Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эль-Саладо. Кішкентай жағажай суастында жүзу мен сноркелингті ұнататындар орны. Одан басқа, мұнда елдегі ең жақсы картинг трассасы бар





Сан-Антонио-де-лос-Баньос. Гавана провинциясында орналасқан бұл қалада Әзіл мұражайы бар,Аригуанабо өзенінің ағысымен жоғары жүзіп, оның әдемі жағалауын тамашалауға болады немесе осында ұйымдастырылатын Халықаралық әзіл бьенналесін көре алады.

«Анхерон» кофе плантациясының ескі орны. Артемиса муниципиясында орналасқан ұлттық ескерткіш. ХІХ ғ. ол елдегі ең өнімді плантация болған.

Санта-Крус-дель-Норте. Теңіз жағалауындағы ауыл, қазір мұнда атақты "Гавана Клуб" ромы шығарылады және де қанша таңқаларлық болса да мұнда мексика әдебиетінің кітапханасы бар.

Куба – сазді би мен музыка әлеміне шақыратын арал. Бұл әлемнің әр түкпірінен әкелінген этникалық дәстүрлердің қорытпасы. Түнгі орталықтарға, атақты кабарелерге, клубтарға, концерт немесе театр залдарына баруыңызға болады; сонымен қатар сіз өзіңіздің саяхатыңызды«Лас-Паррандас-де-Ремедиос» (Las Parrandas de Remedios) (Вилья Клара), «Лас-Паррандас-де-Бехукаль» (Las Parrandas de Bejucal) (Гавана), Сантьяго-де-Куба немесе Гавананың карнавалдары сияқты атақты танымал мейрамдардың біріне сәйкес келетіндей етіп ұйымдастыруыңызға да болады.

Гаванада атақты гаваналық кабаре «Тропикана» («Жұлдыздар астындағы жұмақ») бар. «Тропикана» кабаресі ең керемет түнгі орталық, ашық аспан астындағы тамаша әдемі саябақта орналасқан, тек Кубадағы ғана емес ол сонымен қатар бүкіл Латын Америкасындағы ең үлкен түнгі орталық болып табылады. Қазіргі кезде бұл кабаренің нұсқалары Матансас пен Сантьяго-де-Кубада да кездеседі.

Куба астанасында «Ла-Сорра-и-эль-Куэрво» (Түлкі мен Қарға), «Джаз-Кафе» және Мирамарда, бұрынғы «Johnnys Dream»-да «Джаз-Кафе Иракере» сияқты джаз клубтарын және «Эль-Гато-Туэрто» (Біркөзді мысық) және «Дос» (Екі) сияқты басқа да клубтарды кездестіруге болады; сонымен қатар мұнда кабарелер мен би орталықтары көп. Мұның барлығы бүкіл елде таралған: Варадерода, Ольгинеда, Хардинес-дель-Рейда, Сантьяго-де-Кубада, Камагуэйда және басқа да туристік аудандар мен ел қалаларында.

Кубаның ұ лттық ерекшеліктері: Кубалықтардың өзіндік ерекшелігі – la cubania туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жалпы алғанда, оны әр түрлі ұлттар мен мәдениеттердің араласуының нәтижесі деп сипаттауға болады. Кубалықтар Еуропалық үлгіде пішілген, бірақ тропиктік жағдайларға бейімделген киімдер киеді. Ер адамдардың негізгі ұлттық киімі гуявера – ұзын жеңді, бүрмелері бар, төрт қалтасы бар кенеп жейде. Ол кубалық климатқа өте қолайлы киім. Кубаның халқы 11 млн-нан астам адамды құрайды. Куба халқының жылдық өсу көрсеткіші дамыған елдерге жақындап келеді: 1964 ж. мың адамға шаққанда 26,4-тен 1998 ж. 4,5-ке дейін азайды. Туу көрсеткіші 1965 ж. мың адамға шаққанда 34,3-тен 1998 ж. 13,8-ге дейін азайды. Кубада халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 100,5 адамды құрайды; халық негізінен қалаларда шоғырланған. Куба халқының шамамен 65%-ы – ақ нәсілділер, ал қалғандары – негрлер мен мулаттар; бұл тарихи иммиграциялық процестердің нәтижесі болып табылады: иммигранттардың басым бөлігі испандықтар болды. ХІХ ғ. аяғына қарай Кубаға Африкадан млн-ға жуық негр-құлдар әкелінген деп есептелінеді. Сонымен қатар ХІХ ғ. елге құл ретінде 150 мыңға жуық кули-қытайлар келген. Мың әйел адамға 999 ер адамнан келеді (2000 жылғы мәліметтер бойынша).


Салт-дәстүрлері: Жергілікті халықтың Иберий түбегінен келген испандармен араласуы нәтижесінде метистер пайда болды. Негрлер Африканың барлық жерінен әкелінді: Майомбе джунглилерінен, Гвинея шығанағының жағалауы Ескі Калабрдан, Дагомеядан, Анголадан, Сенегалдан, Конгодан, Нигердің жоғарғы ағысынан, Мозамбиктен және басқа да жерлерден. ХІХ ғ. ортасында аралда француз жер аударушылары тұрақтады, кейін кули-қытайлар (Гаванаға барсаңыз міндетті түрде ескі қаладағы қытай бейітін көруге барыңыз – ол өте ерекше түрге ие: католик діні мен ежелгі қытай дәстүрлерінің үйлесімі), канарлық шаруалар, арабтар мен еврейлер. Мұнда ағылшындар да болды. Осыншама көп түрлі халықтар жаңа бір халықтың пайда болуына себепкер болды. Кубалықтардың сауық-сайран мен күлкі шашып тұратын мінезі, олардың қонақжайлылығы, өзіндік ерекшелігі, жаңа таныстарды оңай табуы, қарым-қатынастағы сабырсыздығы, тоқтаусыз әңгімешілдігі мен испан тілінде тез сөйлеуі – осының барлығы ерекше кубалық төлтума ерекшеліктің қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы болып табылады. Жергілікті тұрғындар оны «La cubania» деп атайды. Олар ән салғанда (олар үнемі ән айтады) немесе гитарада ойнағанда көңіл-күйлері арқылы әдемілік, қуаныш және қайғыны бір мезетте жеткізеді.

Кубалық тағамдар: Кубалықтардың тамақтарында испандық тағамдар көп. Ең танымал тағам – қара фасоль қосылған күріш, оны морос пен кристианос (маврлар мен христиандар) деп атайды. Кубалықтар шошқа етін жақсы көреді. Жаңажылдық ұлттық тағам – түрлі көкөністер қосылып тұтасымен вертелде қуырылған сүтті торай. Тәтті тағамдарға әдетте өте көп мөлшерде қант қосылады, негізінен кубалықтар тәттілерді жақсы көреді. Олар шырынды көп ішеді. Жемісті балмұздақтардың көптеген түрлері барлық жерде таралған. Қою тәтті кофе әрқашан аса танымал.

Бостандық аралы, ұлы Че Гевараның, кубалық сигаралар мен қарақшы ромның елі. Карнавалдық музыканың, тамаша патшалық пальмалардың, керемет теңіздің елі.

 







Date: 2015-06-07; view: 1534; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию