Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сыртқы экономикалық қатынастар барысындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану





Преференцияның жалпы жүйесі – даму және сауда жөніндегі БҰҰ конференциясында қабылданған дамушы елдерден шығатын тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі.

Кедендік төлем бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тиым салынған. ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан босатылады[25],45б

ҚР Инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан босатылады. Кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және ҚР көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы преференциялық баж салығы – шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке ерекше қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы.

Преференция ұғымы бұл негізінен – артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер арасындағы сауданы кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін сауда жеңілдігі. Ал тарифтік преференциялар бұлар: Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кеденді баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп айтылады.

Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімі бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1) кедендік баж;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар;

4) алдын ала шешім үшін төлемақы.

Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде айқындалады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады.

Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.


Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн - адвалорлық;

2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті;

3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi.

Кедендік баждар

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.

Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

Кедендік алымдарға:

1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;

2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;

3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады[19].

Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.

Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді. Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.

Кеден органдары алатын алымдарға:

1) лицензия бергені үшін алым;

2) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

Лицензия және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатының берілгені үшін белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Лицензия бергені үшін алым:

1) кеден қоймасын құрғаны;

2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;


3) бос қойма құрғаны;

4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;

5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;

6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және ҚР мен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге ҚР кедендік аумағынан әкетілетін және ҚР шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Қазақстанның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарлырға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттермен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін ҚР Үкіметі айқындайды. Осы кедендік тарифтік преференциялар Кеден кодексінің 7-тарауында яғни тауарлардың шығарылған елін анықтаудағы көзделген шарттарды сақтаған жағдайда беріледі[17],48б

Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады.

Қазақстанның кедендік тарифтік механизмдерін пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 2010 жылғы 30-маусымдағы «ҚР кеден ісі туралы» Кодексі жатады.

Кедендік тарифтердің қолданудың нақты мақсаттарына мыналар жатады:

- ҚР тауар енгізудің тауарлы құрлымын реттеу;

- ҚР тауарлар, валюталық табыстармен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;

- ҚР тауарлар өндірісімен тұтыну құрлымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;


- ҚР әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау;

ҚР кеден тарифі Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатурасы ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады[32],26б

1971 жылдан 1975 кеден преференцияларын данқтылық алған мерзiмдерiнде 18 капиталистiк Еуропалық ел және Америка енгiзiлдi.

ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық номенклатурасы арқылы тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында тауарлардың жүйелік тізімі, бұған тауарлардың толық атауы, қажеттілігі және өлшем бірлігі берілетін кодтар кіреді.

Сыртқы саудадағы тарифті преференциялары:

Сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар, оның мемлекеттік реттеу негізін ұйымдастыру және принциптері, бақал және көтерме саудалары, сыртқы және ішкі саудалары, жеңілдіктер «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен реттеледі[16],39б

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық процесі ұлттық мүдделерді сақталуын және сыртқы саудадағы қолайлы әріптестікті қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл жағдайда өзекті мәселе кедендік реттеу мен кедендік санатты тұтастай жетілдіру,ал бұл ұлттық экономикалық қауіпсіздік кепілі болып табылады. Кедендік саясатты жүзеге асыру бағыттары болып: сыртқы сауда қызметін ұйымдастыру көрсеткішінің жоғарылауы,сыртқы сауда келісімшартына отыру реті, Қазақстан Республикасының екі не көп жпқты халықтық құқықтық сауда құжаттарының негізінде келісімшарт есебінің формасы мен уақыты,базалық жөнелтілім жағдайы, тауарларды сыныптау мен кодтау табылады. Республикалық бюджеттін кіріс бөлігіне кедендік тауардың құнын анықтау, сонымен қатар тауар мемлекеттік анықтау маңызды мәселеге айналып отыр.

Бұл орайда Еуропалық экономикалық қауымдастықтың үйлесімді тауарларды тізімдеумен хаттау жүйесі және құрамы тарифті статистика номенклатурасында жасалған сыртқы экономикалық қызметін реттеуде қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) мемлекеттік реттеуде тауардың номенклатурадағы жағдайы оның орналасуы, тауар режимін анықтауда маңызды[29],36б

Кеден шекерасы арқылы нақты тауарларды өткізу кезінде, кедендік декларацияда тауарлардың сыныптамасын көрсету, заңға ауытқулар, құқық бұзушылық деп танылып, сол кездегі әрекет заңдарға сәйкес жауапқа тартылады. Ережелермен ескертулерге сәйкес тауарларды сыныптау тобы бірегейлік принципі бойынша сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасында қамау сақталады. Кедендік баждармен өзге де төлемдердің мөлшерін анықтауды сыныптау тобының бірегейлік түсінігі керекті жағдай болып табылады. Айта кету керек, кез келген мемлекетте және халықаралық ұйымдарда тауар номенклатурасы, тауарлады кодтау мен сыныптаудың әр түрлі әдістері, сонымен қатар өзіндік есептеу әдістерімен сыртқы экономикалық қызметпен мәліметтерді жинау мен өндеудің өзіне тән әдістері қолданылады[20],46б СЭҚ тің тауар номенклатурасын кедендік тарифтік статистикалық мақсатта қолдану, импортталған экспортталған тауарлардың орташа бағасын анықтауға мүмкіндік береді, жіне мәліметтерін анықтауда таптырмас қайнар көзі болып табылады.

Мемлекеттік СЭҚ-тың динамикасы, экспортпен импортты географиялық орналастыру, халықаралық тауар нарығының коньюктурасын анық бағалауға, СЭҚ- ң тауар номенклатурасын білуі мүмкіндік бе?

ҚР -ның кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудан өтуі міндетті. Олар халықаралық сатып алу сату келісімшарттарды жүзеге асыру тәртібі басқа да негіздер бойынша жылжиды[31],31б

Тауарлар мен көлік құралдарының негізгі қағидалары мен ҚР- ның кеден кодексіне сәйкес, ҚР- ның барлық тұлғаларына кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тең құқық берілген.

СЭҚ-ты бақылау ҚР үкіметінің оңаша тауарлар мен қызметтерге тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оңаша тауарлардың экспорты мен импортына тарифтік емес шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау, еліміздің қорғаныс қауіпсіздігі мен халықаралық қауіпсіздік, халықтың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны сақтау, шикізаттың, ҚР-ның мәдени мұраларын сақтау мақсатында жүргізіледі.

Осылайша, СЭҚ-тің енгізуі қарастырылған кеңсмелік құжаттарда, кез келген жауапты тұлға әкелу мен әкетуге құқылы.

СЭҚ қатысушылардың есебі – кедендік органдармен қажетті жағдайда ҚР–ның құқық қорғау және бақылаушы органдарының қатысуымен жүзеге асырылатын құқықтық ұйымдастырушылық және бақылаушылық инспекциялық шаралар кешені.

Есепке СЭҚ-і жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар жатады, қызметі аясында СЭҚ қатысушының мемлекеттік тіркеу орны орналасқан кедендік органда жүзеге асырылады.

Есеп кедендік органдармен келесі құжаттарнегізінде жүзеге асырылады:

1. Мемлекеттік тіркеу куәлігі – нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2. ҰКЖС (ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы сынаптамасы) – кодын көрсетіп, статистикалық басқармамен берілді заңды тұлғаның статистикалық карточкасы.

3. Салық төлеушінің номері көрсетіліп, салық органдарымен берілген, тіркеу анықтамасы

4. Есепшоттың теңгемен немесе валютамен ашылғандығы туралы банктен анықтама.

Құжаттардың түп нұсқасын көшірмемен бірге ұсынбаған жағдайда, көшірме нотариалды куәландырылмауы мүмкін. Сонымен қатар көшірілмелерді түп нұсқасымен салыстырып тексерген соң, кедендік органдармен куәландырылады[18],24б

Есепке ұсынылған құжаттар арнайы қағазға көшіріледі немесе тігеледі. Берілген құжаттар негізінде кедендік органдармен бекітілген үшін СЭҚ қатысушының есептік карточкасы хаттамаланады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айќындайды.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын анағұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айќындайды[26],43б

Белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.

Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту - мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.

Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды.

Өнеркєсіптік қайта өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беріледі[27],22б

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім төленуге тиісті кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.

Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі берілмейді.

Өнеркәсіптік қайта өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды коды пайдаланылған шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін өндірісте пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгіні кез келген деңгейінде өнімнің (тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге:

1) қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар);

2) қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі;

3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтілімді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю);

4) алынған өнімге оны бастапқы құрайтын бөліктерінен Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша бірінші төрт белгініњ кез-келген деңгейінде ерекшелендіретін сипаттама берместен, тауарларды, компоненттерді араластыру жатпайды.

Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім әкелінетін шикізаттарды жєне (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде беріледі.

Төлеуші өтінішпен бірге мынадай құжаттарды:

1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын;

2) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге сыртқы сауда шартын (келісім-шартын);

3) кедендік баждар төлеуді қамтамасыз ету туралы құжатты;

4) жеке кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заң актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес күнделікті басшылықты және іс жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін);

5) егер әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жатса, шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін береді.

Кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ±зарту немесе мәулеттік мерзім беру құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп көруге құқылы[30]..

Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешім не оны беруден бас тарту туралы шешім төлеушінің өтінішін көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.

Шешім жазбаша түрде екі дана етіп жасалады және оған тиісті кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Шешімнің бірінші данасы кеден органында қалады. Шешімнің екінші данасы кеден органы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешімде мынадай мәліметтер:

1) шешімнің тіркелу нөмірі;

2) кедендік баж төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру уақыты;

3) төлеушінің өтінішінде көрсетілген кедендік баждың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;

4) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге арналған сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) күні, нөмірі, осындай шарт (келісім-шарт) бойынша шикізаттарды және (немесе) материалдарды алушының атауы;

5) кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін шикізаттардың және (немесе) материалдардың атауы және саны;

6) төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін кедендік баждың мөлшері болуға тиіс[30],51б

Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзартудан немесе мәулеттік мерзім беруден бас тарту туралы шешімде бас тартудың дәлелі болуы тиіс.

Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде кедендік бажды өтеуді төлеуші немесе үшінші тұлға тиісінше:

1) төлеу мерзімін ұзарту берілген кезде ұзарту мерзімі күнінің аяқталуынан кешіктірмей;

2) мәулеттік мерзім берілген кезде төлеушімен бірлесіп кеден органы бекіткен кесте бойынша мәулеттік мерзім сомаларын енгізудің келісілген күндерінен кешіктірмей жүргізеді.

Төлеуші кедендік баж сомасын уақтылы өтемеген жағдайда, кеден органдары көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алуға шаралар қолданады.

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуын тоқтату

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуы:

1) шешімде белгіленген төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзімі өтіп кетуі бойынша;

2) кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;

3) тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеусіз өткізу кезінде тоқтатылады.

Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:

1) кепілге қою;

2) банк кепілдігі;

3) кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу;

4) сақтандыру шарты түрінде берілуі мүмкін.

 

2.КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ







Date: 2015-11-14; view: 1052; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.031 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию