Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Америка Құрама Штаттары 2 page





7. Орталық Солтүстікке Миннесота, Солтүстік және Дакота, Небраска, Айово, Канзас және Миссури штаттары кіреді. Ұлы және Орталық жазықтың көп бөлігін қамтитын бұл аудан туризмнің даму деңгейі бойынша біршама артта қалған. Миннесотаның 11 мыңнан астам көлдері мен үңгірлерін, Миссисипи және Миссури өзендерінің рекреациялық зоналарын ерекше атап кетуге болады. Туризм нашар дамыған, транзиттік қызмет атқаратын аудандардың бірі. Елдің солтүстік шекарасынан оңтүстік бидай белдеуіне дейін созылған аумақ туристерді "Торнадо аллеясы" ретінде ғана қызықтырады. Үнемі болып тұратын табиғи апатты бақылағысы келетін де адамдар осы аумаққа сапар шегеді. Құлаң жазықтың орографиялық ерекшелік жасайтын ішкі батыстағы Блэк-Хиллз – таулы аймақ, әйгілі табиғи және тарихи ескерткіштер орналасқан. Алғашқысына көптеген үңгірлер, екіншісіне ХІХ ғ. үндіс жауынгерлерінің мұрасы жатады. Блэк-Хиллзтағы ең көп туристер баратын орынға америка президенттерінің бет-пердесі ойылып салынған Рашмор тауы жатады. Қазір осы тауға жақын жерде үндіс бастаушысы Крейзи Хоренің тау монументі салынып жатыр. Егер осы монументті салып бітірсе ол әлемдегі ең үлкен монумент болады (қазір тек тоғыз қабатты биіктіктей болатын бет бөлігі ғана аяқталған).

Рашмор тауы – Америка Құрама Штатындағы төрт президенттің бейнесінің биіктігі 60 фут (18,6 м) Рашмор тауы граниттен қашалған. Блек-Хилзде таулы аймақта Оңтүстік-Батыста Дакотада және Вайоменгтің Солтүстік Шығысында орналасқан. Өзінің 70-жылдық тарихына орай Америка Құрама Штатының символы және мақтанышы болып отыр. Тау ХІХ ғ. осы таулы аймақты зерттеген Нью-Йорк заңгері Шарльз Рашмордың құрметіне аталған. Маунтин Стоун гранитінде Американың төрт атақты президенттердің Дж. Вашингтонның, Т. Джефферсонның, Т. Рузвельттің, А. Линкольннің бейнесі пайда болды. Америка Дж. Вашингтон мен Т. Джефферсон Америка аумағын кеңейтті. А. Линкольн елдің бірлігін сақтап қалды. Ал Т. Рузвельт Америка Құрама Штаттарын әлемнің көшбасшылардың қатарына қосты. Динамит көмегімен 400 адам балға мен қашау арқылы 14 жыл ішінде жасағаны қазіргі Америка Құрама Штатының ұлттық мемориалы Маунтин Рашмор. 1930 ж. Дж. Вашингтонның, 1936 ж. Джефферсонның, 1937 ж. Линкольннің және де ең аяғында 1939 ж. Рузвельттің бейнелерінің жұмысы аяқталды. Барлық жұмыс 1941 ж. бітті. Гатсон Борглем өзінің жұмысын аяқтай алмады, ол 1941 ж. дүние салды, оның жұмысын ұлы Линкольн жалғастырды. Қазір мүсіндік композицияны мыңдаған туристер тамашалайды, олар Америка Құрама Штатының барлық жерлерінен, басқа мемлекеттерден келеді. Бұл жұмысқа көп үлесін қосқан: Гатсон Борглем, Доан Робинсон және Питер Норбек.

АҚШ-тың таулы батысы төрт туристік ауданға бөлінген: Солтүстік Батыс (Орегон, Вашингтон, батыс Монтано), Кордильер (Монтананың шығысы, Айдахоның оңтүстігі, Вайоминг, Невада, Юта, Колорадо, Аризона, Нью-Мексико), Калифорния және Аляска.

8. Солтүстік Батыс АҚШ-тың батысы бай табиғатымен танымал және елдің рекреациялық қоры ауданының ¾ бөлігі және ұлттық саябақтардың жартысынан астамы осында шоғырланған. Солтүстік-Батыста көптеген табиғи ескерткіштер болғанымен туристердің келуі бойынша Батыстың оңтүстік аудандарынан артта қалады. Негізінен ұлттық саябақтардың туристік әлеуеті жоғары болып келеді. Мысалы, ЮНЕСКО қорғауындағы Олимпик саябағы мұзды тауларымен, өзендерімен және көлдерімен, Маунт-Рейнер – ұлы сөнген жанартауларымен, Крейтер-Лейк – жанартаулы көлдерімен, Глейшер – 60 мұздығы бар Қатпарлы таулардың көркем ландшафтысымен танымал. Сонымен қатар Айдаходағы әйгілі Сан-Валли таулы курортын Колумбия өзеніндегі Гранд-Кули алып су қоймасын ерекше атап кетуге болады.

Сиэтл және Портленд қалалары туристерді қызықтырады. Сиэтл ежелден АҚШ-тағы әдемі және қауіпсіз қала атанған. Соған байланысты ірі жиындар мен көрмелердің осында өтуіне «сенім» берілген. «Боинг» және «Майкрасофт» компанияларының бас штаб-пәтерлерінің осында орналасуы, ірі қойма портының болуы іскерлік туризмнің дамуының басты себебі болып табылады.

9. Кордильер ауданындағы ұлттық саябақтар да танымалдығы жөнінен артта қалмайды. Құз тауларында термальды бұлақтарымен, гейзерлерімен, таулы көлдерімен, сарқырамаларымен және шатқалдарымен белгілі Йеллоустон саябағы орналасқан. Құз таулардың көркем табиғаты Роки-Маунтис саябағынан да көрініс тапқан. Аризона Колорадо өзеніндегі алып шатқалымен танымал Гранд-Каньон және тасқа айналған ағаштардың (бұдан 160 млн. жыл бұрын өскен) тобымен танымал Петрифайд Форест саябақтарымен әйгілі болып отыр. Нью-Мексиканың оңтүстігінде Карлбад үңгірі саябағы орналасқан. Сонымен қатар Колорадодағы Колорадо-Спрингс, Гленвуд-Спрингс, Аризонадағы Тусон, әлемге әйгілі ойын бизнесінің орталығы Лас-Вегасты ерекше атауға болады.

Таулардың орналасуына байланысты тау туризмі дамыған. Колорадо штаты – тау-шаңғы туризмінің орталығы, ондаған курорттық орындар орналасқан. Ең әйгілісі Аспен курорты болып табылады. Тау туризмінің дамуы іскерлік туризмнің дамуына әкелді. Көптеген кәсіпорындардың штаб пәтері экологиялық таза ауданда орналасқан. Ауданда мәдени-тарихи туризм дамыған, себебі бұл Жабайы батыс, мұнда аңызға айналған кейіпкерлер үндістер мекен еткен аймақ болып табылады. Үндістердің ескерткіштері (Меса-Верде, Колорадо штатында, Чако-Нью-Мексико штатында) жабайы батысты одан әрі Колумбияға дейінгі кезеңге әкетеді. Сонымен қатар Ішкі батыста испан отарлаушыларының (Санта-Фе, Тусон), ковбойлардың ескерткіштері туристерді қызықтырады. Ковбойлардың отаны – Вайоминг штаты, Шайеннде жыл сайын ковбой фестивальдары және родео өткізіледі.

10. Калифорния Флоридамен АҚШ-ғы халықаралық туризмнің жетекші орталығы атағы үшін бәсекелесе алады. Штат ішкі туризмнен түсетін кіріс бойынша (50,2 млрд. доллар) және мұхиттың ар жағынан келушілер саны бойынша (6,4 млн.) бірінші орында. Негізгі туристік орталықтары – Лос-Анджелес («Диснейленд», «Куин Мери» мұхит лайнері бортындағы теңіз мұражайы, «Мериленд» океанариумы, Голливуд, Беверли-Хиллс миллионерлер ауданы) және Алтын көпірімен танымал Сан-Франциско.

Калифорнияда табиғи ескерткіштер де аз емес. Мәселен, Сьерра-Невада беткейлеріндегі Йосемит саябағы, реликті секвойя ормандары (ағаштардың биіктігі – 100 м, діңінің қалыңдығы – 10 м) бар Секвойя және Редвуд, Лассен-Вулканик, Өлім аңғары және т.б. Ондаған теңіз жағалауы курорттары ішінен Санта-Крус, Лонг-Бич, Сан-Диего, Палм-Спрингс, Санта-Барбара айрықшаланып тұрады.

Калифорния – халық көп қоныстанған штат туристердің келуі бойынша және түсетін табыс бойынша көшбасшы болып отыр. Басты туристік штаттың оңтүстігі Лос-Анджелес "Голливудымен" атақты. Оңтүстік Калифорния ойын-сауық және тақырыптық бағының орталығы болып табылады. Орландодағыдай мұнда "Диснейленд", "Юниверсал" киностудиясының бағы, голливуд киностудиялары үлкен сұранысқа ие. Колифорнияның оңтүстігінде жағажайлық туризм дамыған және серфингтің әлемдік орталығы болып табылады.

Оңтүстік Калифорнияда халықтың көпшілігі Лас-Вегаста шоғарланған. Демалыс күнгі туристер оның жиі қонағы. Алты шақырымға созылған Стрип атымен әйгілі гүлзарда АҚШ-тің ең әйгілі ойынханалары мен қонақ үйлері орналасқан. Мұнда египед пирамидасы "Луксор", орта ғасырлық сарай "Экскалибур", Манхэттен "Нью-Йорк" және т.б. орналасқан.

Сан-Францискода іскерлік және ойын-сауық туризмі дамыған. Сан-Франциско – Калифорния, Тынық мұхит жағалауындағы теңіз порты. Алғаш мекен, қоныстардың пайда болуы 1776 жылға сәйкес келеді. Мексикалықтар иемденбестен бұрын, Хэрба-Буэна деп, кейін 1846 ж. АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің қамауынан кейін Сан-Франциско болып өзгертілді. 1848 жылдары қала өсе бастады. 1906 ж. апаттан кейін қала қирады, бұл жағдай АҚШ-ның қаржы және мәдени орталығында 1989 ж. да қайталанды. Қоршаған табиғат жағдайы және жылы климат қаланы өте тартымды етеді. Азия және Тынықмұхиттық Арал аймағындағы ең басты сауда орталығы. Кеме жасау, мұнай өндіру, металлургия, химия өндірісі, азық-түлік шаруашылығы дами бастады. Қаланың ең басты назар аударарлық орны «Алтын қақпа» аспалы көпірі, балық аулайтын орындар, қала аймағы, балық мейрамханалары, «Шоколад әлемі», «Голограмм» дүкендері, Алькатрас аралындағы түрме, Койт мұнарасы, Финанс ауданындағы көп қабатты үйлер және Трансамерикандық пирамида, Қытайлық квартал Чайна-таун АҚШ-тағы ең үлкен, Әлемде 2-орынды алады. Одан басқа Механикалық ойыншықтар мұражайы, Парк Голден Гэйт, Стэдфорский университет т.б. орындары бар. Диснейленд – Калифорниядағы атрикциондар бағы, Уолт Дисней (1901-1966) шығарған мултьфильдердің жинағы. 1955 ж. ашылған аумағы 74 га.

Калифорния сұлу табиғатымен әйгілі себебі мұнда құнарлы жазықтар, өлі шөлдер және Сьера-Невада тау жүйесі орналасқан. Мұнда Йосемит ұлттық бағы, Секвой ұлттық бағы, Өлім даласы және Могаве шөлі және де Напа, Сонома даласы бар. Шөлді оазис Палм-Спрингс қаласы ХІХ ғ. бері туристерді қабылдайды. Сьера-Невада тауларының арасындағы Тахо көлінде тау шанғылық курорты дамыған, 1960 ж. қысқы олимпиада ойындары өткізілді.

11. Аляска бай туристік әлеуетке ие: мұздықты тау ландшафттары мен жанартаулар, аң аулау және балық аулау, эскимостар мен алеуттер мәдениеті. Мұнда ондаған қорықтар және ұлттық саябақтар, соның ішінде «Арктика қақпасы», «Катмаи» құрылған. Дегенмен қатаң климаттық жағдайларына және орталықтан қашық орналасуына байланысты аудан бұқаралық туризм ауданы болып саналмайды. Аляскаға АҚШ-тағы ұлттық саябақтар мен рекреациялық аумақтар ауданының 26%-ы келеді, ал келушілердің тек 0,5%-ы ғана тиесілі. Ұлттық бақтар мен қорғалатын аумақтар саны ауданның 1/3 бөлігін алып жатыр, дегенмен туристер Анкоридж қаласының айналасына көп барады. Аса қорғалатын туристік Денали ұлттық бағында құрлықтың ең биік нүктесі – Мак-Кинли шыңы орналасқан.

АҚШ-тың туристік аудандар қатарына Гавай аралдарын да енгізуге болады. Гавай архипелагы – алып су асты жанартаулары тізбегінің 132 шыңынан тұрады. Гавайи – АҚШ-тан бөлек тұрған штат, туристер ағымы Виргиния немесе Гуам аралдарымен салыстарғанда әлдеқайда жоғары. Гавай аралдарының мамандануы – жағажайлық және табиғи туризм. Жылына Гавай аралдарына 6 млн-дай туристер келеді. Аралдың Оңтүстік жағалауын әлемдегі ең әйгілі жағажайлар тізбектелген, олардың бірі Вайкики жылына 65 мың адамдарды қабылдайды. Ал Оахудың солтүстік жағалауы серфингшілер үшін жұмақпен тең. Мауи аралы – туристік индустриясы дамыған екінші орын. Жағажайлардан басқа аралдың көрікті жерлеріне Халеакала жанартаулары мен "ең гавайлық" Хана және Лахайна қалалары. Мұнда ертеден өмір сүретін тайпалар сақталған. Вулкандар туристердің көңілін аулайтын орындардың бірі болып табылады. Ұлттық бақтағы Килауэа сөнбеген жанартауы мен Мауна-Лао тау массиві ерекше көз тартады. Кауаи аралы тропиктік ормандарға байланысты "бақша-арал" атағын алған. Вайкики курорты мен «Гавай жанартаулары» ұлттық саябағы кеңінен танымал. Мұнда келушілерді орташа температурасы +18ºС-тан +25ºС-қа дейінгі аралықтағы ылғалды тропиктік климат, әсем құмды жағажайлары, маржан рифтері, құрлықпен салыстырғанда табиғи ортаның сақталуы қызықтырады. Туристік индустрия штат экономикасының негізі болып табылады. Ішкі туризмнен түсетін кіріс 6,5 млрд долларды құрайды. Шетелдік туристердің де легі жоғары, олардың ішінде жапондықтар көбірек болып келеді.

АҚШ-тың туристік орталықтары.Янкиленд – АҚШ-тың мәдени орталығы, янктер ареалы. Аудан екі бөлікке бөлінеді: Жаңа Англия (Каннектикут, Массачусетс, Род-Айленд, Нью-Гэмпшир, Вермонд, Мэн штаттары) мен Жоғары Нью-Йорк. Бірақ олар мәдени-танымдық және табиғат бағдарлау туризміне маманданған әрі Пенсилвания штаты да қосылатын Мегаполис хитерланды жағдайын біріктіретін аудан. Жаңа Англия – америка тарихының бесігі. Оның тыныш көркемділігі көршілес Мегаполис және өзге де көптеген елдер туристерін тамсандырады. Массачусетс штатындағы көптеген қалалар ішінен тарихи Плимут ауылын (аңызға айналған "Мэйфлауэрадағы" тұрақтанушылар колониясының алғашқы орны), Кембридж университетін атауға болады. Осыған ұқсас Пенсильвания штатындағы Жоғары Нью-Йорк ауданынан әр қадам сайын американың тарихи орындарын көреміз. Нью-Йорк штатындағы Саратога, Массачусетстік Конкорд пен Лексингтан секілді Тәуелсіздік үшін соғыс кезіндегі шайқас алаңы, Пенсильвания штатындағы Геттисберг, Азаматтық соғыс кезіндегі басты алаңын қосуға болады.

Вашингтон – АҚШ-тың әлеуметтік орталығы және астанасы. Джордж Вашингтонның құрметіне аталған бұл қала француз инженер майоры Пьер-Шарл Ланфан архитектурасымен салынған. Көрікті орындары: АҚШ президентінің резиденциясы, американың басты мәдени және ақпарат орталығы, АҚШ-тың конгрессі мен штаты, Ақ үйі, Арлингтон зираты, көркем сурет галереясы орналасқан.

Бостон – Массачусетс штатының әкімшілік орталығы. 1630 ж. негізі қаланған. Фэнл Холл сауда орталығы соғыс кезінде тәуелсіздік үшін күрескен жиналған патриоттардың мекені, қазір "бостандық бесігі" деп аталады. Бостон – "Христиан ғылымы" діни этикалық қозғалысының отаны. Бостон университеті, Горварди медициналық мектебі, Гарвард университеті, Масачусетс технологиялық институты бар. Бостон симфониялық оркестрі әлемге әйгілі.

Чикаго – Иллинойс штатындағы қала, Мичиган көлінде, АҚШ-та ауданы бойынша 3-ші орында, «Жел қаласы», көп қабатты үйлер деген атпен танымал. Осыған қарамастан мұнда 29 көл, 31 жағажай 283 га-ға жуық бақтар бар. Қала Мичиган көліне келіп құятын өзі аттас өзеннің жиегінде орналасқан. Чикаго 1800 жж. басында дамыды, одан кейін Иллинойс-Мичиган каналының терминалы ретінде алынды. Чикаго әлемдегі ең үлкен бидай базары, электроника, азық-түлік және ірі қара мал тасымалының ең басты орталығы болды. ХХІ ғ. Ұлы көлдердің басты порты. Сирс-Тауэр 1974 жылы құрылған әлемдегі ең биік тұрғын үй, ал пошта үйі «Юнион Стейтс» – әлемегі ең үлкені. Ең басты қаланың назар аударарлық орны Монабанк-билдинг (өте ескі қабатты үй 1891 ж.), Чикагоның көркем институты (әлемдегі ең күшті сурет өнерінің мұражайы), Щед Аквариум (онда туристер балықтардың 6000-дай түрімен таныс бола алатын керемет аквапарк), Джон Хэнкок Обсерваториясы (мұнда туристер қаланың басты назар аударалық 80 орнымен виртуалдық экскурсссия жасай алады), Мак-Кормик көрме орталығы (өнеркәсіп көрмесінің орны) бар. Мұнда ең тартымды жағалаудағы жағажайлар болып табылады. Ең үлкені (Ок-стрит) 15 шақырымға созылады. Қала бақтарында Гранд бағында Ғылым және өнеркәсіп мұражайы, сонымен бірге табиғи-тарихи мұражайы Филда орналасқан.

Питсбург – Пинсильвания штатының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Алегейни және Мононгахила өзендерінің қосылған жерінде орналасқан өнеркәсіптік қала. Қала алғашында ағылшын мемлекеттік қайраткері Үлкен Уильям Питтаның есімімен Форт-Питт деп аталды. Біраз уақыттай көмір өндіруші қара метталлургияны өндіруші, қазіргі кезде ең жоғарғы технологиялардың орталығы.

Лос-Анджелес – Оңтүстік Калифорнияның Тынық мұхиты жағалауында орналасқан, халқы мен аумағы жөнінен әлемдегі ең ірі қалалардың бірі. Қаланың негізін 1781 ж. Калифорния губернаторы Фелипе де Неве қалаған. Оңтүстік Тынық мұхиты аралығындағы темір жол салынуы тұсында қала жағдайы едәуір жақсарған. 1920 ж. қала басты коммерциялық дамыған аймаққа айналып, аумағына мына қалаларды қосты: Беверли-Хилс, Голливуд, Санта-Моника, Редондо-Бич. Қала экономикасының негізгі саласына: әуе өнеркәсібі, мұнай өңдеу, индустриялық өнеркәсібі, кино және теледидар, мәдени және туристік орталықтар жатады. Қалада барлық америкалықтар тұтынатын сәнді үлгілер, архитектуралық дизайн, автокөлік маркаларының түрі, музыканың түрлері, т.б. орын алған. Туристердің көңілінен шыққан мәдени мұра ретінде 1905 ж. Эббот Кинни басшылығымен салынған мәдениет орталығын айтуға болады. Қаланың бұдан бөлек көрнекті орындарына Голливудты жатқызуға болады. Бұл әлемдік киномотография отаны. Анахеймдегі Диснейленд, Гриффит Обсерваториясы, әлемдегі ең танымал адамдар мен ауқаттылар тұратын мекен Беверли-Хилс, Гетти мұражайы, Музыка орталығы қала көркін одан әрі көркейте түседі. Голливуд – Калифорниядағы Лос-Анджелес ауданы. Алғашында америкалық кино кәсіпшілігі Нью-Йоркте ұйымдастырылғанымен, шағылыстырылған күн сәулесі және Оңтүстік Калифорнияның бай және түрлі табиғаты 1907 ж. кинотүсірушілерді өзіне әкеледі. 1911 ж. алғашқы киностудия ашылады, осыдан кейін сол жылы 15 студия ашылады. 1930 ж. Голливуддың студиялық жүйесі өзінің шыңына жетеді. Көрікті орындарына жазғы Голливуд театры, Кахуэнга тауындағы биіктігі 15,2 м-дей болатын Hollywood жазуы, Сансет гүлзары.

Даллас – Техастың солтүстік шығыс аймағындағы Тринити ауданында орналасқан өндірістік, сауда, мәдени орталық. Қала 1841 ж. сауда қатынысының негізінде қаланған. Қалада көптеген оқу орталықтары, музейлер мен театрлар орналасқан. Даллас әуежайы әлемдегі ең үлкен көлемді әуежай ретінде танымал.

Жаңа Орлеан – Луизиане штатының Мисисипи өзеніне жақын орналасқан портты қала. Герцог Орлеанның құрметіне осылай аталған. 1718 ж. негізі қаланған. Әулие Людовик соборы – АҚШ-тағы ең көнесі. Қалада жыл сайынғы белгілі қысты шығарып салу мейрамы Марди-Гра болады, мұнда джаз тарихы басталады. Жаңа Орлеанның ең басты назар аударарлық орындары қатарына Вье-каре, Урсулиндік шіркеу, Сент-Луи шіркеуі және Понтабл кешенді құрылысы, балауыз мүсіндер мұражайы, қонақ үй мен мейрамханалар, Ройал-Стрит (қаланың жеке меншік ауданы), Лузиандағы Спорт алаңы (әлемдегі ең үлкен 52 м алаңы бар спорт сарайлары) жатады.

Петербург – өткен ғасырдың соңында Ресейден шыққандар Флоридада Мексика шығанағының жағалауында тұрғызған қала, оған Ресей империясының солтүстік астанасының атын берген. Қазір туристерді қызықтыратын орындар сәулетті қонақ үйлер, Ақ құмды керемет жағажайлар, Сальвадор Дали мұражайы, Византия үлгісінде құрылған провослав шіркеуі. Қаланың оңтүстігіне таман Брадентон теннис ойыншыларына арналған жайлы орын, «Тілдер» лингвистикалық орталығында бір уақытта ағылшын тілін оқып және теннис ойынын үйренуге мүмкіндік бар.

Ки-Уэст – Флориданың оңтүстігіндегі туристік орталық және балықшылар порты. Флорида Кис архипелагының оңтүстігінде орналасқан. Алғашында Кайо-уэсо деп аталған. Қаланың салынуы 1938 ж. аяқталған.

Лас-Вегас – оңтүстік Невада шөліндегі қала ойынханаларымен және түнгі клубтарымен әйгілі. 1855-57 жж. Лас-Вегастың негізі қаланған. Тау кен өнеркәсібі және мал шаруашылығы орталығына айналады. 1903 ж. темір жол компаниясының иелігіне көшеді. Қаланың тарихы әйгілі Невада ядролық тәжірибе өтіп жатқан кезде басталады. Ядролық шоуды көру үшін Американың барлық жерінен адамдар келеді. Адамдарды орналастыру үшін қонақ үйлер және инфрақұрылым салынуына себеп болды. Көптеген ойынханалардың көлемі футбол алаңымен бірдей, күн сайын млн доллар құрайтын джек-поттар ойналады. Қаланың көрікті орындарына: Фримонт-Стрит ауданы (қаланың іскерлік бөлігі, 24 сағат ашық болатын қонақүйлер мен ойынханалар орналасқан, Эйфель мұнарасы бар Францияның, Египеттік Хеопс пирамидалары, жер асты өзені және Бостандық ескерткішінің көшірмесі, биік ғимараттардың үстінен туристер Үлкен Каньон Ұлттық бағын, Өлім даласын бақылай алады), қаңқалар үңгірі, табиғи, тарихи-мәдени құндылықтарды атауға болады.

Атлантик-Сити – АҚШ-тың Атлант мұхит жағалауындағы курорттық қала. 1921 ж. бастап жыл сайын «Мисс америка» сайысы өткізіледі. Түрлі съездтер өткізіледі.

АҚШ-тағы ең таңдаулы орындар – Колифорния мен Флорида штаттары. 2002 ж. бұл көрсеткіш 68,2 млрд. доллар, тиісінше 54,5 млрд. доллар құрады. Үшінші және төртінші орынды Нью-Йорк пен Техас иеленеді. Егер Техас сапарлар саны жөнінен 3-орын алса, Нью Йорк Пенсельвания кейінгі 5-орында. АҚШ танымдылығы жөнінен Франция мен Испаниядан кейінгі үшінші орында. Шетел туристерінің жартысы дерлік АҚШ-қа еңбек демалысын өткізу үшін, 1/4 бөлігі іскерлік мақсатта келеді.

Соңғы жылдары әлемдік туризм нарығында АҚШ позициясы төмендеп үлесі азайды. 1995 ж. АҚШ туристерді қарсы алу саны жөнінен Испанияны басып озды. 2003 ж. елдер арасындағы айырмашылық Испания үлесіне шамамен 11 млн. сапарға өзгерді. Франция АҚШ-ты 2 еседей, 75 млн-дай келушілерге басып озды.

АҚШ-тың Азия-Тынық мұхит аймағының бәсекелестігін ескере отырып ДТҰ 2020 ж. елдің кірісі 7,5%-дан 6,4%-ға дейін төмендейді деген болжам жасады. Дегенмен АҚШ дүние жүзі бойынша шетелдік келушілер мен (102,4 млн-дай) шетелдік саяхат саны бойынша (141,5 млн-дай) екінші орынды сақтап отыр.

 

Канада

Құрлықтың 1/12 бөлігін алып жатқан Канада мемлекеті аумағының ауданы бойынша (9,97 млн. шаршы шақырым) тек Ресейден ғана артта қалады. Елдің ұлан ғайыр даласы солтүстіктен оңтүстікке 5 мың шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 6,5 мың шақырымға созылып жатыр. Әлемдегі ең ұзын жағалауды (244 мың шақырым, аралдарды қоса есептегенде) үш мұхиттың суы шайып жатыр – Солтүстік мұзды мұхиты, Тынық және Атлант мұхиты. Канада оңтүстік және солтүстік-батысында құрлық арқылы АҚШ-пен шекаралас және Гренландия (Дания) және Ресеймен теңіздік шекарамен шектеседі. Канаданың халқы салыстырмалы түрде аз (30,6 млн-дай адам), халықтың тығыздығы бойынша әлемдегі соңғы орындардың бірін алады. Канада аумағында халық біркелкі қоныстанбаған: оңтүстік-шығыс бөлігінде халықтың 90%-ға жуығы тұрады. Ел аумағының 70%-ын алып жатқан солтүстік аудандарда халықтың небары 1,5%-ы (оның ішінде үндістер және эскимостар (инуиттар) ғана тұрады. Солтүстік Канадада тұратын 50 мың инуиттардың негізгі шаруашылығы аңшылық кәсібі және теңіз жыртқыштарын аулау болып табылады.

Date: 2015-06-07; view: 2312; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию