Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризмнің әсері. Халық шаруашылығында бар және де жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарының саны халықаралық





 

Халық шаруашылығында бар және де жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарының саны халықаралық туризмнің экономикаға қосқан үлесі ретінде ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Туризм және саяхат бойынша ықпалды кәсіптік туристік бірлестік ретінде дүние жүзілік кеңес мәліметтері бойынша 2005 ж. туризм саласында 221 млн-дай жұмыс орны есептелген. 2015 ж. бұл көрсеткіш 270 млн-ға дейін артады деп болжанады. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі әрбір 10-шы жұмысшы туризм индустриясында жұмыс жасайды. Кейбір елдерде халықаралық туризмнің тұрғындарды жұмыспен қамтуда маңызы өте зор болып табылады. Мысалы, Испанияның ұлттық экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 9,6 %-ы туристік қызмет көрсету секторында жұмыс жасайды, ал Кипрде – шамамен 20, Мальтада – 18%-дан астам, Ямайкада – 30, Барбадоста – 60,6%-ды құрайды.

Демалыс және саяхат саласында, яғни қонақүй шаруашылығында, туристік агенттік пен туристік оператор секторларында, туризмді басқару органдарында, қоғамдық туристік ұйымдарда (одақтарда), сондай-ақ курорттық шаруашылықта тікелей жұмыспен қамтылғандардың жоғары көрсеткішін келтірілген статистикалық мәліметтер дәлелдейді. Экономиканың басқа да секторларында – сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығында жарнама жұмыспен қамту туризмге қарағанда көрсеткіші біршама жоғары. Дегенмен оның нақты бағалануы қиын.

Туризм индустриясында жалпы еңбектің бірқатар ерешеліктері болады:

1) біліктілігі жоқ шетелдік жұмыс күшін кеңінен пайдалану;

2) еңбекақы деңгейі төмен;

3) арнай жұмыс тәртібі мен кестесі белгіленген ұзақ жұмыс аптасы;

4) еңбек етушілердің басым бөлігі әйел адамдардың болуы;

5) мамандардың тұрақсыздығы.

Туризм индустриясы, әсіресе қонақүй және мейрамхана секторларындағы жұмыс күші біліктілігінің жоқтығымен ерекшеленеді. Бұл салада технология, механика және автоматика дамымаған, өндірістік процесс негізінен қол еңбегі мен клиенттермен қызмет көрсетуші тікелей қарым-қатынаста болады. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандардың 80%-ын біліктілігі төмен жұмыс күші құрайды.

Туризм индустриясында көбінесе шетелдік жұмысшылардың еңбегі пайдаланылады. Олардың бір бөлігі туристік салада заңсыз жұмыс жасайды. Аустрияда 1970-1995 жж. аралығында экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда қонақүй және мейрамхана шаруашылығында шетелдік жұмыс күшінің жұмыспен қамтылуы алға озды. 1990 жылдың ортасында бұл көрсеткіштің төмендеуі миграция заңының қатал болуы мен елге келуші шетелдік жұмыс күшінің ағынының қысқаруына байланысты. 1996 ж. Германияда қонақүй және мейрамхана секторында жұмыспен қамтылғандардың әрбір үшіншісі иммигрант, ал Швейцарияда – әрбір екінші жұмысшы. Заңсыз мигранттардың көпшілігі Испания курорттарында жұмыспен қамтылған. Данияда туризмдегі еңбек нарығында иммигранттардың үлесі өсуде. 1980-1995 жж. аралығында бұл үлес 4,9%-дан 7,6%-ға өсті. Данияда жұмыс жасайтын шетелдіктердің 12%-нан көбі қонақүй және мейрамхана секторларында кәсіпорын иелері немесе қызметкерлері болып табылады.

XX ғ. аяғында туризмнің еуропалық еңбек нарығында негізінен бұрынғы социалистік лагерь елдерінен келген жаңа мигранттар тобы пайда болды. Германияда, әсіресе «Магдоналдс» компаниясындағы жұмыс күшін Орталық-Шығыс Еуропа елдерінен келген иммигранттар құрайды.


Бірқатар Еуропа елдерінде қонақүй шаруашылығының еңбек нарығы сараптамасы Еуропа Одағында интеграциялы процестердің күшеюі мен халықаралық туризм жаһандануы нәтижесінде жұмыс күшінің мобильділігінің өсуіне әкелді. Туризм саласында заңсыз миграциямен күресу үшін заңнамалар қатаңдатылуда. Осылайша Швейцарияда еңбек заңнамасын бұзғаны үшін сондай-ақ еңбекті заңсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші 1 жылға бас бостандығынан айырылады және 500 мың швейцариялық франк көлемінде айыппұл төлейді; бұл заң бұзушылықтар қайталанған жағдайда одан да қатал шаралар қолданылады.

Туризмдегі еңбек қарым-қатынасының тағы бір ерекшелігі – арнайы жұмыс тәртібі мен кестесі бекітілген ұзақ жұмыс аптасы. Экономиканың басқа салаларында еңбек ететіндер жұмыс уақытын 35 сағатқа азайтуға қол жеткізсе, бұл салада жұмыс уақыты 40 сағаттан артық. Келушілерге қызмет көрсету жұмысының жеңіл және қарапайым болуы, жұмыс уақытының көп болуын қамтамасыз етуі тиіс деп саналады. Аустрия, Германия, Италия, Испания, Люксембург және Нидерланды сияқты еуропалық одақ елдерінде туризм индустриясында заңмен бекітілген жұмыс аптасының ұзақтығы 40-45 сағатты құрайды, Ирландияда бұл көрсеткіш – 48 сағаттан артық.

1996 ж. еңбек және өмір жағдайын жақсарту бойынша еуропалық ұйым Еуропа Одағының (ЕО) 15 еліне зерттеу жүргізіп, келесідей ақпаратты таратты. Қонақүй және мейрамхана шаруашылығында әрбір екінші жұмысшы шектелген жұмыс уақытынан көп мөлшерде жұмыс жасайды, олардың 80% бір айдағы 5 жексенбінің 2-де және 41% ай сайын 6 не одан көп түн мезгілінде жұмыс жасаған.

Туризм индустриясында еңбек қарым-қатынасын реформалау қажеттілігі бұрыннан туындады. Бірақ әлі күнге дейін оны жүргізуге қатысты біржақты пікір жоқ. Осылайша Британдық қонақжайлылық ассоциациясы қонақүй шаруашылығында жұмыс уақытын қысқартуға келіскенімен бірқатар шешімі жоқ мәселелерді көрсетеді. Ол негізінен Еуропа Одағының (ЕО) жаңа нұсқауына сәйкес жұмыс ауысымдары арасында міндетті 11 сағаттық үзіліс енгізу қонақүй және мейрамхана кәсіпорындарында клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру технологиясының бұзылуына әкелуі мүмкін.


Еңбек заңнамасына өзгеріс енгізу мен жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту күтілген нәтиже бермейді. Француз үкіметі туризм индустриясында да жалданатын әрбір жұмысшының бұрынғы төлем ақысын сақтай отырып, жұмыс сағаттарын қысқартты. Осылайша, жұмыс берушілер қосымша қызметкерлер алуға мәжбүр болды, ал бұл өз кезегінде елдегі жұмыссыздық мәселесін шешті. 2000 ж. экономиканы жандыратын жоспар іске асырылды. Тек бір ғана тез тамақтану секторында 80 мың адамға 2-3 мың жұмыс орындары құрылды. Жұмыссыздық 3,5%-ға төмендеді, тұтынушылық көбейіп, «экономикалық дөңгелек» жылдамдығы артты. Бірақ 2001 ж. француз экономикасы жаңа мәселелерге тап болды.

Қосымша қызметкерлерді жалдағанда кәсіпорын оған еңбек ақысымен төлеуге кепілдік беріп қоймай, әлеуметтік қамтамасыз етуі қажет. Заман талабына сай өскен шығындар салдарынан 90% жаңа жұмыс орынмен қамтамасыз етіп отырған кіші және орта кәсіпорындар банкроттыққа тап болды. Осының салдарынан француз үкіметі салық мөлшерін төмендетуге мәжбүр болды. Экономика секторларының ішінде туризм индустриясы еңбек ақының салыстырмалы төмен деңгейімен ерекшеленеді. Еуропалық одақта бұл көрсеткіш орташа жалақы көлемінен 20%-ға төмен. Осындай салыстырмалы зерттеу жүргізгенде туризм саласында жұмысшыларға шай-пұл мен басқа да жасырын сый беру формаларын есептегенде жұмысшылардың шын мәнісіндегі кіріс деңгейі жоғары болатынын ескеру керек. Соның өзінде қажетті өзгертулер енгізген күнде де халықаралық Еңбек ұйымының анықтау мәліметі бойынша арақатынас бәрібірде туризм индустриясын қолдамайды.

Туризмдегі жұмыс күшінің нарығы әйелдердің басымдылығымен ерекшеленеді. Әйелдер жауапты қызметтерде сирек кездеседі, ал көбінесе ғимараттарды жинау, үй жинау, сусын мен тамақ әзірлеу сияқты оңай операцияларды орындайды. Туризм саласындағы әрбір үшінші жұмысшы әйел адам. 1990 жылдары бұл үлес жыл сайын өсуде. Қазір бұл көрсеткіш 46%-ды құрайды. Көптеген елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы Аустралия, Бельгия, Франция, Швейцария елдерінде туризм саласында жұмыс жасайтындардың жартысын әйелдер құраса, экономиканың басқа салаларында тек 1/3 бөлігін алады. Әсіресе әйел адамдар қоғамдық тамақтану және тарату секторларында көп (Қосымша 2.9 кесте).


Кейбір елдерде әйелдер қауымына еңбек ақысын төлеу бойынша кемсіту сақталған. Кейбір сараптамалар бойынша ер адамдардың еңбегімен салыстырғанда әйел адамдардың еңбегі 20% төмен төленеді.

Туризм индустриясының дамуындағы мәселелердің бірі жоғары деңгейлі маман тұрақсыздығы. Туризм индустриясы секторында жұмысшылар категориясында ол бірдей емес, сондай-ақ дүние жүзі аймақтарында, мемлекеттерде және мемлекет ішіндегі аудандарда да ерекшеленеді. Ұлыбританияда қонақүй және мейрамхана шаруашылығында 40% жұмыспен қамтылғандар бір жылдан кейін жұмыстан шығып жатады. Туризм индустриясындағы маман тұрақсыздығы Азия елдерінде орташа көрсеткіш – 30%, ал Сянганда – 50% (еңбек нарығының кеңеюінен және шексіз қонақүй құрылысы салдарынан болуы мүмкін). 1997 ж. АҚШ-да қызметкерлер үшін бұл көрсеткіш – 51,7 %, орта буындағы менеджерлер үшін – 11,9% және жоғары буындағы менеджерлер үшін – 13,5% құрады. АҚШ зерттеу нәтижелеріне қарап қызметкерлермен салыстырғанда басқарушы мамандар арасында тұрақсыздық біршама төмен екенін айтуға болады. Дегенмен маман тұрақсыздығы оның жұмысының түріне байланысты емес (толық немес толық емес жұмыс апта).

Туризм индустриясы ұтымды еңбек жағдайларын ұсынған жағдайда, жұмыс күші үшін экономиканың басқа салаларымен бәсекеге түсе алады. Туризм индустриясына жұмыспен қамтудың төмендегідей формалары тән.

Бірінші – туризм белсенділігінің циклдық тербеліс кезеңіне арналған маусымдық жұмыс. Біркелкі және жерортатеңіздік климаты жағдайында солтүстік жарты шар елдерінде туристік белсенділік негізінен жаз айларында басталады, сәйкесінше қосымша жұмыс күшіне сұраныс туады. Маусымында туризмде жұмыспен қамтылғандардың саны Аустрияда – 26%, Испанияда – 47%, Италияда – 50% астам, Данияда екі есе артады. Туризм индустриясында туристер ағынының қысқаруымен және маусым аралық кезең басталысымен бірден жұмыс күштері босатылып, қайтадан жұмыссыздық мәселесі туындайды. Туризмдегі маусымдық жұмыстың екі салдары бар. Біріншіден, маусымдылық жыл бойына жұмысшылардың жұмысының біркелкі болмауына әкеледі (маусым кезіндегі мерзімнен тыс сағат және маусым аралық кезеңде жұмыстың тоқтауы), яғни маман тұрақсыздығы және жұмысшылардың жұмыспен қамтылуы. Екіншіден, жұмыстың біркелкі болмауынан және маусымдылық жағдайында туристік кәсіпорын қызметкерлері жыл мезгілдеріне байланысты түрлі өндірістік міндеттерді орындауға мәжбүр. Туризмде еңбек іс-әрекеті көп салалы сипатқа ие.

Дамыған елдердің қонақүй және мейрамхана шаруашылығында жұмыспен қамтудың кеңінен тараған түрі – толық емес жұмыс күні. Оның бірқатар артықшылықтары бар – бір жағынан, басқа саланы туристік сектормен қатар бірге алып жүре алатын әйелдер мен студенттерді, яғни тұрғындардың белсенді бөлігін жұмысқа тарту, екінші жағынан туристік қызметтер мен тауарлар өндірісінің процесіне жылдамдылық пен икемділік береді. Мысалы, тәуліктік жұмыс ауысымын ұйымдастыру кезінде. Әр түрлі елдерде толық емес жұмыс күні жұмыс жасайтындардың үлесі қонақүй бизнесіндегі жалпы жұмысшылардың 12-52%-ын құрайды.

Туризм индустриясында жұмыспен қамтудың үшінші түрі – қысқамерзімді іскерлік белсенділік кезеңіндегі уақытша жұмыс (демалыс күндерінде, ассамблея, көрме өткізу кезінде және т.б.).

Туристік кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуде, ал тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде жұмысшыларды уақытша жалдау бойынша фирмалардың рөлі маңызды. Батыста азаматтарды жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту қызметі делдалдық қызмет көрсететіп, яғни азаматтарды өз штаттарына кіргізеді, одан кейін оларды кәсіпорындар мен ұйымдардың қарауына ұсынады. Олар қызметкердің жоқ кезінде қызметтік міндеттерін атқару үшін, мамандарды іріктеу кезеңінде бос орындарды толтыру, уақыты шектелген жұмыстарды жүргізу, бірақ аяқталу уақыты белгісіз, сондай-ақ тұтынушы сұранысының тербелісіне байланысты кәсіпорынның іс әрекетін уақытша кеңейту кезінде. Бұл қызмет жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналастырумен қатар кадрларды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асырады, еңбек келісім шарттарын жасауға көмек көрсетеді, орындалған жұмыс төлемақысын жүргізеді және т.б. Бұл азаматтарға кәсіптік дағды алуға және жұмыс күші нарығына кіруге мүмкіндік береді, яғни ұсынылып отырған жұмыстың тұрақсыз сипатын өтейді.

Туризмде үш негізгі еңбекті төлеу жүйесі бар. Олардың бірі «шай-пұлға» және клиенттердің өз еркімен қызмет көрсетушілерге сыйақы төлеуіне негізделген. Әдетте ол көрсетілген есепшоттың 10 %-ды құрайды. Бірқатар елдердің үкіметі мұндай тәжірибенің сақталуына қарсы, себебі бұл кәсіпорынның қызмет көрсету саласында жалақы деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Екінші жүйе қызмет көрсету мен сатудан түскен үлеске негізделіп, еңбек ақының алдыңғы түріне балама ретінде құрылған. Мұнда сыйақы көлемі фирманың жұмыс нәтижесіне байланысты, көрсетіліп отырған қызметтердің көлемін ұлғайту жұмыс берушілердің материалдық қызығушылығын арттырады. Олардың үлесі 5-15%-ды құрайды, кейбір жағдайларда клиент төлемақысынан ұсталып, 20% жетеді.

Үшінші түрі кәсіпорындағы белгіленген төленетін еңбек ақы. Соңғы онжылдықта клиенттермен тікелей қарым-қатынасқа түспейтін мейрамхана, қонақүй, туристік фирма жұмысшылары арасында кеңінен таралды. Ол Кубада, Нидерландта және Жаңа Зеландияда кеңінен қолданылады.

Германия, Швеция, Швейцария, Испания, Түркия, Польша, Индонезия, Танзания секілді дүние жүзінің көптеген елдерінде еңбек ақыны төлеудің екі жүйесі қатар қолданылады. Жұмысшыға ең төменгі еңбек ақымен қатар қатысу үлесіне байланысты түскен кірістің пайызы төленеді. Бірқатар қоғамдық ұйымдар жұмыспен қамтудың өсуін шектейтін ең төменгі еңбек ақы бекітуге қарсы болғанымен, олар қойылған мақсатына жете алмауда. Халықаралық туризмнің жұмыспен қамтуға әсерін анықтау мақсатында 2002 жылғы көрсеткіші бойынша туристік индустрияда жұмыспен қамтылғандар үлесі бойынша дүниежүзі елдерін топқа жіктеді. Келтірілген нәтиже бойынша дүниежүзінің 126 мемлекеттерін 3 топқа бөлді: бірінші топ – жұмыспен қамтылғандар үлесі туризм индустриясында 5% аспайтын елдер; екінші топқа – 5-15% көрсеткішке ие елдер; үшінші топ – көрсеткіші 15% жоғары елдер жатады.

Бірінші топта Африка және Азия елдері көрсетілген. Осы елдермен қатар туризмді дамытуға қолайлы Куба елі кіреді. Оның әлемдік туристік кеңістікке қосылуын саяси факторлар тежеп отыр.

Екінші топтың саны біршама көп, дүниежүзіндегі барлық елдің жартысы кіреді. Бұл топтағы елдердің туризм дамуы және жалпы экономика сипаты бойынша әртүрлі. Топқа АҚШ, Франция, Жапония, Италия, Аустрия және басқа да дамыған елдер, сонымен бірге туризм саласы тұрғындарды жұмыспен қамтитын дамушы елдер – Папуа-Жаңа Гвинея, Камбоджа, Кирибати, Соломон аралдары жатады.

Үшінші топ экономикасында маңызды рөлді халықаралық туризм алуына байланысты туризм индустриясында жұмыспен қамтылғандар үлесі жоғары елдер қамтиды.







Date: 2015-06-07; view: 1461; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию