Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Германия





 

Герман федеративті Республикасы (астанасы Берлин) Еуропаның орталығында орналасқан. Аумағы – 357 мың шаршы шақырым, халық саны– 82 млн-дай адам, Еуропада Ресейден кейін екінші орында. Солтүстігінде солтүстік және Балтық теңізімен шектеседі, ең биік нүктесі – Цугшпитце (2963 м) оңтүстікте. 3600 шақырым созылған жағалаулық аумақты 5 федерациялық жер бөліп алған (барлығы 16 федеральды жер бар). Шлезвиг – Гольштейнде бір күнде екі теңізге де түсуге болады. Солтүстігінде бұл жер 65 км созылып жатыр. Жағажайлар аралдарда да бар. Ваттардың керемет ландшафттары, Орталық Европадағы ұлттық бақ туристерді қызықтырады. Балтық теңізі жағалауында Преднепомеран, Бодден ұлттық бақтары қорғауға алынған. Барлығы елде 13 халықаралық танымал ұлттық бақтар және 6200 табиғи қорықтар бар. Алдыңғы Померандағы Мюриц ұлттық бағында 130 астам көлдер, ерекше ормандар бар. Германияның таулы аудандары да әсем табиғатымен көз тартады – Рен, Оденвальд, Тюринген, Лес, Эйдель, Гарц, Шварцвальд. Өзен жүйесі тығыз, негізгі өзендері – Рейн, Эльба, Одер, Везер – оларда кеме қатынасы бар, өзен жүйелері каналдарымен толыққан. Ірі көлдері: Боден, Химзее, Штенбергзее, Аммерзее, Мюриц.

Германия климаты – қоңыржай, солтүстікте теңіздің, қалған жерінде теңіздіктен континенттікке өтпелі. Қаңтардың орташа температурасы +1,5 – + 3oС, шілденікі +16oС +20oС. Атақты курорттары: Баден-Баден, Вистаден, Ахен, Бад-Вальдзе, Обервизенталь.

Германия аумағын рекреациялық аудандастыру нәтижесінде 8 рекреациялық аудан анықталған: жағалаулық аумақ, Мекленбург көлді өлкесі, Гарц, Тюринген орманы, Рудалы таулар, Рейн аңғары, Баден-Вюртемберг, Бавария.

Германияда бір «мәдени астана» болған емес. Берлинде мәдени нысандар көп шоғырланған (Ұлттық мәдениет мұражайы, Пруссия байлығы, Пергамон мұражайы, Боде мұражайы, Шарлоттенбург сарайындағы Антикалық және Египет мұражайы). Атақты мұражайлар, авангардтық театрлар, танымал оркестрлерді елдің барлық жерінен табуға болады. Оларда тарихи кезеңдер көрініс тапқан. Трирде Рим империясы, Таубердегі Ретенбургте және Бад-Вимпфенде ортағасырлық антураж сақталған, Дрезделде барокко, Веймерде неміс классикасы туралы білуге болады. Рур облысында бұрынғы шахталар мен зауыттар, мұражайлар мен мәдени орталықтарға айналдырған. Жаңа және қазіргі заман тарихы Берлинде кеңінен таралған (Бранденбург қақпасы, Рейхтах үйі, Тиргартен бағы, Трептеп бағы). Көптеген қамалдар Германияның феодалдық кезеңінің ескерткіші, олардың көпшілігі осы кезге дейін сақталып қалған. Сан-Суси сарайы, прус патшаларының Потсдамдағы сарай кешені, Эльц сарайы, Боварие королі ІІ Людовиг сарайы, Фест Кобур сарайы, т.б. туристерді қызықтырады. Герман княздерінің архитектуралық маржандарын барлық жерде көруге болады. Мысалы, Шветцингер сарайы және Дессау-Вершцтегі бақ ансамблі, Вартбург сарайы, т.б. Көптеген сарайларда патшаларша тамақтанып, түнеуге болады, олардың 43-де баға қолжетерлік, себебі олар жастардың туристік базаларына айналған.

 

 

 

-сурет

 

Германияны дипломатия, әдебиет, музыка елі деп атайды. Ол ұлы композиторлар Бах, Бетховен, Вагнер, Шуберт, Шуман, Рихард Штраус елі. Әлемдік әдебиетке енген Г.Лессинг, Ф.Шиллер, И.Гете, ертегішілер ағайынды Гримм, Г.Гейне, Т.Манн, Г.Манн, Э.Ремарк, Б.Брехт елі.

Ірі қалалары – халықаралық, аймақтық жәрмеңкелер орталығы (жылына 130 жәрмеңке). Олардың орталықтары – Майндегі Франкфурт, Берлин, Ганновер, Кельн, Лейпциг. 140 мың мұрағаттар, 9 млн-дай келушілер Германияны көрме ұйымдастырудан көшбасшы етті.

Германиядағы туризм бойынша орталық бюро мәліметтері бойынша Германия еуропалықтар, американдықтар және Азия тұрғындары арасында беделге ие болып келеді. Жылына елге келетін туристер саны 15 млн-нан асады.

Немістер өздері де саяхаттағанды ұнатады. Олардың көпшілігі демалыстарын Германияда өткізеді. Туризм ел экономикасының дамуындағы басты факторға айналды. Туризм саласында 2,4 млн-дай адам жұмыс жасайды.

Туризм мәселелерімен экономикалық федеральды министрлігі және экономикалық жер министрлігі айналысады. 1977 ж. Федеральды министрлік жанынан туризм бойынша Кеңес ашылды. 2001 ж. «Германиядағы туризм жылы» болды.

 

 

Date: 2015-06-07; view: 1434; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию