Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кесте. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау түрлері
Ағымдағы және межелік бақылаудың барлық түрлерін оқытушы өткізеді және білім алушының үлгерімінің ағымдағы сәйкес бағасын шығарады. Университетте білім алушылардың қорытынды бақылауы мен қорытынды аттестациясы мамандықтың академиялық күнтізбелерінде, жұмыс және оқу жоспарларында қарастырылған мерзімде өткізіледі. Оқу жоспары мен бағдарламаларының барлық талаптарын орындаған білім алушылар мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Студенттердің білімін бағалау бойынша саясатқа жауапкершілік оқытудың түрлі кезеңдеріне сәйкес қызметтік тұлғаларға (ОПҚ, кафедралар жетекшілері, ОТБ, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі, деканат, ОӘО, білім беру қызметі жөніндегі проректор) жүктеледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру офис-тіркеушімен, оқу–әдістемелік орталықпен және деканатпен жүзеге асырылады, олар білім беру қызметі жөніндегі проректорға бағынады. Офис-тіркеуші оқытудың барлық кезеңдерінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын жүргізеді, ол транскриптіде көрініс табады. Транскрипт білім алушының сұранысы бойынша оқытудың әр түрлі кезеңдеріне беріледі. обучения. Кәсіптік практика (оқу-өндірістік, өндірістік және т.б.) бойынша баға қорғалатын объектіге және дайындаған есеп бойынша көрсеткен біліміне сәйкес ұсынған есебін қорғау нәтижесі бойынша қойылады. Өндірістік практика өндірістік практика қарастырылған арнайы пәндер циклін оқып аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады. Өндірістік практиканың бағдарламасы шығарушы кафедрамен әзірленіп бекітіледі. Практиканы ұйымдастыру мен өткізуге университеттің және шартқа сай мекеменің (практика базалары) жетекшілері жауапты болады. Практикаға екі жетекшіні тағайындаған кезде қорытынды баға практика базасының жетекшісінің бағансын, қорытынды бағадан үлесі 40% есепке ала отырып, есепті қорғағаннан кейін жоғары оқу орнының жетекшісінің қойған бағасымен, қорытынды бағадан үлесі 60% есепке алып қойылады. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағасы кіреді. Студентпен пәннің оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесінде қорытынды бағадан ағымдағы үлгерімнің үлесі 60% кем емес пайызды құрайды. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтихан) «қанағаттанбайтын» баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға қойылмайды. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушы қайтадан оқитын курсқа қалдырылғанда, оқудың бұдан арғы кезеңдерінде мемлекеттік білім грантынан айырылады. Білім алушылардың мемлекеттік қорытынды бағасы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі–МАК) мүшелерінің барлығының пікірлерін және білім алушының көрсеткен білімін есепке алып балдық-рейтингілік әріптік жүйе боынша қойылады және сәйкес хаттамамен рәсімделеді. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындысы бойынша, егер барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларға тапсырған жағдайда стипендия төленеді. Білім алушылардың білімін бағалау жүйесінде студенттің жыл бойында көрсеткен академиялық үлгерімінің деңгейі маңызды орын алады, ол кредиттер туындысы соммасының және пән бойынша (сандық мағынада) қорытынды бағаның ағымдағы оқу кезеңіндегі кредиттер соммасына қатынасы ретінде келесідей формуламен есептелетін орташа балл түрінде (GРА) анықталады: (1кредитх1балл)+(2кредитх2балл)+(кредит n х балл n) GPA= ----------------------------------------------------------------------------- 1кредит+2кредит+nкредит Жазғы семестр нәтижелерін есепке ала отырып оқу жылының нәтижелері бойынша офис–тіркеуші білім алушының оқу жетістіктерінің орташа өлшенген бағасы ретінде үлгерімнің орташа балын (GPA) есептейді. Бір курстан екінші курсқа көшіру үшін Университет өздігінен курстар мен мамандықтар разрезінде білім алушыны келесі курсқа көшіретін үлгерімнің орташа балының минималды көлемі–көшіру баллы белгіленеді, ол Ғылыми кеңес отырысында оқу жылына бекітіледі. GPA ағымдағы курсқа, сондай-ақ оқудың барлық кезеңдеріне де есептеледі. Кәсіби ББ меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға сәйкес академиялық дәреже тағайындалады және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі. Емтихандар мен сараланған сынақтарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларға тапсырған және оқудың барлық кезеңдері бойынша үлгерімнің орташа баллы (GPA) 3,5 төмен емес, сонымен қатар мемлекеттік емтихандардың барлығын «А», «А-» бағаларға тапсырған білім алушыға оқудың барлық кезеңдерінде емтихандарды қайтадан тапсыру жағдайлары болмаған жағдайда үздік диплом беріледі. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша Университетпен, деканатпен және сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөлімімен білім алушылардың дамуына мониторинг жасалынады және білім алушылардың академиялық рейтингі жасалынады. Білім алушылардың жоғары рейтингі университетте әрекет ететін ережелерге сәйкес академиялық жеңілдіктер мен басымдықтарға (жоғарылатылған стипендия; ҚР Президенті тағайындаған стипендия; атаулы стипендия; ақылы негізде оқитын студенттерге мемлекеттік білім беру гранттары негізінде оқуға ауысу және т.б.) ие болуға мүмкіндік береді. Білім алушылар белгіленген тәртіп бойынша қздерінің академиялық рейтингі жөніндегі дәәлелденген мәліметтерді алуға құқықтары бар. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау сәйкес білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын білім алушылардың меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бақылау білім алушылардың даярлық деңгейін ғана емес, сондай-ақ оқу процесін дер кезінде түзетуге және басқаруға мүмкіндік беретін кері байланысты қамтамасыз етеді. Білім алушалардың білімі, икемі, машықтары және біліктіліктері бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық арақатынастағы баллдық-рейтингілік әріптік жүйенің бағаларымен анықталады. Білім алушылардың білімін бағалаудың жаңа немесе өзгертілген критерийлері мен әдістерін қолдану тек Ғылыми кеңес шешімінің негізінде ғана мүмкін болады. Бағалаудың критерийлері және әдістері бойынша ұсыныстарды кафедра меңгерушілері дайындайды, ОӘК және Ғылыми кеңес отырыстарында қарастырылады. Білім алушылардың білімін бағалаудың қабылданған критерийлері мен әдістері семестр ағымында өзгертілмейді. Оларды өзгерту тек жаңа академиялық кезеңнің басында ғана мүмкін болады. Бағалаудың қолданылатын критерийлері мен әдістері білім алушыларға пән бойынша алғашқы сабақта жариялануы керек. Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, икемі, машықтары және біліктіліктері) халықаралық практикада қабылданған сәйкес әріптік жүйеде (оң бағалар, төмендеуіне байланысты «А»-дан «D» дейін, «F» – «қанағаттанарлықсыз») 100-баллдық меже бойынша баллмен, Университеттегі «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың рейтингілік жүйесі туралы ережесі» сәйкес, сандық эквиваленті 4 баллдық меже бойынша бағаланады. (3.2.-кесте).
Date: 2015-11-13; view: 1437; Нарушение авторских прав |