![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
КІРІСПЕ. 1.1 Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалықСтр 1 из 11Следующая ⇒
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ..................................................................................................................2 1. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 1.1 Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы.....................................................6 1.2 Кеден ісі саласы бойынша сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесі..................................................................................................................9 1.3 Кеден ісі саласындағы сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес реттеу шаралары.............................................................................................16 1.4 Сыртқы экономикалық қатынастар барысындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану.....................................................................18
2. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 2.1 Халықаралық конвенциялар түсінігі, ратификациялау, құқықтық негізі..26 2.2 Халықаралық конвенцияларды іс жүзінде пайдаланудың тәртібі..........35 2.3 Халықаралық уақытша транзиттік және тасымалдау туралы кедендік Конвенциялар...................................................................................................42 2.4 Кедендік одақ - кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастығының жаңа көрінісі.................................................................48 2.5 Кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері................................................................53
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................62 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................64
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Кеденісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің теориялық аспектілерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Себебі, осы арқылы кеден іс саласындағы қазіргі кездегі әлемдік проблемаларды ғана түсініп қоймай, әлемнің әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын, негізгі бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік туындайды. Осы тұрғыдан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, яғни кеденісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері өзекті сипатқа ие деп айтуға негіз береді. Әуеледе кеденісі саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық әрине, халықаралық экономикалық байланыстармен өте тығыз байланысты. Сондықтанда бұл мәселелерді біздер осы теориялық зерттеудің бастапқы тарауында арнайы қарастырып өтпекпіз. Айта кету керек, жалпы халықаралық экономикалық мәселелерге қатысты зерттеу жұмысымен әйгілі ғалымдар А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Леонтьев т.б. айналысқан болатын. Бүгінде дүниежүзілік шаруашылық негізін өзара байланысты екі жүйе, яғни ұлттық шаруашылықтың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстар құрайды. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты емес әртүрлі шаруашылық жиынтығынан тұратын әлемдік экономиканың біртұтастығын қамтитын алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін бірлестіктерді қарастыру қажет. Бұл тұрғыда, әрине әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша, бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Бұның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарының құралы. Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида: ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды. ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.Сонымен, әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа созылатын процесс.Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда–экономикалық, қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама –қайшылықтар болып тұрады. Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жеттіКеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды. Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Европа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табылады. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді. Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады. Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ –ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды. Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады.Ал бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді.Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады. Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе –тендікте дами алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылығы аспектіде көрінеді. Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық болып ұлттық шаруашылықтар жиынтығы табылыды. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады. Диплпомдық жұмыстың мақсаты: кеденісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің теориялық аспектілерін саралау арқылы қазіргі кездегі кеден саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің мәнін ашып көрсету болып табылады және де халықаралық нормативтік актілердің қолдану аясындағы ерекшеліктерін талдау болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады: -кеденісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың маңыздылығын анықтау; -кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалын талдау; -кеден ісі саласы бойынша сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесінің ерекшеліктерін айқындау арқылы кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың мәні мен маңызын айқындау көзделіп отыр. Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы талданып, сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесі сараланды және де кеден ісі саласындағы сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес реттеу шаралары сыртқы экономикалық қатынастар барысындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану мәселелері қаралды. Екінші бөлімде кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері талданды, атап айтқанда халықаралық конвенциялар түсінігі, ратификациялау, құқықтық негізі, халықаралық конвенцияларды іс жүзінде пайдаланудың тәртібі, кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері және т.б. мәселелер теориялық тұрғыдан зерделенді.
I. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы Қазіргі таңда әлем өзара байланысты адамдар шаруашылық қызметінің арнасы. Демек кез келген экономикалық жақсы ұйымдастырылған сыртқы экономикалық қызметтің бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық қатынастар мемлекет аралық шаруашылық қатынастар жиынтығынсыз толыққанды дами алмайды. «Сыртқы экономикалық қатынастар» (СЭҚ) түсінігі 1987 жылы пайда болды. Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты[11],15б Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты. Сыртқы экономикалық қатынастар ғылыми техникалық сауда өндірістік әріптестік және қаржы валюталық қатынастар нысанын іске асырудағы мемлекет аралық қатынастар. СЭҚ мемлекет аралық сауда экономикалық ғылыми техникалық әріптестіктің нысанындағы құралдармен әдістер жиыны сыртқы экономикалық қатынаста экономика мен саяси, комерция мен дипломатия, өндірістік өнеркәсіппен сауда, ғылыми зерттеу мен қаржы принциптік комерциялары айқындалады. Мемлекетаралық мақсатының бағынышындағы шаруашылық қызметі суьбектілер жүзеге асырумен бірге, олар өндірісінің даму фактірімен жағдайын, сонымен қатар қосылу тәсілдерін анықтайды. [16],19б Белгілі халықаралық құқықтармен міндеттерді жекелеуші және өндірістік қызметті халықаралық шаруашылық кенісіндегі ұйымдастырушылық қабілеті бар, керекті капиталды жекелеуші шаруашылық бірлікте сыртқы экономикалық қатынастардың субъектілері болып табылады. Сыртқы экономикалық қатынастар түрлеріне қатысты: 1. Сыртқы сауда қызметі – бұл интеллектуалдық қызмет көрсеткіштерімен ақпарат, қызмет, тауарды халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлігі. 2. Өндірістік операция – технологиялық бөлінісінің әртүрлі процестегі бір-бірімен конструктивті байланысты шетел әріптестерінің арасындағы қауымдастықтың формасы. 3. Халықаралық инвестициялық қауымдастық – материалдық техникалық сипатта және қаржылық күштерді біріктіру негізіндегі шетел әріптестерінің әрекет формасы. 4. Валюталық және қаржы кредиттік операциялар – халықаралық есептеу жүйесіндегі сыртқы сауда төлемдерін және ішкі валюталық нарыққа қызмет көрсетудің қаржы кредиттік сферасындағы сыртқы экономикалық қызметтің спецификалық түрі. ҚР Үкіметі мен ҚР-дағы СЭҚ-ті одан әрі дамытудың басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары анықталған: 1. Экспорттық потенциалын дамыту, оған қоса құрылымын жетілдіру, ғылымдық өнім бөлігін ұлғайту және бәсекелестік көрсеткішін арттыру; 2. Микродеңгейде (экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер,алмастырушы және экспортты ынталандырудың мемлекеттік механизмін дайындау, сонымен қатар макродеңгейде мемлкеттік инвестициялармен шетел несиелерін орналастыру механизіміне сәйкес экспорттық баждар кірісінің бөлігін қолдану жолымен дайындау; 3. СЭҚ-тің қазіргі заманғы өндірістік және қаржы экономикалық құрылымын қалыптастыру; 4. Саяси-экономикалық қауіптен сақтандырудың институттарын қалыптастыру; 5. Мемлекеттің экспорттық базасын күшейтуге бағытталған,өндірістің негізгі құралдарын қамтамасыз ету процесінің модернизациясы және экономиканың құрылымын өлшеу мақсатындағы импортты рационализациялау; 6. СЭҚ-ң ҚР-нда тұрақтылығын қамтамасыз ету және бұл мақсаттарға жету үшін әлемдік және ішкі нарық конюнктурасының ауысуына сәйкес мемлкеттік реттеу механизімінің жаңа элементтерінің қайта қарау және қолданыстағы өзгертуді болжайды. Ұлттық – сыртқы экономиканың стратегиясының таңдауына елдегі жалпы экономикалық жағдай сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстардың интернационализациясындағы тенденция маңызды ықпал етеді. Осы шарттарда кез келген мемлекеттердің макроэкономикалық стратегиясы, мемлекеттің экономикалық саясатының СЭҚ-ң маңыздылығы мен анықталатын сыртқы экономикалық факторлардың күшті әсерін көреді. Олардың санына әлем нарығында бәсекелестіктің асқынуына, төлем баланстарының өсіп бара жатқан теңсіздігі, көп елдердің сыртқы қарызы, жеке елдеріндегі экономикалық және саяси тұрақсыздығы жатқызылады[14],11б Бұл факторларды әрекет етуі мемлекеттің сыртқы саудадағы тұрақты әрекеттесуінде 2 бағытты: либерализм мен протекционизмді тудырады. Белгілі болғандай, протекционизм – ішкі нарықты қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты, либерализм (фритредерство) ішкі нарыққа шетелдік тауарлар, капиталдар, жұмысшы күштеріне жайдарылық мақсатқа ие, яғни ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырады. Сыртқы экономикалық қатынастарды және басқару мәселелері Конституциямен, ҚР Салық және Кеден кодекстерімен, «Лицензиялау туралы» «Сертификаттау туралы», «Инвестициялар туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Валюталық реттеу туралы» заңдарымен және басқа да құқықтық актілермен және ҚР Үкіметінің қаулыларымен реттеледі. Сыртқы экономикалық басқару органдарының тікелей мүшелеріне индустрия және сауда министрлігі, бюджеттік экономика жоспарлау минитістрлігі, кедендік бақылау комитеті, ҚР қаржы министрлігіне жатады. Индустрия және сауда министрлігінің атқаратын қызметі, сыртқы экономикалық басқару ісін үйлестіріп реттеу басқада орындаушы басқармалар ұсыныстары бойынша мемлекеттік сыртқы сауда саясатын қамтып оны дамыту. [12],25б Бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігі СЭҚ ға тиісті басқада қатысты министрліктермен ведомасталар төмендегідей жұмыстар атқарады: - экономикалық саясатты қалыптастыру ұсыныстарын талдап жасап, ТМД және ЕурАзЭҚ елдерімен бірігіп сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; - республикалық бюджет есебінен болатын ірі инвестициялық жобаларды тағайынгдап реттеу, инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарына талдау жасау, шетел инвестицияларын қатыстыру; - ЕуразЭҚ және ТМД мемлекеттерімен болатын экономикалық байланыстарымен өзара мемлекетаралық келісімшарттарды дайындап бекіту; - СЭҚ ұсыныстарын механизмін реттеу, өмірге қажетті товарларды экспорттау квоталарын анықтауы; - ҚР ның экономикасынгда шетел капиталын пайдалангуды, ақша несие саясатын бағдарлауды төлемдік байланыстарды қалыптастыру. Кедендік бақылау комитетінің атқаратын қызметтері: - ҚР ның экономикаплық қызығушылықтарын қорғап экономикалық қауіпсіздігін өз қарамағына алады; - кедендік шекарадан өтетін тауарларға заңдылықтарды дұрыс жүргізу; - кедендік реттеу жұмыстарында қаржы қолдану; - кедендік бақылау және кедендік құжат толтыру; - СЭҚ сыртқы сауда кедендік санақ жүргізу; - кеденге байланысты ҚРның шетелдік міндеттемелерінің орындалуын қадағалау. СЭҚ ті басқаруда оның маңыздылығын мемлекет деңгейінде реттеуде басқада орындаушы биліктер маңызды, олар: - Сыртқы істер министрлігі. - Білім және ғылым министрлігі - Транспорт және комуникация министрлігі - Сауда-өндірістік палаталары Мемлекеттік емес ұйымдар арасында СЭҚ - тің дамуына әсер беруші ұйым қатарына өнеркәсіп сауда палаталары жатады. Олардың құрылуы себептері еліміздің экономикасының дамуына, әлемдік шаруашылық жүйесінің көп салалығы, өндірістің бүгінгі күн талабына және сауда индустриясын жоспарлау қажеттілігі. Сауда-өндірістік палаталар келесідей функцияларды атқарады: - Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде отандық кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға сауда қаржылық мүдделерін жүзеге асыруға көмек көрсету; - Мемлекет пен кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; - Кәсіпкерлік қызметке кадрларды дайындау және білім жүйесін дамытуға ықпал ету; - Ақпараттық қызмет көрсету; - Отандық тауарлар мен қызметтер экспортының дамуына ықпал ету; - Шетелдік фирмалар менұйымдарға саудалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қызмет көрсету.
Date: 2015-11-14; view: 1792; Нарушение авторских прав |