Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кариб аймағы – Куба, Багам аралдары, Ямайка
Куба Республикасы Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтарының аралығында Куба, Хувентус (Пинос) және оның жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Кубаның жалпы аумағы 110,86 мың шаршы шақырымға тең. Кубаның жалпы тұрғындар саны 11 млн-ға жуық адам. Тұрғындардың 2/3-і Испаниядан шыққандар, 1/3-і негрлер, мeтистер, мулаттар. Куба республикасының астанасы – Гавана. Мемлекеттік құрылым формасы бойынша Куба парламенттік типтегі социалистік республика. Куба Батыс жарты шардағы жалғыз социалистік мемлекет. Кубаның басшысы мемлекеттік кеңестің төрағасы болып табылады, ол сонымен қатар атқарушы биліктің басшысы мен жоғарғы қолбасшы қызметтерін де атқарады. Үкімет мемлекеттік кеңес пен министрлер кеңесінен тұрады. Әкімшілік тұрғыдан республика 14 провинцияға бөлінген, олардың құрамына 169 муниципиялар кіреді. Муниципиялардың біреуі – Хувентуд –орталық билік органдарына тікелей бағынса, ал қалғандары – жергілікті әкімшілік құрылымдарға бағынады. Ресми тілі – испан тілі. Бірақ қонақ үйлерде қызмет көрсетуші қызметкерлер сізге ағылшын, итальян, неміс тілдерінде жауап береді. Валютасы. Ақша бірлігі куба песосы. Кубада шетелдік туристер үшін тек доллар ғана жүреді. Сонымен қатар несие карталары да пайдаланылады: VISA, EUROCARD және т.б. Күрделі саяси жағдайға байланысты AMERICAN EXPRESS карталарына тыйым салынған. Діні. Кубада шіркеу мемлекеттен бөлінген, және Конституция халықтың діни нанымдарының бостандығына кепілдік береді. Ең көп таралған дін – католик, католик шіркеулері күнделікті мессаларды және ұлттық немесе жергілікті діни мерекелерде салтанатты қызметтерді жүргізеді. Соңғы жылдары көптеген протестанттық шіркеулер пайда болды, әсіресе провинцияларда. Католицизм мен африкалық құдайға табынушылықтың араласуы нәтижесінде пайда болған афро-кубалық діндер де терең тамыр жайған. Осы синкретизмнен «Сантерия» культі пайда болды. Географиялық орны. Куба аралы мен оның айналасындағы 1600-ге жуық аралдар мен кіші аралдар Куба архипелагын құрайды. Ол Кариб теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Куба аралы Үлкен Антиль аралдарының ішіндегі ең үлкені болып табылады. Кубаға ең жақындары – шығысқа қарай 77 шақырымда орналасқан Эспаньола аралы, мұнда Гаити мен Доминикан Республикасы орналасқан; Багам аралдары – солтүстік-батысқа қарай 140 шақырым; Ямайка –оңтүстікке қарай 146 шақырым; Құрама Штаттар солтүстікке қарай 180 шақырымда орналасқан және Мексика батысқа қарай 210 шақырымда орналасқан. Куба – бұл ұзын әрі енсіз арал, оны формасына қарап Кайманмен салыстырады. Аралдың ұзындығы – 1250 шақырым, ені 32-210 шақырым аралығында. Оның ең солтүстік нүктесі – Крус-дель-Падре аралшасы, ең оңтүстіктегісі – Пунта-дель-Инглес мүйісі; шығыстағы шеткі нүкте – Кемадос мүйісі, ал батыстағы ең шеткі нүктесі – Сан-Антонио мүйісі. Куба жерінің 1/3 бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана-Матансас, Бехукаль-Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Насаха қыраттары, оңтүстік шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м.) алып жатыр. Арал ландшафтысының 15%-ын ойпаттар алып жатыр. Кубаның жер бедерінің көп бөлігі әктасты келеді, мұнда карсты үңгірлер көп кездеседі. Арал өзендері (563 өзен) қысқа болып келеді, карстылы аймақтарда – жер асты өзендер кездеседі. Ең үлкені – Кауто өзені (370 шақырым). Кубаның табиғи байлықтарының ішінде ерекше орын алатыны 10 мыңға жуық үңгірлер болып табылады. Тропикалық жағдайда мұнда жер асты үлкен үңгірлер пайда болған. Мысалға, Сан-Томас үңгірі (ұзындығы 17 шақырым) немесе Америкадағы терең үңгірлердің бірі Посо-Прието тереңдігі 370 м. Кубаның климаты өте «жұмсақ», өйткені аралда кәдімгі тропикалық климатты елдердегідей ылғалдылық жоқ, ал аптап ыстық мұхиттан үнемі соғатын желдің әсерінен жұмсарған. Ауа температурасы жыл бойы бірдей көрсеткішке ие, орташа температура қыста 25oС және жазда 28-30oС құрайды. Кубада қыс пен жаз емес, ылғал және қуаң маусымдар болып тұрады. Қуаң маусымдағы (күз-қыс) аптап ыстықты адамдар жақсы көтереді, оны тіпті жанға жайлы десе де болады, ал жаңбырлы маусым (көктем-жаз) керісінше жағымсыз әсер қалдырады, өйткені бұл кезеңде ылғалдылық мөлшері өте жоғары болады. Бұл маусымда жиі болмаса да жаңбыр жауады және күн көзі де жарқырап тұрады. Салыстырмалы ылғалдылық мөлшері 81%. Орташа температура – 25oС. Куба – жылы субтропикалық климаттық белдеуде орналасқан, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 1100-1600 мм. Кубада екі климаттық маусымдар анық белгілі: жаңбырлы (мамыр – қазан) және құрғақ (қараша - сәуір).
Кубаның флорасы мен фаунасы бай және әр алуан болып келеді. Мұнда мемлекеттің жалпы ауданының 22 %-ы 300 астам қорғауға алынған аумақтар алып жатыр. Кубада мұндай аумақтардың төртеуі ЮНЕСКО дүние жүзінің биосфералық қорықтарына жатады: аралдың батыс бөлігіндегі Guanahacabibes Peninsula мен Sierra del Rosario және шығыс бөлігіндегі Baconao мен Cuchillas del Toa бақтары. Ең ірі кубалық курорттар аралдың солтүстік бөлігінде, Гавана мен Матансас арасында, сонымен қатар Варадеро, Сантьяго-де-Куба (атақты жағажай – Сибоней), Нипе шығанағы, Хувентуд аралы (Пинас). Ең ірі кубалық емдеу орталықтарына: Сан-Висенте (Пинар-дель-Рио провинциясы), Матансас маңындағы Мадруга және де Сьего-Мантеро мен Венегас. Кубада әр алуан табиғат байлықтарымен қатар (құмды жағажайлар, минералды су көздері, үңгірлер, қорықтар) өзіндік тұрмыстық мәдениет пен Испанияның отарлауында болған кездегі салынған әр түрлі тарихи ескерткіштер. Кубадағы тарихи ескерткіштердің ішінде аса маңызды орынды әскери бекіністер алады. Соның ішінде сақталғандарға: XVI-XVIII ғ. гавандық бекініс кешені (Кастильо-дель-Марро, Ла-Пунтаэла, Ла-Кабанья), Сьенфуэгос шығанағының маңындағы Кастильо-де-Хагуа (XVIII ғ.) және де Сантьяго-де-Кубадағы Эль-Морро бекінісі. Қала құрылысы негізінен Гавананың көне бөлігінде, кафедральды алаң айналасында орналасқан. Мұнда көптеп XVI-XVIII ғ. костельдер, Санта-Клара монастырі, бұрынғы губернатор сарайы (XVIII ғ.), Кастильо-дель-Принсипе (XVII ғ.). 1960 ж. дейін Куба Кариб теңізіндегі туристер көп келетін мемлекет болып саналды. 1958 ж. бастап Кубада туристер саны күрт азайды, ал қонақ үйлердің көпшілігі өзінің бағытын өзгертті. 1970 ж. басында Кубаға еуропалық социалисттік елдерден, Латынамерикандық елдерден (соның ішінде Мексикадан) туристер келе бастады. Кубаның қолайлы табиғи-климаттық жағдайымен бірге дамыған туристік индустриясы шетелдік туристерді тартады. 2000 ж. Куба 1,8 млн-дай турист қабылдады. Негізгі туристтік ағымдар Еуропадан (949 мың адам) және Америкадан (784 мың адам) бағытталған. Бұл жалпы келушілердің 56% және 42%-ын құрайды. Еуропалық елдер ішіндегі туристер көп келетіндерге Италия (115 мың адам), Испания (90 мың адам), Германия (57 мың адам) және Франция (34 мың адам). Америкалық аймақтан негізгі туристік ағымдар Канадаға (144 мың адам), Мексика мен Аргентинаға (132 мың адам) және Колумбияға (21 мың адам) негізделген. Келушілер негізінен пайдаланатын көлік түрі – әуетасымал алдыңғы орында (99%). Келушілер ағымының жалпы құрылымы туристік жолдамаларға басымдылық алады (92%). Аралдың солтүстік бөлігіндегі Гавана мен Матансас провинцияларында мемлекеттің 45% қонақ үй орындары орналасқан. Кубаның туристік орындары. Экскурсияны 1828 ж. салынған неоклассикалық үлгідегі Эль-Темплете кішкентай часовнясынан бастауға болады; одан соң сіздің жолыңыз Қару-жарақ алаңы (Пласа-де-Армас), Кафедралды алаң (Пласа-де-ла-Катедраль) және Ескі алаң (Пласа-Вьеха) арқылы өтеді, олардың айналасында кезінде қабырғалармен қоршалған қала құрамына енген тамаша ескі ғимараттар мен құрылыстар топтасады. Зеңбірек ату салтанаты. Күн сайын кешкі сағат тоғызда Сан-Карлос-де-ла-Кабанья бекінісінде өтетін дәстүрлі сәнді салтанат. Отарлық дәуірде зеңбірек атысы қаланың қақпаларын жабатын және Эль-Морро және Ла-Пунта бекіністері арасындағы кемелердің айлаққа енуіне бөгет болатын шынжырды керіп тартатын уақытты білдіретін белгі қызметін атқарды. Бүгінгі таңда бұл белгі көңілді гаваналық түннің басталғанын білдіреді. Хосе Марти мемориалы. Бұл маңызды мемориал 1996 ж. Хосе Марти Төңкерісі алаңында ашылды, мұнда кубалық төңкеріс Апостолының өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі қастерлі дүниелер, айрықша заттар, құжаттар мен бедерлі өрнектер сақталынуда. Ескерткіштің ұшар басында – теңіз деңгейінен 138,5 м биіктікте орналасқан бетоннан құйылған, мәрмәрмен қапталған мұнарада – ел астанасындағы ең биік шолу алаңы орналасқан. Гаваналық Христос. Атақты әйел-мүсінші кубалық Хильма Мадераның туындысы, бұл астананың ең айбынды ескерткіштерінің бірі және ашық аспан астындағы ең үлкен мүсін, ол каррарлық мәрмәрдан жасалған. Оның биіктігі – 18 м, ол Гавана айлағына кіретін тұстағы Ла-Кабанья төбесінің шыңында бой көтерген. Көркем өнер туындылары Сарайы. Бұл мұражайлық кешеннің қорында 47 мыңнан астам экспонаттар сақталған. Аса мұқияттылықпен жүргізілген кеңейту, қайта құру және қалпына келтіру жұмыстарынан соң бұл мұражай әлемдегі осындай мекемелердің ішіндегі аса маңыздылардың бірі болып саналады. Бұрынғы көркем өнер туындылары Сарайында орналасқан кубалық өнер бөлімінде 300-ден астам суретшілердің туындылары сақталған, ал оның қасындағы бұрынғы Астурия орталығының ғимаратында әлемнің басқа елдерінің өнер туындылары көрсетілген, олардың ішінде фламанд, голланд, неміс, итальян, француз, ағылшын, американ мектептерінің туындылары, сонымен қатар Азия және Латын Америкасы елдерінің өнер туындылары бар; мұнда Ежелгі әлемнің (Мысыр, Грекия және Рим) өнер туындыларының көз тартарлық жинағы көрсетілген және Иберий түбегінен тыс жерлерден жиналған испан сурет өнерінің ең үлкен жинағы бар. Аммель. Ашық аспан астындағы африкалық өнер туындыларының мұражайы. Кайо-Уэсо ауданында орналасқан, және оның ең көрнекті белгісі – суретші Сальвадор Гонсалестың ұзындығы 100 м-дей болатын фрескасы. Ұлттық ботаникалық саябақ. 600 га аумақты алып жатыр. 18 зонаға бөлінген, және оның шамамен 1/5 бөлігі жергілікті өсімдіктерге арналған. Ең көрнекті жерлердің бірі – Жапон саябағы, оны 1989 ж. осы елдің үкіметі сыйға тартқан және оны бақшалық өнер шебері Йошикуни Араке жасаған. Эскалерас-де-Харуко. Ел астанасының оңтүстік-батысында орналасқан, аудан – қызықты туризм мен спелеологияны жақсы көрушілерге арналған керемет орын. Террассалар сериясын құрайтын көтерілімдер мен карстық жартастар төменде жатқан жазықпен бірге тамаша үйлесімділік тапқан. Мұнда үңгірлер мен тік жартастар көп. Date: 2015-06-07; view: 3164; Нарушение авторских прав |