Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Деңгейі бойынша дүние жүзі елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама





 

Халықаралық туризмнің экономикалық мәні туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру үшін ұлттық экономикаға халықаралық туризмнің әсері бойынша әлемнің барлық аймақтарының 126 еліне жіктеу жасалды. Жіктеуді жасау кезінде көрсеткіштерді ерекше тұрғыда алған: ұлттық экономикаға халықаралық туризм әсерін сипаттайтын көрсеткіштер тобы пайдаланылған, халықаралық туризм мәнін экономикалық бағалауда жаңа әдістемелік құралдар қолданылып соңғы статистикалық мәліметтер негізінде есептелген (туристік спутниктік есептеу әдісі, саяхат және туризм бойынша Дүниежүзілік кеңес сарапшылары жасаған әдіс). Нәтижесінде 2004 ж. ұлттық экономикаға халықаралық туризмнің әртүрлі деңгейі бойынша елдердің 4 класы бөліп көрсетілді:

І – ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны төмен елдер;

ІІ – ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны орташа елдер;

ІІІ – ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны жоғары елдер;

ІV – халықаралық туризмге маманданған елдер.

Жіктеудің мазмұнды бөлігі қиындатылған. Класс құрамы біркелкі болмауын ескеріп, класты белгі бір критерийлеріне сәйкес топқа және шағын топқа бөлу қажеттілігі туды. Негіз ретінде В. В. Вольский жасаған басты елдердің типологиясы алынған. Ол соңғы онжылдықта болған экономиканың даму құрылымы мен өзгеру деңгейін ескереді.

А тобы – дамыған елдер

А1 – негізгі елдер;

А2 – Батыс Еуропада экономикасы жоғары дамыған шағын елдер;

А3 – «қоныс аударған капитализм» елдері;

В тобы – экономикалық дамуы орташа деңгейдегі елдер

В1 – Батыс Еуропада орташа дамыған елдер;

В2 – Орталық – Шығыс Еуропада орташа дамыған елдер,

С тобы – дамушы елдер

С1 – маңызды елдер;

С2 – капитализм деңгейіне жеткен елдер;

С3 – жас бостандықтағы елдер.

Жіктеудің кейбір шағын топтары толтырылмаған, бұл өз кезегінде берілген сұрақты қарастыру кезінде қалған елдерді жіктеуге қосуға мүмкіндік береді.

І класс – ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны төмен елдер. Бұл саны жағынан ең көп класс, 75 ел кіреді. Бұл елдерде ЖІӨ қатынасы бойынша халықаралық туризмнен түскен кірістің жалпы салмағы орта есеппен – 2%, ал экспортқа қатынасы бойынша – 9 % құрады. Халықаралық туризмде өз күштерімен жұмыспен қамтылғандар тұрғындар үлесі 8% аспайды. Осы класс біркелкі емес. Бұған экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдермен қатар, экономикасы ең төмен елдерде де жатады.

А тобы – дамыған елдер. А1 шағын топқа: халықаралық туризмнен түсетін кіріс бойынша бірінші орында – АҚШ, шығу ағыны жоғары және туристік балансы теріс айырым Жапония кіреді. Көрсетілген елдерде ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны төмен болуының негізгі себебі – ұлттық экономиканың диверсификациясы. Сонымен қатар, Жапонияда халықаралық туризмге ерекше қызметтер жүктелген – төлем балансының оң сальдосын түзету, сондай-ақ дүниежүзі елдерінің осы елге қызығарлықтай бейне қалыптастыру. Жапония өткен онжылдықта мемлекеттік саясаттың алған қойған мақсаттарының арқасында халықаралық туризмнің даму деңгейін біршама көтерді. Осы класта А2 шағын тобы көрсетілмеген. А3 шағын топта ОАР – «қоныс аударған капитализм» жоғары деңгейде дамыған ел, экономикасының дамуында бірқатар ерекшеліктері бар, шаруашылықтың диверсификацияланған құрылым саласында өндіруші сала (алмас, платина, алтын шығару) алғашқы орында, сондықтан халықаралық туризм көлеңкеде қалып қояды.


В тобы – экономикалық дамуы орташа деңгейдегі елдер. В1 шағын тобы осы класта қарастырылмаған. В2 шағын тобына Еуропаның экономикалық орташа дамыған екі елі – Ресей және Словакия кіреді.

Дүниежүзілік туристік нарықта Ресейдің жағдайы қолайлы. Халықаралық келу 2004 ж. 22 млн-дай сапар көрсеткішінен артты, бірақ халықаралық туризмнің дамуы үшін ресей нарығында шетелдік валютаны сатып алу қабілеті жоғары болуы үнемі оң фактор болып табылады. Ресейге шетелдік туристерді тартуда шетелдегі елдің беделі, яғни виза жасауда қиындықтар, туристтік инфрақұрылымның дұрыс дамымауы секілді жағдайлар кедергі келтіреді.

Словакияда халықаралық туризм дамуы туристік инфрақұрылымның артта қалғандығы және қызмет көрсетуде салыстырмалы төмен деңгейімен шектеледі.

С тобы ең көп дамушы елдермен көрсетілген. С1 шағын тобына үш маңызды дамушы елдер кіреді – Бразилия, Мексика, Үндістан. Бұл елдер дамушы елдер арасында диверсификацияланған өндіріс құрылым ірі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әлеуетке ие болған. Бұл елдерде теңдессіз табиғи нысандары, тарихи және мәдени ескерткіштер бар, осылардың негізінде олар туристерге кеңінен танымал.

2004 ж. Бразилияға 4,7 млн-дай туристтер келген, ал туризмнен түскен кіріс – 3,2 млрд. долларды құрады [Tourism highlights, 2006 – Р.4]. Туризм бойынша Ұлттық агенттіктің зерттеушілері бұл көрсеткіштің жоғары болатынына сенімді, бірақ Бразилияның ұлттық ерекшеліктері және туристік мүмкіндіктері туралы ақпараттың жоқтығы елде туризм дамуын шектейтін фактор болып табылады. С2 шағын тобына Таяу Шығыс елдері – Иордания, Сирия, Оман және т.б. елдер кіреді. Олардың кейбіреулерінде халықаралық туризмнің дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар – ұзақ мерзімді қиын саяси жағдай, туристік бизнеске мемлекет қолдауының жетіспеушілігі және туристтердің өміріне қауіп төнуі. Осыған қарамастан, бұл елдер теңдессіз тарихи-мәдени нысандарға бай, мәдени-танымдық туризмге осы елдердің маманданғанын көрсетеді. С3 шағын тобында негізінен дамуы төмен елдер көрсетілген (Ангола, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, Гвинея, Конго Демократиялық республикасы, Замбия, Мадагаскар және т.б.). Бұл елдердің экономикасы әлсіз және туристік баланс айырым көрсеткіші теріс. Бұл елдердің туристерге танымал болмауы әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, туристік инфрақұрылым мен туризм индустриясының дамымауы, саяси тұрақсыздық пен әр түрлі аурулар қаупімен түсіндіріледі. Кейбір дамушы елдерде (Камбоджа, Мьянма және т.б.) көптеген көрсеткіш бойынша статистикалық мәліметтер жоқ, сондықтан біздің жұмысымызда ДТҰ сарапшыларының бағасын қолдануға тура келді. Осылайша, онжылдықтар бұрын осы топтың көптеген дамушы елдерінде халықаралық туризм дамуының болашағы шектелген болатын.


ІІ класс – ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны орташа елдер. Бұл класс салыстырмалы біркелкі болып келеді және негізінен Еуропаның елдері берілген. Осы елдерде валюталық түсім қалыптасу жағынан халықаралық туризм экономиканың маңызды секторы болып табылады. Бұл елдерде ЖІӨ қатынасы бойынша халықаралық туризмнен түскен кірістің жалпы салмағы орта есеппен – 3%, ал экспортқа қатынасы бойынша – 15 % аспайды. Халықаралық туризмде өз күштерімен жұмыспен қамтылғандар тұрғындар үлесі 12% артады. Бұл кластың басым көпшілігін дамыған елдер құрайды.

А тобы – экономикасы дамыған елдер. А1 шағын тобына экономикасы диверсификацияланған және туристік баланс көрсеткіші теріс елдер – Ұлыбритания және Германия жатады. А2 шағын тобына Еуропаның елдері туристерді жеткізуші елдер Исландия мен Дания, ал туристерді қабылдаушы елдер Аустрия, Швейцария, Финляндия жатады. Мұнда аймақішілік туристер ағынының алмасуы басым, бұған бірыңғай валютаның болуы және Еуропалық одақтың интеграциялық процесі себеп болды. Бұл елдердің шағын тобы бір тұрғынға туризмге кететін шығын көлемі жоғары болуымен сипатталады.

В тобы – экономикалық даму деңгейі орташа елдер. В1 шағын тобына тек қана «жасыл» туризмге маманданған ел Ирландия кіреді. В2 шағын тобына Орталық Шығыс Еуропаның ең дамыған мемлекеттердің бірі Чехия Республикасы жатады. 1993 ж. Чехословакия құлағаннан кейін халықаралық туризм Чехия Республикасының экономикасында маңызды рөлге ие болды.


С тобын саны көп емес дамушы елдердің өкілдері құрайды. С1 шағын тобына туризмде болашағы зор ел Қытай жатады. 2004 ж. Қытайда 40 млн-дай туристер болған, 2003 жылмен салыстырғанда 19%-ға көп. 2004 ж. валюталық түсім 25 млрд. доллардан асып түсті [Tourism Hihglights, 2006.- P.4]. Қытай алдымен мәдени-танымдық жағынан қызықты. Бұл мемлекетте 2200 астам мұражай, ал Пекинде 7000 астам ежелгі мәдени ескерткіштер тіркелген. Аралдарда жағажай туризміне көп көңіл бөлінеді, мысалы Хайнань аралдарында туризмге 15 туристік зона бөлінген. С2 шағын тобының құрамы келесідей: таяушығыс елі Кувейт және Оңтүстік Шығыс Азияның 2 елі – Сингапур және Таиланд. Кувейт қаржысы мол ірі мұнай экспорттаушы ел, оның туризмге шығын көлемі 1300 доллардан асады. Осы көрсеткіш бойынша ол жоғарыда көрсетілген дамыған елдер шағын тобына жақындап келеді. Таиланд – Оңтүстік-Шығыс Азияның басымды бағыттарының бірі. Сингапур экономикалық-географиялық жағдайын оңтайлы пайдаланып туристтік ұсыныстарды диверсификациялап, соңғы уақытта әлемдік іскерлік туризм және демалыс орталығына айналды. 2004 ж. Сингапур рекордтық көлемде 8,3 млн туристер қабылдады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 17 млн-ға дейін өседі. С3 шағын тобында екі ел: бай еуропалықтар мен американдықтарды тартатын туризмнің бір түрі – сафаримен маманданған ел Танзания және оңтүстіказия елі – Непал, бұрын жабық, бірақ қазіргі кезде буддалық қажы мен таулы шың орталықтарының бірі болып табылады.

ІІІ класс – ұлттық экономикада халықаралық туризмнің алатын орны жоғары елдер. Класс 32 елден құралған. Бұл класқа кіретін мемлекеттерде туристердің келу коэффициенті (714,8) туристердің кету коэффициентінің орташа мәнінен (378,4) екі есе жоғары. Олардың бір бөлігі бұрыннан бері әлемдік туристтік нарықта маңызды орынға ие.

А1 шағын тобына халықаралық туризм бұл елдерде маманданған салаларының бірі болып табылатын Франция және Италия кіреді. А2 шағын тобы бұл класта көрсетілмеген. А3 шағын тобында қоныс аударған капиталистік елдер – Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия, Израиль. Бірінші екі елде көліктің құрамдас бөлігі есебінен турпакет бағасының жоғары болуымен ерекшеленеді. Елдердің табиғаты өте бай және экзотикалық болғанымен, негізінен туристерді әсіресе, ағылшындықтар мен американдықтарды аборигендердің тұрмыс тіршілігі қызығушылық тудырады. Канаданың халықаралық нарығының құрылуына АҚШ-тың күшті әсері мен белсенді араласуы нәтижесінде жүрді. Осының нәтижесінде әлемдік еларалық ірі туристік ағын пайда болды (АҚШ – Канада, Канада – АҚШ). 1948 ж. құрылған Израильде тек діни туризм ғана емес, емдеу-сауықтыру, мәдени туризмнің даму мүмкіндігі теңдессіз болып табылады. Жыл сайын Израильге 50 мыңға жуық ресейлік туристер келеді.

В тобы – экономикалық дамуы орташа деңгейдегі елдер. В1 шағын тобына халықаралық туризм ұлттық экономиканың тұтастай дамуына ынта берген саласы болып қалыптасқан елдер – Испания, Португалия, Грекия жатады. В2 шағын тобында туристік индустриясы Косово айналасында болған жайттардан зардап шеккен елдер – Польша, Венгрия, Болгария, Словения, Хорватия. Польша және Венгрия халықаралық туристердің келуі бойынша 10 үздік елге кіріп, сәйкесінше 9 және 10 орындарды иеленді [Tourism Highlights, 2006. – P.4]. Қазіргі уақытта бұл елдер әлемдік туристік айырбасқа белсенді. Соңғы жылдары Болгарияда мәдени-танымдық туризм басым. Елде 40 мыңнан астам тарихи-мәдени нысандар есептелген, оның 7-уі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізілген.

C тобы – дамушы елдер. С1 шағын тобы бұл класта көрсетілмеген.

С2 шағын тобына туристерге танымал елдер: Африка елдері (Тунис және Кения), жерортатеңіздік Түркия, шығысазиялық Малайзия және таяушығыстық Египет жатады.

Солтүстік Африкалық Тунис еліне жыл сайын 5,5 млн-нан астам туристер барады. Елде туризмді дамыту үшін белсенді саясат жүзгізілуде. Болашақта 30 млн-дай жолаушыларды қабылдауға есептелген аймақтағы ең ірі Энфида әуежайы ашылуы жоспарлануда. Бұрын осы елдің негізгі клиенттері батысеуропалық туристер болса, соңғы кезде Орталық Шығыс Еуропа туристері бұл елге үлкен қызығушылық тудыруда. Кениядағы халықаралық туризм элитарлы сипатта. Бұл туристердің келу қарқындылығы төмендігімен анықталады (35,6‰). Кенияда ерекше сұранысқа қымбат экотуризмнің әртүрлілігі ие – табиғи қорғалған аумақтардағы сафари және теңіз жағалауларындағы курорттағы шомылуға арналған демалыс орны. Барлық келуші туристердің жартысынан көбі Еуропадан, нақтырақ Германия мен Ұлыбритания елдерінен.

Түркия соңғы бес жылдықта ең үздік әлемдік туристік дестинациялар рейтингінде 18 орыннан 10 орынға көтерілді. Осы кезеңде Түркияға келуші туристердің орташа өсу қарқыны 10,3% құрады, ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 5% аспады. Түркияның туристік қызметтерін негізгі тұтынушылар Германия, Ресей және Ұлыбритания. Жыл сайын Ресейдегі жарнамалық компанияларға Түркия үкіметі 5 млн. доллар қаржы бөледі.

Мысырда Таяу Шығыстың басқа елдеріндегі секілді туризм дамуындағы ең түйінді мәселе ол шетелдік туристердің келу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елдің мәдени-тарихи және рекреациялық әлеуеті жоғары, сондай-ақ дамыған туристік инфрақұрылым мен үкімет қолдауы аймақішілік туризммен қатар халықаралық туризмнің де өсуіне жағдай жасауда. Осылайша, 2004 ж. Мысыр еліне 8 млн-ға жуық туристер келді (оның ішінде 695 мың Ресей азаматтары құрады), ал туризмнен түскен кіріс 6 млрд. доллар құрады. 2010 ж. шетелдік саяхатшылардың санының 16 млн-дай адамға дейін көбейетіні жоспарлануда.

С3 шағын тобының негізгі аумақтық құрамына Кариб алабында орналасқан елдер кіреді. Мұнда негізінен америкалық туризмдерге арналып жасалған теңіздік круиз дамыған. Бұл аймақтағы елдердің халықаралық туризмнен түскен шетелдік валюта әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін негізгі қаржы көзі болып табылады. Осы класс әлемдік экономикаға халықаралық туризмнің әсерін көрсететін «фон» болып табылады.

IV класс – халықаралық туризмге маманданған елдер. ЖІӨ-ге халықаралық туризмнен түскен үлес бұл елдерде орташа көрсеткіш 34 %-дан астам, ал экспортқа қатынасында – 67% кем емес. Бұл класқа кіретін елдер негізінен туристердің келуіне жағдай жасалған, ал туристердің шығуы қарастырылмаған. Туристердің келу коэффициенттерінің орташа мәні (2823,4%) туристердің кету коэффициентінің орташа мәнінен (1234,7%) 2,5 есе артық. Халықаралық туризмде жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 40%-ға жуығын құрайды.

Осы класта тек С3 шағын тобы көрсетілген және оның құрамы негізінен алып жатқан жер көлемдері үлкен емес арал мемлекеттерінен тұрады. Елдер негізінен келу туризміне басты бағыт жасаған бұған олардың жылдың белгілі кезеңіндегі климат жағдайларының қолайлы болуы мүмкіндік береді, ал Кариб алабындағы аралдық елдердің АҚШ мен Канадаға жақын орналасуы. Бұл шағын топтағы елдердің экономикасындағы басты ерекшелік ауыл шаруашылығымен қатар халықаралық туризмнің шаруашылықтың негізгі салаларының бірі болып табылуы. Бұл туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың белсенділігімен түсіндіріледі. Туристердің келуі кезінде кезеңдің тербелістердің болмауына бағытталған, туристік өнімдерді Америка және Еуропаның шығу туризм нарығына көтеру, туристік инфрақұрылымның ары қарай дамуына арналған бағдарламаны жасау және жүзеге асыру секілді мақсаттар қойылған.

Жоғарыда көрсетілген төрт кластың құрамы тұрақсыз, ол әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси болып жатқан өзгерістерді көрсетеді және белгілі бір уақыт аралығында өзгереді.

Әлеуметтік-экономикалық макрокөрсеткіштер ұлттық экономика дамуының негізгі көрсеткіштері. Оған жалпы туризм іс-әрекеттерінің тигізер ықпалы мол. Сондықтан соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттері туризм саясатына басты назар аударуда.

 







Date: 2015-06-07; view: 1764; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию