Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Норвегия
Ұлыбритания (ағылшын тілінде «Great Britain» - «бриттер» тайпасының этнонимінен шыққан) Еуропаның солтүстік батысындағы арал-мемлекет. Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігін, Англия аралын, Уайт, Норманд, Оркней, Гебрид, Шетленд және басқа бірқатар ұсақ аралдарды алып жатқан мемлекет. Батысында Атлант мұхиты, шығыс және оңтүстік жағалаулары Солтүстік теңізбен қоршалып жатыр. Ұлыбритания 60 млн-ға жуық адамы бар Британ аралдарында орналасқан. Ол 4 тарихи географиялық облыстан тұрады. Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия. Ұлыбритания – конституциялық монархия, басқарудың парламенттік және монархиялық формаларын біріктіреді, графтыққа бөлінеді. Ұлыбритания аумағының ең дамыған аудандары: Оңтүстік батысы және оңтүстік шығысы. Ұлыбританияның астанасы, тарихи және мәдени орталығы – Лондон қаласы, Темза өзенінің бойында орналасқан. Лондон қаласының көркем жерлеріне Вестмин аббаттығы, Тауэр, Биг Бен, Нельсон адмиралы колоннасының Трафальгар алаңы, Гайд-Парк, т.б. жатады. Лондон қаласында 30-дан астам мұражайлар бар, соның ішінде Британ мұражайы, Ұлттық галерея және т.б. Қалада 80-ге жуық театр бар. «Ковент – Гарден», Корольдік шекспир театры және т.б. Мұнда әлемге әйгілі мадам Тюссо мүсіні құйылған мұражай орналасқан. Лондон – ірі іскерлік орталық. Бұл қалада дүние жүзілік ең ірі түсті металл биржасы, ірі банктер мен сақтандыру компаниялары орналасқан. Ұлыбритания іскерлік туризм, тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия, ғылыми-танымдық туризм және спорттық-сауықтыру туризм саласы өте жақсы дамыған. Туристік қалалардың ішінде Лондоннан басқа жастардың астанасы саналатын Ливерпуль, университетті қала – Оксфорд, Кембридж, Англия оңтүстігіндегі курорттық орталық – Борнмут, шотландтық Эдинбург және Глазго қалалары – фестиваль мен өнердің орталықтары, Уэльс астанасы Кардифф – орта ғасырлық ескерткіштерді тамашалайтын туристердің орталығы. Сэмюэл Батлердің: «Ағылшындықтар ел-жер көру үшін саяхаттамайды, олар күнді көру үшін саяхаттайды» деген қанатты сөзі бар. Ұлыбритания туризмнің дамыған, пайда болған жері. Дүние жүзінде Ұлыбриания туристердің ағымы бойынша бесінші-алтыншы орындарды иеленіп жүр. Ұлыбританияда туризмнің сан алуан бағыттары шоғырланған және көбею үстінде. Ұлыбританияға келетін туристердің басым бөлігі Еуропа (60%), Таяу Шығыс пен Азия (30%), қалғаны Солтүстік Американың тұрғындары болып отыр. Туристердің елге ағылуы аймақтар бойынша әркелкі таралған: 50%-ы Үлкен Лондон ауданына, 30%-ы теңіздік рекреациялық аудандарына, 8%-ы Шотландия үлесінде, ал 2%-ы Уэльске тиесілі. Келетін туристердің 10% елдің ірі қалалық агломерацияларында саяхаттайды. Ұлыбританияның туристік-рекреациялық аудандастырылуы төмендегі аудандармен ерекшеленеді: Лондон, Темза өзені алабы, Англияның оңтүстік жағалауы, оңтүстік-батыс жағалауы, Мидленд, Англияның шығысы, Джерси, Мэн және Уайт аралдары, Солтүстік Англия мен «Көлді өлке», Шотландия, Уэльс, Солтүстік Ирландия. Лондон Біріккен Корольдіктің астанасы ғана емес, әлемнің саяси, экономикалық, мәдени астаналарының бірі. Ежелден қазіргі кезеңге дейінгі тарихы туралы Лондон мұражайынан танысуға болады (Museum of London, Barbican). Бұл қала тарихына арналған әлемдегі ірі мұражайлардың бірі (1 млн-нан астам экспонаттар бар). Лондонның ең географиялық артықшылығы Темза өзені. Лондон екі дәстүрлі «қалаға» бөлінеді: Вестминстер және Лондондық Сити. Лондонның туристік орындарының басым бөлігі қаланың орталығында орналасқан – Сити, Вест Энде немесе Вестминистрс (Тауэр, Британдық мұражай, мадам Тюссо мұражайы). Сити – қаланың ескі бөлігі, негізгі ескерткіші Әулие Павлдың соборы. Мұнда әйгілі адамдар жерленген: адмирал Нельсон, герцог Веллингтон, пейзажист Тернер, Уинстон Черчилль. Қазірде Тауэр мұражайынан корольдік тәжі мен басқа да қымбат әшекей-бұйымдарды көруге болады. Букингем сарайы королеваның резиденциясы саналады. 97 м-ге жететін танымал – Биг Бен сағаттық мұнарасы да осында. Королевалық саябақтар – Гайд-Парк, Сент-Джеймс Парк, Риджент-Парк, Кенсингтон бақшасы және Грин-Парк орналасқан. Темза өзенінің алабының тартымды орындарына Котсволд Хиллс және оның жанында жатқан шығыс аумағы жатады. Кішкене қалашықтармен, көзқызықтырар ауылдар және сұлу пейзаждармен ерекшеленеді. Сонымен қатар Стоун-де-Уолд, Челтенхемқалалары туристерді минералды ресурстарымен қызықтырады. Ең көп келетін қаласы дүние жүзіне әйгілі Оксфорд қаласы. Англияның оңтүстік жағалауы («ағылшындық Ривера»). Кент, Сассекс, Гемпшир және Дорест жазғы демалыс үшін өте қолайлы орындар болып табылады. Ағылшын риверасы Дуврадан Борнмутқа дейін созылып жатыр. Брайтон, Англияның теңіз жағалауында орналасқан ең әйгілі курорт (университет, мұражай, қалалық аквариум, бірнеше километрге созылған жағажайлар, қонақүй, мейрамхана). Уеймот – виндсерфингпен айналысуға, жалға қайық алуға, аққу қорығымен, субтропикалық бағымен ерекшеленеді. Дувр – әйгілі теңіз бойындағы курорт үлкен порт. Англияның оңтүстігінде туристерді Уинчестер (Британияның бұрынғы астанасы) және Кентербери қызықтырады. Бұл қалалар ортағасырлық архитектуралық ерекшеліктермен (Кентербер соборы) танымал. Англияның оңтүстік батыс жағалауына теңіз жағалауындағы жазық, Корнуолл түбегі кіреді. Алып шатқалдар, балықшы ауылдар, тыныш шығанақтармен, құмдақ жағажайлар жылда млн-ған туристерді қабылдайды. Су спорт түрлерінің орталығы – Корнуоллдың ең басты курорты Фалмут қаласы болып табылады. Лизард-Пойнт Англияның ең оңтүстік нүктесі, ерекше климат жағдайына байланысты ғажайып өсімдіктер өседі. Мамыр айында Хелстон қаласында түстер мерекесі өткізіледі, ал суретшілер қаласы Сент-Айвзе ашық аспан Минак театры орналасқан, онда үлкен сурет галереясы орналасқан. Мидленд туристік орталығы, Уильям Шекспирдің туған жері Страдфорд-он-Эйвон. Шекспирдің туған үйін, пьесаларын көруге болады. Көптеген туристер Бирмингем және Ноттингем сонымен қатар Ковентри қалаларына келеді. Онда көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер, театрлар, сурет галереялары шоғырланған. Англияның шығысы. Туристік аймақ орталығы болып табылатын Кембридж қаласына 2000 жыл. Кембридж біріншіден университет, тарихи-сәулет ескерткіші. Жағажай демалысының орталығы, желкенді спорт орталығы Грейт-Ярмут. Солтүстік Англия немесе «көлді аймақ». Мұнда бірнеше ұлттық бақтар орналасқан. Ең әдемі және туристер көп қатынайтын бақ – Пик Дистрикт. Йоркширде екі ұлттық бақ: Солтүстік Йорк Пустоши және Йорк аңғары орналасқан. Туристік зоналар қатарына Саутпорт, Блэкпул, Мор-кам, Скарборо, Читби, Харочит және Бакстон демалыс орталықтары жатады. Блэкпул курорт ретінде XVIII ғ. аяғынан бері белгілі. Теңіз суына түсуі 30 шақырымға созылған жағажайларымен әйгілі. Бұл көлдер Кемберленд, Ланкшамир және Честморлинд түйісулерінде орналасқан. «Көлді аймақтардың» климатологиялық курорттары: Амелсайд, Кокермут, Кезик және Уиндормир. Мұнда елдегі ең үлкен ұлттық парк «көлді аймақ» (1385 шаршы шақырым) орналасқан. Шотландияның ең үлкен қаласы Глазгода 30 сурет галереясы және мұражайлар бар. Бірақ туристердің көпшілігі Эдинбург қаласына келеді. Эдинбург әуен фестивалімен әйгілі. Шотландияда жылына 11 халықаралық фестиваль өткізіледі. Теңіз жағасындағы кішігірім Сент-Эндриус қалашығында Шотландияның ең көне университеті орналасқан. Ұлыбританияның ең биік нүктесі Бен-Небисті (1343 м) қосатын Гленкое және Қара тау орналасқан. Көптеген туристер Файн көлінің жағасындағы Готтық үлгідегі қамал Инверилді көруге асығады. Уэлс солтүстігінде Сноудония ұлттық бағы орналасқан. Тау туризмі дамыған. Туристерді сонымен қатар ескерткіштер, жағажай курорттары қызықтырады. Презерли жотасы арқылы Пемвронилер ұлттық бағына баруға болады.
Джерси, Мэн және Уайт аралдары. Жұмсақ, жылы теңіздік климатымен ерекшеленеді. Джерси аралдарында ғалым Дж. Даррелдің басшылығымен құрылған зообақ бар. Мэн аралдарының абыройы мысықтар болып табылады. Мұнда асыл тұқым – мэн мысығы өсіріледі. Олардың құйрығы болмайды. Мэн Ұлыбританияның автономиялық аралы. Өзінің парламенті бар. Уайт аралы туризмнің орталығына айналған. Мұнда Виктория патшайымның жазғы резиденциясы бар.
Кесте 4.1 Ұлыбританиядағы туристердің ең көп баратын орындары
Ескерту: кіру ақысыз
Шетел туристерін Солтүстік Ирландияның астанасы – Белфаст және ескі қала Лондондерри қызықтырады. Мұндағы туристер Уайтхед, Бангор, жағажай курортына барады. Солтүстік Ирландияда Партош қаласынан 11 шақырым солтүстік шығысқа қарай Антрим үстіртінің солтүстігінде Джайенте коэуэй орналасқан вулкандық әрекеттен пайда болған құрылымдар.
Кесте 4.2 Ішкі және шет елден келетін туристердің баратын орындары
Ұлыбритания экономикасында туризмнің маңызы өте жоғары. Жалпы ел халқының 2,2 млн-дай адамы, яғни 7,4 %-ы туризм индустриясы саласында жұмыс жасайды. Сыртқы туризм бойынша 2005 жылы түскен түсім 14,2 млрд. ф.ст. құрады, ішкі туризм түсімі 61 млрд. ф.ст. шамасын құраған. Берілген кестеден көретініміз, шет ел туристерінің көпшілігі Лондон және оның айналасындағы елді мекендерге, орталық және оңтүстік Англияға келеді. Мұның себебі туристердің жартысынан астамы Лондонның әуежайларына «Хитроу», «Станстед» және «Гатуик», ал 11 % жуығы – Еуротоннель, «Ватерлоо» вокзалдары арқылы елге келеді. Лондоннан басқа туристер келетін қалалар қатарына: Эдинбург – 1,2 млн-дай адам, Батыс Мидленд – 1,0 млн., Манчестер – 1,1 млн-дай адам, Кенга және Глазго аудандарына 800 мыңға жуық туристер барады. Оксфорд және Кембридж қалаларына тиісінше 390 және 280 мың шетелдік туристер келеді. Ұлыбританияға туристердің 72%-ы Еуропа елдерінен, 14%-ға жуығы Солтүстік Америка елдерінен, ал қалған 14%-ы басқа мемлекеттерден келеді. 2005 жылғы көрсеткіш бойынша: АҚШ – 3,44 млн-дай келушілер; Франция – 3,32 млн.; Германия – 3,29 млн.; Ирландия – 2,8 млн.; Испания – 1,79 млн.; Нидерланды – 1,72 млн.; Италия – 1,19 млн.; Бельгия – 1,12 млн.; Польша – 1,04 млн.; Аустралия – 0,92 млн-дай адам, Ұлыбританияға саяхаттап келеді. Соңғы жылдары Жапония және Гонконг мемлекеттерінен келетін туристер саны артып келеді. Шетелден туристер көбінесе танымдық мақсатпен келеді. Елде 6400 жуық мәдени-танымдық туризм нысандары бар, оның ішінде 22 нысаны дүние жүзілік табиғи және мәдени мұра сипатына ие.
Кесте 4.3 Ұлыбританияға туристердің келу себептері
Көбінесе туристер сұранысы жаңадан ашылған мұражай, ойын-сауық орталықтарына артып келеді. Сонымен қатар жаңадан техникалық құрал- жабдықтармен қамтылған орындар ашылуда. Олар: «Эден жобасы» Корнуолл қаласында, Винзордағы «Леголэнд» тақырыптық бағы, Йоркширдағы «Фламонго Лэнд» тақырыптық бағы және т.б. Қорыта келе, Ұлыбритания өзінің тарихилығымен, толеранттылығымен, қазіргі таңдағы динамикалық өрістеуімен туристерді өзіне шақырады. Ұлыбритания туризмнің ең алғаш дамыған елдің бірі, сондықтан да бұл елге туристердің қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Дүние жүзілік тұрғыдан оның экономикалық тұрақтылығы, жаңа ХХI ғасырға сай келбетінің болуы әлі де өзіне туристерді шақыра бермек. Швеция Швеция Скандинавия түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, оның құрамына Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары кіреді. Елдің батысы Норвегиямен, солтүстік батысы Финляндиямен, шығысы Балтық теңізімен шектессе, ал оңтүстік-батысында Эресунн (Зунд), Каттегат, Скагеррак бұғаздарымен шектеседі. Швецияның климаты Гольфстрим жылы ағысының ықпалында, маңызды меридиандық қашықтықта және Скандинавия тауларының барьерлерімен ерекшеленеді. Швеция жерінің солтүстігі мен батысында таулы үстіртті, Норвегиямен шекарасын бойлай Скандинавия таулары созылып жатыр. Скандинавия таулары мен Ботник бұғазы аралығында Норланд үстірті орналасқан. Швецияның оңтүстік бөлігі жазық алқап. Көлдері: Веттерн, Венерн. Басты өзендеріне: Калликс-Эльв, Шеллефте-Эльв, Уме-Эльв. Елдің ең биік нүктесі – Кебнекайсе тауы (2123 м). Климаты қоңыржай, теңіздіктен континенттікке ауыспалы. Швецияның негізгі туристік-рекреациялық ресурстарына: экологиялық таза ландшафтар, орманды алқаптары (Лапландия, Даларна), табиғи көл мен өзен жүйелері, оның базасында 20-дан астам ұлттық саябақтар; таушаңғылық кешендер (Оре, Дювед, Тегефьелль, Оре Бьернен, Эдсосдален); Швецияның оңтүстік-шығысында құмды жағажайлар да баршылық (Сконе-Мелле, Бохус-Фискебекскиль); тарихи және архитектуралық ескерткіштер Стокгольм, Гетеборг, Мальмо, Лунде, Бурос, Хельсинборг, Танум, Висбю қалаларында жиі кездеседі; көркемдік өнер мен дизайн орталықтары (Сиоланд-Коста, Буда, Оррефорс, Даларна-Сильянсбюгден, Скансен); өндірістік туристік нысандар (Вестманландегі Энгельберг зауыты, Гетеборгтегі «Вольво» мұражайы, Тролхаттанедегі «SAAB» концерні, т.б.); ұлттық мерекелер (Нобель премиясын тапсыру салтанаты, күн патшайымы Люсии күні; көктемді қарсы алу және талапкерлер мерекесі; Иванов күні – жаз ортасындағы мереке; Готланд аралығындағы ортағасыр кезеңінің апталығы) атауға болады. Швецияның туристік-рекреациялық аудандастырылуы: Стокгольм және аралдар; Ботчин шығанағы мен Балтық теңізінің жағалауы; Гетеборг пен елдің батыс жағалауы; Солтүстік Швеция (Норланд); Орталық Швеция (Свеаланд) – Даларна; Готланд аралы. Стокгольм және қала маңы, Швецияның астанасы («Солтүстік Венеция»), Балтық теңізінің ондаған аралдары мен Меларен көлінен құралады. Қаланың негізгі көрнекті орындары экологиялық таза Меларен көл, оның суын ішуге болады, Көне қала («Көпірлер ортасындағы қала»), Патша сарайы – Дротнингхольм («Кіші Версаль» қамалдық кешені, ХVІІ ғ.) қамалы, қазіргі таңда ол жерде патшаның отбасы тұрады; Кеме-мұражайы, ежелгі патшаның кемесінің негізінде құрылған, 1628 жылы кемені алғаш суға түсірген кезде батып кеткен, кейін оны теңіз түбінен шығару шарасы 1961 жылы жүзеге асырылды; Патшалық опера; Юнибакен мұражайы («Мир Астрид Линдгрен»); Аквариа сулы мұражайы; Солтүстік мұражай; ашық аспан астындағы әлемдегі ең ірі өлкетану мұражайы – Скансен (архитектурасы ХVІІІ ғ. тиесілі және соған қатысты Юргорден аралындағы зообақ). Қаланың іскерлік орталығы бөлігінде керемет ұлттық бақ Экопаркен орналасқан. Стокгольмнен шығысқа қарай 24 мыңнан астам аралдар мен шатқалдардан (әйгілі Стокгольм шхерлары) құралған архипелаг орналасқан, онда табиғи жағдайда итбалықтар мен құстардың бірнеше түрлері мекендейді. Швед астанасы салтанатты кештерімен де ерекше, Стокгольмда 100 жылдан бері келе жатқан Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау шарасы жүргізіледі. Жеңімпаздарға дипломдар мен Альфред Нобельдің бейнесі белгіленген алтын медалдар Концерт-Холлда табысталады, одан кейін барлық шақырылғандар (патша жанұясының мүшелері, парламент мүшелері, ғылым мен мәдениетке еңбегі сіңген қайраткерлер және үздік студенттер) қалалық орталыққа ауысып, лауреаттарға арналған кештер ұйымдастырылады. Банкетке әдетте 1300 дей адам қатысады. Стокгольмнан солтүстікке қарай ежелгі қала Улсала орналасқан, онда Карл-Линнейдің мұражай-үйі бар, епископ сарайында І-VІ ғғ. Свей патшаларының бейіттері жерленген. Ботника шығанағы мен Балтық теңізінің жағалауы. Туристік ауданның оңтүстігінде оңтүстік Швецияның ең ірі провинциясы – Смоленд орналасқан. Ол ұсақ ауылдардың қосылуынан пайда болған. Смоландтағы өнеркәсіптік туризм маңызға ие («ИКЕА» фирмасы – ірі ағаш жиһаздарын жинайтын өндіруші; Хюскварна фабрикасы – қауіпсіз швед сіріңкесін шығарады және тағы басқа) болып келеді. Швецияның ең оңтүстігіндегі архипелагында көне қамал-қала Карлскрун (ХVІІ ғ.) орналасқан. Аудан Швецияның ірі аралдарының бірі – Эландты да қосады. Гетеборг және елдің батыс жағалауы. Ауданның ірі мәдени-тарихи орталықтары – Гетеборг, Хельсинборг, Лунд. Гетеборг – көлемі жағынан Швециядағы екінші қала, каналдардың көбісі голландық стилді еске салады, өйткені көптеген аудандарды кезінде голландықтар тұрғызған. Мұнда қолөнер мен өнер мұражайы орын тепкен, теңіздік мұражай, археологиялық мұражай, Кронан қамалындағы әскери мұражай, қаланың орталығында Лисеберг аттракцион паркі салынған. Лунд – елдің ежелден университет орталығы. Қалада ХІ-ХІІ ғғ. романдық собор сақталған, ол ежелгі көркемөнер мұражайы. Қаланың Хельсинборг айлағы – әлемге жол бағыттар қақпа. Ондаған автомобиль паромдары осы жерден Эресунн бұғазы арқылы Данияға жіберіліп отырылады. Истад – қаланың ескі бөлігі, өз құрамына бірнеше ғимараттарды біріктіреді. Хельсинборгте София патшайымға арнап ХІХ ғ. Софиеру сарайы салынған. Елдің оңтүстік батыс жағалауында Швецияның ең әйгілі курорттарының бірі – Куллаберг тауындағы Мелле демалыс орны. Ауданның солтүстігінде Танумсхед қаласы, қыраттарға суреттер салынған (қайықтар, аңдар, адамдар, аңшылық пен соғыс көріністері) олардың жасы үш мың жылдан астам. Таулы қыраттарға салынған қыл қалам өнері ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемнің мұраларын қорғайтын тізімі қатарына енген. Солтүстік Швецияда (Норланд) адам қолы тимеген ұлттық бақтар Падьелант, Сарек, Стура-Шефаллет, Муддус, табиғи қорықтар Шаунья, Стубба, Сулитель орналасқан. Орталық Швециядағы Даларна («аңғар») – туристерге ірі өлкетанымдық мұражай ретінде таныстырылады, ХХ ғасырдың басынан бергі 100 жылға жуық тарихын баяндайды. Ұлттық мәдени дәстүрлердің біршама дамыған ауданы. Даларнаның оңтүстік бөлігі өнеркәсіптік туризмнің дамуымен айқындалады (Бергслаген шахтасы, Вестманленд ауданындағы Энгельберг зауыты т.б.). Готланд аралы – Балтық теңізінің ірі аралдарының бірі саналады. Оның ең көрнекті жері Висбю қаласы. Бұл аймаққа туристердің басым бөлігі тамыз айының орта тұстарында және ортағасырлық кезеңнің мерекесін тойлау қарсаңында демалуға көптеген саяхатшылар келеді. Швециядан басқа шетелдерге баратын туристердің басым бөлігі – Испанияға, Мальтаға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа, Канадаға, Египетке, Мороккоға, Тайландқа және басқаларына сапар шегеді. Туризмнен түскен қаржы көлемі 1997 ж. 3,75 млн. доллар болса, бұл көрсеткіш бойынша Швеция 28-ші орында болды. Ал 2000 ж. елге келген туристер саны 2,56 млн. адамға жеткен.
Date: 2015-06-07; view: 1970; Нарушение авторских прав |