Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лттық экономикада халықаралық туризм мәні бойынша дүниежүзілік елдердің жіктелуі





Географияда әдіснамалық және әдістемелік мәселелерге қарай дүниежүзі елдерін жіктеу қиынға соғады. Бұл операцияны қатесіз орындау үшін алдымен негізгісін анықтап алу керек, яғни жалпы көрсеткіштерін соған сәйкес жіктеу жүргізіледі. Көрсеткіштің маңызды сипаттамасына оның заттық және мағыналық мәнінің анық болуы, яғни көрсеткіш нені білдіретіні және оны түсіндіретін ақпараттың көлемі жатады.

Жіктеу дегеніміз зерттелетін нысандар жинағы (класс) бойынша топтау. Олардың арасында сандық көрсеткіш басым, ал сапалық көрсеткіш көрші топтар арасындағы өзгешелікті көрсетеді, яғни нысандардың даму динамикасын немесе олардың иерархиялық орналасу тәртібін көрсетеді. Жіктеу үшін көбінесе математикалық-статистикалық әдіс қолданылады, оның көмегімен кешенді сипаттама көрсеткіштің алғашқы үлкен мәні (ауыспалы) ең төменгі санға (көзге түсерлік) дейін қысқарады.

Ұлттық экономикада халықаралық туризмнің рөлі бойынша елдерді жіктеу үшін негізгі ақпарат көздеріне БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Экономикалық серіктестік және даму ұйымының құжаттары, Дүниежүзілік туристік ұйым, Саяхат және туризм бойынша дүниежүзілік кеңес, Халықаралық еңбек ұйымы, ұлттық туристік әкімшіліктердің материалдары (Compendium of Tourism Statistics, Tourism market trends, Tourism economic reports, Tourism highlights, Yearbook of Labor Statistics және басқалары), сонымен бірге дүниежүзілік компьютерлік желі Ғаламтор арқылы алынған материалдар жатады. Халықаралық ұйымдардың туризм туралы жарық көрген мәліметтері салыстырмалы, дұрыс және жан-жақтылығымен сипатталады. Қазіргі кезде ұлттық экономикадағы халықаралық туризмнің рөлі бойынша елдердің тобын құру үшін халықаралық туризм бойынша мәліметтер базасы жеткілікті және толық болып табылады.

Ұлттық экономикада халықаралық туризмнің рөлі бойынша елдерді жіктеу мәселесіне жалпыға ортақ көзқарас қалыптасқан жоқ. Зерттеушілердің бір бөлігі әдетте ең жақсы көрсеткіш ретінде халықаралық туризмнен түскен кірісті қолданады. Бұл көрсеткіш елдің экономикасына халықаралық туризмнің қосқан үлесін көрсетеді. Бірақ ұлттық экономикадағы халықаралық туризмнің рөлі бойынша дүние жүзі елдерін жіктеуде бұл көрсеткішті бірыңғай критерий ретінде пайдалану даулы нәтижеге әкелуде.

Мұның өзі елдің экономикасына туризмнің мәні бойынша елдерді ғылыми негізделген жіктеуді құру үшін салыстырмалы көрсеткіштердің белгілі бір жүйесін қолдану қажет, яғни жиынтығында зерттеліп отырған елдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтары толықтай көрсету керек. Әсіресе көрсеткіштерді таңдау өте маңызды, себебі көрсеткіштерді таңдауға тікелей байланысты математикалық-статистикалық талдау жіктеудің органикалық бөлігін құрайды. 1990, 1995, 2004 жылдары 126 елдер бойынша компоненттік сараптама 10 нәтижелі көрсеткіштердің жұп корреляциясы бойынша құрылады. Қорытынды көрсеткіштері:

· елдің ЖІӨ түсетін туристік кіріс үлесі, %;

· экспортқа түсетін туристік кіріс үлесі,%;

· халықаралық туризмде жұмыспен қамтылған тұрғындар үлесі, %;


· халықаралық туризмді қаржы салым үлесі, %;

· туристердің келу коэффициенті, ‰;

· туристердің кету коэффициенті, ‰;

· адам басына шаққандағы туризмнен түскен кіріс, адам басына/доллар;

· бір рет келгеннен туризмге түсетін кіріс, келу/доллар;

· тұрғындар басына шаққандағы туризмге шығындар, адам басына/доллар;

· орналастыру құралдарымен қамтамасыз етілуі, орын/адам.

Көрсеткіштердің өзара тұрақты және жоғары деңгейде болуы (корреляция мәні 0,7 және одан жоғары) негізінде қорытынды көрсеткіштерінің келесідей тобы құрылады. Халықаралық туризмде дүние жүзі елдерінің мамандану деңгейін анықтау негізінде 126 ел бойынша 10 көрсеткішті қосатын, 5 топтан тұратын көрсеткіштер жүйесі бар.

Бірінші топ елдің экономикасында халықаралық туризмнің маңыздылығын көрсететін қорытынды біртипті көрсеткіштерден тұрады. Бұлар ЖІӨ туристік түсімдердің үлесі (елдің ЖІӨ %), экспорттағы туристік түсім үлесі (елдің экспортынан %), тұрғындардың халықаралық туризмде жұмыспен қамтылу үлесі (елдегі жалпы жұмыспен қамтылғандар санынан %) және халықаралық туризмге қаржы салымы үлесі (ел экономикасындағы қаржы салымының жалпы көлемінен %). Осы төрт көрсеткіш халықаралық туризмге экономикалық салымды бағалау үшін негізгі болып табылады. Ұлттық экономикада халықаралық туризм рөлін осы көрсеткіштер анық көрсетеді. Бұл топ көрсеткіштері басты және жүйеде ең басым болып табылады.

Екінші топқа төмендегідей көрсеткіштер жатады: туристердің келу коэффициенті, тұрғындардың басына шаққандағы туризмнен түскен түсім және орналастыру құралдарымен қамтамасыз ету.

Туристердің келу коэффициенті немесе туристердің белсенділік коэффициенті жылына елге келген шетелдік туристер санының тұрғындардың орташа жылдық санына арақатынасымен есептеледі және промилмен көрсетіледі, яғни 1000 адамға есептегенде. Бұл көрсеткіш маңызды баға көрсеткіштерімен толықтырылады – тұрғындардың жан басына шаққанда туризмнен түскен түсім және туризм ұсынысы – орналастыру құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері. Бұл көрсеткіш қонақүйлердегі кереует орындары мен соған ұқсас орналастыру құралдары санының елдің тұрғындар санына арақатынасымен есептеледі.


Туристердің кету коэффициенті де бөлек топқа орналасты: бер реттік келу кезіндегі туризмге түсім және тұрғындардың жан басының туризмге шығыны. Туристердің кету коэффициенті тұрғындардың орташа жылдық санының елден шығып кеткендердің санына арақатынасымен анықталады. Туристік белсенділік коэффициенті секілді туристердің келу-кету қарқындылығын уақытша және кеңестік салыстыру жүргізуге мүмкіндік береді.

Бір рет келген туристтен түсім көлемі бірқатар факторларға байланысты: келген елде өмірінің құнының деңгейімен анықталатын тур құны, демалыс орнына дейінгі арақашықтық, көлік түрі, қонақүй класс дейгейі және т.б.

Туризмге кететін шығын көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен байланысты. Ең тығыз байланыс тұрғындардың жан басына ЖІӨ көрсеткіші арасында бар. Өндірілген байлықты елдің тұрғындары арасында бөліп беру және өндірілген тауар мен қызметтер көлемінің елдер арасындағы арақатынасын көрсететін ұлттық валютаның сатып алу қабілетімен есептеледі. Ел тұрғындарының туристік белсенділігі мен туризмге жұмсайтын шығыны өмір деңгейі мен сапасына байланысты. Дамыған елдерде бір адамның туризмге шығыны орташа 550 долларды құрайды, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш орташа есеппен 23 есе аз.

Дүние жүзі елдерін экономикадағы халықаралық туризмнің алатын орны бойынша жіктеу мақсатында кластерлік талдау қолданылды. Ол әр фактордың ақырғы дифференциациясында қосқан үлесінің барынша жоғары болуын ескеріп, жіктеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы зерттеу кезінде кластерлік саралау STATISTICA бағдарламасымен жүзеге асырылды. Кластерлік саралау стандартталған көрсеткіш үшін k-орташа әдісімен жүзеге асырылды. k-орташа әдісі көрсеткіш аралық кеңістікте (осы жағдайда – қорытынды саралау үшін таңдалынып алынған көрсеткіштер саны 5 есе бойынша) нысандардың (біздің жағдайда – дүние жүзінің 126 мемлекеті) біртұтас тобын алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бүтіндік критерийлері D және d (әр кластер ішіндегі нысандар арасындағы арақашықтық) параметрлер болып табылады. Нысандардың қорытынды топтастыру мақсаты бірінші параметрдің ең жоғарғы мәні және екінші параметрдің ең төмен мәніне жету. Кластерлік саралау қорытындысын нақтылау үшін әр көрсеткіш интегралды бағасына сәйкес белгіленген сарапшылық жолмен сарапталды.

Халықаралық статистикада 10 баллдық жүйеде туристік көрсеткіштерді қолдану жиілігі бойынша орташа бағаны есептеу нәтижесінде алынған салмақ векторы төмендегідей сипатқа ие (Қосымша 3.1 кесте).

3.2 Ұлттық экономикаға халықаралық туризм әсерінің







Date: 2015-06-07; view: 1497; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию