Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Америка Құрама Штаттары 3 page
Канаданың табиғи кешендері алуан түрлі болып келгенімен, түгелімен дерлік игерілмеген. Канаданың басты байлығы – оның АҚШ-қа қарағанда жақсы сақталған шынайы табиғи ландшафтысы. Елдің жер бедері айтарлықтай әр түрлі болып келеді: ауқымды төбелі жазықтары орталық бөлігінде таулы жүйелермен алмасады. Батысында биіктігі бірнеше мыңдаған м-ге жететін Кордильер тауымен (елдің ең биік жері – Логан тауы, 5951 м), шығысында – Лабрадор түбегінің таулы қыраттарымен жалғасады. Канада су көздеріне өте бай – суы мол өзендері және саны млн-ға жететін (Үлкен Аюлы, Үлкен Еріксіздер (Невольничье), Виннипег, Атабаска) көптеген мұздық көлдері бар. АҚШ шекарасында әлемдегі ірі көл жүйесі – Ниагара сарқырамасымен танымал Ұлы Америка көлдері орналасқан. Бұл американдықтардың да, канадалықтардың да бірден-бір мақтанышы болып табылатын материктегі басты табиғи көрікті орындардың бірі. Канада солтүстік елдердің қатарына жатады. Әсіресе, климаты қатаң болып келетін солтүстік жағалауы мен Канада Арктика архипелагында тіршілік жоқ арктикалық шөлдер алып жатыр. Бұл жерде орташа тәуліктік температура 0oС-ге жуық қысқа жаз айларынан аязды қыс айлары басым болады. Канадада тундра зонасы оңтүстікке қарай Лабрадор түбегінің жартысына жуығын алып жатыр. Бұл табиғи феномен Лабрадор суық ағысы және Гренландияның салқын ауасының әрекетімен түсіндіріледі. Канадалық тундраның белгісі – мүк және қынамен қоректенетін солтүстік карибу бұғысы. Оңтүстікке қарай түр құрамы жағынан еуропалық тайгамен салыстырғанда бай көлемді тайга зонасы жалғасады. Тайгалық ормандар оңтүстік-шығысқа қарай жалпақ жапырақты ормандармен, ал оңтүстік-батысқа қарай прерийлермен алмасады. Ылғалды тынық мұхиттық жағалауы қалың қылқан жапырақты ормандармен көмкерілген. Канаданың табиғи қарама-қайшылығы айқын байқалады, яғни солтүстігінде мәңгі қыс орын алса, ал оңтүстігінде – жүзім, шабдалы, өрік пісіп жатады. Табиғи байлықтары Канаданың рекреациялық әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, алайда оның қазіргі таңдағы туристік игерілу дәрежесі төмен. Сонымен қатар, көршілес АҚШ-қа қарағанда Канаданың жылы теңіздік жағалаулары жоқ, ондағы тұман, теңіз дауылдары мен мұзтаулар круиздік саяхаттарды ұйымдастыруға кедергі жасайды. Елдің негізгі құнды рекреациялық әлеуеті 40 ұлттық саябақтарда, ондаған табиғи және тарихи саябақтарда, аң аулайтын қорықтар мен жабайы фауна резерваттарында шоғырланған. Атабаска мен Үлкен Еріксіздер көлдерінің аралығындағы батпақты ойпатта орналасқан ірі саябақтың «Вуд-Буффало» (54 мың шаршы шақырымға жуық) өзінің ареалында сақталған бизондарымен әйгілі. Көптеген саябақтар шаруашылыққа игеру зоналарында табиғат кешендерін сақтау барысында елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Әдемі саябақтары Қатпарлы тауларда орналасқан. Канада танымдық-экскурсиялық туризм дамыған ел болып саналмайды, бірақ оның үндістік (оңтүстік) және инуиттік (солтүстік) тұрақтары сақталған, 2100 астам мұражайлары мен тарихи саябақтары, ірі өндірістік-техникалық нысандары бар қазіргі қалалары, Торонтодағы ең биік 553 м-лік телемұнара туристердің қызығушылықтарын тудырады. Тарихи-мәдени мұралар нысандары неғұрлым жас және олар Солтүстік Америкадағы еуропалық отарлау және оның шаруашылыққа игерілу оқиғаларымен байланысты болып келеді. Әсіресе Канаданың теңіз жағалауы провинциялары тарихи ескерткіштерге бай. Алғаш қоныстанған тұрғындардың қорғаныс және тұрғылықты нысандары қазіргі кезде мұражай немесе тарихи ескерткіштер ретінде жарияланған. 1759 ж. ағылшындар мен француздар арасында болған соңғы шешуші шайқас болған Квебек қаласы маңындағы тарихи орынды ерекше атауымызға болады. Айрықша даталар бойынша бұл орын театр қойылымдарының аренасына айналған. Кейп-Бретон аралында 1894 ж. телефонды ойлап тапқан әйгілі канадалық ғалым А.Г. Беллдің мұражай-үйі орналасқан. Елдің әр қаласы мен аудандарында өткізілетін мейрамдар мен фестивальдар туристердің қызығушылығын тудырып отыр: Ньюфаундлендте болатын фольклорлы фестивальдар, Жаңа Шотландияда бақтың гүлденуі кезіндегі алма мейрамы, Квебек қаласында ең алғаш қоныстанғандардың (француз) мейрамы, Альберта провинциясындағы жазғы кавбой жарысы, сонымен қатар аңшылардың, орманшылардың, т.б. мейрамдары. Көктемде жаппай үйеңкі шырынын жинау мерекесі аталып өтіледі. Ресурстық әлеуетке бай, туризмнің дамуына Канаданың рекреациялық-географиялық орналасуы көршілес АҚШ-тың ірі туристік нарығы және осы елмен шекараларының формальдылығының болмауы әсер етеді. Еуропалық және азиялық нарықтан алыс жатуы әуе көлігінің дамуына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Ірі халықаралық әуежайларға Ванкувер, Торонто, Монреаль, Галифакс жатады. АҚШ-тан келетін негізгі теміржолдық бағыттар: Нью-Йорк – Монреаль, Нью-Йорк – Торонто, Чикаго – Торонто. Туризмнің дамуының маңызды алғышарттарының бірі елдің саяси-экономикалық дамуының жоғарғы деңгейі: Канада «үлкен жетілікке» кіреді және де өмір сүру ұзақтығы бойынша БҰҰ-ның санағымен әлемде алдыңғы қатарларды алады. Осы себептен Канада иммиграция (жылына 200-250 мың иммигранттар қоныс аударады) үшін де, туризм үшін де қызығушылық тудыратын ел болып табылады. Қазір тұрғындардың әрбір 6-шысы мемлекеттен тыс жерде дүниеге келген. Осыған байланысты Канада халқының басқа иммиграциялық аудандарға туыстарына және достарына барудың өсу қарқындылығын анықтауға болады. 1990 ж. шетелден келетін туристердің саны 15,2 млн-нан 2000 ж. 19,7 млн-ға өсті, (1 күндік саяхатты есептемегенде 29 млн-дай адам) әсіресе солтүстік аудандарда. Қазір туристердің қарқынды түрде келуінің көрсеткішін көрсететін елдердің қатарында – 1000 халыққа шаққанда 600 адамнан жоғары сәйкес келеді. 2000 ж. аяғында туризмнен түскен қаржы 10,7 млрд долларды құрады. Осыған байланысты туризмнің әлемдік құрылымында туристердің келуі жөнінен, қысқа мерзімді келушілер, сонымен қатар шығынның аз шығуына байланысты өзге елдер Канадаға жол береді. Айта кететіні, көптеген келушілер тобы Канадаға көршілес АҚШ мемлекеттерінен (80% жоғары) және туристерге уик-эндтік немесе біркүндік экскурсиялар жүргізіледі. Канадаға келетін туристік топтар Ұлыбритания, Франция, Германия және Жапония елдерінен келеді. Канада жоғары дамыған ел болғандықтан туристік нарықты басқарады. Шетел туристерінің келуі 2000 ж. 19,2 млн. адамға сәйкес келді, яғни тұрғылықты халықтың жартысынан көп. Сыртқа шығу топтары бойлық бағытқа ие және АҚШ-тың, Мексиканың, Кариб теңіздерінің жылы теңіздік курорттарына бағытталған (40%). Сыртқа шығу топтары Еуропа елдеріне, әсіресе Ұлыбританияға, туыстарымен және достарымен көрісу мақсатында ұйымдастырылады (38% жоғары). Халықаралық туризм шығыны 11 млрд. доллардан жоғары, Канада басқа да дамыған елдер сияқты туристік баланс 1 млрд. долларды құрады. Туризм индустриясында экономикалық мәнін ескере отырып, Канадалық басқарушылар оның дамуына ерекше көңіл бөледі. Ел ондаған шетелдік туристік фирмалармен жұмыс жасайды. Аумақтардың ерекшелігі рекреациялық ресурстардың таралуына байланысты бірнеше туристік аудандарға бөлуге болады. Көлмаңы ауданы Онтарио және Квебек провинциясы елдің дамыған аудандары, жоғарғы деңгейдегі заманауи рекреациялық инфрақұрылымға ие. Бұл ауданда ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтар орналасқан (Монреаль, Торонто, Квебек, Оттава). Егер Торонто «американдандырылған» қала болып есептелсе, Монреаль – еуропалық үлгідегі қала, 350-ден астам бақ, 300-ге жуық ғибадатханалар, 15 көпір орналасқан. Торонто қаласының көрнекті орындарының бірі – Париждің Нотр-Дам соборының көшірмесі болып есептеледі. Квебек ескі ғимараттарымен, ал Оттава – коттедждерімен және Парламент ғимараттарының кешендерімен ерекшеленеді. Теңіз маңы аудандарында Ниагара сарқырамасы орналасқан – табиғаттың керемет ескерткіштерінің бірі, көрермендердің ерекше таңқалысын туғызады. Әрбір минутта 450 мың т су 51 м биіктіктен құлап ағады, биіктіктен құлаған су шуы 20 шақырым қашықтықтан естіледі. Үндістер сарқыраманы су шуылы немесе Үлкен Шу деп есептейді. Қазіргі кезде инженерлік-техникалық құрылғылардың көмегімен (канатты жолдар, тамашалау аймақтары, кешкі уақытта жарқырату құрылғылары) Ниагара сарқырамасы экскурсиялық көрсетілімдерге дайын. Сарқыраманың көп бөлігі Канада аумағында орналасқан. Теңіз маңы (Атлант маңы) ауданы (Жаңа Шотландия провинциясы, Нью-Брансуик, Ньюфаундленд және Принц Эдуард аралдары) туризмнің жоғары емес дамуымен сипатталады, бұған басты себеп – климаттың қаталдығы. Жағалауында орналасқан спорт кешендерімен, көл жағасында орналасқан курорттарымен ерекшеленеді. Ең атақты орталығы ретінде туристік инфрақұрылымның дамуын көрсететін Принц Уэльс ауданы. Орталық-Батыс аудан (Саскачеван, Манитоба, Альберт провинциялары) туризмнің даму көрсеткіші жөнінен тек Теңізмаңы аудандарына жол береді. Ірі орталықтармен (Виннипег, Эдмонтон, Калгари), АҚШ елімен шекаралас жатуымен әйгілі. Альберт провинциясында «Банф» көне ұлттық бағы орналасқан (1885 ж.). Банф қалашығы сонымен қатар термальдық минералды көздерінде орналасқан курорт және тау климатымен ерекшеленеді. Ред-Дир өзенінің даласында Динозавр бағы салынған (бұрынғы динозавр қалдықтарының орнында). Калгарида болған 1988 ж. қысқы Олимпиада ойындарынан соң орман мекені, көл және батпақ, балықшылар үшін атақты орынға айналды. Тынық мұхит ауданы (Британ Колумбиясының провинциясы) Кордильердің жабайылығы және көркемділігімен, ұлттық бағының адам баспаған жерлерімен, Ванкувердің танымдық әлеуетімен (теңіз мұражайы, океанариум, зообақ, ботаникалық бақ, үндіс тотемдық жинағы) ерекшеленеді. Ванкувер аралы жұмсақ жағажай климатымен әйгілі. Солтүстік аудан (Юкон және Солтүстік-Батыс аумағы) «салқын мекен» деген атаққа ие. Спорт, балықшылық, аңшылықты сүйетіндер үшін туристік орталық болып табылады. Қорғауға алынған аумақ Беффинов жері аралының ландшафтысы («Ауюиттук» бағы), поляр фаунасы, көптеген батпақ және көлдерімен көпжылдық аяз басқан Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы («Нортен-Юкон» бағы), Кордильердің солтүстік тайгалық ландшафтысы («Наханни» бағы). Табиғи ресурстарымен қатар бұл жер «алтын ашылыстары» кезінде Клондайк өзені 1896 ж. алтын шашырандысы табылған мекен ретінде танымал. Доусон қаласында (алтын өндірудің орталығы болған) сол кезеңнің атмосферасы көрсетілген. Сонымен қатар, әрбір турист алтын алынып жатқан жерден өзінің бағын сынап көруіне болады. Канаданың туристік орталықтары.Онтарио – тұрғын халқы жөнінен елдің ірі провинциясы болып табылады. Ол өзінің жүзім егістігімен, мұнда канадтық шараптың көп бөлігі өндіріледі, сонымен қатар өзінің Ниагара сарқырамасының «Үлкен тағасы» өте көп туристерді еліктіреді. Онтарио – бұл 30-дан астам ұлттық қорықтар, солтүстік аумағы жабайы, тұрғындар тұруға лайықты емес, шамамен 50 мың таза көлдері мен жалпы ұзындығы 55 мың шақырым болатын көптеген өзендер, осының барлығы ең тығыз орналасқан және шаруашылығы жағынан дамыған «Онтарио түбегі» деп аталатын аймақпен көршілес, Онтарио, Эри және Гурон көлдерімен шектелген. Мұнда Канада астанасы – Оттава қаласы орналасқан, сонымен қатар елдің ресми емес ағылшын тілді Торонто қаласында этникалық топтардың көп болуы оларды санап есептеуге келер емес. Оттава (ескі атауы Байтон) 1857 ж. Канаданың астанасы болды. Оттаваның негізгі көрікті орындары – Парламент (Канаданың заң шығару органдарының отырысына барып қайтуға болады), 53 қоңырауы бар Әлем мұнарасы, Байворд жабық базарының айналасындағы әдемі кварталдар, Ридо каналы (қыста әлемдегі ең үлкен 8 шақырым мұз айдынына айналады), Патша полициясының ат қоралары, Канаданың табиғат мұражайы, елдегі ең үлкен телескопы бар Ғылым және техника мұражайы, Қазіргі фотосурет мұражайы, Лорье мұражайы, Канада банк мекемесіндегі Нумизматика мұражайы, Ұлттық өнер орталығы, Канаданың Ұлттық галереясы, Канада Әскери мұражайы, Ұлттық аэронавтика мұражайы, Табиғат мұражайы, Карикатура мұражайы және т.б. Оттаваның көрме залдары – Байворд-Маркет Ла-Масон дю-Ситое, Ле-Малун-дес-Артс және Артс-Корт елден тыс алыс жерлерге де танымал. Ұлттық өнерді сүюшілерге Оттава Сивик Сентр, Конгресс-Центр мен Непин Спортсплекске барып келуге болады. Онда көптеген өнер туындысы мен заттары көрмеге қойылып сатылады. Музыка әуесқойларын Ұлттық Өнер Оркестр Орталығы, Оттаваның Симфониялық оркестрі және т.б. көптеген музыкалық коллективтерімен кездесулер күтеді. Қала шегінде керемет саябақтар орналасқан. Оның ішінде ең әйгілісі Гатино саябағы (35 мың га) болып табылады. Қала маңайындағы бекітілген Кингстон қаласы қызықты. Бұл жерде белгілі Ирланд фестивалі, Генри форты (1812 ж.), Онтарио көліндегі атақты «Мың көлдері», Жоғарғы көл жағасындағы (әлемдегі көлемі бойынша үшінші өзен порты) Тандер-Бей, Каминистикиа өзеніндегі Вильям форты, 300 м. Нанибижу тауы («Слипинг Джайнт»), Пукаскуа қорығы, «Эрматинджер» ескі үйіндегі тарихи мұражайы бар әдемі Сент-Мари қалашығы, ең әдемі шатқалдар ауданы Агава мен әйгілі Ниагар сарқырамасы бар. Торонто (гурон тілінен – «кездесу орны») – Канадағы ең ірі қала, мәдени және канадалық ағылшын тілді сауда орталығын бастаушы, халықаралық тазалық пен тәртіптің эталоны. Бұл өте үлкен мегалополис оңай танылады. Онда биік ғимаратты банктер мен кеңселер, тиіндер мен басқа да ұсақ орман аңдары еркін өмір сүретін ондаған жасыл саябақтармен қоршалған, ұқыпты саябақтар гүл бағы ең ірі магистральдарды жиектейді, ал көптеген ұлттық кварталдар калейдоскоп тәрізді бір бірін ауыстырып жатыр. Қаладағы қызықты орындар – Онтарио алаңындағы свайнды ойын-сауық кешені, Гайд-саябағы және Елизавета ханшайымының саябағы, Онтарио өзеніндегі көрікті Торонто-Айлендс аралды саябағы, 15 шақырымға созылған Скарборо құзыры, Роял-Банк-Плаза ірі банк ғимаратының алтын жалатылған мұнарасы, Рой-Томсон-Халлоның концерттік залы, қала символы – 553 м «Си-Эн-Тауер» мұнарасы, Скай-Доум спорттық қонақ үй кешені, Онтарио көркемөнер галереясы, Үкімет үйі, Итон-Центр атақты сауда кешені және т.б. Қалада драматургиялық театрлар Ұлттық балет, Ұлттық опера, Өнер орталығы, консерватория, Онтарио Патша мұражайы және т.б. жұмыс істеп жатыр. Ең үздік біртұтас «шоқ жұлдыз» мұражайлары қызықты – Онтарио Патшалық мұражайы (Канададағы ең үлкен мұражай), Генри Мураның әлемдегі ең ірі шеберлік жұмыстар жиынтығының орталығы, Керамика мұражайы, Мак-Майкл мұражайы (Торонтодан көлікпен 45 млн. қашық жер, Канадалық өнер), Аяқ киім мұражайы, Онтарионың ғылыми орталығы және атақты Торонто хайуанаттар әлемі. Сонымен қатар, қала өзінің мамандырылған спорттық клубтары мен спорттық ареналарымен әйгілі – Скайт-Доун-атақты өте үлкен жабық стадионы (көлемі 8 акр, 56 мың көрермендерге есептелген), «Хокки Халл оф Фэйм энд Мьюзейм» – әлемдік чемпионаттардың ең мәртебелі кубоктары, соның ішінде Стэнли Кубогы сақталатын хоккей мұражайы мен сарайы. Қалада Йонге, Блур және Юнивесити, сонымен бірге Йорквиль аймағы мен Бичез кварталында көптеген түнгі мекемелер мен мейрамханалар бар. Каса-Лома – 1914 ж. банкир Генри Пеллат салған, 96 бөлмеден тұратын эксцентрлік үй-қамалы, Торонто шығанағын қорғау үшін 1793 ж. салынған ескі Йорк форты, ″Доминион банкінің″ негіздеушісі Джеймс Остинге арнайы 1866 ж. салынған Спэдин қорғанысы, Джордж-Форты (1812 ж.), аумағы 7,6 мың шаршы шақырым Алгонкин қорығы, Үйеңкі шырын мұражайы мен Торонтоның оңтүстігінен 100 шақырым қашықтықтағы атақты Ниагар сарқырамасы өздеріне үлкен қызығушылықты тартады. Квебек – ең үлкен және Канаданың ең әдемі провинциясы. Франциядан үш есе және Ұлыбританиядан жеті есе үлкен бұл территория елдің әдемі аудандары – Лаврентий, Эстри және Шарлава таулы-көлді өлкелері, Сент-Лауренс (Әулие Лаврентия) өзенінің төменгі жақтарының тамаша ормандары, Гаспези, Сагене жағалаудағы аудандар мен Сен-Жан көлі, Мадлен аралдары –теңізшілер мен балықшылар өлкесі, сонымен бірге Квебек пен Монреаль Канаданың ескі қалаларын алып жатыр. Канададағы Лавал университеті бастаған Квебекте бірнеше университеттер жұмыс істейді, мыңдаған туристерді Монморанси танымал сарқырамасы мен Аппалач тауының биік емес солтүстік сілемдері және де жүздеген ашық тамаша туристік орталықтары, тау шаңғы курорты, құмдақ жағажайлар мен қорық аймақтары қызықтырады. Квебек-Сити («кебек» үндіс үстеулерінің бірінде «сулар тарылатын жер» деген мағына білдіреді) – провинция астанасында (бір кездері бүкіл Канаданың да) «америкалық Гибралтар» деп аталатын Солтүстік Америкада жалғыз сақталған цитадельдің қалалық қамал қабырғасы және де ортағасырларда салынған бүкіл аудандар – католик шіркеуі, иезуиттер мен францискандар монастыры бар Латын кварталы, Парламент (ХІХ ғ.), Артиллерия саябағы және т.б. сақталынған. Қазір туристтерге толы тар көшелерде көптеген дүкендер, дүкеншіктер, мейрамханалар мен барлар орналасқан. Жартаста орналасқан оның құламалы және тар көшелері бар ескі Квебек-Сити өзінің көне ғимараттарымен танымал, оның ішінде Нотр-Дам-де-Виктуар (1688 ж.) шіркеуі, Әулие Троица ағылшын шіркеуі (1793 ж.), Нотр-Дам-де-Квебек шіркеуі (1650 ж.), Диамант мүйісінде орналасқан Фронтенак бекінісі, Ұлттық ассамблея ғимараты, өзінің бастапқы түріне қайта қалпына келтірілген Пти-Шамплейн кварталындағы ескі ауыл, Лорье бульварындағы үлкен сауда орталығы, Дюфрендегі көптеген дәмхана және мейрамхана террассалары, Солтүстік Америкадағы ескі көтергіш Жоғарғы және Төменгі қаланы қосады, Солтүстік Америкадағы ескі алаң – Хан алаңында бірнеше мұражайлар бар, Урсулинка мұражайы (ХVІІ-ХІХ ғғ.) және рю-Дюннаконадағы қасиетті Мария мұражайы, Форт мұражайы, рю-Сен-Анндағы балауыздан жасалған фигуралар мұражайы, «Шевалье үйі» жеке үйі (ХVІІІ ғ.), Квебектік семинария мұражайы, ағылшын генерал Вольф ескерткішінің жанындағы Квебек мұражайы, Сен-Поль, Магир және Трезор әдемі көшелері, Ле-Труа Коломбье мен Гэлнери д′Арт-ле-Портол көркем галереясы және т.б. Монреаль – Квебек провинциясының ең және Канададағы ең ескі қалалардың бірі. Қала ортасында Мон-Руайяль тауы бар (″Патша тауы″) аралды өзенде орналасқан. Одан көптеген католиктік әулиелер құрметіне атаған әдемі көшелер шығып жатыр. Сондықтан қаланы ″Әулиелер қаласы″ деп атайды. Қазіргі Монреаль – биік үйлер, жылдам магистральдар, үлкен халықаралық көліктік торап қаласы, елдің теңіздік және әуелік қақпасы, сонымен қатар маңызды тарихи және мәдени орталық. Қаламен танысуды әйгілі Жака Картье көпірінен, ескі Ратуша және оның артында жатқан тасты қабырғасының қалдықтары (оны 1992 ж. қаланың 350 жылдығына тазалады) мен Нельсон адмиралына арналған колонна (1990 ж.), Сакре-Кер шіркеуі бар Нотр-Дам (1824-1829 жж.) шіркеуі, қала негізін қалаған Поль Мезоннева ескерткіші бар Дез-Арм алаңы (Патша алаңы, Монреальдағы алғашқы алаң), Заң сарайы, көптеген мүсінді ескерткіштері бар Ла-Фонтен мен Доминиан саябағы, әйгілі Иосеф шіркеуі, Әулие Павел көшесіндегі Нотр-Дам-де-Бонскур шіркеуі, әулие Патрик шіркеуі, керемет ағаш мүсіндері бар Сен-Жорж ағылшын шіркеуі, Рэми қорғаны (1705 ж. қазір тарихи мұражай) және Пэн қиылысындағы інжулік сарай архитектурасы – Мередит үйінен бастау керек. Пуэнт-а-Кальер мұражайы, Археологиялық мұражайы мен Тарихи орталық қала тарихымен және қызықты археологиялық қазбалармен таныстырады. Көркем өнерлер мұражайы (алғаш қоныс аударушылардың орнында орналасқан), Әзіл мұражайы, қазіргі өнер мұражайы, Мак-Корд үнді өнер мұражайы, Марк-Аврелий Фортеннің мемориал мұражайы, Пуэнт-а-Нальер мұражайы (тарих және археология), Маргарита д′Ювильдің мемориалдық мұражайы, Канаданың сәулет орталығы, Конкордия университетінің Көркем галереясына және т.б. орындарға бару керек. Норт-Дам және Сент-Элен аралдарының Аралды саябақтарында аттракциондар саябағы, көптеген мейрамханалар, олимпияда алаңы, үлкен автокөліктік ″Формула-1″ Гран-при сақинасы, керемет Флорали бақтары, тамаша жағажай мен атақты Казино орналасқан. Көкті тіреген үйлері мен ескі қала көрінетін сағат мұнарасы бар Ескі Порт ауданы, Олимпиядалық стадион ауданы мен Мезоннев саябағынан солтүстік-шығысындағы Олимпияда саябағы (осы жерде әлемдегі үшінші ботаникалық бақ орналасқан), Ришелье өзенінің кіре берісіндегі Шамбли Форты, Кахнаваке үнді резервациясы мен ғарыштық зерттеу орталығы Космодом тартымды. Қаланың іскер және саудалық өмірі оның батыс бөлігінде, Доминион саябағының айналасында шоғырланған. Дез-Ар алаңындағы (өнер алаңы) үлкен көк тіреген үйлер, Конгресс сарайы, Дежарден кешені, СІВС пен Сан-Лайф немесе ″Радио-Канада″ футуристік ғимарат, Виндзор вокзалы, Мари-Рэн-дю-Монд шіркеуі (Әулие Петр римдік шіркеуінің дәл кішірейтілген түрі) мен ағылшындық Крист-Черч шіркеуі тәрізді ескі құрылыстармен қарама-қайшылықта безендендірілген. Мон-Руаль үстірті кварталында модерн үлгісіндегі керемет сәнді элементтері бар ″Шерье мектебі″ (1931 ж.) және бұрынғы Ұлттық гимназия қазіргі би мектебі орналасқан, нәресте Иисус Христос шіркеуі, сонымен бірге қаланың ең әдемі көшелерінің бірі – ХХ ғ. басында салтанатты жекежайлармен салынып тастаған Сен-Жозеф гүлзары қызықты. Утремон кварталы да жекежайлар мен әдемі саябақтарға толы. Олардың арасында керемет Өнер академиясының ғимараты, тамаша фасады бар Сен-Виатер шіркеуі және күмбезбен қапталған Сен-Ном-де-Мари пансионы қызықты болып келеді. Date: 2015-06-07; view: 1601; Нарушение авторских прав |