Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОРЫТЫНДЫ. Сонымен қарастырып өткен тақырыпты қортындылай келетін болсақ төмендегідей тұжырым жасауға болады





Сонымен қарастырып өткен тақырыпты қортындылай келетін болсақ төмендегідей тұжырым жасауға болады. Кеденісі саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық әрине, халықаралық экономикалық байланыстармен өте тығыз байланысты. Бүгінде дүниежүзілік шаруашылық негізін өзара байланысты екі жүйе, яғни ұлттық шаруашылықтың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстар құрайды. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті. Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық болып ұлттық шаруашылықтар жиынтығы табылыды. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа зозылатын процесс. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама –қайшылықтар болып тұрады. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады. Сондықтан да Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде xaлықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиiс. Себеббі, қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты емес әртүрлі шаруашылық жиынтығынан тұратын әлемдік экономиканың біртұтастығын қамтитын алуан түрлі, мәселен, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін бірлестіктерді қарастыру қажет. Бұл тұрғыда, әрине әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша, бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдрдің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Халықаралық кеден заңнамаларының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тiкелей әсер етедi. Кеденісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың тәжірибелік маңызы өте зор. Себебі, әлемнің әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын, негізгі бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік туындайды. Осы тұрғыдан алғанда кеденісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері сөзсіз өзекті сипатқа ие. Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ –ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернаиализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернаиализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді. Бүгінгі таңда тағы да бір мойындайтын қағида: ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуы. ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.

 

Date: 2015-11-14; view: 642; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию