Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халықаралық конвенциялар түсінігі, ратификациялау, құқықтық негізі





Кеден ici тек мемлекеттiң iшкi құзыретiнде ғaнa қалып қоймайды, ол халықаралык мемлекеттiң халықаралық аренасында да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық нормалармен реттеледi. Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негiзделедi. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсiздiктi және егемендiктi құрметтеу, iшкi iскe араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзi шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.

Халықаралық келiсiм-шарттар, құқықтық нормасы ретiнде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендiк ынтымақпен өзара көмекке байланысты халықаралық ұйымдардың шешiмдерi; халықаралық сот пен арбитраждың шешiмдерi халықаралық кеден құқығының қайнар көздерi болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тiкелей әсер етедi[23],35б Конвенция - лат. Conventio - келісім кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар; 2) келісім бойынша уағдаласушы жақтардың құқықтар мен міндеттемелерін айқындайтын құжат, мысалы, арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім-кедендік конвенция, зияткерлік құқық туралы бүкіл әлемдік конвенция және т.б.; 3) субъектілердің келісімі мен уағдаласуы негізінде ережелер, белгілер, символдар, тілдік және басқа да жүйелер енгізуді үйғаратын танымдық шара. Конвенцияны қабылдау мәселесі ғаламдану үшін аса жоғары мәнге ие. Конвенция - диалогтық және коммуникативтік сипаттағы таным мен әрекеттің тікелей нәтижесі. Мәдени-тарихи, әлеуметтік-психологиялық және коммуникацияның лингвистикалық аспектілерімен қатар, оларды жүзеге асыру үшін құрылған конвенциялар танымның әлеуметтік мәдени табиғатын көрсетеді; әртүрлі интерсубъективті, тұлғааралық, бұқаралық ресми және бейресми, ауызша және жазбаша байланыстар мен қатынастардың тұтас жүйесіне айналады. Конвенциялар саяси, ғылыми және өзге де қауымдастықтардың құндылықты бағдарларының өзгеруін, ұстанымдардың, зерттеу бағдарламаларының алмасуын, ақыр соңында әлеуметтік- тарихи қатынастарда және жалпы мәдениеттегі әзгерістерді сергек байқап, тізбектеп отырады. Конвенциялардың қабылдануы және оларды пайдалану - коммуникативті ұтымдылықтың негізгі нәтижелерінің бірі[23],18б

Халықаралық сауда шарттарын жеңілдетудің арқасында алынған елеулі басымдылықтарға кедендік бақылаудың тиісті ережелері үшін зиянсыз қол жеткізілуі мүмкін екендігін назараға ала отырып,

Мұндай оңайлату мен үйлестіруге, оның ішінде мынадай:

- кедендік ережелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру;

- кедендік ережелер мен рәсімдерді қолдану кезінде болжамдылық, кезектілік және ашықтылық;


- кеден ісі жөніндегі заңдарға, нормативтік құқықтық және әкімшілік кесімдерге, кедендік ережелер мен рәсімдерге қатысты барлық қажетті ақпаратты мүдделі тараптарға ұсыну;

- тәуекелдерді басқару және аудит әдістерінің негізінде бақылау сияқты жұмыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдану және ақпараттық технологияларды барынша практикалық пайдалану;

- биліктің басқа да ұлттық органдарымен, басқа мемлекеттердің кеден қызметтерімен және сауда қауымдастықтарымен, бұл қажет болатын барлық жағдайларда ынтымақтастық;

- тиісті халықаралық стандарттарды енгізу;

- әкімшілік және сот тәртібімен қарау рәсімдеріне мүдделі тараптардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаттарын қолданудың арқасында қол жеткізу мүмкін екендігін тани отырып;

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель Конвенциясы
Қазақстан Республикасы Қауіпті қалдықтарды тренсшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Конвенциясына Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылу туралы 2003жылғы 10 ақпандағы заңына сәйкес қосылды[28],34б

Конвенцияның негізгі ережелері

Экологиялық зиянсыз және басқарудың тиімді тәсілдерін енгізу арқылы өндіріс қалдықтарын трансшекаралық тасымалдауды барынша қысқарту, экологиялық негізделген қалдықты аз шығаратын технологияларды енгізу, өндірістік қалдықтарды қолдануға барынша тиімді тәсілдерді құру.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттері:

- Конвенция Секретариятын қауіпті қалдықтарды және басқа да қалдықтарды экспорттауға тыйым салу және шектеу тералы шешім жөнінде, қауіпті деп саналатын қалдықтар жөнінде ақпараттандыру;

- жыл сайын Секретариатқа, трансшекаралық тасымалдау туралы, экспорт және импорттың мөлшері, Конвенцияны орындау үшін қабылданған шешімдер туралы, трансшекаралық тасымалдау және аулаққа шығару кезінде болған апаттар жөнінде баяндама жасау;

- импортқа шектеу қойған елдерге сонымен қатар импорт елі рұқсатын бермеген жағдайда ол елдерге қауіпті және басқа да қалдықтарды экспорттауға жол бермеу;

- қауіпті және басқа да қалдықтар өндірісін барынша шектеуге, оларды аулаққа шығару туралы шараларды қолдау.


Конвенцияның Қазақстан Республикасында орындалуы:

Қазіргі кезеңде Базель конвенциясы мәтініндегі нормативті-құқықтық базасы құрылуда/дамытылуда.

ҚР Үкіметімен, қалдықтарды әртүрлі жолмен және көліктермен тасымалдау (автомобильді, теміржолды, су), құрылысқа байланысты шарттар, көлікті жабдықтау, сонымен қатар қауіпті қалдықтарды экспорттау және импорттауды жүзеге асыру ережелерін қамтыған «Қалдықтардың халықаралық тасымалдауын жүзеге асыру Ережелерін бекіту жөніндегі» қаулы жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, дайындалған[18],42б

Конвенция Секретариатына 2004 жылға қауіпті қалдықтарды шекарааралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Ұлттық баяндама дайындалып жіберілді.

Өнеркәсіптік апаттардың шекарааралық әсері туралы конвенция
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы Конвенциясына Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы туралы 2000 жылғы 23 қазандағы Заңына сәйкес қосылды.

Конвенцияның негізгі ережелері

Конвенция өндірістік апаттарға қатысты қолданады, шекаралық әсеріне әкелетін апаттың салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар зілзала апаттан кейінгі авариялардың әсерін қосқанда.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттері:

- Саясатты және стратегияны жүзеге асыру және құру, сонымен қатар өндірістік апаттардың алдын алу және қауіп қатерлерді жою жөнінде қаржылық, әкімшілік, құқықтық шараларды қолдану.

- жүзеге асырылып жатқан қауіпті қызмет түрлері жөнінде Тараптарды хабардар ету;

- өндірістік апаттар туралы хабарларды беру және алу бойынша тиімді халықаралық жүйені құру;

- хабардар ету жүйесі бойынша өндірістік апаттардың апаттардың туындауы жайында лезде тараптарды хабардар ету;

- шекарааралық әсер ететін немесе етуі мүмкін өндірістік авариялардың туындау қауіпінің әсері немесе туындауы кезінде қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)жөнінде шараларды қабылдау;


- байланыс пунктерін және Конвенция мақсаттарын жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше құзыретті органдарды құру немесе белгілеу.

Қазақстан Республикасындағы конвенцияның орындалуы:

Жоғарыда айтылған Конвенцияның 17 бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001.13.13 №1634 қаулысымен, бұл Конвенцияның мақсаттары үшін құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгіленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2001.20.01 №89 төтенше жағдайдың туындауына үлкен қауіп-қатері бар ұйымдардың тізімдері бекітілді. Оған 520-ға жуық ұйым кірді.

Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикалары арасында аймақтық дәрежеде хабардар ету Жүйесі бекітілді[22],49б

Республикада табиғи төтенше жағдайлар және басқа да техногенді өндірістік аварияларды жою жөнінде авариялы құтқарушы қызметтердің дайындығын анықтау мақсатында «Қазқұтқару», «Қыс», «Көктем» тиісті оқылымдары жыл сайын өткізіледі.

Өндірістік апаттардың шекарааралық әсері туралы Конвенцияны іске асыру бойынша шаралардың жоспары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бұйрығымен 2004.12.03 №63 бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аясында тұрақты түрде «Республикалық дағдарыс орталығы» Мемлекеттік мекемесі жұмыс жасауда. Олар өз кезінде барлық төтенше жағдайлар бойынша облыстық органдармен тәулік бойғы байланысты ұстанады, оларда облыстың барлық тұрақты аймақтарына ақпарат тарату бойынша хабардар ету жүйелері бар.

Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуынан есептік кезеңге дейін өндірістік апаттардың шекарааралық әсері болған жоқ.

Ауаның алыс қашықтыққа трансшекаралық ластануы туралы Конвенция.

Қазақстан Республикасы Ауаның алыс қашықтыққа шекарааралық ластануы туралы Конвенциясына Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы туралы 2000.23.10.2000 заңы негізінде қосылды.

Конвенцияның негізгі ережелері

Бірінші келісім, ауаны ластаушы құралдарды трансшекаралық тасымалдауынан туындаған мәселелердің барын мойындайтын және аймақтық дәрежеде бұл мәселелерді шешу қажеттігін қолдау.
Конвенция біртұтас қызмет үшін шектеулер орнатады, олар ауаның ластануына қарсы күреске бағытталған шешімдерді қабылдау үшін келісімдерді жүргізу тәртібін анықтайды[19]..

1984-1999 жж Конвенцияның Атқарушы Органымен өткізілген келісімдердің нәтижесінде 8 хаттамамен толықтырылды. Хаттаманың талаптары табиғатты қорғау мәселелерін шешуге бағытталған. Оларға нақты эвтрофикация, қышқылдану, тропосфералық озон, ауыр заттар және тұрақты органикалық ластаулар жатады.

Қазақстан Республикасы Конвенцияға қосылғанымен Хаттама тарапының ешқайсысын ұстанған жоқ.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттері:

мемлекеттік саясатты және стратегияны құру, экономикалық тұрғыда тиімді қалдықты шығармайтын технологияларды және қалдықты аз шығаратын технологияларды қолдану жолдарымен, ауаның алыс қашықтыққа ластануымен күресу шаралары бойынша шешім қабылдау; ауаның алыс қашықтыққа трансшекаралық ластануының қауіпті салдары таратылатын жақтармен консультациялар жүргізу.

Қазақстан Республикасындағы конвенцияның орындалуы:

2003 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясымен БҰҰ даму Есебінен қаржыландыруға, ауа сапасын басқару үшін институттық мүмкіндіктерді нығайтуға қолдау көрсету бойынша Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдерінің ұсыныстары мақұлданды.

Жоба «Орталық Азияда көмірді жандыруда таза технологияларды қолдану және ауа сапасын басқару үшін мүмкіндіктерді Өсіру» атауына ие болды.Жоба бойынша алты бағыттың бірі болып ауа сапсының басқаруын жақсарту және бұл конвенцияға талдамалы хаттамаларды орындау болып табылады. Оны орындау Бағдарламалары және Жоспарлары Қазақстан мысалында іске асырылуда. Бұл жоба Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық жоспарды жүзеге асыру аясында орындалады[23].

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен біргелесіп «Орталық Азияда көмірді жандыруда таза технологияларды қолдану және ауа сапасын басқару үшін мүмкіндіктерді Өсіру» жобасы бойынша басқосуды өткізу жоспарланған. Басқосудың басты мақсаты – Тұжырымдама жобаларын немесе Концепцияға талдамалы хаттамаларды жүзеге асыру үшін жұмыс жоспарын талқылау.

Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде xaлықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиiс. Қазақстан интеграцияны қолдап, тiптен Еуразиялық Кеден Одағының құрылуының бастамашысы болды. Бiрақ кейбiр мемлекеттердiң интеграциясы бiзге не бередi және бiз интеграцияға не бере аламыз деген сұрақ толғандырады[18],28б

Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бас-тaмaғa негiзделген. Олардың қатарына:

1) Еуропа экономикалық қоғамдастығының құрушы трактат 1957 ж 25 наурызда қабылданған және 1987 жылғы бiртұтас Еуропа aктiciмен өзгертулер мен толықтырулар енгiзген Рим трактаты.

2) 1951 ж. сәуiрдегi Еуропалық көмip және болат ұйымын құрушы трактаты - "Париж келiсiм-шарты".

3) 1957 ж. 25 наурыздағы Еуропалық атом энергиясы коммиссиясының құрушы келiсiм-шарты - Еуроатом келiсiм шарты.

4) Қоғамдастық органдарының актiлерi.

5) Халықаралық келiсiм-шарттар.

6) Жалпы құқық қағидалары (теңдiк, бостандық,бiрлiк, ceнім, әдiлеттiк қағидалары) жатады.

Бұл Еуропалың экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден Одағының заңды негiзi болып табылады және оның барлық тayapғa қатысты күшi бар. Бұл келiсiм - шарттар қоғамдастыққа енген елдерге, жеке тұлғаларға қатысты қолданатын, ic жүзiнде жүзеге асыруды көздейтiн мақсаты мен принциптерiн, айқын ережелердi құрағандықтан "қоғамдастық конституциясы" болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актiлер құқықтың кайнар көзi ретiнде келiсiм - шарттарды асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады.

Рим трактатын қабылдаудың мақсаты Экономикалық Одақ блоғандықтан барлық территориялар бiрiгуге бағытталған.

Кеден Одағында экономикалық одақтар 1967 жылғы, 1865 ж. Француз-Моиака келiсiмiнде, 1921 ж. Бельгия-Люксембург келiсiмiнде және Швейцария-Лихтенштейн мемлекеттерінің арасында 1928 жылғы келiсiмiнде құрылған.

Сонымен бiрге қоғамдастықта жеке конвенциялардың ережелерi әрекет етедi. Мәселен, Азаматтық авиация туралы Конвенция (Чикаго, 1994 ж. желтоқсан), Аумақтық су мен оған жалғас жатқан аймақтары туралы Конвенция (1958 ж. 28 cәyip, Женева), Теңiз туралы Конвенция (1982 ж. 10 желтоксан, Монтего-Бей).

Кедендiк реттеу қоғамдастықтың барлық кеден аумағында қолданылады. Қоғамастықтың кеден құқығының кайнар көзiнiң қатарына халықаралық келiсiм-шарттар кiредi және қоғамдастықтың субъектiлерi қоғамдастық органдарының қосымша шараларына қарамастан келісім-шарт ережелерiн орындауға мiндеттi. ЕЭҚ құқықтарын қамтамасыз ету үшн және келiсiм-шарттардан туындайтын даулар үшiн Еуропа қоғамдастығының соты қызмет етедi. Халықаралық кеден құқығында "Кеден Одағына" бiр кеден аумағының орнына eкi немесе одан да көп кеден аумағының айырбасы деп Сауда және тариф туралы басты келiсiм берген (СТБК/ГАТТ). Одаққа кipeтін аумақтарының арасында, әcipece, сауда саласында кеден баждары және тағы да басқа шектеу қоятын шаралар болмайды. Осы одаққа кipeтін мемлекеттер одақтан тыс мемлекеттермен сауда қатынасына түскенде бiрыңғай баж қолданады. Iшкi нарықты реттеуде мүше мемлекеттер арасындағы кез келген бөгеттi болдырмауға тырысады, ережелер келiсiледi, заңдар мен салық құрылымдары жақындастырылады, қаржы саласындағы ынтымақтастық күшейтiледi, т.б. [24],47б

Сонымен iшкi нарық "тауар, адам, қызмет және капиталдың epкін айналымын қамтамасыз eтeтін iшкi шекара болмайтын кеңiстiк" сияқты ЕЭҚ Кеден Одағы сауда саласындағы жалпы саясатқа негiзделген, сыртқы әлемге ашық ортақ заңдылығы бар, тәуелсiз юрисдикция кепiл болатын қоғамдастық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылатын ұйым. Қоғамдастықтың кеден аумағы мүше мемлекеттердiң аумақтарының (ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Нидерланды, Греция, Португалия, Ирландия, Дания, Люксембург) географиялық және саяси көзқарас тұрғысынан, оның ішінде аумақтық суларын, ауа кеңістігін, epкін аймақтарын қосады.

ТМД құрамындағы Кеден одағы мемлекеттерiнде тап осындай проблемалар туындаған.

ЕЭК кеден тарифтері ставкалар жинағы ретiнде қоғамдастық аумағына импортталған барлық тауарлар түpiнe қатысты. Бiрақ бұл кезде даму деңгейi мен бәсекеге қабiлеттiлiгi, экономика салаларының сезiмталдығы ескерiлуi тиiс.ТМД мемлекеттерiнiң интеграциясы бүгiнгi кунi көбiнесе саяси сипатқа да тәуелдi болып отыр.

1995 ж. 10 ақпандағы ТМД мемлекеттерiнiң басшыларының кеден заңдылықтары негiздерiн қабылдауы Кеден Одағында белгiлi бiр үйлесiмдiлiк пен реттiлiк әкелдi.

Қазақстан кеден саласында едәуiр алға жылжып 1995 жылы 6 шiлдеде осы негiздер ратификацияланып "ҚP Кеден ici туралы" Президенттiң Заң күшi бар Жарлығы қабылданды.

Құқықытық жағынан алып қapacaқ кеден заңдылықтары негiздерiн ратификациялау туралы Президент жарлығының қызықты тұстары көп-ақ.

Бұл жағдайда оған заң шығарушы өкiлет берiлген сияқты, онымен қатар оның халықаралық-құқықтық қайнар көзi ретiнде мәртебесi сақталған. Бұл құжаттың ұлттық заң актісінің болмаған жағдайында немесе ережелердiң бұзылуы барысында Қазақстан территориясында жүзеге асуы әзiрше қарастырылмаған. Бiрақ бүгiнгi күнi Қазақстан "Негiздер туралы шешiмдi күшiне енгiзу мақсатымен, ратификациямен қaтap iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi жүзеге асырған жалғыз ғана мемлекет болып отыр. 1997 ж. сәуiрдегi Белоруссия мен Ресейдiң жаңа одағын көбiсi қолайлы қадам деп үн қосып жатты, бiрақ келiсiм-шарт бойынша олар алдын-ала одақ мүшелерiне хабарлауы тиiс болатын [26],39б

Бұл одактың ТМД мемлекеттерi интеграциясына өз ықпалын тигiзу, тигiзбеуiн арнайы заңдардың деңгейiнен көpiнyiнeн күтеміз.

Аймактық интеграциялар кең ауқымды көлемдегі интеграция тұрақтылығын жақсы қалыптастыратын құрамдас бөлiк болады. Интеграциялық глобалды көлемi, ол Еуразия жобасы, ол менің күн тәртiбiмнен түсе қойған жоқ және түспейдi.

ТМД мемлекеттерi көп жақты бiрлестiктер құруға даяр ма? Саяси жағынан алып қapacaқ - ия, ал экономикалық мәселелер жағынан мұны айтуға болмайды, себебi, қабылданған келiсiмдер жүзеге аспай қалуда. Мәселен, ТМД көп жылдар бойы көптеген шешiмдердiң өз мiндетiн орындай алмайтындығын көрсеттi (интеграция комитетi мәлiметi бойынша олар 300-ден астам) көбiнесе eкi жақты келiсiмдердiң бағыты ақын көрiнуде. Сол себептi Қазақстанға Евразия Одағы сұрақтарын жеке шешiп, кейбiр ТМД мемлекеттерiмен өзара келiсуi қажет. Қандай жағдайда болмасын кеден саласын айналып өту мүмкін емес.

Сондықтан Евразия кеңiстiгiнде кеден ұйымын құру да көзделiп отыр. Евразия Одағы негiзiнде кеден ұйымына жатуы тиiс.

Қазақстан Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына өткенде ондағы міндеттемелерді орындауы талап етіледі, тауар және қызметтің халықаралық саудасында тарифтiк және тарифтiк емес барьердi алу, сауда ережелерiн үйлестiру керек. Шынына келгенде, 6ұл ұйымға кipyгe 6асқа да ТМД мемлекеттердiң және Кеден Одағына кipeтін мемлекеттерiнiң ойы 6ар, сол се6ептi осындай мәселелер 6iрлесiп шешiлуi керек.

Kipгeн күннiң өзiнде жаңадан мiндеттемелер жүктелетiндiгiн де ескеру керек. Мәселен, Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына Kipy Қазақстанның 6асқа ұйым, не болмаса Одақтардан шығуына немесе кей6iр жарғылар мен құжаттардың өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Қазақстан интеграцияға кедергi келтiрiп отырған ТМД органдарына реформа жасаудың қажеттiлiгiн қолдаған.

1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы келiсiмiнде, бiрыңғай Атқарушы орган құру көзделген, 6ipaқ ол әлi күнге дейiн iскe аспады. Бұл орган функциясын Интеграция комитетi өз мойнына алды.

Кеден саласын халықаралық байланыста экономика факторы ретiнде пайдалану экономиканың саяси мaқcaттapдa басымдылығын қамтамасыз етедi. Мемлекеттердiң интеграцияға саяси дайындығы тек экономикалық және құқықтық алғы-шарттардан кейiн орын алады.

1995 жылдың 6-20 қаңтар аралығында Кеден Одағы жөнiндегi келiсiмдерден кейiн бiрқатар құжаттар қабылданды. Олар: 1997 жылғы 3 шiлдедегi Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына ету кезiндегi Кеден Одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық сауда келiссөздерi туралы xaттамacы. 1997 жылы қазанда қабылған Кеден Одағын құру негiзiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы келiсiм, 1998 ж. 22 қаңтардағы Кеден Одағы мемлекеттерi қатысушыларының аумағынан өткендегi транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы келiсiм, 22 қаңтар 1998 ж. №2 және 28 cәyip 1998 ж. №11 6 ай iшiндегi Кеден Одағын Кеден баждарының келiсiлген мөл-шерiне мiндеттi қою туралы қатысушы мемлекеттердiң жалпы кеден тарифiн 6елгiлеу туралы Үкімет басшыларыньщ шешiмдерi.

Беларусь Республикасы, Казақстан Респу6ликасы, Қырғыз Респу6ликасы, Ресей Федерациясының Мемлекетаралық Кеңесi жанындағы Yкімет 6асшьлары кеңесiнiң 1998 ж. 24 қ.арашадағы қабылдаған шешiмi, жоғарыдағы құжаттар, сондай-ақ Кеден Одағын құру мәселесi бойынша Yкімет басшылары кеңесiнiң және мемелекетаралық кеңестiң 6асқа да шешiмдерi "Кеден Одағы туралы шартқа және бipтұтac экономикалық кеңiстiк туралы" шартқа қосылудың негiзiн құрайды.

Кеден Одағын құруға бағытталған 6ұл құжаттар және басқа да мемлекетаралық кеңес пен Yкімет басшылары кеңесiнің шешiмдерi "Кеден Одағын құру туралы келiсiм мен 6iрыңғай экономика кеңестiгiн құруға қосылудың шарттарын" құрайды.

Бұл шарт мемлекетаралық кеңес жанындағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қыргыз Республикасы, Ресей Республикасы Yкімет 6асшылары кeңесiнде 1998 жылғы 24 қарашада қабылданған[13].

Кеден Одағы мемлекеттерiнiң 1996 ж. 26 ақпандағы Кеден Одағы туралы және 6iрыңғай экономика кеңiстiгi туралы келiсiмi интеграцияның қарқынды жүруiне үлес қосты, халыықтың әлеуметтiк жағдайының жақсаруы үшiн экономикалық дамудағы алшақтықтарды жақындатуға мүмкiндiк бердi.

Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құрудың мақсаты:

- тауар, қызмет, капитал, еңбек қарқынының жалпы қызмет етуінің жақсаруы үшін;

- тұрғындардың өмip сүру деңгейiн көтеру мақсатында экономиканы құрылымдық қайта құруының тұpaқты дамуы үшiн жағдай туғызу;

- салық, ақша несие, валюта қаржылық сауда, кеден жопс тариф келiсiмiнде өзара үйлескен саясат жургiзу;

- бiрыңғай көлiк, энергетика және ақпарат жүйелерiн дамыту;

- мемлекеттің экономикадағы басым және ғылыми-технологиялық кооперацияға көмек көрсету үшiн жалпы шаралар жүйесiн белгiлеу.

Maқсат негiзiне халықаралық қағидалар (өзара тиiмділік, дискриминацияға жол бермеу) мен жалпы қағидалар (өзара көмек, ерiктiлiк, тең құқылық, қабылданған мiндеттемелерге жауапкершiлiк) алынған.

Интеграциялық басқару органдарына мемлекетаралық кеңес, Yкімет басшылары кеңесi, Интеграциялық комитет, Парламентарлық комитет жатады. Мемлекетаралық кеңес шешiмiмен басқа да органдар құрылуы мүмкін. Сонымен қaтap келiсiмде сыртқы экономикалық қызметтi реттеудi қамтамасыз ету үшін төмендегі шаралар кезделген:

- сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк реттеу;

- үшiншi мемлекеттермен саудада тарифтiк емес реттеудi жүргiзу;

- үшiншi мемлекеттерге қатысты сауда режимiн белгiлеу;

- үшінші мемлекет пен сыртқы сауда операцияларына жаңаша салық салу;

- сыртқы сауда операцияларын валюталық реттеу.

- кеден аумағын құру, екiншi кезеңде бiрыңғай экономикалық кеңістік құру көзделді.

 







Date: 2015-11-14; view: 2375; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.041 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию