Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Америка Құрама Штаттары 1 page





Америка Құрама Штаттары экономикалық және әскери-саяси көшбасшы ғана емес, сонымен қатар дүние жүзілік туристік нарықта да жетекші ел болып табылады. АҚШ туристерді қабылдауда тек Франциядан ғана кейін қалады, бірақ халықаралық пайда көлемі бойынша алғашқы орынды иеленіп отыр.

АҚШ-та жыл сайын ондаған млн. ішкі және шетелдік туристерге қызмет көрсететін туризм индустриясы дамыған. Туристік индустриядағы мұндай жетістіктер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы деңгейі, бай рекреациялық ресурстардың, мемлекеттің туризм саласындағы тиімді саясатына байланысты.

АҚШ-тың ауданы (9,36 млн. шаршы шақырым) және халқының саны бойынша (274 млн. адам) дүние жүзінде жетекші орындардың бірін алады. Елдің аумағы 2,7 мың шақырымға, батыстан шығысқа қарай 4,5 мың шақырымға созылып жатыр. АҚШ жағалауы Тынық, Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиты, Мексика шығанағы суларымен шайылып жатыр. Канада және Мексика елдерімен шекаралас жатуы өзара туристік алмасуға алғышарт жасайды.

АҚШ – туризм нарығының көшбасшысы. Туризмнен түсетін табыс жөнінен дүние жүзінде 1-орын (2004 ж. 74,5 млрд), туристік шығын жөнінен (65,6 млрд) 3-орын және дүние жүзі туристерді қабылдау жөнінен (46,1 млн сапар) 3-орын. Бірақ дүние жүзілік туризм – туристік нарықтың кішкене бөлшегі ғана. Табыстың көлемді бөлігін АҚШ-та кең дамыған ішкі туризм береді. Туризм индустриясының ел экономикасында үлесі жоғары. Бұл 10 млн-дай халықты жұмыспен қамтып отырған еңбек бөлінісі, сауда-саттық ісінде 2-ші орын, елдегі қаржы түсірілімінен 3-ші бизнес түрі.

Ел аумағындағы Кордильер биік таулы жүйесі және ауқымды ішкі жазықтар, Алясканың қатаң солтүстік ландшафттары және Флорида мен Гавай аралдарының жылы жағажайлары алып жатыр. Аумағының жер бедері бойынша АҚШ-ты үш бөлікке бөлуге болады. Шығысында (биік нүктесі – Митчелл тауы, 2037 м) Аппалач тауы орналасқан. Аппалачтың батыс тау алды маңында әлемдегі ірі және туристер көп келетін карсты үңгірлердің бірі – Мамонт үңгірі орналасқан. АҚШ-тың ішкі бөліктерін Орталық (биіктігі 200-300 м) және Ұлы (биіктігі 500-1700 м) жазықтар алып жатыр. Олар белгілі дәрежеде шаруашылыққа игерілген және халықаралық туризмді дамыту үшін көп қызығушылық тудырмайды.

Елдің батыс бөлігін ірі тау жүйелерінің бірі – Корильер алып жатыр. Ауқымды ішкі үстірттер мен таулы қыраттар батысында жанартаулық Каскад таулары және Сьерра-Невада жотасымен шектелген, Кордильердің шығыс жағауында биік Қатпарлы таулар қалыптасқан. Елдің және барлық материктің ең биік шыңы Аляскада (Мак-Кинли шыңы, 6193 м) орналасқан. Құрлықтың ең төменгі жері – Өлі аңғары (-86 м) – Калифорнияда орын тепкен.

Қатпарлы таулар ауданында вулкандық әрекет ықпалымен Иеллоустон саябағындағы гейзерлер мен термальды бұлақтар қалыптасқан. Мұнда 1872 ж. әлемдегі бірінші ұлттық саябақ құрылған. Жарларының биіктігі 1,6 шақырымға жететін 320 шақырымға дейін созылып жатқан ең алып шатқал – Колорадо өзеніндегі Үлкен каньон «Әлемнің сегізінші кереметі» болып саналады. Оның ені 8-25 шақырым, тереңдігі – 1,8 шақырым.

Гавай аралдары Тынық мұхитында материктен 3000 шақырым қашықтықта орналасқан, жалпы ауданы – 16,7 мың шаршы шақырым, 24 жанартаулық аралдарды қамтиды. Гавай аралдарында әйгілі жанартаулар саябағы бар. Бес жанартау (Мауна-Кеа, Мауна-Лоа, Хуалалан, Кохала және Килауэа) өзара бірігіп таңғажайып табиғи нысанды құраған. XX ғ. мұнда 50 жанартау атқылау байқалған. Мауна-Кеаның биіктігі («Ақ тау») су астындағы биіктігімен қоса алғанда Эвересттің биіктігінен асады, яғни 10203 м көрсетеді, оның 4205 м мұхит деңгейінен төмен жатыр.


АҚШ жер бедерінің алуан түрлілігі климаттық жағдайларға байланысты. Мұнда жер шарындағы климаттық белдеулердің барлығы дерлік өтеді. Елдің көп бөлігінде жиі және суы мол өзен жүйесі дамыған. Негізгі сулы артериясы Миссисипи («Су әкесі» 3950 шақырым) өзені болып табылады. Оның су алабы ел аумағының 1/3 бөлігін алып жатыр. Ірі өзендерге Миссури (4740 шақырым), Юкон (3700 шақырым), Рио-Гранде (2870 шақырым), Колорадо (2740 шақырым), Колумбия (2250 шақырым) өзендері жатады.

Ұлы Көлдердің таңғажайып жүйесіне дүние жүзіндегі тұщы судың жинақталған ауқымды аумағы болып саналатын Жоғары (тереңдігі 393 м), Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио көлдері кіреді. АҚШ-тың негізгі көрнекті орындарының бірі – Ниагара сарқырамасы болып табылады. Флоридада карсты, лагуналы көлдер көптеп кездеседі. Сонымен қатар минералды сулардың көптеген қорлары бар.

АҚШ ландшафтысының алуан түрлілігімен ерекшеленеді, дегенмен аймақтың табиғаты көп мөлшерде антропогендік ықпалмен өзгертілген. Құнды және ғажайып табиғи кешендер мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Туризм индустриясында ұлттық саябақтар ерекше орын алады. Ұлттық саябақтар қызметін бұрынғы рекреациялық табиғатты пайдалану мәселелерімен айналасатын мемлекеттік органдар атқарады. Оның қарауында 55 ұлттық саябақтар, 102 ұлттық монументтер мен мемориалдар; 108 ұлттық тарихи орындар мен тарихи саябақтар; 24 ұлттық ұрыс алаңы және әскери саябақтар, 18 ұлттық рекреациялық зоналар мен 14 ұлттық теңіз және көл жағалаулары кіреді. АҚШ-тың көптеген саябақтары әлемге әйгілі болып отыр. Емдік-табиғи факторлар курорт шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Аймақтағы ескі климаттық курорт – Лонг-Бранч (Нью-Джерси штаты) XVIII ғ. аяғында құрылған. Қазіргі кезде елде климаттық, бальнеологиялық курорттар жүйесі бар.


Курорт шаруашылығының аумақтық құрылымы рекреациялық ресурстар географиясымен және қоныстану ерекшеліктерімен байланысты. Теңіз жағалауы курорттары өте кең ауқымда пайдаланылады. Мәселен, Атлантик-Сити (Нью-Джерси) жылына шамамен 16 млн-дай, Майами (Флорида) – 5 млн-дай турист қабылдайды. Гавайдағы Вайкики курорты әлемге әйгілі болып отыр. Оңтүстіктегі теңіз жағалау курорттары әсіресе, қыс айларында кеңінен пайдаланылады. Таулы курорттар ішінде Сан-Валли (Айдахо) және Санта-Фе (Мью- Мексико) курорттары әйгілі.

АҚШ курортқа келушілердің санын арттыру үшін ауқымды түрлі мәдени-көңіл көтеру бағдармаларын ұсынады. Көптеген курорттар белсенді демалысты қалайтындарға арналып жасалған мұхит жағалауы немесе қысқы Қатпарлы таулар, Аппалач спорт орталықтары болып табылады. Сонымен бірге курорттарда жарнамалау және туристерді тарту мақсатында шоу, байқау, спорттық жарыстар өткізіп тұрады. Мәселен, Атлантик-Ситиде ұлттық әсемдік байқаулары, сонымен қатар іскерлік форумдар өткізіледі. Лейк-Плейсидте 1932 ж. және 1980 ж. Олимпиада ойындары өткізілген. Көптеген курорттар Ки-Уэстдегі Хэмингуэй мұражайынан, Лас-Вегас ойынханаларына дейін ауқымды мәдени бағдармалар ұсына алады.

 

 

 

Колорадо Үлкен Каньоны, Ниагара сарқырамасы мен Йеллоустаун саябағы гейзерлері млн-ған туристерді қызықтыратын әлемдегі танымал көрікті орындар. Елде экологиялық туризмнің басым дамуы осыған байланысты.

Американдықтардың тарихи, тіпті тақырыптық саябақтарды мен тарихи және мәдени мұралары мен мемориалдарын сақтауы өз тарихына құрметпен қарайтындығын көрсетеді. Тарихи орындар ұлттық тіркеу тізімінде АҚШ-тың ұлттық маңыздағы 50 мыңға жуық нысаны тіркелген. Барлық орындарға серуендемесе де, көптеген нысандар туристер арасында танымал. Әрине, алдымен тарихи ескерткіштер – туризм нысаны болып табылады. Көпшілікке Американың (Ақ үй, Бостандық мүсіні, Рашмор тауы, т.б.) ескерткіштері туристер ағынының орталығы болып отыр.

Әлемдік қоғам көзқарасында (әсіресе, еуропалық туристер) АҚШ тарихи-мәдени деңгейі олардың тарихының қысқалығында, бірақ Солтүстік Американың негізгі тұрғындары ескерткіштері, сонымен қатар Нью-Йорк, Бостон, Жаңа Орлеан, т.б. қалалардағы тарихи кварталдар шетел туристер үшін қызықты.


Америкалықтар тарихтан алыс адамдарды да қызықтырып, тарихи ескерткіштерді көруге өздеріне тарта алатын көңіл көтеру орталықтары дейді. Мәдени-тарихи туризмде де белгілі тақырыптық саябақтар америкалықтардың тапқырлығы. Виргиния штаты – Джеймстаун алғашқы ағылшын отары тұрақтарында туристерге XVII ғ. сезінуге көмектесетін, барлығы арнайы жолданған актерлері бар үндістер ауылы сәтті қолданылуда. Невада штатындағы «алтын ашылыстары» кезінде тұрғызылған Виргиния Ситиді де айтуға болады. Мұнда туристерге салонды аралап, кобвойлар дуэлі немесе алтын жуып көруге болады.

Көпшілік туристерге АҚШ «Голливуд» пен «Диснейленд», Нью-Йорк және Лас-Вегаспен танымал. Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско, Алтын қақпа көпірі мен Беверли-Хиллс пальмаларымен танымал.

Америкалықтар мен ел қонақтарын мұражайлар, фестиваль мен заманауи АҚШ ажырамас бөлігі саналатын тақырыптық саябақтар, сонымен қатар Кливкендегі рок-н-ролл мұражайы, Огайо штаты, Нэгивилледегі контри үлгісіндегі музыка фестивалі, Тенниси штаты, Флоридадағы «Юниверсал» киностудиясындағы көңіл-көтеруге арналған саябақ қызықтырады. Туристерді этно-фестивальдар – Пенсильваниядағы немістер, Миннесотадағы скандинавиялықтар, т.б. қызықтырады. Нью-Йоркте Әулие Патрик күні, Сан-Францискода қытайша Жаңа Жыл, ал Жаңа Орлеанда табиғи апатқа дейін француздық негіздегі мыңдаған туристерді тартатын Марди-Гра карнавалы аталып өтіледі.

Ерекше танымалы американдық үндістер мәдениеті. Ол (әсіресе Оңтүстік Батыс штаттарда) түпкі америкалықтар дәстүрі, тұрмысымен толы. АҚШ-тың әрбір қаласында өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл көп жағдайда жергілікті өндірістің мамандануына байланысты (Трой, Нью-Йорк штаты Гловерсвилл қолғаптар астанасы, Массачусетс штатындағы Алин әйелдер аяқ киімі, көршілес Броктон ерлер аяқ киімі астанасы).

Көптеген қалалар туристерді шақыру үшін жыл сайын фестивальдар немесе спорттық жарыстар ұйымдастырып отырады. Туристерді қызықтыру мақсатындағы Нью-Мексико штаты Альбукердегі ауада жүзу фестивалі, Индиано штаты – Индиано полюстегі доңғалақ жарыстары әлемге танымал болды. Калифорния штаты Невада ситиде туристер «Teddy bear» Дүние жүзілік ойыншықтар конгресі өткізіледі.

АҚШ әлемдік экономикасындағы ұлттық шаруашылық аумағы жөнінен ең үлкен елдердің алдында. АҚШ-тың әлемдік экономикадағы алға бастаушысы іскерлік туризм. Мұнда жоғарғы деңгейдегі дүние жүзілік іскерлік кездесулер өтеді, ал Нью-Йоркта БҰҰ-ның штаб пәтері орналасқан. АҚШ жоғары дамыған, индустриалды туризмге ие. Америкалық қонақ үйлер мен мейремханалар тізбегі, туроператорлар мен турагенттіктер, ішкі әуе жүйесі, автомобильмен, т.б. мүліктерді жалға беру компаниялары ішкі және шетел туристерін күтуге арналған іскерлік мақсаттағы демалыс орны. Бұл қызмет түрлерін әр түрлі жас ерекшеліктегі адамдар пайдаланады. Кейбір қонақ үйлерде мүгедектерге арналған көмектер де бар. Соңғы 25 жылда АҚШ төрт рет олимпиада ойындарын қабылдады (жазғы 1984 ж., 1996 ж., қысқы 1980 ж., 2004 ж.), ал 1994 ж. елде футболдан әлем чемпионаты өтті.

XXI ғ. америка туризм индустриясына нағыз сынақ болып басталды. 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиға туризм саласы көрсеткіштерінің күрт төмендеуіне әкелді. Нью-Йоркдегі оқиғадан кейін терракт үрейінен елдегі туристік нарықта толқу басталды. Нарық бір мезетте өзгерді, тұтынушыларды қалаған орнына жеткізе алатын көлік компаниялары пайда болды. Олар алдымен іскер адамдарды компания шаруаларымен жіберілген кездесулерге апарумен айналысты. Бірақ бұл тиімді шешім емес, себебі 2001 ж. соңына дейін жоспарланған ресми кездесулермен конференцияның көпшілігі кейінге қалдырылды. Тек Лас-Вегастың өзінде 249-ге жуық шаралар болмай қалды. Бұл 80 млн. доллар табыс әкелетін келушілерден айырды. 1998-2002 жж. аралығында іскерлік сапарлар конференцияларға қатысулар 14%-ға кеміді. Террактіден кейін қорғаныс шаралары күшейтіліп, бостандық мүсініне туристер жіберілмейді.

Туристік ресурстардың алуан түрлілігі және рекреациялық игерудің аймақтық ерекшеліктері АҚШ аумағын туристік аудандастыруда бірқатар мәселелерді туындатып отыр. Соған сәйкес елдің аумағын туристік аудандастырудың бірнеше нұсқалары бар. М.А. Ананьев 6 ауданға бөледі, ал П.Н. Зачиняев және Н.С. Фалькович 11 туристік-рекреациялық зонаға жіктейді. Соңғысы аудандардың туристік мамандануын айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Осы 11 ауданға тоқталып өтсек.

1. Солтүстік-Атлант ауданы – АҚШ-тың бұрыннан игерілген (Мэн; Нью-Хемпшир; Массанусетс; Род-Айленд; Нью-Джерси; Делавэр; Мериленд штаттары; Колумбия округі және Нью-Йорк штатының оңтүстік-шығыс бөлігі және Пенсильвания) қалыптасқан. Елдің алғашқы қоныстануы осы аймақтарда басталған, сондықтан аудан табиғаты адам іс-әрекетімен жеткілікті дәрежеде өзгерген. Табиғи ландшафттар – «Анадия» ұлттық саябағында және Мэн штатының жағалауында, Аппалач аудандарында сақталған. Атлант жағалауы, көптеген өзендер мен көлдер қала агломерацияларының (Нью-Йорк, Филафельфия) халқы үшін демалыс нысандары болып табылады. Шетелдік келушілер мен елдің басқа аймақтарының туристерін аймақтың танымдық әлеуеті қызықтырады. Мұнда АҚШ-тың тарихи-мәдени мұраларының көп бөлігі шоғырланған. Маңызды туристік нысандар қатарына Атлантик-Сити (Нью-Джерси) теңіз жағалауы курорты, Ньюпорт (Род-Айленд) жатады.

Нью-Йорк – Гудзон өзенінің сағасында орналасқан ірі портты, АҚШ-тағы ең бай және халқы көп қалалардың бірі. Бұл қалада қаржы орталығы Уолл-стрит, бірнеше университет, опера театры, әлемге әйгілі қөркем-сурет галереясы, БҰҰ-ның штаб-пәтері, екі халықаралық әуежай орналасқан. Гудзон өзенін және Манхэттен аралын ағылшын Генри Гудзон, голландық Ост-Инд компаниясында 1609 ж. қызмет етіп жүрген кезде ашқан. 1926 ж. голландық отарлаушылар Манхэттенді үндістерден сатып алып Жаңа Амстердем деп, кейін 1664 ж. ағылшын теңіз офицері герцог Йорктің құрметіне Йорк атайды. 1789 ж. 5 жылға АҚШ-тың астанасы аталған Нью-Йоркте алғашқы президент Дж. Вашингтон ант қабылдайды. Американдықтар бұл қаланы "ұйықтамайтын қала" немесе "Үлкен алма" деп атайды. Басты ауданы болып Манхэттен саналады, тұрғындар мұны Сити деп атайды. Қаланың ең басты тамыры Бродвей саналады, сонымен қатар Уолл стритті атауға болады. Қаланың көрікті орындарына 1886 ж. Либерти аралында салынған Бостандық Ескерткіші, Линкольн орталығы, Эмпайэр-сити билдинг, Метрополитен мұражайы, Бесінші авенью, Мэй флауэр маркет, Нью-Йорк орталық бағы, Нью-Йорк түнгі клубтары, Бродвейдегі театрлар, Бронкс зооабағы және т.б. атауға болады.

Филадельфия АҚШ-тағы үлкендігі жөніндегі 5 қала. Диловер және Скулкилл өзендерінің сағасында орналасқан. Бұл АҚШ-тың 1682 ж. Швециялық көшіп-қонушыларымен негізі қаланған алғашқы астана. 1776 ж. тәуелсіздік декларациясына осы жерде қол қойылады, 1787 ж. АҚШ конституциясы қабылданады. Филадельфияда Бенджамин Франклин жерленген. Негізгі көрікті орындарына: тарихи мұражай, Франклин институты, Даун-Таун ауданы, Родена мұражайы, Филадельфия университетінің мұражайы жатады.

2. Ұлы Көлдер ауданы Висконсин, Мичиган штаттары, Иллинойс, Индиана, Огайо штаттарының солтүстік бөлігін; Пенсильвания және Нью-Йорктің солтүстік-батыс бөліктерін қамтиды. Ол туристерді Чикаго, Детройт, Кливленд және басқа қалалардың тарихи-сәулет және өндірістік нысандарымен туристерді қызықтырады. Көптеген туристер мұнда Ниагара сарқырамасын тамашалауға келеді. Көл жағалауында желкенді кеме спорты, балық аулау дамыған. Сонымен қатар бальнеологиялық курорттар (Маунт-Клеменс) бар. Ұлы көлдердің оңтүстік жағалауында жоғары дамыған өнеркәсіптік шаруашылыққа байланысты мұнда "Іскерлік туризм" басым. Орталықтары – Чикаго мен Детройт. Ғимараттарының танымалдылығы жөнінен тек нью-йорктік ғимараттардан кейін тұрады. Алайда мемлекеттегі ең биік мұнара Сирс-Тауэр Чикагода орналасқан. Қаланың тарихи орындары (әйгілі Аль-Капоне дәуірінің "мұрасы" және "қатаң заңы") мен көптеген қалалық мұражайлар қызықтырады.

Детройтта көптеген автомобиль мұражайларынан басқа Генри Фордтың эклектикалық жинақ мұражайы, жыл сайын өткізілетін джаз фестивальдары, және Кливлендте жақында ашылған аумағы кең рок-н-ролл мұражайы туристерді өзіне шақырады.

Халықтың көпшілігі демалыс күндері өздерінің уик-эндтерін Ұлы көлдер жағалауында өткізеді. Ал Миннесотадағы 10 мың көлдер өлкесіне "шегі жоқ ормандар мен көлдерге жер шарының барлық жерінен демалу үшін келеді.

3. Огайо ауданы (Кентукки, Шығыс және Батыс Виргиния, Индиана және Огайоның көп бөлігі, Пенсильванияның батысы). Аппалачтың табиғи ескерткіштерімен әйгілі. «Шенандоа» (Блу Ридж тауы) ұлттық саябақтары Мамонт үңгірі кеңінен пайдаланылады. Батыс Виргинияда әйгілі Уайт-Салфер-Спрингс курорты орналасқан. Туризмнің даму деңгейі бойынша зона көршілес Атлант маңы ауданынан кейінгі орынды алады. Бұл көбінесе әлеуметтік-экономикалық мәселелермен түсіндіріледі.

4. Оңтүстік-Шығыс ауданы (Теннеси, Солтүстік және Оңтүстік Каролина теңіз жағалауы аудандарынан кейінгі орынға қалады. Негізгі туристік нысандар қатарына Грейт-Сигоуки-Йаунтин ұлттық саябағы, теңіз жағалауы мен таулардағы курорттар (Джорджидегі Уорм-Спринг).

Аудан мәдени-танымдық туризм түріне маманданған. Ол мегаполистен алшақ арналасқан және туризм дамымаған. Мұнда келушілерді бірінші ретте Азамат соғысы кезіндегі тарихи орындар қызықтырады. Бірінші ретке Оңтүстік Каролина штатындағы Чарлсон қаласы мен М. Митчелл «Желмен жарысқандар» романында атап өткендей желдер сақталған. Джорджия штатындағы саванна, Уильямсбург және Джеймстаун, Виргиния штатындағы Дж. Вашингтон мен Т. Джефферсон иеліктері туристерді қызықтырады.

Туристер Азамат соғысы алғаш басталған Оңтүстік Каролина штатындағы Сампер форты мен Виргиния штатындағы соғыстың аяқталған орны Аппоматоксты жиі тамашалайды. Сонымен қатар, туристер арасында ең танымал оңтүстіктік генерал Р. Ли атымен тығыз байланысты Виргиния штатындағы Александретта қаласы, Солтүстік мен Оңтүстік арасындағы шайқастар болып өткен Теннеси штатындағы Чаттануга қаласы, жартастарда Конфедерация көшбасшылары барельефтері салынған Джорджия штатындағы Стоун-Маунтин саябағы зор беделге ие.

5. Атлант жағалауындағы демалыс аймағы – Флорида ауданы Флорида штатының түбекте орналасқан бөлігі болып табылады. Бұл ауданның туристік игерілуі 1870 ж. басталды. Жылы климат, бай өсімдіктер дүниесі және ғажайып жағажайлар әлемнің түрлі елдерінен көптеген туристерді тартады. Флорида жағалауындағы су температурасы Калифорнияға қарағанда жоғары. Әсіресе Флорида жағажайлары қыс айларында әйгілі. Мұнда атақты Майами, Палм-Бич, Тампа, Сент-Питерсбург, Фиорида-Кис аралдарындағы Ки-Уэст курорттары орналасқан. Бірнеше курортты аудандар ерекшеленіп тұрады. Майамиден Палм-Бичке дейінгі Оңтүстік Шығыс жағалауы отельдерімен және жағажайларымен «Алтын жағалау» деген атауға ие болды. «Күн жағалау» Тампадан оңтүстікке қарай батыс жағалайын алып жатыр. Үшінші орында «Ғарыштық жағалауы». Палм-Бичтен Дейтона-Бичке дейінгі аралықты Канаверал мүйісіндегі Куннеди атындағы Космодроммен бірге алып жатыр. Флорида тек курорттарымен ғана емес, сонымен қатар көңіл көтеру саябақтарымен де әйгілі («Disney World», Орландодағы «Sea World», Тампа жағалауындағы «Bush Garden»), сонымен қатар Кариб теңізі және Мексика шығанағы бойынша теңіздік круиздерімен де белгілі. Штаттың оңтүстігінде «Эверглейде» ұлттық саябағы құрылған. Саябақ өзінің көлдерімен, мангр батпақтарымен және бай жануарлар дүниесімен, соның ішінде мыңдаған аллигаторларымен әйгілі болып келеді. Флоридада 30 мыңнан астам көлдер бар. Бұл осы аймақтың ойпаңды жер бедерімен және жауын-шашынның мол түсетіндігімен сипатталады. Туризм штат экономикасының негізін құрайды.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өзінің ауыл шаруашылық мамандану саласын туризмге өзгерткен және қазірде елдегі басты туристік ауданға айналған. Мұнда туризмнің дамуына тек туристер ғана емес, сонымен қатар жылы өлкеге саяхатқа шығатын американдық зейнеткерлер де өз үлестерін тигізеді. Олардың көпшілігі өмірінің соңына дейін осындағы курортты қалалардағы қонақүйлерде қалса, кейбірі сатып алған үйлерінде немерелері мен туыстарын қонақ етіп күтеді. Нәтижесінде ауданның мамандану саласы – отбасылық және шомылу-жағажайлық, демалу туризмі болып қалыптасты.

Майамидің бөлшегі Майами-Бич Оушен-Драйв кезінде қаланған арт-деко үлгісіндегі үйлері мен кішкентай Гаванна кварталдарымен белгілі.

Флориданың туристері Орландо қаласына жақын барлық отбасына арналған саябақ орналасқан. Бұл 69 шаршы шақырым аумақты алып жатқан және әлемдегі ірі демалу кешені – «Дисней-Уорлд». Ол тек қана аттаркционды саябақ қана емес, қонақүйлер мен мейрамханалар, дүкендер мен би алаңдары бар үлкен туристік кешен. «Дисней» студиясының жетістіктері көпшілікті шабыттандырды, сол себепті «Дисней-Уорлд» жанында тақырыптық саябақтар саны көбейді. Ең танымалы "Юниверсал "студиясының кешенді саябағы.

Аймақта мәдени-тарихи мұра ескерткіштер (ең алдымен Августин форты – АҚШ аумағына ең алғаш еуропалықтардың келуі), табиғи көрікті орындар (Эверглейдс бағы, Окичоби көлі, Флорида-Кис коралл аралдары) орналасқан.

6. Орталық Оңтүстік Арканзас, Луинана, Техас және Оклахома штаттарын қамтиды. Мексика шығанағының жағажайлары, аң аулау, балық аулау, Ковбой мәдениеті және әйгілі родео, үндіс резервациялары мұнда млн-ған туристердің қызығушылығын арттырады. Бір Техастың өзінде американдық туристер жыл сайын 25 млрд. доллар шамасында жұмсайды. Галвестон жағажайлары мен курорттары, Карст үңгірлері, Арканзастағы Хот-Спрингс 47 термальды минералды бұлақтар кеңінен танымал. Техастың оңтүстік-батыс таулы-шөлді ландшафттары «Биг-Бенд» ұлттық саябағында көрініс тапқан. Жаңа Орлеан қаласы өзіндік сәулет ерекшеліктерімен, америка джазының отаны ретінде белгілі.







Date: 2015-06-07; view: 2259; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию