Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аустрия
Аустрия Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін, батысын шығысымен байланыстыратын трассалар қиылысында орналасқан. Көршілес елдері – Чехия, Словакия, Венгрия, Югославия, Хорватия, Словения, Италия, Швейцария, Лихтенштейн, Германия. Еуропаның шағын мемлекеті, 1000 мың жылдан астам тарихымен, Венаның әсемдігі, Зальцбургтің романтикалығы, Инсбургтің тирольдік әуенімен, Альпінің шаңғы «жұмағымен» дүние жүзіне танымал. Ел тарихы 100 мың жылдан астам уақытта, қазіргі Аустрия жерінде бірінші адам пайда болған кезден басталған. Б.э. І ғ. Аустрияны Рим легионерлері жаулап алып, оны 400 жылға Рим провинциясына айналдырды. 1156 ж. Аустрия тәуелсіздігін алып, шекараларын кеңейтуге кірісті. XV ғ. Аустрия герцогтары ұлы Рим империясының императоры болды, ал XVІІІ ғ. мемлекеттің қарқынды даму кезеңі болды (1804 ж. бастап Аустрия империясы). 1918 ж. держава тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап, кейін республика болды, ол дамудың бейтарап жолын таңдады. Бүгінгі Аустрия республикасы 9 федеральдық жерден тұрады. Халық саны 8 млн-ға жуық. Аустрия – таулы ел. Аумағының 70%-ы Альпі (шығыс бөлігі) алып жатыр. Елде тау көлдері көп. Аустрияға үлкен, терең Боден көлінің көп бөлігі кіреді. Жер бедері, климат, топырақ, өсімдік жамылғысы, әркелкі ландшафттары, жоғары жылдық температурасы (қаңтар +1°– 4°С, +15°– 18°С) туристер үшін Аустрияны тартымды етеді. Аустрияда әртүрлі кезеңдердегі ескерткіштер сақталып қалған. Готика өнерінің туындысы ретінде – Вена кафедральды шіркеуі ерекше орын алады. Барокко стилінде көптеген сарайлар мен ғибадатханалар Венада, Зальцбургте, Грацта, Линцте, Инсбургте сақталған. Астанасы – Вена (2 млн-нан астам адам) Дунай өзені жағалауында орналасқан. Қаланың тарихи орталығы – Ринг (Ring-«сақина») көшесінде орналасқан, негізі ХІХ ғ. қаланған. Бақтары, саябақтары, демалыс бақтары оны сәулет ансамблімен бірігіп әлемдегі ең әдемі көшелерлің біріне айналдырған. Көшеде Хофбург сарайлар ансамблі (ХІІІ-ХХ ғғ. аралығында салынған), қазір ол мұражай, қару-жарақ палатасы, сарай мұнарасы, онда Вена ер балалар хоры өнер көрсетеді, Редут залы, атқа мінуді үйрететін «испан мектебі», Аустрия республикасы президентінің концелерия үйі, этнографиялық мұражай орналасқан. Ховбургке қарсы Ринг көшесінің екінші бетінде табиғи-тарихи және мәдени-тарихи мұражайлар орналасқан. Мәдени-тарихи мұражайда бейнелеу өнерінің бай жинағы (Дюрер, Рубенс, Рафаэль, Тициан еңбектері) сақталған. Мұражайлар аралығында императрица Мари-Тереза ескерткіші бар бақ орналасқан. Бақтарда атақты адамдар ескеркіштері орнатылған – В.Моцарт, И.Брамс, И.Штраус, Ф.Шуберт, Л.Бетховен. Венаның символы негізгі сәулет құрылымы ескі қалада орналасқан, ол – ХІV- ХV ғғ. Әулие Стефан шіркеуі, шіркеудің оңтүстік мұнарасы (137 м) гот өнерінің туындысы. Шіркеу ішінде Антон Пильграм (1514) кафедрасы, Винер – Нойштадский алтары (1447 ж.), император ІІІ Фридрихтің мәйіті (1513 ж.) орналасқан. Бельведер сарайы – бұрынғы Евгении Савойский ханзаданың жазғы резиденциясы (ХVІІІ ғ.) «Вена бароккосының маржаны» дейді. Мұнда Аустрия галереясы, аустрия бароккосы бар. «Пратер» қала бағы, мұражайлар (Гайдн, Моцарт, Бетховен, Штраус) көпшілікке танымал. Зальцбург – әсем таулы ландшафт пен қала сәулетімен ұштасады. Бұл қаланың атағы осы жерде тұрған Моцартқа, фестивальдармен, мерекелермен, ортағасырлық Хоэнзальцбург қорғаны, Мирабель бағымен шықты. Аустрия – таулы аймақтағы саяхатты ұнататындар үшін ерекше ел. Рекреациялық инфрақұрылымы дамыған (жолдар, көтермелер, қанатты жолдар, отелдер, мейрамханалар). Мысалы, Зальцбург жерінің спорттық аймағы – тыныш, шағын Капрун және Цель-ам-Зе. Заальбах пен Хинтерглеми қалаларында дүние жүзілік таушаңғылық кубоктың кезеңдері өтіп тұрады. Бадгаштайн – Еуропадағы танымал шаңғы орталығы. 600 жылдан астам уақыт корольдер мен мемлекет басшылары осы жерге демалуға жиналады. Курорт өзінің радонды бұлақтарымен әйгілі.
-сурет
Триоль федеральды жерін «Альпі жүрегі» деп атайды. Аумағының 20%-дан астамы қорықтар үлесінде, мемлекет қорғауында. Триоль – тау шаңғы бесігі, ал аймақтың орталығы – Инсбурк – дүние жүзіне әйгілі қысқы спорт ойындарының орталығы, мұражай – қала, 800 жылдық тарихи бар. Готика, Барокко және Рококо ескерткіштерінің ішінде Алтын шатыр, өзінің екі мың алтын жабындыларымен танымал. Қаланың оңтүстік шетінде ортағасырлық Амбрас қорғанында жауынгерлердің қаруы, киімдері, кайзер жанұясының портреттері жинақталған. Атақты қысқы курорттың атағын әлемге жайған, осы жерде өткен екі қысқы Ақ олимпиадалар. Қысқы демалушылар арасында Зафельд, Майерхофен, Кицбюэль, Шладлинг курорттары да танымал. Аустрия қонақтарының 70% өз демалыстарын үш провинция курорттарында өткізеді – Ворарльберг, Триоль, Зальцбург. Елге келетін туристер саны үнемі өсіп келеді, егер 1996 ж. 17 млн-дай адам, 2000 ж. 17,9 млн-дай адам келді, сыртқа шығу туризмінде де осындай өсу бағыты байқалады, мысалы, 1996 ж. елден 3,7 млн-дай адам туристік мақсатта басқа елдерге шықса, 2000 ж. олардың саны 4,6 млн-дай адамға өсті. Аустрияға негізгі туристер ағыны Германия, Нидерланд, Ұлыбританиядан келеді. Аустрияның негізгі рекреациялық аудандары: Вена, Төменгі Аустрия, Бургенланд, Жоғары Аустрия, Зальцбург, Штирия, Каринтия, Тироль, Форарльберг. Аустрияда туризм мәселесімен тікелей айналысатын мемлекеттік ұйым жоқ, үкімет түрлі министрліктер арқылы туризм дамуына әсер етеді. 1946 жылдан бастап Ұлттық туризм қызметі жұмыс жасап, туризм сферасындағы түрлі ұйымдардың іс-әрекетін координациялап отырады.
Date: 2015-06-07; view: 1353; Нарушение авторских прав |