Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Хорватия
Хорватия – Cловениядан оңтүстікте орналасқан ел. Хорватияның географиялық жағдайының ерекшелігі Адриат теңізі жағалауындағы ұзындығы 1800 шақырым болатын жағажайдың болуы. Солтүстігінде Истрия түбегінің экономикалық тұрғыдан депрессивті, экологиялық таза туристік орталықтары бар (Пореч, Ровень, Умаг, Опатия, Рабац, Новиград, Врзар). Жағалаулық сызықтың орта бөлігінде (Далмация ауданы) Хорватияның танымал әкімшілік орталықтары Задар және Сплит орналасқан. Орталық Далмация ауданында атақты Маскара Ривьера ауданы орналасқан. Ол батысында Брела ауданынан батысында Градач қаласына дейін созылып жатыр. Маскара ривьера ұлттық қорық. Мұнда Хорватиядағы ең таза жағалау орналасқан. Өзінің Адриат теңізінің шығыс жағалауындағы орталықтық жағдайына байланысты Далмация барлық кезде тарихи-мәдени жағынан маңызды болды. Далмацияның көптеген қалалары және шағын кенттерінің бай тарихы бар. Олардың көпшілігі антикалық және орта ғасырларда негізі қаланған. Хорватияның бұл жағалауына тасты жағажай, қарағайлы орман, зәйтүн нулары, қолайлы жағалаулық қойнаулар тән. Бұлардың барлығы Маскара Ривьерасын атақты демалыс орнына айналдырған. Маскара Ривьерасының танымал туристік орталықтарына Брела, Маскара, Подгора, оңтүстігінде туризмге сіңірген еңбегі үшін 1996 ж. «Алтын алма» жүлдесін жеңіп алған атақты шарап жасау орталығы Дубровник орналасқан. Хорватияның астанасы – Загреб. Ол Загреб тауларының етегінен Сава өзенінің кең аңғарын алып жатыр. «Загреб» атауының пайда болын жергілікті жердің аңыздарымен байланыстырады.
Олардың бірі бойынша хорват әскери отрядтарының жорығы кезінде әскер басшысы жерге қылышын қадаған кезде одан салқын су атқылапты. Әскер басшысы суды алыңдар (загребайте) деп бұйырғанда жасақтарбас киімдерімен, алақандарымен суды көсіп алып іші бастапты. Келесі аңыз бойынша қаланың атауы ежелгі хорваттардың «загреб» сөзінен шыққан, ол «үйме, бекініс, қалашық» деген ұғымды білдіреді. Хорватияда көптеген табиғи нысандар де бар. Табиғи ескерткіш-Плитвицк көлі – жыл сайын тыңдаған туристерді тартады. Хорватияда бірнеше мемлекеттік қорықтар бар. Истрии түбегінің батыс жағалауына жақын жерде Бриони қорығы орналасқан, ол екі үлкен және он екі кіші аралдардан тұрады. Мұнда жерортатеңіздік өсімдіктер дүниесі кеңінен таралған, жануарлар бағы бар. Рисняк қорығы – орманды, таулы жота, Риеки портының солтүстігінде орналасқан. Крка қорығы Крка өзенінің ағыс бойын алып жатыр. Крка карстылық өзен, терең аңғарлармен ағады. Хорватияда мыңнан астам аралдар. Хорватия аралдары жағажайда демалушылар мен яхтада серуендеушілерді қызықтырады. Әзірге аралдарды жекешелендіру ісі туралы шешім қабылданбаған, оларды 99 жылға жалға береді. Хорватияның мұндай жылжымайтын мүліктерінің алғашқы сатып алушысы голливуд жұлдыздарының бірі болды, ол үшін 1,8 млн-дай доллар төлеген. Әсіресе Бриони аралы туралы айтуға болады, ол бір кездерде еуропалық аристократтардың демалу орталығы болған. Архипелагтың географиялық жағдайы өте қолайлы, ол Истрия түбегінен 3 шақырым. Фажан бұғазымен бөлініп, Истрияның әкімшілік және көлік орталығы болып саналатын Пула қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Брионида жұмсақ жерортатеңіздік климат типі басым: қыс айының орташа температурасы – 6,3oС, көктемде – +12,2oС, жазғы температура – +22,2oС, күзгісі – 14,8oС. Архипелагты туристік мақсатта ХІХ ғ. аяғында аустриялық кәсіпкер П. Купервайзер зерттеген. Қазір архипелагта экзотикалық өсімдіктер және бай жануарлар дүниесімен ерекшеленетін ұлттық бақ жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері бақ аумағында еркін жүреді. Сондықтан бақтағы ағаштарды жануарлардан қорғау мақсатында қоршалып қойған. Тыныштықта демалушылар үшін қоршаған орта мен табиғи-климаттық жағдайлардың өзара ұштасуы демалыстың сәнін арттыра түседі. Соңғы уақытта Хорватия өз еліне туристерді көбірек тарту мақсатында көптеген шараларды атқаруда. Мысалы 15 жылдан бері Хорватияның Умаг қаласында үлкен теннистен дүние жүзінің атақты спорт жұлдыздары қатысатын біріншілік өткізіліп келеді.
Date: 2015-06-07; view: 1473; Нарушение авторских прав |