Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Иондардың гидраттануы
Электролиттік диссоциация теориясын Д. И. Менделеев аш-қан ерітінділердің химиялық теориясынсыз түсіндіруте болмай-тынын орыстың белгілі химигі А. И. Қаблуков көрсетті. Д. И. Менделеев еріген затпен ерітінді әрекеттескенде химиялық қо-сылыстың түзілетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Шынында да еру кезінде ерітінді мен еріген зат арасында гидраттардың түзілуіне одан кейін олардың иондарға диссоциа-циялануына әкелетін химиялық әрекеттесу болады (5.6-сурет). Бұл иондар су молекуласымен байланысқан, яғни гидраттанған. И. А. Каблуков ерітіндіде тек қана гидраттанған иондар болады деп санады. Қазіргі кезде ол ұғымды жұртшылық мақұлдаған. Сонымен, иондардың гидраттануы (жалпы жағдайда — сольваттануы) *— диссоциацияланудың негізгі себепшісі. Ол иондардың қайтадан молекула болып бірігуіне (ассоциациялануына) кедергі жасайды. Гидраттанған иондарда су молекуласының тұрақты және тұрақсыз сандары болуы мүмкін. Құрамы тұрақты гидрат I су молекуласын ұстап тұратын сутегі ионын Н+ түзеді. Ол гидрат-танған протон Н+ (Н2О). Ғылыми әдебиетте оны Н3О+ (немесе ОН+з) бейнелеп гидроксоний ионы деп атайды. Ерітіндіде Н+ ионы болмайды, Н3О+ ионы болады оны шартты түрде Н+ символымен белгілейді. Ерітіндідегі сутегі ионы туралы айтқанда, ол гидроксоний ионы деп ойластыру керек. Н3О+ ионындағы берік ковалентті байланыстың пайда болуы донок-акцептор механизмі бойынша жүреді. Су молекуласы — донор, протон — акцептор.Алайда химиктердің ойы екіге бөлінді. Кейбіреулері ерітіндіде тек қана гидроксоний ионы Н3О+, ал қалғандары Н3О+ ионынан басқа Н9О4+ (былай көрсетуге болады Н+ . 4Н2О немесе Н3О+ . ЗН2О) және H7O3+(H+.3H2O немесе Н3О+.2Н2О) иондары болады дейді. Бұл жорамалдардың ешқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген жоқ. Қалған иондардың көпшілігі құрамы ауыспалы гидраттар түзеді. Сондықтан сутегі ионын гидраттанған сутегі ионын көрсететін Н+(сулы) деп белгілеу керек. Басқа гидраттанған иондарды жазғанда да осылайша қолдану керек. Мысалы:НС1(газ) ↔Н+ (сулы) +C1‾ (сулы) СН3СООН(сулы)↔Н+(сулы) + СНзСОО-(сулы) HSO4− (сулы) ↔Н+ (сулы) + SO42− (сулы) Бірақ жазуды оңайлату үшін жақша ішіндегі көрсетілгендерді жазбайды.
Date: 2015-11-13; view: 3785; Нарушение авторских прав |