Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халықаралық уақытша транзиттік және тасымалдау туралы кедендік Конвенциялар





Уақытша тауар әкелуге арналған АТА корнеті туралы Конвенция 1961 жылы 6 желтоқсанда Брюссельде қабылданып, 1963 жылы күшіне енді.

Халықаралық жүйеде әр түрлі мемлекеттердің кеден қызметтері үшін уақытша жіберілетін тауарлар әкелімдері, бұрынғы 1958 жылдың Халықаралық сауда палатасынан түскен үсыныс бойынша келісім жасау шешімі қабылданды. Бұл ұсыныстар институт кіріспесіне кедендік корнетті немесе триптих, үшке бүктелген қағаз, яғни арнайы кітапша – ол әр түрлі кәсіби құралдарды баж салығынсыз уақытша әкелуге құқылы құжат.Сонымен қоса астын сызып кететін жай, ол Халықаралық сауда палатасы Халықаралық ақпарат бюросы атынан бұл құжатқа кепілдеушісі ретінде қарастырылады[19]

Корнет проекті 1960 жылжың қазан айында Тұрақты Кеңес комитетімен Халықаралық сауда палатасы, Халықаралық ақпарат бюросының сауда палатасы жіне ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен мәжілісте қарастырылды. Мемлекеттер - ГАТТ келісім жасаған жақтар, проектінің бірнеше нұсқаларына экспертиза жасауға мүмкіндік алып, 1961 ж. 6 желтоқсанда АТА Конвенция мәтінінде экспертиза шешімі ескерілді.

Аббревиатура АТА француз және ағылшын сөз тіркестерінің бастапқы әріптерінің комбинациясынан құралған, яғни «уақытша жорамал» (француз «admission temporaire» және ағылшын «temporary admission»). Конвенцияда сілтемелердің жеңілдіктері үшін ресми қысқаша аты «Конвенция АТА» жазылады.

Кеден терминдер сөздігінде «АТА кітапшасына» мынандай анықтама берілді - жүктердің уақытша әкелімі, шығарылымы және нақтылы жүктерді транзиттеу. 1961 жылы 6 желтоқсанда АТА кітапшасын қолдана отырып жүктерді уақытша әкелуге рұқсат етіліп, 1963 жылы 30 маусымда күшіне енді. АТА кітапшасының сыртын екі жасыл қап қаптап тұр, ал ортасында екі сары, екі ақ және екі көк парақтардан жасалған.

Жасыл қаптар АТА кітапшасы туралы және басты жүктер туралы қысқаша мәліметтен жасалған. Сары парақтар жүктерді уақытша апарылымға, уақытша шығарылымға және әкелімге арналған. Ақ парақтар жүктерді уақытша әкелуге және қайтадан шығаруға арналған. Көк парақтар транзитті жүктерді тасымалдауына бақылау жасауға арналған. Кітапшадағы таза парақтар саны тасымалданатын жүктің қанша кеден аумағанан өткеніне байланысты.

Конвенция 28 баптан құралады. Конвенцияның кіріспесінде оның негізгі мақсаты халықаралық коммерциялық және мәдени жұмыс салаларында артықшылық қолданылатын жүктерді, бажсыз уақытша әкелуді бір жүйеге келтіру, тараптардың кеден жүйесіндегі гармонизациясын және бейімдеу дәрежесін жоғарлату.

Әдетте 1 бапта Конвенцияның негізгі терминдеріне анықтама беріледі.Жеке алғанда «уақытша кіруге рұқсат» Конвенцияның 3 бабының шарты бойынша немесе ұлттық заңдар және мемлекеттік әкелім ережесіне сүйене отырып, уақытша әкелім сияқты анықталады.

АТА кітапшасы немесе корнеті жүктерді бажсыз рұқсатнама конвенцияның 3 бабымен сәйкес қолданылады, яғни уақытша тасымалданатындар:

а) 1961 жылы 8 маусымда Брюссельде қол қойылған кәсіби құралдарды уақытша әкелу туралы Кедендік конвенция шарты бойынша;

б) Жәрмеңкелерде, көрмелерде көрсететін тауарларды әкелу жағдайларын жеңілдетуге арналған Кедендік конвенция. (Брюссель, 8 маусым 1961ж.)


в) басқа да халықаралық конвенцияларға сәйкес, белгілі бір мерзімге жеке жүктерге салықсыз өткізу қарастырылады, мысалы, 1950жылы ЮНЕСКО шеңберінде қабылданған білім, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды тасымалдау туралы келісімді айтуға болады.

г) Ұлттық заң мен ереже лерге сәйкес уақытша кіргізілетін жүктер, қарастырылған Конвенцияының 3 бабын да, мемлекет ішіндегі заң шығарушының көз қарасына қалады.

Бірінші 1987 жылдың қарашасында өткізілген мемлекеттік конференцияда - АТА Конвенция жақтарымен келісілген (1963жылы күшіне енген) АТА корнетінің жаңа үлгісіне қатысты Халықаралық Сауда палатасында Бұқаралық Ақпарат туралы ұсыныс қабылданды. бҰл құжаттың жаңа үлгісі АТА корнетін қолдану тиімділігін күшейтеді, сонымен қатар оның алдыңғы үлгісіндегі кейбір негізгі сипатын сақтайды, мысалы, парақтары бар қаптардың түсін сақтайды[30],45б

Конвенцияның 1 бабында көрсетілген терминдер қатарындағы тракттардың екеуін атап өтейік: «біріктіруді көрсететін» және «бірігу кепілі». Біріншісі ұлттық бірігу, келісілген жақтардың территориясында кедендік биліктің АТА корнетін беру құқықтары мағынасын білдіреді, екіншісі – келісілген жақтардың Конвенцияның 6 бабына сәйкес, егер уақытша мемлекетке жүк кіргіз туралы талаптарын орындамаған жағдайда, кеден үкіметімен бекітуі бойынша жақтар төленетін соманың гаранты ретінде бірігуі.

Бірігуді беруші АТА карнетін берілген күнен бастап бір жылдан астам уақытқа берілмеуі тиіс. Сонымен бірге олар АТА карнет қабында қай мемлекетте істейтін мемлекеттер тізім, және де соған сәйкес бірігу кепілдемелердің (Конвенцияның 4б.) атаулары жазылуы керек.АТА корнетінің талабы бойынша жүктерді шығару үшін бекітілген кезеңдер, қалай болған жағдайда да корнеттің (5б.) уақытынан аспауы керек.

Бір жағдайды атап өту маңызды: егерде өткізілетін жүктер өңдеу немесе жөндеу мақсытнда болса, онда олар АТА кітабының негізгі режимінде өтпеуі керек. Бұл туралы К:Г: Борисов былай жазады, келісілген жақтардың арасында уақытша жүкті бір мемлекеттің кедендік территориясынан екінші мемлкеттің кедендік территориясынан өткізу екі формада іске асу мүмкіндіге бар дейді: уақытша-салықсыз және салықсыз-талаппен кіргізу: «Уақытша-салықсыз кіргізу тауардың үлгілері мен модельдеріне қатысты, көрмеге арналған экспанантар, конкурстар мен жәрменкелерге беріледі; тасымалдаушы құралдар; жабдықтар мен приборлар, жинақтауға, сынақтан өткізу, жөндеу және қойылған құралды монтаждау үшін уақытша өткізіледі.


Уақытша-салықсыз кіргізуге қарағанда салықсыз-талапты кіргізу тауарларды кіргізу және оны қайта шығару мүмкіндігіне байланысты және оның бастапқы кіргізер алдындағы түріне және шыққандағы кейпі аса маңызды емес» [11],16б

Сонымен қатар, қарастырыл отырған Конвенцияның халықаралық кепілді тізбегіндегі АТА жүйесінің уақытша-салықсыз кіргізі тағы да кедендік транзитті жүктерді жол жөнекей мемлекетке уақытша кіргізу және қайтарда мемлекеттен шығару мақсатында қолданылады деп атап кетті[31].

Кеден транзитінің институты халықаралық стандарттар облысының бірнеше қатарынан жасалынады, яғни кең мағынада орындалатын эталон сөздері бастапқы салыстыруда ұқсас үлгілерде қолданылған. Мысалы, мынандай стандарттар теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің еркін транзит рұқсаттары туралы теңіз құқығының 1982 жылдың БҰҰ-ң Х Конвенциясында қарастырылды.мемлекеттердің немесе бірнеше мемлекеттердің территориясы арқылы тасымалданатын жүктер, адамдар, тауарлар және көлік құралдары транзиттік қозғалыс кезінде ешқандай баж салығы салынбайды. Транзиттік тасымалдау мен АТА конвенциясының идеясы бірдей болып табылады.Мұндай стандарттар ретінде БҰҰ конвенциясының теңіз құқығы бойынша екі баптың жағдайын атап кетуге болады:

а) 127 баптың 1 тармағы «Транзиттік қозғалыстарға ешқандай салықтар және баж салықтары салынбайды, тек қана нақты осы салада қызмет үшін ғана салықтар салынуы мүмкін».

б) 128 бап «Транзиттік қозғалыстың ыңғайлығы үшін мемлекеттерге кіретін, шығатын және теңізге шыға алмайтын мемлекеттерге баж салығынсыз аумақтар және басқа да кедендік порттар салыну туралы келісім қарастырылуы мүмкін.

Бұл облыста Халықаралық стандарттарға тағы бір мысал болып, 1971 жылы Кеңестік кеден бірлестігімен жасалған және бекітілген Халыкаралық транзитті жүк тасымалдау туралы Кедендік конвенциясының кейбір жағдайларын атауға болады,сонымен қоса онымен бекітілген полмб салу процедурасы, шаралар, тасымалдау кезде жүктің сақтау мақсатында алдын ала ескертулер және тағы да баскалар.


Бұл Конвенциямен келіммек, кеден өкілдері тауарларды жеңілдетілген процедурамен тексеруге, сонымен қатар тек қана кедендік декларация тексерумен ғана шектеле алады. Егерде 1971 жылдың конвенциясы жүктерiн тасымалдауға әртүрлi тасымалдаудың әдiстерiн қолданатынын ескерсек (контейнерлермен, темiр жол вагондарымен, лихтерлермен, баржалармен және т.б. сүргi салатын көлiк құралдарымен), онда бірден бекітуге болады, экспортшыдан импортқа жолда аз уақыт жоғалтуымен, сонымен қатар, жалғыз оператормен алмаспайтын аралас тасымалдауларды іске асыруға мүмкіндік береді[29],33б

Жақында қабылданған зонт салыстырмалы конвенцияда уақытша әкелім туралы қорытындысын қарастырайық. Уақытша әкелім туралы кеден кеңесінің қамқорлығымен бірге иеленіп, әмбебап Конвенциясында (Стамбул 1990ж. 6 маусым.), бұл облыстағы стандарттық жағдайы туралы айтылады.

Ертеректе қабылданған уақытша-салықсыз кіргізу туралы конвенцияның келісілген жақтардың аумағында жағдайлардың ушығуы туралы преамбула да жазыды: «Жеңілдетілген және үндестірілген кедендік режимдер мен қоса біріңғай халықаралық келісімінде қабылдауында, уақытша кіргізу Конвенцияны толықтай жаулап алатын, және халықаралық қаулыға жету жолын жеңілдету,онық уақытша кіргізуге қатысты, сонымен бірге халықаралық сауданың дамуына зор әсерін және басқада халықаралық айырбас формаларына өз септігін тигізеді».

Конвенцияның 1 бөлімінде, конвенцияда кездесетін қолдану мақсатындағы терминдерге анықтама беріледі:

а) «уақытша әкелім» - кедендік режим, кеден аумағына

в) «кепілдеме» - бұл кеден саласына қатынасы бар қатынастарды қанағаттандыру. Кепілдік бірнеше операция міндеттемелерінің орындалуын өамтамасыз етеді, яғни ол ортақ болып саналады.

с) «уақытша әкелім туралы құжат» - тауарларды белгілеуге және әкелінетін тауарлардан баж салығын жинауды өз міндетіне қосады. кедендік декларациямен теңестірілетін халықаралық кедендік құжат. Конвенция оның жағдайларының кең өолдану облысын қамтиды. Бұл:

- жүктер жәек көлік құралдары;

- жәрменкелерде, көрмелерде және конгрестерде көрсетуге арналған тауарлар (В1 қосымшасы);

- кәсіби құрал жабдыұтар, мысалы радио, кино, дидарлар;

- сауда операциясына әкелінетін контейнерлер, ораушылар, үлгілер және тағы басқа жүктер;

- өндіру операциялар шеңберінде әкелінетін тауарлар;

- оқу, мәдени және ғылыми мақсатта әкелінетін тауарлар;

- спорт саласында әкелінетін саяхатшылардың жеке жүктері;

- туризм саласындағы жарнамалық құрал жабдықтар;

- шекаралық тасымалдау шеңберінде әкелінетін тауарлар;

- гуманитарлық көмек көрсету мақсатында әкелінетін тауарлар;

- көлік құралдарына қатысты қосымша;

- жануарларға қатысты қосыша;

- баж салығынан жартылай босатылған тауарларға қатысты қосымша.

Конвенцияда уақытша әкелім қосымшасының негізі жоғарыда аталған жүктер, тауарлар, құрал жабдықтар және тағы басқаларын өткізгенде уақытша әкелім туралы кепіл құжатын көрсеткен жағдайда рұқсат етіледі.

Уақытша әкелім режимі кезінде тауарларды (оның ішіне көлік құралдары да кіреді) еркін аймаққа, кеден қоймасына немесе кедендік транзит режимін қолдану мақсатында бұл режим тоқтатылуы мүмкін, сонымен қатар тауарларды кедендік жою кезіде, яғни ұлттық заң немесе жағдайларға байланысты рұқсат етіледі[15],22б

Конвенциядағы 20 бапқа сәйкес мемлекет аумағындағы әрбір құқық бұзушылық сәйкесінше орындалған жерінде заңмен санкцияға әкеп соқтырады.

Конвенцияның V бөлімінің жағдайын қарастыра отырып, әкімшілік комитеттің жасалынуына қатысты нормаларды атап өткен жөн.

Мұндай жағдайда тұлғалар құықтарды жеке орындай алмайды, сонымен қоса бұған дауыс беру құқығы да жатады».

1990 жылғы Конвенцияның ең басты жағдайы – күшіне енген кезіне бастап (28 бапқа сәйкес әрбір қосымша дауыс беру мақсатында әкімшілік комитетінде жеке конвенция ретінде қаралады), ол бұрын қабылданған Конвенцияларды бұзып алмастырады, кәсіби құралдар және тағы басқалары. Конвенцияда бұл қосымшаны қабылдаған келісім жасайтын тараптар мен келісім жасаған тараптар арасындағы қатынасы.

Уақытша әкелім туралы құжаттар және осы сияқтылар А1 қосымшасына сүйене отырып шешіледі (27 бап).

19 бапта: осы қосымша күшіне енген күнінен бастап 27 бапқа сәйкес келісім жасайтын тараптар арасындағы қатынасының жағдайы (Брюссель 6 желтоқсан 1961ж.), осы конвенциядағы жүктерді уақытша әкелімге арналған АТА кітапшасы туралы кеден конвенциясының келісімдері туралы айтылған.

1961 жылғы уақытша әкелу конвенциясына қарағанда 1990 жылғы Конвенциясы Халықаралық кедендік құжаттар мақсатында 2 түрге бөлінеді:

а) АТА кітапшасы – уақытша әкелу құжаты, жүктерді уақытша әкелуге қолданылады.

б) СРD кітапшасы – көлік құралдарына ғана қолданылатын уақытша әкелу құжаты.

1990 жылғы Конвенцияда келесі қосымшалардың барлығында сол бұрынғы қалыптасқан біртұтас конвенция актілерін біртіндеп ығыстырып уақытша тасымалдау туралы актіні қабылдау.

- 9 мақала – конгрестерде, көрмелерде, жәрмеікелерде көрсетілетін тауарлар туралы, яғни ол 1961 жылғы конвенциядағы реттеу обьктісін ауыстыруы туралы;

- 8 мақала – 1961 жылдың конвенциясында ұқсас әкелім обьктісінің қатынасында алмастыруға шақырылған кәсіби жабдық туралы;

- 9 мақала- Сауда операциясының шегінде контейнерлер, үлгілер, ораушылар және тағы басқа жүктер туралы. Ол қабылданған 1960, 1972 және 1952 жылдары (күшіне енгеннен кейін) осыған ұқсас 4 конвенцияны ауыстыруы керек;

- 8 мақала- 1964,1968 және 1971 жылдары қабылданған 3 конвенцияны мәдени, ғылыми мақсатпен әкелінген тауарлар туралы;

- 7 мақала- 1954 жылдың 4 маусымындағы Нью-Йорктегі саяхатшыларға кеден жеңілдіктері туралы конвенциядағы ұқсас мазмұнның екі бабын жою және саяхатшылардың жеке заттары және жүктерін спорт мақсатында әкелінуі туралы;

- 7 мақала- 1954 жылғы туризм саласындағы кедендік жеңілдіктер туралы конвенцияға тиісті хаттама алмастырылатын туризм төңірегіндегі жарнамалар үшін жабдықтар туралы;

- 11 мақала- 1954 және 1956 жылдарындағы Конвенцияларында үш бұрын қабылданған бұл сұрақтар көлік құралдарын алмастыру туралы;

1990 жылғы Конвенциясының қалған 5 қосымшасында (барлығы 13) жаңа уақытша әкелу нормалары, келісімдер қарастырылады:

- өндірілетін операция шеңберіндегі әкелінетін жүктер туралы;

- шекаралық тасымалдау шеңберіндегі әкелінетін тауарлар туралы;

- гуманитарлық мақсатпен әкелінген тауарлар туралы;

- жануарлар туралы;

- тасымалданатын тауарлар жартылай баждардан және салықтардан босатылатыны туралы.

Көріп тұрғандай уақытша әкелінетін кеден режимінің бірталай айырмашылықтары бар, олар: халықаралық стандарттар, құрал жабдықтар, тауар заттары және тағы басқалары, бүкіл әлемдік сауда ұйымдар жүйесінде бүгінде халықаралық кеден қатынастарының тәжірибесінде кең негізде қолданылып, түбегейлі орында орналасқан[31]

1990 жылы Стамбул Конвенциясында қабылданғаннан кейін мемлекет қатысушылары кеден саласындағы уақытша әкелуді барынша жетілдіруге, сонымен қатар экономикалық, гуманитарлық, мәдени, әлеуметтік және саяси мақсаттарда мемлекеттерде қолданылатын гармонизацияға жетуді алдына мақсат етіп қойды.







Date: 2015-11-14; view: 962; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.019 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию