Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Финляндия
Финляндия – «мың көлдің елі» (өткен мұз кезеңінің нәтижесі), орман мен су ресурстарынан өзге басқа табиғи ресурстарға бай емес. Елдің біршама бөлігі – Лапландия – Поляр шеңберінің артында орналасқан. Фин және Ботни шығанағының жағалауында шхер аралдары орналасқан, таяз өзен шығанақтарымен тілімданген. Солтүстікке жақын орналасқанына қарамастан, көптеген ішкі су қоймалары мен Гольфстрим жылы ағысының әсерінен климаты – қоңыржай-континентальды. «Камос-полярлы түн» табиғатының ерекшелігі болып табылады. Финляндия тұрғындары шамамен 5 млн-дай, негізінен финдер мен шведтер өмір сүреді, діни сенімі – лютеранттық. Швед мемлекетінің өмір сүру кезеңі барысында, Финляндия соның құрамына кірді. ХΙХ ғ. Финляндия Ресей империясының құрамына кірді. Бұл финның ұлттық мәдениетінің өркендеуіне және астанасының батыстан Турку қаласынан шығысқа Хельсинкиге көшуге себепкер болды. Хельсинки шведтік басқару кезеңінде сол кездегі гүлдеп келе жатқан Ганзей қаласы Таллиннді ығыстыру мақсатында құрылған. 1550 ж. Швеция королі Гюстав Ваза Таллиннді ығыстырып шығару мақсатында қарсылас қаласының алдына бетпе-бет порт тұрғызу шешімін қабылдады. Осылайша Хельсинки пайда болды. Ресейдегі 1917 ж. Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін Финляндия тәуелсіз мемлекетке айналды. В.И. Лениннің әр ұлт өзіндік анықталуға құқылы деп айтылған сөзін пайдаланып, өзінің ұлттық кейпін сақтап қалды. Әкімшілік қарастыруда елді 11 губернияға және 1 автономиялы – Аланд аралына бөлді. Финляндия – экономикасы жоғары дамыған ел. Жоғары сапалы қағаз, «Нокиа» фирмасының ұялы телефоны, дизельді двигательдер, лифттік құралдар, круиздік лайнерлер, спорттық инвертарь, осының барлығы швед өнімдерінің визитті карточкалары болып табылады. Елдің экономикасы үшін табиғи ресурстар маңызды. Финляндияның біршама аумағын жауып жатқан орман ғана емес, ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша Финляндия жер асты суларының сапасы бойынша әлемде бірінші орында. Табиғи бұлақтардың тазалығы соншалықты, су құбырындағы суларды фильтрден өткізбей, қайнатпай-ақ іше беруге болады. Соңғы жылдары финдік ауыз суын экспорттау байқалады. Бұл жағынан Финляндия «Нокиа» ұялы телефондары мен целлюлозды қағаз өнімдері тауарларының жетістіктерін қайталауға барлық мүмкіндіктерге ие. Финляндияда өте жақсы, әрі қызықты білім беру жүйесі бар. Финдер телекоммуникация, ормандарды қайта өңдеу технологиясы дамуында үлкен жетістіктерге ие. Сонымен қатар, Ресейдің солтүстік-шығыс ауданында өзінің бизнесін белсенді жүргізеді. Финляндияда оқу дипломант үшін Ресейдегі бір шет ел компаниясында жетістікті карьераға жол ашады. Табиғи және тарихи-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты Финляндия келесі аудандарға бөліп қарастырылады: Оңтүстік Финляндия орталығы Хельсинки қаласы, Батыс Финляндия орталығы ежелгі астанасы – Турку, Орталық Финляндияның ірі орталықтары Тамперде және қысқы спорт астанасы – Лахти. Шығысында елдегі ірі порт – Котка орналасқан. Солтүстік орталығын Рования қаласындағы Лапландия алып жатыр. Аланд аралы – мемлекеттегі мемлекет, арал тұрғындары теңізшілер мен балықшыларымен белгілі. Хельсинкиде туристерге бірнеше экскурсия қатары ұсынылады: Хельсинкидің көпірі мен каналдары, кешкі тамақтанумен бірге теңіз жағалауында серуендеу, Коткуға экскурсия. Коткада желкенді регата Котка-Верди (Эстония) және басқа да желкенді жарыстар ұйымдастырылады. Туристерге теңізде серуендеу де ұсынылады. Ежелгі Финляндия астанасы Туркуда белгілі бір көрнекі орындарының бірі – Кафедра соборы, Лютеран сенімінің басты шіркеуі және Финляндияның ұлттық қасиеттілігі. Ол елдің ең бағалы сәулет ескерткіші болып саналады. Собор – мұражай ғана емес, келушілердің құдайға сыйынатын орны. Соборға 700 жылдан астам уақыт. Оны ХΙΙΙ ғ. Турку басты сауда орталығы болған кезде салына бастаған. Соборды 1300 ж. салып аяқтаған. Елдің ірі орны, көлді жері Орталық Финляндия болып табылады. Каллавеси көлінің жағалауында орналасқан Куопио қаласында туристерге суда серуендеудің бірнеше түрі ұсынылады. Күнделікті порттан кішігірім кемелер мен су автобустары жүреді. Финдердің «алдымен саунаны, ал содан кейін үйді тұрғыз» деген мақал-мәтелі белгілі. Сауна – финдіктердің өмір сүру қалпының ажырамас бөлігі. Ұстамдылық, байсалдылық, салмақтылық, ұқыптылық – фин халқының ерекшелігі. Олар шаңғымен жорық, балық аулау, хоккеймен шұғылдану негізінде ұзақ өмір сүреді. Виза елге кіру үшін рұқсат қағаз болып табылады. Финляндияға визасыз кіру тек Солтүстік елдерге (Дания, Исландия, Швеция, Норвегия) және Еуропалық Одақ тұрғындарына рұқсат етілген. Финляндияның қалалары мен курорттары. Аланд аралдары – Ботни шығанағының кіре берісіндегі Балтық өзенінің архипелагы. Ол 60 елді және 6000-нан аса елсіз аралдардан тұрады. Мемлекеттік тілі – шведтік болып табылатын, жалғыз финдік провинция. Астанасы – Мариехамн қаласы. Керемет табиғат, калейдоскопты ландшафт – алаң мен шалғынды ауыстыратын қалың ормандар, ағыл-тегіл су жолдары мен әртүрлі фауна, қызықты жер бедерінің формасы мен қызыл гранитті жартас туристтерді өзіне тартады. Климаты өте жұмсақ. Аланд аралы велосипед турларына, табиғатқа жақын жатын орындарға бунгалода, т.б. дем алу мен сапарға шығу, желкенді спортпен, гольфпен айналысу, балық аулау үшін керемет жер болып табылады. Мұнда ашық теңізде және шығанақ архипелагында балық аулауға болады. Аланд аралдары жылдың әр мезгілінде балық аулауға әртүрлі мүмкіндіктерді ұсынады және әр маусым өз алдына тартымды. Соңғы он жыл көлемінде барлық елдегі балықшылар осында архипелаг суынан балық аулауға келеді. Мариенхамн қаласының орталығынан 300 м-дей қашықтықта, барлық жанұя демалысына арналған жағажай – Лилла Хольмен мен спа-орталығы бар Мариебад аквапаркі орналасқан. Аралдың негізгі көрнекті орындары – ортағасырлық шіркеулер, балықшылар ауылы және ХΙV ғ. керемет Кастельхольм қамалы. Мариехамн демалу үшін кең мүмкіндіктерін ұсынады – көптеген отельдер, мейрамханалар, кафелер, дүкендер мен мұражайлар өзінің келушілерін қуанышпен қарсы алады. Теңіз қаласы бола тұра, Мариехамнда теңіз тарихына арналған көптеген мұражайлар мен ескерткішті орындар бар. Вааса – Финляндияның батысында Ботни шығанағы Балтық жағалауының ең тар жері – Кваркен бұғазында орналасқан қала. Алғашқыда қаланың аты Мустасаари («қара алтын») болды, бірнеше жылдан соң шведтік король династиясының құрметіне Васа болып өзгертілді. Финдік Вааса атауы 1930 ж. бастап негізгі атауға айналды. Мұнда тұрақты түрде халықаралық музыкалық фестивальдар болып тұрады. Оның ішінде аты шыққын фестивальдардың бірі – Ваасты сиырлар фестивалі, Корсхольмды музыкалық мерекелер мен «Ранта Рок» атты рок фестивальдары. Вааса – Финляндиядағы ірі джаз орталығы. Қалада бірнеше сурет мұражайлары мен галереялар бар. Тарихи қызықты және өлкетанулық мұражайларға Губерния тарихы мен өнер мұражайы, Көне Вааса мұражайы, сонвмен қатар ашық аспан астындағы «Сундом ауылы» мен «Брага» мұражайын жатқызуға болады. Жазда қалалық порттан архипелаг аралдарына әртүрлі кемелер мен экскурсия мен круиздер ұйымдастырылады. Ваасадан пором – аспалы көпір арқылы швед қаласы Умеоге өтуге болады және ашық аспан астында орналасқан горка, джакузи, үлкен бассейні бар «Умеолагун» аквапаркіне баруға болады. Ол маусым айының ортасынан тамыз айының ортасына дейін ашық. Айналадағы көрнекі орындардың бірі – бұлан фермасы «Ялгес Хюс». Қыста 7 таулы-шаңғы орталығы жұмыс жасайды, мотошана және итті жегіп сырғанауды ұйымдастырады. Васкилуото аралында үлкен жанұялық Васаландия Ай бағы және аквапаркі мен кемпингі бар Top Camping Vaasa санаторий-курорттық кешен Тропикландия бар. Тропикландия – тропикалық алабы және жасанды толқынды, джакузи, сулы сырғанақ пен аспан астында бассейні бар аквапарк. Иматра Ресей шекарасынан бірнеше шақырым қашықтықта, Ресей қаласы Светогорскке жақын жерде орналасқан. Иматраның ауа-райы өте құбылмалы: бірде күн шығып тұрса, енді бірде жауын жауады да, кейін қайта күн шығады. Шаңғы жолы тізбегін ұзындығы шамамен 100 шақырым қаланың әр бөлігі қосып жатыр. Меллонмяки беткейінен қалаға дейін тау шаңғысымен сырғып түсуге болады. 3 беткей бар: жылдамдықпен түсетін трасса және секіруге арналған тау беткейі. Демалушыларға ұсынылады: мотошаналармен сафариге, жүгіруге арналға шаңғы, мұз үстінде гольф, қыста балық аулау (нұсқаушымен), атта отырып серуендеу. Сайма көлінің тереңдігі мен Вуонсы өзенінің тез ағысы балықшылар үшін олжалы болып табылады. Бұл жерде кемпингке тоқтап, шомылып, балық ұстап, қақтауға болады. Жазда серуендеу ландшафты және мұражайлы круиздер, ал балалар үшін әсерлі «қарақшы» жорықтары ұйымдастырылады. Иматрада 2 бассейн, каскад, джакузи, сумассажы, күн сәулелік терраса, жаттығу залы, стол теннисі, т.б. бар су орталығы Иматра Кюльпюля Спа орналасқан. Иматрадағы Spa-орталық сумен емдеу және сауықтыру процедурларын ұсынады: массаж, шөптік ванналар, ингаляциялар, акупунктуралар. Иматра маңайында Пяссиниемиде ашық аспан астында «Карель үйі» орналасқан. ХІХ ғ. Карель ауыл пейзажі аулалармен, ғимараттармен, үлкен көлемді экспонаттармен мамырдан тамызға дейін ашық. Калпалинна – Оңтүстік Финляндияда әйгілі фин тау шаңғышысы Эйно Калпала поместьесінде орналасқан шағын жеке таулы-шаңғылы курорт. Курорттың мұндай мәртебесі демалудың жақсы сапасын қастамасыз етеді. Калпалинна курортының беткейінің әртүрлі категориялы қиындықта болуы шаңғы тебуге жаңа келгендерге де, профессионалдарға да жақсы әсер береді. Соңғы кездері курорт Calpis Cross Center (ССС) атымен белгілі. Туристер қонақтау үшін мотель, кемпинг немесе 4-6 адамға арналған бірнеше коттедждер ұсынылады. Мейрамхана, кафетерий және барлар бар. Курортта спорттық құрал-саймандарды жалға береді. Туристерге фин шаналарымен сафариге шығу, мотошаналарды тебу, су астында балық аулау, ал жазда-атта серуендеу, скайтинг ұсынылады. Финляндия аумағының 70 %-ы орман, 10 %-ын табиғи көлдер алып жатыр. Финляндияда 200 мыңнан аса көлдер бар, ең үлкені – Суур-Сайма. Климаты – континентальды, жазы жылы (шілде айында орташа температура +20,5˚С, қаңтарда – 3,1˚С). Финляндияның оңтүстігіне Гольфстримнің жылы әсерін тигізеді. Елдің оңтүстік-батыс жағалауы – Солтүстік Еуропаның ең шуақты орындарының бірі. Солтүстік Финляндияда күн тәулік бойына көкжиекте тұрады. 2 айдан аса созылатын ең ұзақ күн Утойокада. Оңтүстік Финляндияда түн бойына қараңғы түн болмайды, кешкі ымырт таңға ауысады. Финляндиядағы негізгі туристік-рекреациялық ресурстарына мыналар жатады: 1. Экологиялық таза орман және көлдік ландшафттар, әлеуметтік-мәдени саласына жағынан қонақ үй индустриясы нысандармен толықтырылған (Суур-Сайма, Насиярви, Пухяярви, Оулуярви, Йсо-Руухуярви, Палтаселькя, Яриянселькя көлдері; Хямянлиннадағы Аулан ұлттық саябағы); 2. Заманға сай мәдени және ойын-сауық индустриясының жүйесі (Серена, Эден, Тампере Спа, Икалистэн Киплила, Катинкулта аквапарктері; Рованиемидегі Санта-Парк, Хельсинкидегі Линнанмяки, Васедегі Васаландия, Тампердегі Сяркянниеми – ойын-сауық орындары); 3. Финляндияның ірі қалаларындағы тарихи-сәулет ескерткіштер: Хельсинки (Мәдени мұражайы, Көркем сурет мұражайы, Хасакалми особнягі, Суоменлина қамалы, 1852 жылғы Кафедралдық соборы), Тампере (Лютеран ғибадатханасы, католик және православ шіркеулері, Мобилиядағы көлік және жол қозғалысының мұражайы, «Муммитроль алқабы» мұражайы), Турку (тарихи-архитектуралық ескерткіштер, кәсіп және өнер мұражайы, ХІІІ ғасырдағы қамал мен собор), Хяменлина (Сибелиус композитордың мұражай үйі, ХІІІ ғасырдағы бекініс, ратуши ғимараты), Порво (ХІІІ ғасырдағы Кафедральды собор); 4. Шаңғы және таулы-шаңғы орталығы (Оңтүстік Финляндиядағы Лахти, Йоутка, Юнискюля; Орталық Финляндиядағы Куопио, Тахто, Кайнуу; Лапландиядағы Саариселья; Скандинав тауларындағы Леви, Юлляс, Вуокатти, Химос, Укаскалла, Рука); 5. Елдің солтүстігінде керемет табиғат құбылыстары – ақ түндер, терістік шұғыласы. Финляндияның ішкі және сыртқы туризмнің маңызды түрлеріне экологиялық және мәдени танымдылықтан басқа спорт та жатады. Теннистік корттар, т.б. корттар, ат үстінде серуендеуге арналған далалықтар, гольфқа арналған арнайы алаңдар кіретін мыңдаған спорттық құрал-саймандар, сонымен қатар су спортымен айналысуға кең мүмкіндіктер (есу, желкенді, сулы-моторлы), ал қыста – шаңғы, шана, қар жүретін skidoo елдің қожасы мен қонақтарының пайдалануына ұсынылған. Финляндия – конгрессті туризм елі. Жоғарғы қауіпсіздік, қолайлы экологиялық жағдай, қызмет көрсетудің еуропалық деңгейі, дамыған инфрақұрылымы халықаралық форум ұйымдастырушыларды тартады. Финляндияның туристік-рекреациялық аудандастырылуы: оңтүстік-батыс (Турку-Пори, Усима, Хяме, Васа және Ахвенанма аудандары), елдің орталығы мен оңтүстік-шығысын қамтитын Көл жағалауы (Кеске-Суоми, Куопио, Миккели, Похьойс-Карьяла және Кюми аудандары), елдің солтүстігі немесе Лапландия (Оулу және Лаппи аудандары). Алғашқы 2 аудан «Игерілген Финляндияны», елдің солтүстік ауданы «Игерілмеген Финляндияны» құрайды. Әдетте, оңтүстік пен солтүстік арасындағы шекараны елдің шығысындағы Йозису қаласынан солтүстік-батыс бағытында Ботни шығанағы жағалауындағы Оулу қаласына бағытталады. Оңтүстік-батысында Финляндияның 3 ірі мәдени орталығы бар: Хельсинки, Тампере, Турку. Хельсинки – Финляндияның астанасы, елдегі басты туристік орталық. Бай мәдени өмірі, мұражай мен ескерткіштері 2000 жылы Хельсинкиді Еуропадағы мәдени астанасы ретінде таныды. Қаланың орталық бөлігі неоклассицизм стилінде: Сенат алаңы, ұлы Кафедральдық соборы, Ресей императоры ІІ Александр ескерткіші, Успен соборы, Президент сарайы салынған. Ұлттық романтизм рухында Финдік ұлттық театр мен «Финляндия» сарайы салынған. Хельсинкидегі «Жартастағы шіркеу», танымал Сибелиус композитерге арналған ескерткіш, Финляндияның ұлттық қаһарманы Маннергеймнің мұражай-үйі. Астаналық Хельсинки университетінде орыс әдебиетінің бай кітапханасы жинақталған. Көптеген аралдар қаламен бірге қосылған. Виапори аралында астананың атақты көрнекі орны – Свеаборг (қазіргі Суоменлина) орналасқан. Саурасари орманды аралында Ұлттық саябағы және ашық аспан астында орналасқан Этнографиялық мұражай, жартасты Коркеасари аралында ірі хайуанаттар саябағы, Лауттасари аралында табиғи орманды ландшафттында қала маңындағы демалыс аймағы ашылған. Хельсинкиден 50 шақырым қашықтықта ІІ Николай императорының пойызы сақталған, теміржол мұражайы орналасқан. 1923 жылғы мұражайға тапсырылған пойыз-патшаның жеке вагонынан, ханшайымның жатын вагоны мен салон-вагонынан тұрады. Хельсинки қала маңайында, Эспоо қаласында Еуропадағы ірі аквапарк – Серена салынған. 3000 м² террасалы хауыздар, джакузи, сулы төбешіктер, балалар кешені, жартастағы үңгірлі сауналар Серена аквапаркінің құрамына кіреді. Тампере – елдің астанасынан кейінгі екінші туристік орталық. Қаланы 1779 жылы швед королі ІІІ Густав қалады. Қаланың мұражайлық коллекциясында керемет экспонаттар бар – 1881 ж. алғашқы жарықшам, ағаш велосипеді, пошталық открытка жинақтары, фин халқының көркемсуреті, тарихы мен құрал-жабдықтары. Тампереде хоккей мұражайы (Еуропадағы ең ескі), 4000-нан асатын экспонаттары бар, қуыршақтар мен костюмдер мұражайы орналасқан. Қалалық кітапханада Туве Янсонның балалар ертегісі негізімен 381 заттан тұратын экспозициялары көрсетілген «Мумми-троль алқабы» атты уникалды мұражай ұйымдастырылған. Тампереде көптеген культтық ғимараттар – 1907 ж. салынған қазіргі Кафедралды собор ғимараты, ХV ғ. Мессюкюлядағы «Ескі шіркеу» ғибадатханасы бар. Қалада ойын-сауық индустриясы дамыған (Луна-парк, Нясиннеул қарауыл мұнарасы, «Тозақ көлі» ұлттық саябағы, Эдем, Тампере, Спа аквапарктері). Тампере – туристік инфрақұрылымы ұйымдастырылған туристік орталық, 20 жоғары класты отельдер және 15 жазғы қонақ үйлер, турбаза, кемпингтер. Туристерге қызмет көрсетуге 200 мейрамхана, кафе және барлар бар. Турку – Финдіқ және Ботника шығанағы кіреберісінде орналасқан, елдегі ескі қала (ХІІ ғ.). Ортағасырлық ескерткіштерден романдық собор мен ХІІ ғ. қала-бекінісі сақталып қалған (сарайдың бір бөлмесінде І Петр тоқтаған). Қаланың орталық бөлігі ХVІІ ғ. мұражай құрылысына айналған: дәріхан, қолөнершілер шеберханасы. Өнер мұражайы мен Абоа Ветус мұражайы туристерді Финнляндияның ортағасырлық өткен тарихымен таныстырады. Жыл сайын қалада қолөнершілер мейрамы ұымдастырылады. Қалалалық причалда финдік кеме жасаушылар мен теңізшілерге арналып, ескерткіш ретінде сақталған үшмачтты желкенді барк байланған. Турку – студенттер қаласы. Бұл жерде елдегі 2 ірі университеттер орналасқан, ең ескісі 1640 ж. қаланған. Сибелиус композиторының мұражайы мен Аалтонен мүсіншісінің мұражайы – қала мақтанышы болып табылады. Көл маңы көлдік үстіртінің негізгі бөлігі мен оған оңтүстік жағынан іргелес Финдік шығанақтың жағалау жолағын алып жатыр. Өзен мен каналдарды көл бір жүйеге біріктіріп, сулы спорт дамуына мүмкіндік береді. Ірі көлдер жағалауында көлдер мен ирелеңдеген жолдар арасында әйгілі Лаппенранта, Лауритсала, Иматра, Хутора орналасқан, соңғы уақытта бұларды ауылдық туризм ретінде қолданылады. Савонлинна – Финляндиядағы жыл сайын өтетін опера фестивалінің орталығы. Солтүстік елдің шамамен жарты аумағын алып жатыр. Финдік Лапландия жағалауынан алыс аудандарда солтүстік табиғи ландшафтар сақталған. Лапландия жылдан жылға Финляндияның әйгілі туристік орталыққа айналып жатыр. Қысқы мезгілде туристер бұл жерге шаңғы сапарына бару үшін және Санта-Клаус ауылына рождествоны қарсы алу үшін келеді, ал жазғы уақытта Лапландияға солтүстік табиғатты сүюшілер мен балықшылар тұс-тұстан келеді. Рованиеми – финдік Лапландияның әкімшілік орталығы. Үңгір түбіндегі ойын-сауық орталығы, балалар ермегінің патшалығы – Санта-Парк туристтерді қызықтырады. Рованиемидан 9 шақырым қашықтықта Шебарлер ауылы мен Главпочтамптан тұратын Санта-Клаус резиденциясы орналасқан. Бұл жерден қызықты гномдар әлемнің әрбір жеріне құттықтау хат, открытка, посылкалар жібереді. Ботника шығанағының солтүстік бөлігінде солтүстік Финляндияның екінші туристтік орталық Кеми қаласы орналасқан. Осы жерде барлығы мұздан жасалған жер шарындағы ең үлкен бекініс салынған. Туристік мұзжарғыш кеме Самио суатта шомылуды, ашық теңізде мұздықтарда серуендеуді жүзеге асыру үшін екі ортада қатынайды. Лапландиядағы ең көрікті жер – Леви шаңғы орталығы. Мол табиғи қар жамылғысы мен тау беткейлерін жасанды қармен көмкерудің арқасында мұнда маусым күздің аяғында басталып, мамырдың басына дейін созылады. Белсенді демалыстың ойын-сауық спектрі өте кең – жүгіру шаңғысы, слалом мен мұз астында балық аулаудан шанамен сырғанау, мотошаналарда, ит пен бұғы жегіп серуендеуге дейін. Туризмге жіберетін шығындары бойынша (2,27 млн. доллар) Финляндия әлемде 32-ші орында. Алайда, туристік құрылымның дауымен қатар, туристік ресурстар Финляндияны шет ел келушілері үшін аса тартымды етуде. Швеция, Германия, Ұлыбритания мен Ресей Финляндияданың сыртқы туризм даму стратегиясындағы негізгі елдер ретінде таңдалды.
Date: 2015-06-07; view: 1558; Нарушение авторских прав |