Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кедендік одақ - кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың жаңа көрнісі
Яғни, кеден одағы дегеніміз одаққа мүше елдердің арасындағы еркін сауда аймағымен бірге осы елдердің тарапынан үшінші елдерге қолданылатын бірыңғай сауда саясатының комбинациясы болып табылады. Қазір әлемде 12 кеден одағы Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында жұмыс істеп жатыр. Егер, кейбір азаматтарымыздың айтып жүргеніндей, кеден одақтары тәуелсіздікке, егемендікке нұқсан келтіретін, тіпті қатер төндіретін болса, онда олар мұндай одақтарға неге бірігеді? Мұндай одақтардың негізгі міндеті одаққа мүше елдер арасындағы еркін саудаға және үшінші елдермен сауда саясатын тең деңгейде жүргізуге қолайлы жағдай жасау. Жалпы, қандай елде де сауатты сауда саясаты ең алдымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау көрсетуден танылуға тиіс. Кеден одағы сондай саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Кеден одағының сыртқы саясат, техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шараларды, кедендік әкімшілік шараларын, салық салу негіздерін және тағы басқа салаларды жөнге келтіретін шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды дей аламыз. Биылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағының Кедендік кодексі күшіне кіреді. Осы арқылы үш елдің арасындағы кедендік ресімдеудің алынып тасталуы қамтамасыз етілуге тиіс. Қазақстанның, Беларусьтің, Ресейдің ұлттық нарықтарын біріктірудің есебінен қазіргіден әлдеқайда жинақы, ортақ, яғни ішкі нарықты қалыптастыру осы елдердің жаңа өндірістерін дамытуға, тауарлардың сапасын жақсартуға септесетіндігі Президент Жолдауын талқылау барысындағы жарық көріп жатқан материалдарда да кеңінен жазылуда. Кеден одағы бізге кедергі келтірмейді, қайта жаңа мүмкіндіктер туғызады[27],44б Ол мүмкіндіктердің қалай пайдаланатындығы біздің бизнеспен жұмысты қалай жүргізетінімізге байланысты. Қазақстан өзінің 16 миллион адамдық нарығын 170 миллион адамдық нарыққа ұлғайтады. Бұл – басы ашық артықшылық. Ал нақтылап тарата түссек, біріншіден, Кеден одағын құрудың берер басты пайдасы осы одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларына инвестицияларды тартуға жағымды жағдай жасау және мемлекеттердің экономикалық әлеуетін ескере отырып, бірлескен өндірістерді және бір-бірін өзара толықтыратын кәсіпорындар кооперацияларын құруды қамтамасыз ету болып табылады. Кеден одағының қалыптасу нәтижесінде ішкі өнім деңгейі 1,6 трлн. АҚШ долларды құрайтын және ішкі нарық көлемі 168 млн. адамға жететін бірыңғай аумақ құрылып отыр.Екіншіден, Қазақстанның экспортқа бағытталған кәсіпорындары үшін отандық тауарларды Еуропа елдеріне шығару үшін Ресейдің транспорт инфрақұрылымын әлдеқайда жағымды шарттармен қолдану келесі үлкен мақсат болып табылады. Бұл біздің кәсіпкерлеріміздің көлік шығынын азайтуына, соның арқасында қазақстандық өнімнің үшінші елдер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, Қазақстан тауарларының Ресей және Беларусь нарығына шығуы үшін техникалық стандарттар мен талаптардың, мысалы, ветеринарлық талаптардың, үш мемлекет тарапынан бір деңгейде қолданылуы өте маңызды міндет болып табылады. Осылайша, қазақстандық тауар өндірушілер үшін өз өнімдерін сату нарығын кеңейту мүмкіндігі пайда болады және біздің экономикамыздың инвестициялық тартымдылығы артады, бұл өз кезегінде жаңа өндірістерді дамытуға ықпалдасады деп сенеміз. Кеден одағы сол одаққа мүше елдердің экономикасына инвестиция тартуға, бірлескен өндірістер құруға, бірін-бірі толықтыратын кәсіпорындардың кооперациясына қолайлы жағдай жасайды. Бұл одақ Қазақстанның экспортқа бейімделген кәсіпорындарының алдынан Ресейдің көлік инфрақұрылымына қол жеткізудің қосымша жолдарын ашады. Қазір қолданылып жүрген техникалық стандарттар мен талаптардың бір ізге түсірілуі қазақстандық өнімдердің Ресей мен Беларусь нарықтарына шығуына мүмкіндік жасайды[23],11б Ресейдің осы саладағы қызмет орындары етті дайындауға өздерінше талап қояды. Ол талапқа біздің сатылатын етіміз дәл келмейді. Ресей қазір жылына 560 мың тонна сиыр етін, 780 мың тонна тауық етін импорттап отыр, соның өзінде баж мөлшерлемесі, яғни ставкасы 15 және 25 пайыз деңгейінде. Біздегі ветеринарлық-санитарлық талаптар ретке келтірілсе, онда Қазақстан етінің Ресей нарығына еркін кіретіндігі анық. Оларға да сонау Америкадан, Аргентинадан, Бразилиядан ет тасудан гөрі іргедегі Қазақстаннан ет сатып алу тиімді екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Өткен жылдың өзінде ғана Ресей жалпы құны 4,3 миллиард долларлық жаңа сойылған және тоңазытылған 1,3 миллион тонна етті, 1,1 миллиард долларлық 964,8 тонна құс етін сырттан әкелген. Сол сұраныстың белгілі бір бөлігін Қазақстан қанағаттандыра алар еді. Бұл мәселені шешу үшін Үкімет осы заманғы бордақылау алаңдарын және сойыс цехтарын құруға ерекше назар аударып отыр. Ол жерлерде біздің отандық етті импорттайтын елдердің барлық санитарлық нормалары сақталуға тиіс. Біз өз тарапымыздан қазақстандық ет өнімдерінің сапасын ресейлік қызмет орындарының оңайлатып анықтауы үшін қажетті нормативтік базаны жасауға күш салып жатырмыз. Қазірдің өзінде өнімдерді сертификациялауды бірлескен қазақстандық-ресейлік комиссиялар жүзеге асырады деген уағдаластық жасалды[30]. Қазақстан үшін нақты әсері болуы мүмкін деген позициялардың бәрі де қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың өкілдері қатысқан кеңестерде пысықталған. Мысалы, Бірыңғай кедендік тариф жөніндегі позицияларды екшеу кезінде жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының, тағам және өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілері одағының, алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығының, металлургия, мәшине жасау, құрылыс материалдарын шығару, көлік қызметі сияқты өнеркәсіптің бірқатар салаларының өкілдерімен кездесулер өткізілген. Кеден одағы аясында жасалған халықаралық шарттардың бәрі де ел Парламентінде ратификациялау рәсімінен өтті. 18 халықаралық шарт ратификацияланды. Алдағы кезде тағы 16 шарт ратификациялануға тиіс. Бұрынғы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның 18 қаласында семинарлар өткізіп, құрылып жатқан Кеден одағының негізгі сипаттары алдын ала талқыланды. Импорттық кеден баждарының өсуіне байланысты емдік дәрілер құны 11 пайызға артады деп шамаланып отыр. Сол үшін де Елбасымыз өзінің биылғы Жолдауында дәрі-дәрмектердің 50 пайызын Қазақстанның өзінде шығаруға қол жеткізуіміз керектігін міндет етіп қойды ғой. Нақты айтқанда, 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында бұл міндеттің 2014 жылға қарай шешілуге тиістігі көрсетілген. Осыған байланысты Шымкентте инъекциялық және инфузиялық ерітінділер, ұнтақтық антибиотиктер және таблетка түріне келтірілген емдік формалар шығаратын фармацевтика фабрикасын салу, Семейдегі медицина препараттары зауытын қайта жөндеу, Павлодар медицина зауытын салу сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады. Ал түбі керек дүниені өзімізде өндірмесек, олардың бағалары өзгермей тұра береді деп үміттенудің жөні жоқ. Кеден одағы бәсекелестікке қабілеттілігімізді шыңдайды. Еліміз келіссөздерді бастаған кезде үш мемлекет арасында 11 мыңнан астам импорттық тариф ставкаларының 40 пайызы бір деңгейде болатын. Қалған 60 пайызын осы келіссөздердің барысында бір деңгейге келтіру міндеті тұрды. Келіссөздердің нәтижесінде отандық кәсіпорындардың мүддесін қорғау үшін мынандай келісімдерге қол жеткізілді. Біріншіден, 400-ден аса тауарларға бірыңғай кедендік импорттық тарифін қолдану үшін 3-5 жыл арасында өтпелі кезеңдер қарастырылды. Мысалы, Қазақстан бүгінгі күні дәрі-дәрмекті және медициналық құрал-саймандарды шет елден 5 жылға дейін 0 пайыздық импорттық баж салығымен алып келе алады. Ал бірыңғай кедендік тариф деңгейі 10-15 пайыздың арасында. Сол сияқты химиялық өндірісте қолданылатын шикізаттар және полимерлер шет елдерден 4 жылдың ішінде 0 пайыз деңгейіндегі импорттық бажбен алып келінеді. Ал бірыңғай кедендік тариф деңгейі 10 пайыз болып табылады. Бұл 4 жылдың ішінде Атырау мұнай және газ химиялық кәсіпорнының құрылысының аяқталуы жоспарлануда. Өтпелі кезеңнің ішінде жеңілдетілген кедендік бажбен импортталатын тауарлардың тізбесіне сонымен қатар темір жол вагондары, азық-түлік өнімдерін шығаратын және қағаз шығаратын кәсіпорындар пайдаланатын шикізаттар кіреді. Екіншіден, Қазақстан экономикасының жедел түрде индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен инвестициялық шаралар қолданылатын болады. Басқаша айтқанда, отандық кәсіпорындардың өз тауарлары мен қызметтерін шығару үшін қажетті құрал-жабдықтар және шикізат өнімдері шет елдерден инвестициялық контракт шеңберінде 0 пайыз баж салығымен импортталынатын болады[24],23б Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру Кеден одағына қоса үш мемлекет арасында қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалуын ескереді. Үш мемлекеттің басшылары 2009 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласында өткен кездесуі кезінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптастыру туралы шешім қабылдады. Осы шешімді жүзеге асыру үшін 20 келіссөздің екі кезеңмен дайындалуы жоспарланып отыр. Бірінші кезеңнің барысында 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін 14 келісімді ратификациялау және екінші кезеңнің барысында 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қалған 6 келісімді ратификациялау межеленген. Бұл келісімдер келесі маңызды бағыттардан тұрады. Алдымен олар бірыңғай экономикалық саясат, атап айтқанда, бірыңғай макроэкономикалық саясат, бірыңғай бәсекелестік саясат, табиғи монополияларды бірыңғай реттейтін жүйе, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға үш мемлекеттің үкіметі тарапынан бірыңғай субсидия беру принциптерін және мемлекеттік сатып алуды бірыңғай саясатпен жүргізуді көздейді. Келісімдердің үш мемлекеттің нарығының арасында қызмет көрсететін кәсіпорындардың емін-еркін жұмыс істеуі үшін жағдай туғызуды көздейтінін де айту жөн. Бұл келісімдер жұмыс күшінің емін-еркін жүруі үшін жағдай туғызуды көздейді. Екінші кезеңде дайындалатын келісімдер бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдарын, атап айтқанда, электр энергетикасын тасымалдауға, газ және мұнай тасымалдау құбырларына және темір жол транспортының инфрақұрылымын қолдануға мүмкіндік жасайды[18],22б Әрине, интеграцияның біздің мемлекетіміздің экономикалық дамуының мүддесіне сәйкес жұмыс істеуі үшін Үкімет тарапынан, Парламент тарапынан және отандық бизнес тарапынан бірлескен жұмыс күнбе-күн жүргізіледі деп сенеміз[17],28б Бірыңғай экономикалық кеңістік экономикалық ықпалдастықтың барынша тереңдетілген түрі. Оның негізгі шарттары – өзара келісілген экономикалық саясат, капиталдың, қызмет түрлерінің, жұмыс күшінің еркін қозғалуы. Бүкіл әлемдегі бірыңғай экономикалық кеңістіктердің ең маңызды қағидаттары қатарында кемсітуге жол бермеу және өзара тиімділік қағидаттары аталады. Бұл кеңістіктен біздің ең алдымен күтеріміз инфрақұрылымдарға тең дәрежеде қолжетімділіктің болуы. Негізгі тауар өткізу нарығынан алыста жатқан, Каспийден басқа теңіз порттарына шыға алмайтын ел ретінде Қазақстан үшін мұның маңызы ерекше. Мысалы, Ресейдің ішкі тарифтеріне жету қазақстандық кәсіпорындардың көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, газ-көліктік инфрақұрылымға жету қазақстандық өндірушілердің өнім өткізу базарын кеңейте түсетін болады. Бүгінде Қазақстан газ бен мұнайды Ресей территориясы арқылы тасу кезінде миллиондаған долларларды текке жоғалтып жатыр. Қазақстан экспортын тасымалдау кезінде ішкі тарифтерге көшу бұл істегі проблемаларды азайтады. Қазірше ел экспортының негізгі бөлігін шикізат құрап отырғаны белгілі. Бірақ жағдай бұл күйінде тұра бермейді. Болашақта Қазақстан дайын өнімдерді экспорттауға да көшеді, сонда Ресей мен Беларусьтің ішкі тарифтері біздің елдің өңдеу өнеркәсібі үшін өте тиімді болып шығады. Ал Кедендік одақтың тиімсіз тұстары жайлы пікірлер де баршылық, олар 2009 жылдан бері отандық БАҚ-ты жаулап алған болатын.Солардан мысалға келтірсек.Тәуекелдiлiктi бағалау тобының басшысы Досым Сәтбаевтың пайымдауынша, Кеден одағының Қазақстанға берер пайдасынан зияны басым болады. «Кеден одағы дегенiмiз – экономикалық емес, саяси жоба. Көп жерде Қазақстанның пайдасы ескерiлмеген. Тәуелсiздiк алғаннан бүгiнге дейiн шикiзат өндiруге қатысы жоқ, күштi, бәсекелестiкке қабiлеттi экономика секторларын жасай алмадық. Сондықтан кеден одағының шеңберiнде бiзге Ресей экономикалық экспансия жасайды. Яғни, Қазақстан тек қана ресейлiк компанияларға өз нарығын ашып бермек», – дейдi ол.
Date: 2015-11-14; view: 1037; Нарушение авторских прав |