Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Білім беру бағдарламасының мазмұны» бөлімінің SWOT-талдауы
3-СТАНДАРТ «СТУДЕНТТЕР» 3.1.1. «АстМУ» АҚ-та үнемі сауалнамалар жүргізеді, «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша мүдделі тараптардан алған мәліметтерді жинайды, талдайды және пайдаланады. Студенттер контингенті және басқа да білім алушылар (магистранттар, докторанттар, курсанттар) білім беру бағдарламаларын бағалау процесіне курстың сонында немесе нақты бір пәнді меңгеріп болғаннан кейін өз ойлары мен ұсыныстарын білдіру жолымен немесе тікелей тұтынушылардың ойларын, ұсыныстарын анықтау үшін анонимдік түрде сауалнамалар жүргізу арқылы жұмылдырулары мүмкін. Студенттерді білім беру бағдарламасын бағалауға қатыстыруға сондай-ақ ЖОО-дағы студенттік өзін-өзі басқаруының жетілдірілуі мүмкіндік береді. Кері байланысты жүзеге асыру механизмдерінің бірі студенттер мен оқытушыларға сауалнамалар (талаптарға сәйкес) жүргізу (10,12,13-қосымша). Сауалнамаларды жүйелі түрде өткізу, Университет сайтындағы ректордың блогы, ректордың жеке қабылдаулары, сенім телефоны және жәшіктері студенттердің қажеттіліктері мен үміттерін зерттеудің және жоғары басшылықпен диалог құруының механизмі болып табылады. Осылайша, ОПҚ және студенттерге сауалнамалар жүргізу бағдарламаларды басқару процесінің сапасын қамтамасыз ететін жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын кезең сайын қайта қарастыру, зерттеу және бағалау механизмі болады. 3.1.2. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының кадрларын кәсіби даярлау сапасын жетілдіру ҚР кадр саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта «ҚР Медициналық және фармацевтикалық білімді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жүзеге асырылады, оның мақсаты үздік халықаралық практикаға сәйке келетін медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасына жету; «Денсаулық сақтау кадр ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы», оның мақсаты денсаулық сақтау саласында сапалы қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін саланың тиімді кадр саясатын қалыптастыру (4-қосымшаны қараңыз). АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының студенті үшін академиялық құндылықтар - интерактивті режимде білімді меңгеру, семинарлық, практикалық және зертханалық сабақтар барысында машықтарын бекіту; лингафондық кабинеттері бар кітапханалық қор; шет тілдерін терең оқыту және білім беру процестерінде жалпы білім беретін, негізгі фундаменталдық, сондай-ақ бейіндеуші пәндер бойынша шетелдік баспалық және электрондық кітаптарын белсенді пайдалану, ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу; оқу процесін автоматтандыру, мультимедиялық презентациялар; ғылыми-зерттеу жұмысы; халықаралық студенттік алмасуларға қатысу; практикаларды ұйымдардың және ЖОО өзінің өкілдерінің жетекшілігімен ұйымдар мен компанияларда ұйымдастыру; әлеуметтік қызметтер; вакансиялар жәрмеңкесін, бітірушілерге жұмысқа орналастыру туралы кеңестерді ұйымдастыру; Университеттің ОПҚ әзірленетін оқулықтар және оқу құралдары, ЖОО-ның студенттерге пайдалануға ұсынатын түрлі оқу қорлары мен жабдықтаулары. Бағдарлама студенттерді үздіксіз білім алуға және ғылыми ізденістерге, білімді, тәжірибені және сыни ойлауды интеграциялауға бағдарланған. Өздік жұмыстарының түрлі формаларын ұйымдастыру, білім алушылардың СҒЗЖ қатысуы, таңдау бойынша элективтердің болуы, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, материалдарды өздігінен оқу жауапкершілігін қарастыратын оқытудың кредиттік жүйесін енгізу, өзінің оқуына деген жауапкершілікті, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға дайындылық қабілеттерін қалыптастырады, бұл өз кезегінде түлектердің дипломнан кейінгі деңгейде біліктіліктерін арттыруға көмектеседі. 3.1.3. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мемлекеттік стандартының жалпыға міндеттілігі білім беру бағдарламасының реттілікті, пәннің сағаттар санының, мазмұнының арақатынасын сақтай отырып, катаң орындалуына кепілдік береді. Үлгілік оқу бағдарламалары кафедраларда пәннің жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуде нұсқау болады. Пәндердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары сонымен қатар стандарттағы және типтік бағдарламалардағы пәндердің мазмұнымен өзара байланысты, бұл қалыптасқан білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуына барлық академиялық қызметкерлердің үлесін қамтамасыз етеді. Пәннің ПОӘК студенттер үшін әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеуді қарастырады және бағдарламаның мазмұнына толық сәйкес келетін ақпараттар блогы мен дәрістік кешенді қосады. Білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына кафедраның әрбір қызметкерінің үлесі кафедра ішілік бақылаумен, ОПҚ бір-бірлерінің сабақтарына қатысумен, кафедраның кестесіне сәйкес ашық сабақтар мен дәрістерді өткізумен бақыланады және бағаланады. АстМУ АҚ-та жүйелі түрде кестеге сәйкес МББК және ішкі аудит комиссиясымен, соның ішінде қалыптасқан білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіледі. Университетте студенттерді қолдау қызметтері құрылды. ЖОО-да қабылдау комиссиясы, психологтар, офис–тіркеушілер, жастар ісі жөніндегі деканат, студенттік өзін-өзі басқару, кураторлар институты, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі, медициналық-профилактикалық ісі факультетінің деканаты, заң қызметі, интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты, кітапхана «студенттік қалашық», оқу процесін жоспарлау бөлімі, практика бөлімі, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, академиялық ұтқырлық бойынша координатор қызмет етеді. 3.1.4. Университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын және бағдарламаларды басқару процесінің сапасын қамтамасыз етуді қайта қарастыру, зерттеу және бағалау механизмдері әрекет етеді. Білім беру бағдарламалары білім алушылармен, ОПҚ және жұмыс берушілерді қоса мүдделі тараптармен кері байланыс жасау арқылы, сонымен қатар білім алушылардың оқу жетістіктеріне талдау жасау арқылы жүйелі (жыл сайын) түрде зерттеліп бағаланып отырады. Университетте білім беру бағдарламаларының орындалу процесіне және білім алушылардың прогресіне мониторинг жасау үшін ақпарат көзі болып пәндер бойынша үлгерімдер нәтижелері, білім алушылар мен ОПҚ сауалнамаларының нәтижелері, кафедралардың, МОӘК, ОӘК және ОӘО отырыстарының хаттамалары, тексеру актілері, МҚА төрағаларының есептері, сонымен қатар мониторинг жүргізетін бөлімшелердің есептері, бағдарламалардың нақты бөлімдерінің мониторингі бойынша жұмыс тобының материалдары және олардың есептері. Ағымдағы және межелік бақылаудың барлық түрлерін ОПҚ өткізеді және білім алушының үлгерімінің ағымдағы сәйкес бағасын (ағымдағы және межелік бақылаудың орташа арифметикалық бағасы) шығарады. Оқу жоспарында қарастырылған бақылаулардың барлық түрлері емтихан сесиясының басталуына дейін тапсырылып қорғалуы тиіс және аталған пән бойынша қорытынды бақылауға рұқсат ретінде әрекет етеді. Бұл жұмыс түрлері бойынша бағалар емтихан сессиясының алдында оқудың 18 аптасында пән бойынша рұқсат рейтингін (яғни рейтингілік бақылауды шығарғанда) санағанда міндетті түрде ескерілуі керек. Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау формасы тек курстық жұмыс(жоба) болған жағдайда, курстық жұмысты (жоба) қорғау бойынша баға жалпы пән бойынша қорытынды баға болып саналады. Университетте білім алушылардың қорытынды бақылауы мен қорытынды аттестациясы мамандықтың академиялық күнтізбелерінде, жұмыс және оқу жоспарларында қарастырылған мерзімде өткізіледі. Оқу жоспары мен бағдарламаларының барлық талаптарын орындаған білім алушылар мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Студенттердің білімін бағалау бойынша саясатқа жауапкершілік оқытудың түрлі кезеңдерінде сәйкес қызметтік тұлғаларға (ОПҚ, кафедралар жетекшілері, ОТБ, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі, деканат, ОӘО, білім беру қызметі жөніндегі проректор) жүктеледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру офис-тіркеушімен, оқу–әдістемелік орталықпен және деканатпен жүзеге асырылады, олар білім беру қызметі жөніндегі проректорға бағынады. 3.1.5. Қазіргі оқытудың талаптарына сәйкес ЖОО-да пәндерді меңгеру үшін пәнаралық тәсіл, оқу жоспарлары үшін негізгі биомедицициналық және бейіндеуші пәндерді көлдеңеннен және тігінен интеграциялауды, интеграцияланған бағалаудың ойластырылған әдістерімен қолданатын университеттің студенттерінің және бітірушілерінің білімдері мен машықтарын интеграциялық бағалауды жүргізуді енгізу. Интеграция тұжырымдамаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да белсенді оқыту әдістері және танымдық қызмет және мотивацияны ынталаныдыруға, шешім қабылдау машықтарын, командалық жұмыста критикалық ойлауды дамытуға, нақты кәсіби қызметті модельдеуге (мәселелік-бағдарлайтын оқыту (бұдан әрі–PBL), командалық-бағдарлайтын оқыту (бұдан әрі–TBL), объективті құрылымдандырылған практикалық емтихан(бұдан әрі–ОҚПЕ), дәрісті оқудың, жаңа технологияларына, жағдайларға негізделген оқытуға (бұдан әрі–СBL), студенттердің ертеклиникалық даярлауға кіріспеге бағытталған симуляциялық технологиялары енгізіледі. - Дәлелдемелі медицина принциптерін үйрену, бұл студенттерді нақты және сапалы ақпаратты іздеуге, оның құндылық дәрежесіне байланысты саралауға және әрі қарай тәжірибеде, оқытушылық және зеттеу жұмысында тиімді қолдануға, сонымен қатар медицина дәлелдерінің деңгейлерімен, GLP, GCP, GMP кодекстерімен, тұрғындардың осал категорияларының зерттеулерінің құрылымымен, соңғы нүктелер ұғымдарымен, клиникалық зерттеулердің этикалық аспектілері мен мониторинг мәселелерімен танысуға үйретеді. Ғылыми басылымдардың құндылықтарын, олардың талаптарын, жүйелі шолулардың, талдауларды, клиникалық қсынымдарды жасау ережелері, мәліметтердің электрондық базаларымен қоса формулярлық жүйелерді құру принциптері, Кокрановский кітапханасының құрылуының принциптері мен олармен жұмыс жасаудың ережелері, сонымен қатар клиникалық зерттеулердің құжаттамасының (тіркеу карталары, хаттамалар, ақпараттандырылған келісімдер үлгілері, ЛЭК қорытындыларының үлгілері, жағымсыз көріністер хабарламасы) тәсілдері зерттеледі. 3.2.1. Медициналық ЖОО-ға түскен кезеңнен бастап студент өзінің жеке оқу траекториясын (жеке оқу жоспары) қалыптастырады. Студент мамандықтың типтік оқу жоспарына және элективті пәндер каталогіне негізделе отыра жеке оқу жоспарын құрады. 3.2.2. Жеке оқу жоспарларын құру үшін университетте таңдаған оқу бағыты бойынша студенттерге көмек көрсетуге бейімделген эдвайзерлер қызметі құрылды. Эдвайзер (Advisor)– сәйкес мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын орындайтын, оқу траекториясын таңдауда (жеке оқу жоспарын құру) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге көмектесетін оқытушы. Эдвайзерлер ретінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының оқу жоспарларына білікті және әрбір білім алушыға жеке тәсілді қолданатын кафедраның тәжірибелі оқытушылары тағайындалады. Эдвайзердің функциясына сондай-ақ ЖОО-ның ОӘК бекітілген элективті пәндер каталогін презентациялауды ұйымдастыру кіреді. Элективті пәндер каталогі жыл сайын әзірленіп «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқытатын кафедралар, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының МОӘК және ЖОО-ның ҒӘК отырыстарында бекітіледі. 3.2.3.-3.2.4. «АстМУ» АҚ «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратура мен докторантураға мемлекеттік гранттар бөлінбейді, ақылы негізде оқыту жоспарлануда, себебі «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алған мамандар әрі қарай мемлекеттік емес ұйымдарға (90% құрайды) ауысады. 6М110400 «Медициналық-профилактикалық іс» бойынша үлгілік жоспар базалық пәндердің 22 кредитінен тұрады, оның ішінде міндетті компоненттер саны – 15 кредит, таңдау бойынша компонент – 7 кредит. Бейіндеуші пәндер 22 кредитті құрайды, оның ішінде міндетті компонент – 8 кредит, таңдау бойынша компонент – 14 кредит. Эксперименттік зерттеу жұмысы 6 кредит, өндірістік практика 5 кредит және қорытынды аттестация 2 кредитті құрайды. ББ-да аудиториялық жүктеме мен магистранттың өздік жұмысы арасындағы арақатынас белгіленеді. Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді: магистранттың оқытушының жетекшілігімен жасайтын өздік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ). ОМӨЖ және МӨЖ арасындағы арақатынас өздік жұмыстың жалпы көлемінде білім және ғылым ұйымдарымен жеке анықталады. Сондай-ақ, ғылыми және педагогикалық даярлықпен ОМӨЖ өздік жұмыстың жалпы көлемінің ¼ аз болмауы керек. Магистранттың өздік жұмысы мен аудиториялық жүктемесінің арақатынасы пәнді оқуға бөлінген сағаттар санының 1/5 құрайды. Ғылыми және педагогикалық даярлықпен магистранттар ең азы 59 кредит жинауы қажет, оның ішінде теориялық оқудан ең азы 42 кредит, практикадан 6 кредит, ғылыми-зерттеу жұмысынан 7 кредит. Теориялық оқыту міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттен тұрады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес минималды көлемі МЖМБС белгіленеді. Міндетті компонент пәндерінің тізімі және кредиттердің сәйкес минималды көлемі жұмыс берушілердің сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес МББК деңгейінде «АстМУ» Ақ-пен жеке белгіленеді. ББ ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысынан, ғылыми басылымдардан және магистерлік жұмысты жазудан құралады. Магистратурада оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады, оны білім және ғылым ұйымдары үш форманың бірінде (аралық аттестация/қорытынды бақылау, практика, қорытынды аттестация және демалыс) дербес құрады (семестр 15 аптаны құрайды, триместр 10 апта, квартал 8 апта). Магистратурада оқу тек күндізі оқу нысаны бойынша жүргізіледі. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны ЖОО-дан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт, үлгілік оқу жоспары, бағдарламалар бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарымен, бағдарламалармен анықталады. Магистратураның ББ педагогикалық және зерттеу практикасынан тұрады. Зерттеу практикасының мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен анықталады. Практика оқу жоспарында белгіленген мерзімде жеке жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымында өздік жұмысқа аса көңіл бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өздік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ). ОМӨЖ – магистранттың оқытушымен қатынаста жүргізетін аудиториядан тыс жұмысы, ол сабақ кестесінде иіндетті түрде көрсетілуі керек. ОМӨЖ кезінде үй жұмысын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмысын, есептерді және басқа да тапсырмаларды орындау бойынша кеңес беріледі. МӨЖ – магистранттың өз бетімен оқуға берілген тақырыптар бойынша жеке орындайтын аудиториядан тыс жұмысы, ол оқу-әдістемелік әдебиетпен және кеңестермен қамтамасыз етіледі және бақылау жұмысы, колоквиум, реферат, есеп және тапсырманы бақылаудың басқа да түрлері арқылы бақыланып отырады. Магистрант жеке жұмыс жоспарына сәйкес оқытылады, ол оқытудың барлық кезеңіне арналып жасалады. Магистранттың жеке жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұрады: - жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын анықталып отырады); - ғылыми-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп формасы); - практика (бағдарлама, база, мерзімі және есеп формасы); - негіздемесі және құрылымымен магистерлік диссертация тақырыбы; - магистерлік диссертацияны орындау жоспары; - ғылыми басылымдар жоспары, стажировка (қажет болған жағдайда). Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын білдіретін, олардың арақатысын, өлшемін және есебін көрсететін оқу жұмысының түрлерінен құралады. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы екі біркелкі компоненттен тұрады: білім беру және ғылыми компонент. Магистратураның білім беру бағдарламасы білім берудің мазмұнын білдіретін, олардың арақатысын, өлшемін және есебін көрсететін оқу жұмысының түрлерінен құралады Оқу жұмысы көлемінің есебі меңгерілген материал көлемі бойынша анықталады және кредитпен саналады. Сондай-ақ, мұнда білім берудің алдыңғы деңгейінде жиналған кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс жасайды. Магистратурада оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады, оны білім және ғылым ұйымдары үш форманың бірінде (аралық аттестация/қорытынды бақылау, практика, қорытынды аттестация және демалыс) жеке құрады (семестр 15 аптаны құрайды, триместр 10 апта, квартал 8 апта). Магистратураның білім беру бағдарламасы келесіден тұрады: - базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқыту; - кәсіптік практика (педагогикалық және зерттеу); - магистерлік диссертацияны қоса, ғылыми-зерттеу жұмысын. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратураның ББ-да БП зерттеудің келесі тапсырмалары көрсетілген: - магистранттарды биоэтика негіздерінің, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың, медицинадағы биостатистика, зерттеу әдістері мен эпидемиология принциптері және ережелерімен таныстыру; - медицинадағы статистикалық сараптама, зерттеу әдістері мен эпидемиологияның нақты орнын, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың, биоэтика негіздерін зерттеу; - магистранттарға эпидемиология және зерттеу әдістерінің теориялық негіздерінің, медицинадағы статистикалық сараптаманың рөлін, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың, қазіргі заманғы клиникалық және биомедициналық зерттеудегі биоэтика негіздерін көрсету; - магистранттарда өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту шеберлігін, олардың бүкіл белсенді өмірінің барлық кезеңінде жаңа білімді меңгеруінің жеке шығармашылық машықтарын қалыптастыру; -магистранттарды шынайы дамып жатқан дүниеде кәсіптік ұтқырлыққа кепілдік беретін ғылымның шыңындағы іргелі біліммен қамтамасыз ету; БП модулінде оқытудың ақырғы нәтижелері нақты көрсетілген: БП оқытудың нәтижесінде магистрант келесіні білуге міндетті: -зерттеу әдістері мен эпидемиология әдістерін, терминологиясын, құрал-саймандарын, медицинадағы биостатистика, ұйымдастырушылық мінез-құлық, биоэтика негіздерін; -эпидемиология мен зерттеу әдістерінің, медицинадағы биостатистиканың, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың, биоэтика негіздерінің ғылыми-педагогикалық магистратура түлектерінің кәсіптік қызметінің аспектілерімен байланысын; -тиімді коммуникация әдістерін, қақтығыстарды, күйзеліс және денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы инновацияларды басқаруға арналған психология мәселелерін; -кәсіптік қызмет практикасында кездесетін сандық және сапалық сараптама әдістерін. Магистрант келесіні жасай білуі қажет: - Медициналық-профилактикалық істе эпидемиология және зерттеу әдістері, биостатистика жөніндегі білімін, ұйымдастырушылық мінез-құлық, нақты ғылыми, зерттеу, ақпараттық-іздеу, әдістемелік міндеттерді шешу үшін өзінің практикалық жұмысында биоэтика негіздерін пайдалану; - зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асыру; - командада жұмыс жасау, кәсіптік қызметте өз бетімен шешім қабылдау; Магистранттардың БП-ді зерттеу мақсаты магистранттарда терең білім алуды, Медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша шеберлік пен машықтарды қалыптастыру және нығайту, магистранттарды педагогикалық және зерттеу практикасын өтуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге даярлау. Медициналық-профилактикалық іс ББ БП-ді оқытуда келесі міндеттерді алдына қояды: - магистранттарға олардың даярлығының бағытын анықтайтын пәндер бойынша шеберлік пен машық, білім беру; - қазіргі практикадағы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды жүзеге асыруда магистранттар даярлығының бағытын анықтайтын пәндердің нақты орнын зерттеу; - магистранттарға кәсіптік қызмет саласында сектораралық, пәнаралық мәселелер жиынтығын шешу барысында магистранттардың даярлық бағытын анықтайтын пәндер құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы түсінік беру; - магистранттарды шынайы дамып жатқан дүниеде кәсіптік ұтқырлыққа кепілдік беретін ғылымның шыңындағы іргелі біліммен қамтамасыз ету. Осылайша, магистранттар ББ-ны логикалы бір-бірімен өзара байланыста және реттілікпен ерттейді. ББ қойылған мақсатқа жету үшін ЖОО-да оқу сабақтарының түрлі формалары, білім беру технологиялары қолданылады. Резиденттер үшін оқу сабақтарының ең тиімді түрі науқасты клиникалық талдау болып табылады. Науқасты клиникалық талдау профессордың, доценттің науқастарды аралап қарауы, кеңес беру, поликлиникалық қабылдау кезінде курсанттардың кезекшіліктен соң және науқастарды бақылағаннан кейін ауру тарихы туралы баяндама жасау арқылы жүзеге асырылады. Клиникалық талдау жасайтын оқытушы міндеті сұрақтар қою арқылы, диагнозды анықтау, емдеу немесе алдын ала белгіленген баяндамалар арқылы магистранттарды клиникалық талдаудың белсенді қатысушысы ету. Талдау барысында оларды талдап, магистранттарды логикалық дұрыс шешімге әкелген жөн. «АстМУ» АҚ-та инновациялық орталық және қашықтан оқыту орталығымен білім беруде түрлі инновациялық әдістер енгізілуде, солардың бірі – командалық бағытта оқыту (TBL – teambasedlearning). Бұл ииновация АМУ-УС-14-11 «Жаңа білім беру технологияларын ендіру» УС университет стандартына сәйкес енгізіледі. Бұл технология университеттің 8 кафедрасында енгізіледі. Бұл әдіснаманы енгізу туралы шешім кафедра отырыстарының хаттамасында көрсетілген. №1 жалпы дәрігерлік практика, микробиология, Ш.И. Сарбасова атындағы вирусология, В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедраларында ЦИТиДО-да жаңа білім беру технологиясын енгізу туралы актілер жасалынған. TBL немесе Командалық негіздегі оқыту – бұл кіші топтарда оқыту әдісі, онда резиденттер жеке жұмысын сабаққа дейін жасайды және командалық жұмыс сабақ кезінде жасалады. Ол 1970 ж. Оклохома университетінің менеджмент профессоры Ларри К. Михельсонмен әзірленген, ол тестілеу және резиденттерді командаларға бөлу арқылы өзінің сабақтарында пассивті оқытуды белсенді оқытумен алмастырғысы келген. TBL-дің ең маңызды және негізгі элементтері – резидентті даярлау, даярлықты бағалау және топтық белсенділік. Инновациялық әдістемелік қадамдармен қатар, университетте оқытудың дәстүрлі модельдері сақталуда: лекциялар, практикалық және семинарлық сабақтар. Бірақ, күннен күнге лекторлар лекцияны мультимедиялық презентация ретінде өткізіп келеді. ҚР ДСМ медициналық білім және ғылым инновациялық технологиялар №7 республикалық орталығының нұсқаухатына сәйкес (2010 ж.) «АстМУ» АҚ-та «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқитын магистрант білім беру бағдарламасын меңгеру мақсатында жеке білім алу жолын анықтайтын оқудың барлық кезеңіне арналған жеке оқу жоспарын құрады. Магистранттың ББ құрылымы магистранттың бағытын анықтайтын оқу жұмысының түрлі формаларынан құралады. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы магистратурасының ББ-ның құрылымы екі біркелкі компонеттен тұрады: білім беру және ғылыми компонент. «АстМУ» АҚ магистрантының жеке жұмыс жоспары оқудың барлық кезеңіне арналып жасалынады және ғылыми-зерттеу/эксперименттік зерттеу жұмыстарын, практиканы, негіздемемен және құрылымымен магистерлік диссертация тақырыбын, магистерлік диссертацияны орындау жоспарын, ғылыми басылымдар жоспарын және стажировкаларды қамтиды. Жеке жоспар оқытудың барлық кезеңіне арналып жасалынады және әрбір магистранттың жеке оқу жолын көрсетеді. ББ бойынша оқудың еркінділігі магистранттарға эксперименттік-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде қамтамасыз етіледі. Тақырып, зерттеу бағыты, тақырып негіздемесі және жұмыс құрылымы, мерзімі және есеп формасы ғылыми жетекшінің басшылығымен әрбір магистрант үшін жеке белгіленеді. ҚР ДСМ медициналық білім және ғылым инновациялық технологиялар №7 республикалық орталығының нұсқаухатына сәйкес магистранттың жеке жұмыс жоспары магистерлік жұмысты орындауға қатысты кафедрада талқыланады, ЖОО-дан кейінгі білім беру деканымен бекітіледі. ББ-ны меңгергеннен кейін кафедрада магистерлік жұмысты алдын ала қорғау өткізіледі, сонан соң кафедра аралық отырыста мақұлданады және Мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында диссертациялық жұмысты қорғау өткізіледі. Міндетті компоненттер бойынша базалық және бейіндеуші пәндерді қорытынды бақылау нәтижелері магистранттың жеке жұмыс жоспарына жазылады. Әрбір семестрден кейін білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелері бойынша магистрантты аттестаттау жүргізіледі. Магистерлік диссертацияны жазу жоспары бойынша магистранттың жеке жұмыс жоспарына білім алушының теориялық және эксперименттік жұмысты орындау нәтижелері және белгі қойылады. Жеке жұмыс жоспары кафедрада сақталады, бұл деканат қызметкерлеріне магистранттың үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді. Магистерлік диссертация тақырыбы, оның негіздемесі және құрылымы, ресімдеу сатысы, ғылыми басылымдар мен стажировка жоспары «Магистерлік диссертацияның мазмұнына, ресімдеу және қорғауға қойылатын талаптар» АМУ-ЖН-18-12 (28.12.2012) жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады, бұл нұсқаулық магистратура түлектерін аттестаттау және жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау бойынша қызметтерді реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген. Магистерлік диссертацияны орындау жоспарында жұмыстың тақырыбы, өзектілігі, мақсаты және негізгі міндеттері көрсетіледі, қысқаша аңдатпа беріледі, магистранттың диссертацияны эксперттік комиссияға ұсыну, мамандық бойынша және МАК-қа кешенді емтихан тапсыру мерзімі белгіленеді. Оқытудың индивидуализациясы магистранттың өз даярлық бағыты бойынша элективті пәндер каталогінен элективті пәндерді таңдау әдісімен өз білім алу жолын құруынан көрінеді. Элективті пәндерді таңдау оқудың жекешелену деңгейінің жоғарылауына және тұлғаның әлеуметтенуіне әкеледі, бұл магистранттардың өз мамандығын саналы түрде және жауапкершілікпен таңдауға деген даярлығынан, білім алушыларда практикалық міндеттерді шешуге, өз бетімен білім алуға жағдай жасауға, магистранттарда өздік жұмыстың шеберлігі мен машықтарын және өз жетістіктерін өз бетімен бағалауды қалыптастыруға, мемлекеттік стандарт пен білім беру бағдарламаларының ғылым мен практика талаптарына бейімделуіне бағытталған біліктілік пен қызмет көрсету әдістерінің қалыптасуынан көрінеді,. Мамандық және оқу жылдары бойынша бекітілген элективті пәндер каталогы университет сайтында жарияланады және магистранттар үшін қолжетімді болады. Элективті курстардың айқын кәсіптік бағыты бар және ол еңбек нарығының сұранысына бағытталған. Білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін практикалық денсаулық сақтауда сұранысқа ие болатын мамандық бойынша жеке білім алу жолын құруға мүмкіндігі бар. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымына келесілер кіреді: - ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; - үлгілік оқу бағдарламасы; - жұмыс оқу жоспары; - силлабус; - элективті пәндер каталогы; - магистранттың жеке жұмыс жоспары; - бақылау-өлшеу құралдары; - магистранттың жеке оқу картасы. Магистратураның оқу процесін ұйымдастыру формалары: аудиториялық сабақтар: лекциялар, практикалық сабақтар; аудиториядан тыс сабақтар: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өздік жұмысы және магистранттың өздік жұмысы. Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені оқу-әдістемелік процесті қамтамасыздандырудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негізі болып табылады. МОӘК келесі міндеттерді шешуге бағытталған: - нақты мамандықтың білім беру бағдарламасында оқыту пәндерінің алатын орны мен рөлін анықтау; - білім беру бағдарламасының пәнаралық логикалық байланыстарын жүзеге асыру; - оқу уақытын сабақтардың түрлері мен тақырыптарына қарай бөлу; - резиденттердің өздік жұмысын аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта ұйымдастыру; - резиденттердің танымдық және шығармашылық қыметін белсендіру; 3.2.5. ЖОО-да студенттердің оқу жетістіктерін бағалау ББ жүзеге асыру үшін қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әзірленген критерийлер, ережелер және процедуралар көмегімен және директивті, норматитивтік және ішкі құжаттарға сәйкес әрекет ететін оқу процесінің рейтингілік жүйесі мен бақылауының аясында тағайындалатын біліктіліктермен жүргізіледі. ҚР «Білім беру» Заңының 28 мақаласының 7 тармақшасына сәйкес (2012 жылғы 13 ақпанындағы жағдайы бойынша өзгертулер мен толықтырулар), 2008 жылғы 18 наурызынан «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауын, аралық аттестаттауды және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізудің Типтік ережелері» №125 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2013 жылғы 28 шілдедегі №241 өзгертулер мен толықтырулармен Бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімінің ағымдық бақылауын өткізу формаларын, тәртібін және мерзімін өз бетімен таңдайды, сонымен қатар ЖОО «Медициналық-профилактикалық іс» 3.07-476-2006 мамандығының ҚР МЖМБС талаптарын сақтайды. Бағалаудың өткізу мерзімі, критерийлері және өткізу формалары кіретін студенттерді бағалаудың жалпы саясаты әр пәннің силлабустарында, анықтама-жолсілтегіштерінде төлейтін және төлемейтін білім беру қызметін көрсету туралы шарттарында көрсетіледі. Бұл құжаттардың барлығы бір данада беріледі және студентте сақталады. Университеттің білім алушыларының оқу жетістіктерін бақылау жүйесіне түрлі формалар кіреді: негізгі бақылау, ағымдағы бақылау, межелік (аралық) бақылау, қорытынды бақылау және мемлекеттік қорытынды аттестаттау, 3.1. кестеде көрсетілген. Date: 2015-11-13; view: 1565; Нарушение авторских прав |