Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кеден ісі саласындағы сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес реттеу шаралары
Кеден ісі саласындаҚазақстан Республикасының заңдары сыртқы сауда қызметін реттеудің екі әдісін қолдануын жібереді: тарифтік және тарифсіз.Осындай шаралар,кеден ісі саласындағымемлекеттің жедел қарастыруын талап ететін белгілі бір экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуіне арналған шектелген мерзімнің ішінде үлкен емес тауарлар тобына қатысты қолданылады. Сонымен, кеден ісі саласындатарифсіз шаралар мемлекеттің ішкі нарығын бұзбайды, керісінше, оның қалыпты жұмыс жасауына қалыптасады. Тарифсіз реттеу шараларын екі негізгі топқа бөлуге болады: · экономикалық; · әкімшілік. Негізгі экономикалық шараларына жатады: · баждардың ерекше түрлері; · әр түрлі салықтар мен алымдар; · импорттық депозиттер; · валюталық реттеу шаралары. Әкімшілік шараларға жатады: · эмбарго; · лицензиялау және квоталау; · экспорттың «ерікті» шектеулері; · монополисттік шаралар; · протекционисттік мақсаттарда стандарттар мен техникалық нормаларды қолдану; · қосымша кедендік құжаттар мен рәсімдер және т.б. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының сыртқы сауданың тарифсіз реттеу шаралары өзіне: белгілі бір тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салуды; экспортты және импортты лицензиялау және квоталауды; белгілі бір тауарларды әкелудің және әкетудің рұқсаттық жүйесін; кейбір тауарлардың белгіленген мемлекеттік стандарттардың сәйкестігіне және қауіпсіздігіне сертификациясын; экспорттық бақылау рәсімін; тауарларды декларациялау рәсімін қосады. Белгілі бір тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салу мемлекет қауіпсіздігін сақтау, қауымдық тәртіпті, тұлғалардың адамгершілігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, Қазақстан халықтарының және шетел мемлекеттерінің көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарын қорғау салдарынан белгіленеді. Лицензиялау және квоталау – бұл сыртқы саудының тарифсіз реттеу шараларының ең көп таралған түрі. Олардың мақсаты, кез келген нақты бір тауардың импортын немесе экспортын барлық мемлекеттерге (немесе барлық мемлекеттерден), немесе, бөлек алынған нақты мемлкеттерге (не осы мемлекеттерден) шектеулер салулар болып саналады. Бұл шаралар бір бірімен тығыз байланысты. Негізінде, нақты импортерларға лицензия беру жолымен квоталарды бөлу механизімі ретінде лицензиялау қолданылады. Сонымен қатар, лицензиялау белгілі бір тауарлардың әкелінуін және әкетілуін мемлекеттік есеп және бақылау нысаны ретінде ұсынады. Лицензияны беру әдетте квоталаумен бірге жүргізіледі[13].. Квоталар – бұл жеке, тарифтік, мерзімдік, глобальды және басқа да пайыздық шектеулердің көмегімен әкелуге рұқсат етілген тауардың шекті көлемін немесе сомасын белгілейтін сандық шектеулер: жеке квоталар – импортқа рұқсат етілген тауарлардың жалпы көлемін жіберуші елдер бойынша бөлінуін көздейді. тарифтік квоталар – кедендік салық салудың қолайлы жағдайлары кезінде белгілі бір көлемде импортқа рұқсат етіледі, ал осы көлемнен жоғары болған импортқа қолайлы тәртіптің қолданылуы азая түсуі не тіпті жеткізілімге тыйым салынуы мүмкін. мерзімдік квоталар – жылдың белгілі бір уақытында қолданылады. глобальды квоталар – белгілі бір мерзімге жіберуші елдердің арасында бөлуінсіз кез келген тауардың импортының жалпы мөлшерін белгілейді. Белгілі бір тауарларды мемлекетке әкелудің және әкетудің рұқсаттық жүйесі сыртқы сауданың тарифсіз реттудің лицензиялау шарасымен салыстырғанда әлде қайда либералды болып табылады. Ол тауарларды кедендік шекарадан өткізу үшін осы тауарлардың айналымын бақылайтын белгіленген министрліктерден және ведомстволардан рұқсат алу қажет. Тауарлардың сертификациясы. Қазіргі уақытта бүткіл әлемде импорттық тауарлардың сапасына үлкен маңыз бөлінеді. Сертификация – бұл идентификацияланған өнімнің нормаларға және талаптарға сәйкестігін қажетті үлгіде айқындау рәсімі. Экспорттық бақылау рәсімі тарифсіз реттеу шараларының бақылау объектілерінің ең қиыны болып есептеледі. Бұл шара экспортық саласымен байланысты қазақстандық материалдарды, құралдар мен технологияларды қолдану кезінде қару-жарақ және әскери техника, химиялық, бактериологиялық, ядерлық қару, ракеталық жеткізу құралдарын құрастыруда қолдануы мүмкін. Тауарларды декларациялау рәсімі де сыртқы сауданы тарифсіз реттеудің бөлігін құрайды, және тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты мәліметтерін, олардың кедендік режимі және басқа да кеден мақсаттары үшін қажетті мәліметтер туралы белгіленген нысан бойынша декларантпен мәлімдеуін ұсынады. Date: 2015-11-14; view: 1036; Нарушение авторских прав |