Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Швейцария





Швейцария – жер көлемі 41,3 мың шаршы шақырым, халық саны 7,2 млн-дай адам, орталық Еуропада орналасқан, айналасында Франция, Германия, Аустрия, Лихтенштейн, Италиямен шекараласады. Аңыз бойынша құдай жер қойнауының байлықтарын бөлгенде, Еуропаның ортасында орналасқан бұл елге жетпей қалыпты, сондықтан ол елге жер бетінің таң қаларлық әсемдігін сыйлапты.

Елдің тарихы б.э.д. 12-ші мыңжылдықтан басталады. 2 мың жылдан бұрын римдіктер осы жерде тұратын гельветтерді басып алып, провинцияны Гельвеция деп атаған. Бұл атау осы кезде де швейцар тиындары мен пошта маркаларында басылады. Елдің тарихи атауы Швец кантонынан шыққан. Қазір Швейцария федерациясында 26 кантон бар. 1648 ж. бірнеше соғыстардан кейін Ұлы Рим империясы бұл елдің тәуелсіздігін қолдады. 1815 ж. ел өзінің өмірлік бейтараптығын жариялап, Еуропаны сілкінткен соғыстарға қатыспады.

Аумақтың 60% таулар, көлдер, альпі жайлаулары алып жатыр. Елде 1484 көл, 24% ормандар бар. Швейцария аумағында Еуропаның ірі Рейн, Роно, Тичино, Аре сияқты өзендерінің бастаулары орналасқан. Климаты биіктікке қарай өзгеріп отырады, жер бедері алуан түрлі (3 зона ажыратылады – Альпі, Швейцария таулы үстірті, Юра таулары). Ландшафттардың әркелкілігі Швейцариядағы саяхатты кез-келген маусымда естен кетпестей етеді. Шығыс Швейцарияда – табиғаттың әсем нысандарының бірі – Рейн сарқырамасы бар (су шығыны 1100 м3/сек).

Батыс Швейцария туристерді тау кереметтерімен қызықтырады. Маттерхорн тауы формасы пирамида тәрізді, альпинистердің сүйікті орны. Швейцария мақтанышы – Женева көлі – танымал демалыс орны.

Швейцария – керемет ел, шағын аумақта табиғат кереметтері мен адам қолынан жасалған туындылар жиналған. Қадам сайын түрлі өркениет іздері сақталған. Римдіктер туралы Ньон мен Аванштағы 10 мың адам сиятын амфитеатр қалдықтары еске түсіреді. Базелде, Женевада, Лозаннеде романдық және готикалық архитектура ескерткіштері сақталған. Қайта өрлеу кезеңінен қалған Кастелло-ди-Монтебелло қамалы туристердің көп келетін орындарының бірі.

Шығыс Швейцария орталығы – Санкт-Галлен, ирлан монахы Галлус есімімен байланысты аталған, таңбасында аю бейнесі бар. Әйгілі Санкт-Галлен шіркеуі және монастыр кітапханасы – Швейцариядағы борокко кезеңінің негізгі ескерткіштері.

600-ден астам швейцария мұражайларының ішіндегі ең атақтылары – Цюрихтегі Швейцарияның тарихи мұражайы, Базельдағы, Женевадағы өнер мұражайлары. Әр үлкен қалада өз театры, симфониялық оркестрі бар. Музыкалық театрлардан танымалылары Цюрихтегі опера театры, Женевадағы Гранд – театр, Базель қала театры. Жаз айы – Швейцариядағы фестивальдар айы (Лозанна, Цюрих, Монтр, т.б.).

Цюрих, Женева, Берн, Лозанну, Винтертур, Санкт – Галлен – Швейцарияның ірі қалалары. Цюрих – елдегі туризм орталығы. Мұнда көптеген бақтар, саябақтар, гүлзарлар өте көп, әсіресе – Ретпберг бағы ерекше көз тартады. Цюрих пен Винтентур Еуропадағы алдыңғы өнер орталығы. Атақты мұражайлары – Кунстхаус (Хаймплацта), онда Еуропалық өнердің 2000 жыл бойғы даму тарихы көрініс тапқан. Онда Мунк, Кокошка, Моне, Мане, Сезанн, Клее, Кирико, Матисс, Тикассо, Шагал, т.б. туындылары бар. Мұражай алдында Огюст Роденнің «Тозақ қақпасы» атты қола мүсіні қойылған. Цюрихте алуан түрлі, керемет акустикасымен, органымен танымал Опера театры бар, онда тамыз-қыркүйекте «Театрлық қойылымдар» фестивалі өтеді. Қарашада – джаз фестивалі өтеді.

Швейцарияның танымал мәдени орталығы – Женева – аттас көл жағалауында орналасқан. Көл – формасы орақ тәрізді, ұзындығы – 72 шақырым, ені – 13 шақырым, тереңдігі 310 м. Ол Еуропадағы ірі тұщы су резервуары. Женева 160 мың адам тұратын көпұлтты қала. Ронаның солтүстік жағалауында қаланың орталық бөлігі орналасқан. Оң жақ жағалауда «халықаралық» Женева, онда БҰҰ бөлімше орталықтары, Халықаралық Қызыл ай қоғамының штаб-пәтері, т.б. бар. Женевадағы гүл-сағаттың диаметрі 5 м, секундтық бағытының ұзындығы 2,5 м, бұл сағатты «өсіру» үшін 6,5 мың түрлі гүл түрлері пайдаланылады. Женева көлінің жағасында ХVІІІ ғ. Коппе қамалы орналасқан, ол женевалық банкир Жак Неккердің иелігінде. Ньон қаласында Рим мұражайы, Женева көлі мұражайы, ортағасырлық қамалда орналасқан фарфор мұражайы бар.


Швейцарияны тектен тек «таушаңғы ертегісі» деп атамаған. Мұндағы таушаңғы орталықтары дүние жүзінде ең алдыңғы қатарда. Швейцария Альпісінің климаты алуантүрлі. Осы жерде Еуропа зиялылары ХІХ ғ. бастап демалуда. Атақты таушаңғы орталығы Давос (12 мың адам) Швейцарияның шығысында 1560 м биікте орналасқан. Курорттың секторлары үлкен аймақты алып жатыр: көптеген емханалар құрт ауруын емдеу орталықтарынан аллергияларды емдеу орталығына айналған. Давос әлемдік экономикалық форум өткізіліп жүрген халықаралық кездесулер өткізу орталығы.

Швейцарияның атақты қысқы курорты – Санкт-Мориц Альпінің оңтүстік беткейінде Энтандин аңғарында орналасқан. Мұнда жыл сайын крикет, поло, гольфтен турнирлер өтеді. Жылына Санкт – Морицке 1,5 млн-дай турист келеді. Оның аймағын – миллиардерлер тұрағы деп атайды. Әсіресе Сювереттеаханы өзінің керемет виллаларымен танымал, ол жерге жаңа жылды қарсы алуға 50 миллиардер жиналады.

 

 

 

-сурет

 

Кран-Монтана – қазіргі туристік және спорттық кешен. Бұл Европадағы ең күн сәулелі жер. Биік таудағы Верьбе курорты француздың Шампан жеріне небары 50 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жалпы барлық Швейцария курорттары түрлі спорт түрлерін дамытуға қолайлы. Ел экономикасында халықаралық туризмнің рөлі зор. Ол жылына 7,5 млрд АҚШ доллары көлемінде пайда түсіреді және 14% жұмыспен қамтиды. Швейцарияға жылына 11млн астам туристер келеді. Туристердің көп келуіне (ағынына) дамыған инфрақұрылым әсер етеді. Қонақүй кешенінде 142 мың номер (263 мың орын) бар. Туризмнің дамуы мемлекет тарапынан, қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдау тапқан, оны бір орталықтан көлік, байланыс және энергия министрлігі басқарады. Туризмдегі басты ұйым – Ұлттық туристік қызмет орталығы.







Date: 2015-06-07; view: 1766; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию