Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Испания





Испания Еуропаның оңтүстік-батысында Пиреней түбегінде және Жерорта теңізі Атлант мұхиты жағалауларында орналасқан (Балеар, Питиусс, Канар). Жер көлемі – 504,78 шаршы шақырым. Франция, Португалия, Андорамен және ағылшын калониясы Гибралтармен шектеседі. Астанасы Мадрид – Испанияның географиялық орталығы (4,07 млн-дай адам). Испания Еуропаны Америкамен, Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз, әуе жолдарының қиылысында орналасқан. Елдің көп бөлігі таулы үстірттер мен таулардан тұрады, аумағының 2/3 бөлігі 500 м биікте жатыр. Швейцариядан кейін Испания ең таулы ел (Кантабрия таулары, Пиреней, Орталық Кордильер, Ибери таулары, Сьера-Морена, Андалуз тауы, Месета таулы үстірті). Жерорта теңізі жағалауындағы Испанияда енсіз жазықтар орналасқан. Испанияның негізгі өзендері – Эбор, Тахо, Гвадиана, Гвадалквивир – жазда суы тайыздайды.

Климаты субтропиктік жерортатеңіздік, ол Испанияның басты табиғи ресурсы. Климаттық жағдайына қарай Испанияны үш ауданға бөледі: Иберия, континентальды орталық бөлігі және Жерорта теңізінің жағалауы. Канар архипелагын «мәңгі көктем аралы» деп атайды. Жылдың орташа температурасы +20ºС.

Балеар аралдарының климаты құрғақ, орташа температура +28ºС. Испаниядағы ыстық климат күн режиміне өзгеріс енгізеді: түстегі ыстықта сиеста (түскі астан кейінгі демалыс) ұйымдастырылады. Бұл кезде барлық кәсіпорындар, дүкендер жабылады.

Испанияның негізгі туристік-рекреациялық аудандары: Жерорта теңізі (шығысы мен оңтүстігінде), Бискай шығанағы (солтүстігінде), Атлант мұхиты (батысы мен оңтүстігінде) жағажайлары, ұлттық бақтары мен қорғалатын аумағы: Еуропа шыңдары, Ордес, Монте Пердидо Айгуас Тортес, Естань де Сант Мауриси, Лас Таблас де Даймьел, Кабаньерос, Доньян, Тиманфай, Карахонай және Роман, Византия, ортағасыр кезеңдеріндегі мәдени-тарихи мұралар, т.б.

Испанияда 8 негізгі туристік аудан бар: солтүстік батыс әкімшілік орталығы Лион, солтүстік шығыс Пиреней, Каталон таулары мен Арагон ойпатын қоса, шығыс Эбор өзенінің бастауы мен Валенсие қаласының аралығы, орталық немесе Мадрид, батыс Самора, Саламанка Вальядомед қалалары, оңтүстік Андалусия ауданы Жерорта теңізі жағалауы, Андалусия ойпаты, Гвадалквивер өзненінің аңғарын, Балеар аралдарын, Канар аралдарын қамтиды.

Солтүстік батыс туристік ауданы. Мұнда рекреациялық ресурс ретінде құмды жағажайлар, минералды және термальды су көздері пайдаланылады. Галисидің қазіргі астанасы Сантьяго де-Компостела – Рим, Иерусалиммен қатар католиктердің діни орталықтары болып есептеледі. Әулие апостол Иановтың күні – 25 шілде, әрбір 5, 6, 11 жылда қайталанады, табынушылар Батыс Еуропадан көп жиналады. Табынушылар бағыты Пиренейден басталып, Наварра, Боргос, Леон арқылы өтеді. Галасии астанасында тағы бір тарихи нысан Король госпиталы – ол ХV ғ. аяғында кедей пилигримдер үшін салынған. Қазір бұл бес жұлдызды отель.

Солтүстік шығыс туристік ауданы – Жерорта теңізі жағалауында Франция шекарасынан Барселонаға дейін созылып жатыр. Жағалаудың бұл бөлігі Пириней тауларының шатқалдары мен Жерорта теңізі жағалауын қамтиды және «Коста Браво» деген атпен белгілі (Жартасты жағалау) ол жерде Росас, Ла Эсиала, Паламос, Бланес, Аренс-де-Мар, Матаро, Бадалона курорттары орналасқан.

Табиғи нысандардың қатарына Монтиррат тауы жатады, ол Барселонадан 35 шақырым орналасқан. Монтсеррат – ерекше ескерткіш – табиғи жартастар мен шатқалдар лабиринті, онда осы кезге дейін моностырь жұмыс жасайды.

Барселона – Каталонияның ежелгі астанасы (б.э.д. ІІІ ғ. салынған). Сәулет-архитектуралық ескерткіштерінен Антонио Гауди соборы (тастағы библия, биіктігі 174 м-лік мұнара), 60 м монумент – саяхатшы Х. Колумбке ескерткіш пен оның «Санта-Мария» кемесінің сұлбасы, Каталония өнер мұражайы, әскери мұражай, теңіз мұражайы, Сиқырлы субұрқақ, ботаникалық бақ пен жануарлар бағы, Фигераста Сальвадор Дали мұражайы, т.б. көпке танымал.

Барселона мен Таррагон аралығындағы жағажай «Коста Дорада («Алтын жағалау»)» деп аталады. Жартасты жағалау құмды жағажайға ұласады. Атақты курорттары Синтжес, Вильянуэва де Жельтру. Коста Дорада орталығында «Универсале Порт Авентура» – тақырыптық бағы бар. Бұнда бес түрлі мәдениетпен танысуға болады (Полинезия, Мексика, Жерортатеңіздік, Қытай, Жабайы Батыс). Коста Дораданың туристік астанасы – ескі қала Салоу. Террагона – Рим императорларының резиденциясы.

Шығыс туристік аудан – Эбро өзенінің сағасы мен Валенсия қаласы аралығын алып жатыр. Бұл жағалау аймағы Коста дель Асаар (Апельсин гүлді жағалау) деп аталады. Атақты курорттары – Винарос, Бинекарло, Кастельон-де-ла – Плана, Гандия, Делия. Мұнда Испанияның халық саны бойынша үшінші қаласы б.э.д. 138 жылы іргетасы қаланған Валенсия қаласы орналасқан. 1936-1937 жж. Мұнда Испания республикалық өкіметі орналасқан.

Орталық (Мадрид) туристік аудан. Мадрид – Испания астанасы. Туристерді мұнда өнер мұражайлар мен Прадо мүсіндері, сурет галереясы қызықтырады. Мұражайларда испан суретшілері Эль Грено, Веласкес, Мурильо, Гой, Рафаэль, Тициан, Рубенс еңбектері жинақталған. Қаланың көрікті жерлері қатарына Пласа Майор ансамблі, Сан – Хинес және Сан Исидоро Эль Реаль (XVII ғ.) шіркеулері, Реаль патша сарайы, Эрмито де Сан – Антонио де ла Флорида шіркеуі, т.б. жатады. Мадрид туристерді ұлттық ойын түрі – бұқалар сайысымен тартады.

Батыс туристік ауданға үш негізгі туристік орталық кіреді: Саламанка қаласында Еуропадағы алғашқы католик университеті орналасқан, Самора қаласы (шіркеулер мен костельдер қаласы, 20 астам); Вальядолид қаласы – патша резиденциясы.

Оңтүстік Андалуссия туристік ауданы – Нао мүйісінен Гата мүйісіне дейінгі жағажайлық аумақты қамтиды, ол Коста Бранка (ақ жағалау) деген атпен танымал. Гата мүйісінен Маррокко мүйісінен дейінгі зона демалыс мақсатындағы туризмді ұйымдастыруға өте қолайлы аймақ. Климаты жыл бойы жұмсақ. Жартасты жағалауды курорттардың жағажайлары қоршап жатыр. Жағалаудың бұл бөлігі Коста дель Соль («Күн сәулелі жағалау») деп аталады. Мұнда Мотриль, Малага, Марбельия курорттары бар. Бұл оңтүстік Андалуссия аймағы Андалусс ойпатын да қамтиды (Гвадалквивир өзенінің аңғарымен). Бұл аудан өзінің шарап жасауымен әйгілі. Мұнда атақты «Херес» шарабы шығарылады. Севилья және Кордова фольклорлық өнер орталықтары. Севилья – Андалуссия тарихи облысының орталығы, б.э.д. VIII ғ. іргетасы қаланған. Әдебиет, музыка, бейнелеу өнері Севилияны Испания символына айналдырды. Севилья университеті – Андалуссиядағы алдыңғы қатарлы оқу орны. Қаланың танымал ескерткіштері мен нысандары: Әулие Мария шіркеуі, Алькасар Мавритан қорғаны, Санта-Краус кварталы, Эль-Сальвадор шіркеуі, Санта-Паула монастыры, Макарена базилина, өнер мұражайы, Археологиялық мұражай, Санта-Каталина шіркеуі, Дуэния сарайы, т.б.

Кордова – Испанияның ескі қалаларының бірі, халық саны 300 мың адам. Тыныш провинциалдық қала, Гвадалквиверде – «маврлардың Ұлы өзені» Вади-аль – Кебирде орналасқан. Ескерткіштері Рим көпірі (б.э.д. I ғ. салынған), араб диірмендері, сарайлар, Ассар мединасы, Калаорра мұнарасы, Археологиялық мұражай – Виана сарайы, Коралева капелласы, Гүлдер көшесі, Коррида мұражайы, Альмодовар қақпасы, Кордова мешіті, т.б.

 

 

Гранада қаласы – түрлі кезеңдердің архитектуралық-сәулет туындыларымен танымал. Туристерді алдымен мавритан билеушісі Альгамбрдің бекініс – сарайы қызықтырады.

Балеар аралдары. Архипелагқа Майорка, Менорка, Ибиса, Форментера, Кебрера және басқа да ұсақ аралдар кіреді. Майорка – жел диірмендер аралы. Майорка аудандарға «үлкен» деген ұғымды білдіреді. Туристер бұл аралға ХХ ғ. 60-жылдарынан бастап келе бастады, келушілердің көпшілігі жас хиппилер болды. Аралдың астанасы – Пальма де Майоркаға бірінен соң бірі туристер тасымалдайтын ұшақтар қонып жатады. Майоркаға келген алғашқы туристердің бірі (1838 ж.) Жорж Санд пен Фредрик Шопен болды, олар Вайделюссу деревнясындағы Картезиан монастырында тұрған. Пальма портына жақын жерде Маривент поместьесіндегі король резиденциясы бар. Майорка астанасының басты көрнекі жері Пальма қаласындағы кафедральды шіркеу, Аямудайн сарайы, Бельвер қорғаны, Король бағы, аквапарк. Майорканың керемет үңгірлері (Хамс, Драч) аралдың шығысында орналасқан. Аралда 3 табиғи бақ бар – Кабрера, Драгонера, Колумбретаста теңіздік табиғат қоғауға алынған. Манакор қаласы да туристерге танымал, онда қолдан маржандар жасау фабрикасы бар; Сойер қаласы апельсин бақтары, тұт ағаштары мен жібек құртын өсірумен әйгілі.

Ибис аралы би алаңымен, барлары, жағажайлармен жастарды қызықтырады. Мұнда сахна мен экран корольдары Стинг, Бой Джордж, Линда Еванилисттер тұрады. Ибис аралының курорттары: Ибиса, Сан Антонио Абад, Санта-Эулания-дель-Рио.

Менерканың курорттары – Маон, Сьюдадела.

Канар аралдары – Тенерифе (астанасы – Санта-Крусде-Тенерифе), Гранд-Канария (Лас-Пальмас), Фуэртевентура (Пуэрто-дель-Росарио), Лансароте (Арресифе), Пальма (Санта-Крус-де-ла-Пальма), Гомеро, Иерро. Аралдар ауданы – 7237 шаршы шақырым. Архипелагта 4 ұлттық бақ бар, оған жылына 2 млн-дай туристер келеді, әсіресе желтоқсан – наурыз аралығында туристер ағыны артады. Туризмнің дамуына кедергі келтіретін басты кемшілік – тұщы судың жеткіліксіздігі.

Архипелагтың туристер көбірек келетін аралдарының бірі – Тенерифе (Қарлы тау). Ол жерде Тейде (3718 м) жанартауының шыңы орналасқан. Ауданы 135 шаршы шақырым болатын жанартау кратерінде 1954 ж. «Лас Каньядас» ұлттық бағы ұйымдастырылған. Тейде жанартауының етегінде Стивен Спилверг өзінің атақты «жұлдызды соғыс» фильмінің сериясын түсірген. Тенерифе астанасы – Санта-Крус қаласы. Солтүстік жағалауда құнарлы жері, банан плпнтацияларымен әйгілі – Генерифенің алғашқы туристік орталығы – Пуэрто-де-ла-Крус орналасқан. Арал нағыз Конар айқын көрінісін сақтап қалған – 300-ден астам өсімдік түрі бар. Ерекше Лоро-бац тотықұстар бағы бар, орманды нуда тотықұстардың 230 астам түрі өмір сүреді, қоқиқаз, алып тасбақа, жолбарыс, маймылдар бар. Нағыз туристік аудан – оның оңтүстігі – құрғақ әрі күншуақты. Мұнда өсімдіктер жоқ, жағажайлары қара жанартаулық құммен жабылған. Бірнеше рет көршілес Сахарадан сары құм әкеліп жағажайды жабу әрекеті жасалды, бірақ кейін қара құмның жұмсақтығы сары құмнан кем еместі, керісінше күн сәулесін көп тартатыны анықталды. Танымал курорты – Лас-Америкас, Лас-Кристианос. Аралда демалушылар үшін жағдай жасалған – теннис, кегельбан, гольф клубтары, атқа мінуді үйрету клубы, картинг, су астында жүзу клубтары, виндсерфинг, серфинг, яхт-клуб, аңшылық федерациясы, балықшылар федерациясы бар. Тенерифе – қазіргі қонақүй инфрақұрылымы дамыған арал. Қонақүйлер деңгейі еуропалықтан жоғары (3-5 жұлдызды және апартаменттер).

Гомера – Канар архипелагындағы ең кіші арал (380 шаршы шақырым). Жартасты шатқалдармен, қалдық (реликт) өсімдіктерімен белгілі. Гомера орманы қорғауға алынған. ЮНЕСКО бұл бақты дүниежүзілік мұралар қатарына енгізді. Мұнда діңнің ені 12 м-дей болатын айдаһар ағаштар өседі.

Канар аралдарының басты символдарының бірі – Канар карнавалы (Канар фиестасы) – Рио-де-Жанейро карнавалынан кейін екінші орында, жауынгерлер турнирі Сан-Мигель қамалында өтеді.

Туризм мәселелерімен 1977 ж. құрылған Ақпарат және туризм Министрлігі жанындағы туризм бойынша мемлекеттік секретариат айналысады, ол сауда және туризм Министрлігіне қосылады. Туризм бойынша түрлі ұйымдар мен ведомствалардың жұмысын – Туризмнен Координациялық кеңес реттеп отырады. Испания астанасында Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) штаб пәтері орналасқан.

 

Италия

Италия – Жерорта теңізінің ортасында Еуропаның оңтүстігінде орналасқан ел. Апенин түбегін және бірнеше аралдарды (Сардиния, Сицилия, т.б.) қамтиды. Ауданы – 301,2 мың шаршы шақырым. Апенин түбегі теңізге 900 км еніп жатыр, сондықтан Италия аумағының 90% теңіздік. Жағалауын Лигурия, Тиррен, Ионика, Адриат теңіздерінің суы шайып жатыр. Жағалау сызықтары аз тілімденген, Непал, Салерно, Таранто, Кальери порттары теңіз қолтықтарында орналасқан. Италия таулары негізгі екі жүйені қамтиды: Альпі және Апенин. Италия Еуропада Везувий, Этна, Вулькано, Страиболи секілді вулкандарымен әйгілі. Ең ірі өзені – По, ұзындығы 652 шақырым, Пьяченца қаласына дейін кеме жүреді. Салалары (Адидже, Брента, Тальменто, Рено) бөгендермен бөгеліп, суару үшін қолданылады. Апенин түбіндегі ірі өзендері Тибр (бойында Рим орналасқан), Арно (Флорнеция және Пиза қалалары орналасқан). Бұл өзендер күшті су тасқындарымен қалалар мен ескерткіштерге қауіп төндіреді. Елде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, негізінен мәдени өсімдік жамылғысы басым. Италияда көлдер көп, әсіресе солтүстікте Ломбард Альпісінің етегінде, олардың барлығы тектоникалық көлдер (Гарда, Комо, Лаго-Маджоре, Лугано, Орта, Изео, т.б.) оларда кеме қатынасы дамыған. Апенин түбегінде көлдер сөнген вулканның кратерінде орналасқан (Больсена, Браччано). Италияда вулканмен байланысты басқа құбылыстар да бар: Искья аралындағы ыстық су буының атқылауы; Ит үңгіріндегі – көмір қышқыл газының атқылауы (Неаполь маңында), Тоскандағы (Флоренция) минералды су көздері; Эмилиандық Апениндегі емдік балшық көздері.

Италия климаты негізінен жерортатеңіздік, тропиктік, қысы жылы, жазы құрғақ, ыстық. Жылына 1000 мм жауын-шашын түседі. Падан жазығында субтропиктен континентті климатқа өтпелі сипат, Лоибард аңғарында – қоңыржай континентальды, Сицилияда – субтропиктік, Сардинияда – құрғақ, субтропиктік климат. Апениндегі қаңтар температурасы +1 – +12ºС, шілдеде +23º – +28ºС аралығында. Солтүстік Африкадан соғатын Сирокко желі жазғы температураны +40º,+45ºС дейін көтереді. Түбекте жауын-шашынның жерортатеңіздік режимі. Италияның ең құрғақ жері – Салентина түбегі (жылына 197 мм). Қолайлы климат, табиғат теңіздік курорттардың дамуына мүмкіндік берді: Ремини, Риччоне, Равенна, Лида-ди-Эзоло, Пезаро, Сан-Бенедетто, Виареджио, Террачина, Гаэта, Сорренто, Леричи, Портофино, Алассио, Пьетра Лигуре, Сан-Ремо; тау-шаңғы курорттары: Кортина д’Ампеццо, Больцано, Мадонна-ди-Калепилио; бальнеологиялық курорттар: Риччоне, Бризичелла, Ла-Кальда, Кашана Терме, Монтекатине Терме, Искья аралы.

Италия туризмінің мәдени-тарихи алғышартына қалалардағы тарихи-сәулет ескерткіштері, ежелгі римдік ескерткіштер, ортағасырлық нысандар ХІІІ-ХIV ғ. готика үлгісіндегі сәулет ескерткіштер, Қайта өрлеу дәуірінің ескерткіштері, т.б. жатады.

Италияның негізгі туристік-рекреациялық аудандары: Рим және Орталық Италия, Неаполь және Оңтүстік Италия, Флоренция және Орталық Италияның солтүстік бөлігі, Ломбардия, Италияның солтүстік батысы және солтүстік шығысы, Сицилия аралы, Сардиния аралы.

Рим және Орталық Италия. Рим – Италия астанасы Еуропаның ежелгі қаласы, 3000 жылдық тарихы бар, жеті төбеде орналасқан, қазіргі кезде халықаралық туризмнің ірі орталығы. Қала Тибр өзенінің екі жағалауында да орналасқан, оларды бірнеше көпірлер жалғастырып тұр. Олардың ішіндегі ең ежелгісі б.э.д. 61 жылы салынған. Рим Еуропада монументальды ескерткіштері бойынша бірінші орында. Б.э.д. IV ғ. Римде 200 мың адам болды және ғылыми, саяси, мәдени өмірдің орталығына айналды.

Рим қорғандары Палантин және Капитолий төбелерінде орналасып, олардың арасында форум болды. Рим даңқының артуы оның халқының да өсуіне әсер етті, б.э.д. І ғ. 600 мың, б.э.д. ІІ ғ. – 1,5 млн-дай адам болды. Форум өлшемдері қала сұранысын өтей алмағандықтан оған қосымша форумдар салынады. Олардың ішіндегі ең үлкені және әдемісі Траян императордың форумы. Рим форумы Виа Сакра (Әулие жол) жолымен қиылысты, ол жолмен Капиталиге рим әскербасшылары жеңіспен қайтты. Осы жеңістердің құрметіне жол бойында триумфальды аркалар, ал форумдарда колонналар тұрғызылды.

Капитолий төбесі ертеден Рим цитаделі және Римнің діни орталығы болып табылады. Осы жерде атақты Юпитер ғибадатханасы болды, кейін ол Капитолий деп аталды. Бұл алаңда Сенат сарайы, Консерваторлар сарайы, сурет галереясы бар. Алаң ортасында император және философ Марк Аврелиге мүсін қойылған.

 

 

 

Ежелгі римдіктердің түрлі қызықтыратын ойындары үшін цирк, амфитеатр, спорт алаңдары салынды. Ірі амфитеатр Фалакиев амфитеатры (б.э.д. 80 жыл), қазір ол Колизей деп аталады. Антикалық сәулет ескерткіштерінің бірі – ежелгі рим шіркеуі Пантеон (б.э.д. 27 жыл), сонымен қатар Константин аркасы, Каракалл (б.э.д. 217 ж), Әулие Періште қорғаны.

Қазіргі Рим орталығы – Венеция алаңындағы Виктор Эммануил ІІ ескерткішімен, Треви субұрқағы (Бернинидің жобасы бойынша жасалған) әйгілі. Бақтар мен саябақтар ішінде Вилла Боргезе бағын ерекше атауға болады, мұнда Боргезе галереясында атақты итальян мүсіншілер мен суретшілерінің туындылары сақталған. Римде ғылыми, мәдени-ағарту орындары топтасқан: Рим университеті (1303 ж.), Ұлттық академия (1603 ж.), арнаулы жоғары оқу орындары, Ұлттық кітапхана (2 млн томнан астам кітап қоры бар), Ұлттық Рим мұражайы, этнографиялық мұражай, Қазіргі өнер галереясы, Вилл Джули мұражайы, т.б.

Рим төбелерінің бірінде ерекше Ватикан мемлекеті орналасқан. Ол римдік-католиктік шіркеудің орталығы, оның басшысы Рим папасының резиденциясы. Рим мұражайларының ішінде мұрағаттар қоры бойынша Ватикан бірінші орында. Онда египет, этрусс, ежелгі грек мәдениетінің туындылары, Микеланджело, Боттичелли, Рафаэль, Леонардо да Винчи, Тициан, Веронезе, т.б. еңбектері қойылған. Ватикан құрылыстарының ансамблі қатарына Әулие Петр шіркеуі, Сан-Домазо сарайы, Бельведер, Казино Пия ІV бағы, т.б. Папа сарайында 1000-нан астам бөлмелер бар.

Рим айналасы да туристерді қызықтырады. Римнен оңтүстік шығыста Раскати қаласы бар, ол өздерінің виллаларымен, Альбана көлімен танымал. Римнен 35 шақырым шығысқа қарай тағы бір демалыс орталығы – Тиволи орналасқан. Тиррен теңізі жағалауында Фьюмичинко, Лидо-ди-Рома курорттары орналасқан.

Неаполь және Оңтүстік Италия. Неаполь Неаполитан шығанағы жағалауында, Везувий жанартауының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасын гректер қалаған, Неаполис деп атаған (Жаңа қала), б.э.д. ІІІ ғ. Римдіктер жаулап алған. Қазір ол маңызды өнеркәсіп және мәдениет орталығы. Ортағасырлық ескерткіштер ішінде Сант-Эльмо, Кастель-дельово, т.б. бекіністер бар. Қайта өрлеу дәуірінің ескерткіштерінен Альфоне Арагонскийдің (XV ғ.) триумфальды аркасы, Король мұражайы (XV-XVI ғғ.), Сан-Франческо-ди-Поло шіркеуі, т.б. сақталып қалған. Неапольдің археологиялық мұражайы Помпей мен Геркуланумадағы қазба жұмысы кезінде табылған мұрағаттарымен әйгілі.

Оңтүстік ауданның көрікті жерлеріне Каприи аралы да жатады. Неапольдан оңтүстікте, Везувийдің етегінде ежелгі қала Помпей орналасқан, онда Геркуланум сияқты б.э. 79 ж. атқылаған жанартау күлінің (8-9 м) астында қалған Помпей ежелгі Рим мұражайы сақталған.

Неаполитан шығанағының оңтүстік батысында Сорренто курорты орналасқан. Сарлен шығанағы жағалауында атақты Позитано, Амалфи, Равелло, Самрно орналасқан, оңтүстікке қарай Посейдон грек ғибадатханасы және б.э.д. V-IV ғғ. ескерткіштері бар.

Поликастро шығанағының жағалауы Маратея деп аталады. Бұл экологиялық таза курорттық зона Еуропалық Одақтың көк туына ие болған. Маратеяның тарихи орталығы ежелгі қала, ортасындағы тау басында құтқарушы Христостың ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні тұр. Маратея мен Латронино орталығында ыстық бұлақтар атқылап тұр, олардың ішіндегі ең ірісінен минутына 165 л су атқылайды. Бірнеше жылдар бұрын 730 м биіктікте Ла Кальда термальды кешені салынды. Бұлақтар өздерінің қасиеті жағынан Кисловодск, Карловы Вара минералды су көздеріне жақын.

Тиррен және Теңіздері аралығында өте әдемі облыс Базиликато орналасқан, ол – Еуропаның ірі табиғат мұражайы (Поллино қорығы). Осы ауданда балыққа бай – Сирино, Сенизе, Кольяндрино көлдері бар.

Флоренция және Орталық Италияның солтүстік бөлігі. Флоренцияны мұражай – қала деп атайды. Бұл қаламен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Галилей, т.б. атақты суретшілер мен ғалымдар өмірі байланысты. Көрікті жерлеріне Санта-Мария-дель-Фьоре шіркеуі (1296-1461), Санта-Тринита, Санта-Мария-Новелла, Сан-Лоренцо, т.б. шіркеулері жатады. Қоңыраулы мұнара (XIV ғ.), Сан-Джованни баптистериі (XI-XV ғғ.), Донателлоның мүсіндері бар ұлттық мұражай, Нептун субұрқағы (1576), Палаццо Венко (1299-1314), Уфицца галереясы, Титти галереясы, Медичи отбасының қабірлері, Медичи-Рикарди сарайы (XV ғ.), Сан-Марино монастыры, Әсем өнер Академиясының галереясы (Микеланджелоның «Давид» мүсіні) Археологиялық мұражай, т.б. Санта-Кроче (XIII-XIVғғ.) Францискан шіркеуінде Флоренция пантеоны бар, онда Микеланджело, Макиавелли, Россини жерленген. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерімен танымал қалалар қатарына Пистая, Прато, Лукка қалалары да кіреді. Осы туристік рекреациялық ауданда атақты Монтекантени-Терме бальнеологиялық курорты орналасқан.

Адриат жағалауында атақты Адриат Ривьерасы бар. Мұндағы атақты курорттар – Равенна, Червия, Римини, Каттолика. Римини курорты курорт маңындағы қазір кеуіп қалған, Цезарь заманынан белгілі Рубикон өзенімен де танымал. Туристік зонаның батысында Тиррен теңізінің солтүстігінде Эльба аралы өзінің қолайлы климатымен, құмды жағажайларымен туристерді қызықтырады.

Ломбардия. Бұл туристік зона барлық Ломбардия облысын қамтиды (Альпі етегіне По өзені аралығы). Негізгі қаласы Милан ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Биік таулы көлдер – Комо, Лугано, Лаго-Маджоре, Изео жағалауларында архитектуралық құрылымдары әсем курорттар орналасқан. Комо көлінде – Комо, Черноббио, Белладжо, Менаджо; Лаго-Маджоре жағалауында – Интра, Палланца, Стреза, Бельджирате, Мейна, Арона; Лугано көлінде – Кампиене д’Италия, Порлецца; Изео көлінде – Ловере, Пизонье, Мароне, Изео. Ламбардияның шығысында Италияның ең үлкенкөлі Гарда орналасқан, оның жағалауында Гардоне – Ривьера, Мельчезине, Рива, Торболе курорттары бар.

Италияның солтүстік батысы. Бұл аймақта туристерді негізгі қызықтыратын Лигурия – Ривьерасы, ол Франция шекарасынан Пиза қаласына дейінгі аралықтарды қамтиды. Климаты жылы. Бұл аудан 3 бөлінеді: Франция шекарасынан Генуиге дейін Ривьера де Поненте; Генудиден Специиге дейін Ривьера ди Леванте; Специиден Пизаға дейін Ривьера-целла Версилия деп аталады. Атақты курорттары: Сан-Ремо, Империя, Нерви, Рапалло, Масса.

Лигурия Ривьерасының әкімшілік орталығы ежелгі қала – Генуя. Қалада жоғары өнер туындылар, ескерткіштер бар мысалы: Палаццо Бьянко. Турин-мәдени орталық, онда ежелгі рим театры Порта Палантина, барокко үлгісіндегі шіркеулермен сарайлар өте көп. Қалада өнеркәсіптік туризм орталығы("Фиат" автомобиль заводы). Курорттық-туристік зонада мыналар ерекше танымал: Лимоне-Пьемонте, Сестриере, Сен-Венсен, Курмайер, Грес-соне- ла Трините, Брей, Бардонеккейя.

Италияның сотүстік шығысы. Венеция – "Адриатика патшайымы" ең әдемі ерекше қалалардың бірі. Қала 118 аралдарда орналасқан, 160 каналдармен жалғасқан, ол қалаларда 400 көпір бар. Венеция 810 жылы қаланған. Анжело Партечинпаццо бастаған топ негізгі орталық Маламаккодан кетіп, Ривальто аралына қоныстануы қаланың пайда болуына әсер етті. Торчелло және Мурано аралдарында осы кезге дейін VIII-X ғғ. құрылыстар қалдықтары кездеседі. Венецияның басты әсем жерлеріне мыналар кіреді: Әулие Марк алаңы (IX-XV ғғ.), Дожей сарайы (XIV-XV ғ.), Грасси, ка да Масто, Пабло сарайлары, Фрари, Әулие Джованни, Паоло шіркеулері, Ла Френче театры, Браун, Торчело аралы. Негізгі көлік – гондоллалар және моторлы қайықтар. Қаланың негізгі артериясы – Гранде каналы.

Туристерді Падуя, Верона, Ванченца қалалары да қызықтырады. Падуя көркемсурет туындыларымен атақты. Мұнда 1222 ж. құрылған университет жұмыс жасайды. Верона – Италияның ежелгі қалаларының бірі. Мұнда амфитеатр Арена бар. Болонья көптеген тарихи-архитектуралық ескерткіштер қаласы, оның ішінде Сан-Петронио шіркеуін ерекше атауға болады. Бұл туристік ортада туристерді тарту орталығы – Доломитті Альпі. Негізгі тау шанғы курорттары: Валь-де-Фиемме, Обереччен, Валь-ди-Фасса, Карецца (шаңғы орталықтары Чиампак, Пассо, Косталунча), Селла Ронда (әйгілі шеңберлі тау шаңғы маршруты), Альта Бадиа, Вольде-Соле, Бармио, Санта-Катарина, Ливиньо, Ааль-ди-Диентро, Изолача.

Сицилия – Италияның өз парламенті бар, автономиялы ауданы. Аралда византиялықтар, арабтар, нормандар, француздар, аустриялықтар билік құрды. 1861 жылы Гарибольди бастауымен Сицилич Италия корольдығы құрамына енді. Сицилиядағы тарихи-сәулет ескерткіштер Таормина, Агридженть, Палермо қалаларында орналасқан. Сицилияның туристік орталығы Сирануза қаласы антика кезеңіндегі бай күшті қала, Афинаның, Рим, Карорагеннің қарсыласы. Сирануде Архимед және Платон болған.

Сицилия жағажайлары мыңдаған шақырымдарға созылып жатыр. Таормин ауданында Этнаның қарлы беткейлерінен шаңғышылар жағажайға түсіп жылынады. Сицилия аралы Софи Лорен, Элизавет Тейлор, Ричард Бартон, Лайза Минеллилердің сүйікті демалыс орны. Сицилияда 10-нан астам бальнеологиялық курорттар бар.

Сардиния Жерорта теңізінде орналасқан арал, теңіз түбінен 600 млн жылдан астам бұрын көтерілген қалдық жер (Апенин түбегінен де бұрын). Арал ғажайып пейзаждармен, неолит дәуірінің ескерткіштерімен атақты. Мұнда өнеркәсіп жоқ. Сардиния әуежайы Ольбио қаласында орналасқан. Осы жерден атақты жағажайға жетуге болады (Зумратты жағалау), оның ішінде танымал Рамадзино жағажайы, оның қасында Порто-Черво курорты орналасқан. Сардинияның орталық жерлері (Барбаджия) таулы. Мұнда қалың қарағайлы ормандар бар. Осы жерде Еуропаның маңызды қорықтарының бірі – Санрамонте орналасқан. Барбаджияның щығыс жағалауы, Ольястра ауданында ұзындығы 40 шақырым, биіктігі 500 м-дей әктасты кедергі бар, оңтүстігінде әкімшілік орталығы – Кальяри қаласы (40 мың адам).

Италияның туризм тарихы 100 жылдан астам уақытты қамтиды. 1991 жылдан бастап Жерорта теңізі аймағына келетін барлық туристер ағымының 35%-ы Италияның үлесіне тиеді. 1983 жылы туризмді дамыту мақсатында елде туризмді жетілдіру және дамыту туралы заң қабылданды.

Италияның негізгі туристік ресурстары – таулар, көлдер және мәдени құндылықтар, біріншіден, жергілікті туристерді емес шетелдіктерді қызықтырады. Елге келудің негізгі себебі 45%-ы мәдени-тарихи құндылықтарды, 30%-ы екі жағдайды қосып атайды. Халықаралық туризм солтүстігінде басым. Мысалы, 1990 ж. келген шетелдік туристер үлесі 57%-ды құрады. Бірінші орынды, туристерді қабылдау болса Венеция алады (20%). Одан кейін Тоскано және Альто-Адиджи (13%). Ішкі туристер (39 млн-дай адам) өз демалыстарын өз аймақтарындағы курорттарда өткізеді. Оның негізгі себебі көршілес елдермен жалғастыратын автомобиль жолдар желісінің болмауы. Туристік ағынның ең көп кезеңі шілде, тамыз. Бұл жағдай қалалар, жағалаулық курорттар, қонақжайлылық индустриясы үшін қиындықтар туғызады, себебі оның номерлер қоры көп емес. Ел қонақүйлерінің көпшілігі солтүстік шығыста шоғырланған. Италияның орталығында лагерлік қалашықтар, оңтүстікте жалдамалы үйлер басым. Жылына Италия қонақүйлерінде 60 млн туристер қоныстанады, олардың 35%-ы шетелдіктер. Италияда қонақүйде тұру, тамақтану құны географиялық зонаға, маусымға, отельдің класына, т.б. факторларға байланысты.

Экономикалық дамуымен виза тәртібінің жеңілдеуі соңғы жылдарда италяндықтардың басқа елдерге баруын белсендірді, мысалы, 1991 ж. шет елдерде 14,7 млн-дай италяндықтар болды.

Туризмді басқаратын негізгі орган 1959 ж. Туризм министірлігі құрылды. 1972 жылдан бастап биліктің көп бөлігі жергілікті үкіметке берілген. Туризм дамуында маңызды рөлді ұлттық туризм басқармасы атқарады.

Грекия

Грекия – Балқан түбегінің оңтүстігін, Пелопеннос түбегін және 100 астам аралдарды алып жатыр. Ауданы 132 мың шақырым, халық саны 10,6 млн-дай адам. Грекия аумағының 4/5 бөлігі таулы. Биік тау жүйелері батысымен оңтүстік батысында (Пинд жүйесі), шығысында Олимп шыңы бар (2917 м) тау жүйесі орналасқан. Жағалау сызығы тілімденген, осы белгісі бойынша дүние жүзі бойынша бірінші орында. Грекия өзендерінің суы аз, ірі өзендері (солтүстік-шығысы): Альянкмон, Ахелоос, Стримон, Вардар. Көлдері тектоникалық және карстық көлдер, ірісі – Трихонианис көлі (Грекияның батысы). Ормандар ел аумағының 18%-ын алып жатыр.

Грекия жерортатеңіздік климат зонасында орналасқан. Туристердің көп келетін кезеңі қазанның аяғы және мамыр мен тамыз айлар аралығына сәйкес келеді. Осы кездегі орташа температура +20-26ºC, судың температурасы +15ºC. Тамызда құрғақшылық басталады. Қыстағы температура +12-16ºC.

Ежелгі Эллада еуропа өркениетінің белгісі. Эллиндіктер тарихшы ғалымдар айтуынша, біздер үшін "Мәдениет кеңестігін" қалыптастырған. Демократия және философия, театр және мектеп, поэзия, алаңдар, тіпті гигиена Ежелгі Грекиядан бастау алады. Мұнда Аристотель, Гомерлер әлемдік әдебиет туындылары "Илияда", "Одиссея" авторы. Грекияда дін негізінде спорт қалыптасты. Эллиндер өмірінде маңызды оқиғалар бірі олимпиадалық оқиғалар болды. Осы кезеңде бейбітшілік, тыныштық орнап, барлық Жерорта теңізі жағалауынан көрермендер жиналатын. Олипиада ойындарымен қатар Пифейлік, Истмилік, Немейлік ойындар кезектесті. Жеңімпаздарға өмірлік құрмет көрсетілді. Ежелгі Эллада адамзатқа үлкен жаналық-демократияны сыйлады. Әр азамат жиналысқа тікелей өзі қатысып, қол көтеру арқылы дауыс берді. Барлық қызметтер қаржы, әскериден басқасы, жеребе тастау арқылы анықталды (жеребе машинасы Афина мұражайында сақталған).

Грекиядағы негізгі туризм түрі – тарихи мұражайларға бару, 260 астам мұражай бар. Туризмнің ерекше нысандарының бірі – метеорлар-биік шыңдардағы монастырлар. Жағажайлық-курорттық туризм сапалы жағажайлармен қамтамасыз етілген. Елде 40-тан астам ыстық бұлақ көздер бар. Грекияда 22 аэроклубтарда туристерді ұшақ түрлерін пайдалануға үйретеді. Тайыз жағалау су асты туризмін дамытуға пайдаланылады. Сәуір, қараша айларында эхталық демалыстар ұйымдастырылады (ұзақтығы 3-4 күннен бір ай, оданда көп уақытты).

Елдегі 15 тау шыңын қар басып жатыр, мұнда щаңғы трассалары жасақталған. Танымал шаңғы трассалары: Парнас тауында (2390 м) Афродита, Герлес, Бахус деген атпен белгілі. Балқан тауында 7500 астам үңгірлер бар. Спеологиялық маршруттар жасақталған. Грекия – іскерлік туризм елі. Афинаның өзінде ғана 15 арнаулы конгресс орталықтар бар. Ауылдық туризм қарқынды дамуда.

 

 

Грекияда 4 негізгі зона ажыратылады: Орталық Грекия – ежелгі Эллада (Аттика, Эпирус, Фессалия, Орталық Грекия, Эвбея); Солтүстік Грекия (Самофранция, Македония); Пелопеннес және Грекия аралдары (Киклад, солтүстік Спорада, Додеканес, Крит, Иноникалық).

Орталық Грекия. Бұл аймақта туристерді негізгі қызықтыратын ел астанасы – Афина (900 мың адам) ежелгі қала. Мұнда үкімет резиденциясы мен парламент орналасқан. Ежелгі Афиндіктер антика, римдік византия кезеңінің ескерткіштерін сақтап қалған: Афина Акроналі, Пропилей-акропольға кіретін салтанатты есік (б.э.д. V ғ.), Парфенон (Афина-әйел ғибадатханасы). Акрополдың етегінде Дионис театры, Аттика ароды, Олимпия Зевсінің ғибадатханасы (б.э.д. II ғ.). Археологиялық және тарихи мұражайларда антика дәуірінің мәдени мұралары б.э.д. V ғ. ескерткіштері сақталған. Орталық Грекияда Парнас тауының Оңтүстік беткейінде антикалық Грекияның діни орталығы Дельфа қаласы орналасқан. Онда – Пифеялық ойындар, әншілер, музыканттар, атлеттер сайысы өтеді.

Афинадан 42 шақырым қашықтықта атақты Марафон алаңы бар, онда б.э.д. 490 ж. афин армиясы парсы әскерін жеңіліске ұшыратты. Гректердің жеңісі туралы хабарды Марафоннан Афинаға дейін тоқтаусыз жүгіріп отырып грек жауынгерлері жеткізіп, сол жерде өлген, содан "марафон жүгірісі" деген атау пайда болған. Фессалияның тарихи онысандарының бірі Лариса қаласы (ежелгі акрополь, антикалық театр, 20 арнасы бар көпір).

Афинадан оңтүстікке қарай Грекияның атақты курортты ауданы орналасқан. Осы жерде б.э.д. V ғ. мәдени ескерткіштер орналасқан (Пассейдон ғибадатханасы). Курорттары: Глифада, Вульягмен, Лягониси, т.б. Афинадан 14 шақырым жерде Кифиси курорттары бар Солтүстік шығыста Порто-Фафти, Лутса, Рафина, Неа Макри, Шиниеда жағалайлар орналасқан, бірақ олар нашар жабдықталған. Батыста Лутракион бальнеологиялық курорты, Орталық Грекияның шығыс жағалауында жоғары минералданған суы бар курорттар Каменна, Ворла, Ипати көпшілікке белгілі.

Солтүстік Грекия – тарихи ескерткіштерге бай. Салоник шығанағының жағалауында Эгей теңізінде әсем қала – Солоники орналасқан. Оны б.э.д. 315 ж. Кассандр патшасы салдырған. Қаланың археологиялық мұражайында II Филип қабірінің кірпіштері, диадеммалар, кеуде қорғандары, емен жапырағынан жасалған веноктар қойылған. Б.э.VI ғ. Салоники Византия империясының сауда орталығы болды.

Халкидика түбегінде атақты Афон тауы бар, оны гректер және табынушылар "Әулие Богородица бағы" деп атайды. 963 ж. Әулие Афанасий Афон тауында бірінші монастрь Ұлы Лаврды салғызды. X ғ. басында Ксилурго тұрағы (Древоделия) пайда болды. Табынушылар сапары Уронополистен басқа Дафна порты арқылы Афонның астанасы Карейге кейін, одан әрі монастрға жаяу барады.

Пелопоннес. Бұл туристік зона Пелопоннес аралын алып жатыр. Пелопоннестің негізгі туристік орталықтары ежелгі қалалар Коринф, Микен, Эпидаврос, Спарта, Олимп үйінділері.

Коринф б.э.д. ІХ ғ. қалыптасқан, ол көптеген жылдар бойы қала мемлекет ретінде Пелопоннестен Элладаға баратын жолды бақылауда ұстады. Коринфте көптеген антика кезеңінің архитектуралық-сәулет ескерткіштері сақталған, оның ішінде Афродита және Аполлон ғибадатханалары, Микенде Арыстан қақпасы бар қорған сақталып қалған (б.э.д. ХІV ғ.).

Эпидавросте антикалық театр сақталған. Антика кезеңінде бұл қала дәрігер құдайы Эскулапқа табыну орталығы болды.

Спарта қазір шағын қала. Б.э.д. ХІІ ғ. Спартада Микен мәдениетінің орталықтары сақталған қалған. Спарта мемлекеті б.э.д. VІІІ ғ. қалыптасқан және балалар тәрбиелеуді ерекше жүргізген (7-18 жастағы ер балалар қатаң жағдайда өмір сүрген, тәрбиеленді).

Олимпиа ежелгі Грекияның өнер орталықтары болды. Б.э.д V ғ. құдайлардың атасы Зевс ғибадатханасы салынды. Ғибадатханада алтыннан және піл сүйегінен жасалған Зевстің мүсіні тұрды (мүсінші Фидии). Олимпиада төрт жылда бір рет олимпиадалық өтіп тұрды.

Пелоннестің солтүстік жағалауында теңіз курорттар орналасқан: Эйон, Диакоптан, Ксилокострон, Кишни, Кайяфа. Бальнеологиялық курорттары: Калини Баниг, Калибрия, Метана, Милон.

Грекия аралдары – Крит, Родос, Киклад, Кос, Тасос туризмді дамытуға өте қолайлы.

Крит аралы – Грекия аралдары ішіндегі үлкені. Эгей теңізінің Лиия теңізінен бөліп, Еуропа мен Африка шекарасы болып саналады. Орталық бөлігінде Лефка, Ори, Псилоритис, Дикти таулары бар. Таулы үстірттері терең каньондармен тілімделген, біртіндеп құнарлы аңғарларға ұласады. Негізгі қалалары: Ханья, Ретимно, Агиос, Николос, Сития, Иерапетра. Крит аралы археологиялық мұражайлармен, тарихи мұрағатымен, теңіз мұражайымен, ежелгі ескерткіштермен Актера, Полирриния, Фаласарна, Аксос, Арисни, т.б. белгілі. Критте 300-ден астам үңгірлер (Сендони, Илео Андро, Илитин, Әулие Параскева, Камарон, Гераниц, Мелидонц) бар.

Родос әсем жағажайларымен танымал. Мұнда әлемнің жеті кереметінің бірі Колосс Родоский тарихи ескерткіші болды. Басқа ескерткіштерден Ортағасырлық жауынгер көшесі, Жауынгерлер үйі, Инсия курорты, Линдос, Фалирани курорттарымен танымал.

Киклад аралдары 56 аралдан тұрады: Андрос, Тинос, Сирос, Миконос, Дилос, Антипарос, Наксос, Кіші Шығыс Киклад, Аморгос, Фомгандрос, Сикинос, Иос, Анафи, Санторин, Фирасия, Кеа, Кифнос, Кимолос, Милос, Серифос, Сифнос, т.б.

Корфу аралы тарихи нысандарға бай. Арал орталығы Корфу қаласында археологиялық мұражай, Византия мұражайы, Азия өнер мұражайы, көне сарай, муниципалитет үйі, Әулие Ясон және Сосипатра шіркеуі, Әулие Спиоидон шіркеуі, Кафедралды собор, Панагия Платитар монастыр- университеті, т.б. мәдени орындар бар.

Кос аралы Гипократтың отаны. Аралда ежелгі сауда орталығы, консерватория, ежелгі кино алаңы бар.

Тасос аралының басты қаласы – Лименас. Мұнда археологиялық мұражай, ежелгі базар, театр және акрополь бар, жағажайлары – Еврокастро, Агиос, Синикислу, Нистери, Пасо, Лимани, Глинада, Хриси Аммудия.

Милос аралында Афродита-Венера Милосскаяның мүсіні табылған, қазір Луврда, Эгина аралында Афина құдайының ғибадатханасының қалдықтары сақталған.

Соңғы жылдарда Грекияда туризм ұлттық экономиканың дамыған саласына айналған. Туризм саласында еңбекке жарамды тұрғындардың 12%-ы жұмыс жасайды. Грекия туристер ағыны бойынша алдыңғы 15 елдің қатарына кіреді. 2000 жылы Грекияға 12500 мың турист келді. 1950 ж. Грекияда Ұлттық туристік әкімшілік құрылды. Оған екі ірі компания кіреді: "Ксения" және "Дженерал" турист энтерпрайс.

 

Date: 2015-06-07; view: 2669; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию