары жиі кездеседі. Шанхай Қытайдағы ең үлкен өзен Янцзы жағалауында орналасқан. Шанхай қаласы іскерлік орталық ретінде де дүние жүзіне танымал. Азиядағы ірі қаржы-экономикалық мегаполистердің бірі. Ертеректе мұнда орыс эмигранттары тұрған, кейін АҚШ, Аустралия мен Канадаға жол тартқан. Панкинлу көшесінің бойында Шанхайдың керемет дүкендері мен мейрамханалары орналасқан. Қаланың көрнекті орындарына буддалық монастырды, Чэнхуанмяо мен Ойфэсте Будданың мүсіндері бейнеленген ғибадатханалар, қуаныш бағы мен телемұнараны атауға болады. Гуанчжоу – Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан ірі сауда-индустриялдық агломерациясы. Гуанчжоуда халықаралық көрме-жәрмеңкелері жиі өткізіліп тұрады, онда батыстың фирмалары қытайлық тауарлар жөнінде мол мәліметтер алады. Қалаға жақын жерде бұрынғы ағылшындық және португалдық анклавтар Сянган (Гонконг) және Макао (Аомынь) бар. Сянган қазірде ірі әлемдік қаржы орталықтарының бірі. Оның туристік көрнекті орындарына зоологиялық және ботаникалық бақтарын жатқызуға болады. Макао – бұл бұрынғы португалдықтардың отары, кейінгі кездері Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралы ерекше танымал бола бастады. Ол «Қытайдың тропикалық інжуі» деген атауға ие болды. Бұнда қазіргі заманғы заманауи қонақ үйлер, олар жағажайдағы демалыс және сауықтыру орындарының маңайына салынған. Туристерді қызықтыратын орындардың бірі – Тибет. Тибеттің әкімшілік орталығы – Лхаса қаласы («қасиетті орын»), теңіз деңгейінен 3660 м-дей биіктікте орналасқан. Лхаса қаласында будданың көптеген ғибадатханасы мен моностырлары салынған. XVII ғ. салынған Далай Лама резиденциясы – Патала сарайы орналасқан. Шэньси провинциясының Сиань қаласының маңында б.з.д. 210 ж. өлген Цинь императоры әулиетінің қорымы орналасқан. Мұнда өз көлеміне сай саздан жасалынған 6000 жауынгерлер мен жылқылардың мүсіндері бар. Тайвань – Тынық мұхитындағы Пэнху және Тайвань аралдарында, Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Тайвань ресми түрде Қытайдың бір шет аймағы болып есептеледі, алайда 1949 жылдан бастап Қытай Халық Республикасы деген атпен дербес саясат жүргізіп келеді. Ірі қалалары: Тайнань, Тайчжун. Тайвань – «жаңа индустриалды елдердің» қатарына кіретін экономикасы дамыған ел. Бұнда 6 ұлттық бақтар, қызықты фестивальдар мен мерекелер, дамыған көліктік инфрақұрылымы (5 халықаралық теңіздік порт және 2 әуежай) бар. Қытайда 1980-1990 жылдары туристік мамандарды дайындауға көп көңіл бөлінді. 1990 жылдың ортасына таман елде 845 жуық туристік институттар мен училищелер болған, онда оқып жатқандар саны 200 мың адамнан асты, соның ішінде 166 жоғарғы оқу орындары болды. 1973 жылы Қытай Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның (БТҰ) мүшесі болды. Қытайда сонымен қатар ондаған шетелдік туристік компаниялар жұмыс жасайды. 2000 жылы елден саяхатқа шыққан туристер саны 10,5 млн-ға адамға жеткен. БТҰ-ның болжамы бойынша 2020 жылы Қытайға келетін саяхатшылар саны – 137,1 млн-дай адамға жетеді, ал шетелге саяхаттау көрсеткіші бойынша төртінші орынға яғни – 100 млн-дай адамға жетеді деген болжам бар.
Кесте 4.4 Қытайдың негізгі табиғи және тарихи-мәдени орындары
Date: 2015-06-07; view: 2039; Нарушение авторских прав |