Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Химиялық тепе-теңдік
Қайтымды реакциялар аяғына дейін жүрмейді, олар химиялық тепе-теңдік туумен аяқталады. Мысалы, аммиакты синтездеу реакциясында белгілі уақыт бірлігінде түзілген аммиак молекуласының саны азот пен сутегі молекуласына ыдырайтын санға тең болғанда ғана тепе-теңдік пайда болады. Демек, химиялық тепе-теңдікті тура және кері реакцияның жылдамдығы өзара тең болғандағы әрекеттесуші заттардың күйі деп анықтауға болады. Тепе-теңдік кезінде тура және кері реакция тоқталмайды. Сондықтан мұндай тепе-теңдікті жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды. Екі реакцияның әсері бірін-бірі жоятындықтан әрекеттесуші қоспада айтарлықтай өзгеріс болмайды: барлық әрекеттесетін яғни бастапқы және түзілген заттардың концентрациясы — тұрақты еш өзгеріссіз болады. Химиялық тепе-теңдік кезіндегі қалыптасатын әрекеттесуші заттардың концентрациясын тепе-теңдік концентрациясы деп атайды. Тепе-теңдік емес концентрациядан [Н2], [N2], [NН3], айырмашылығы, оларды әдетте, квадрат жақша ішіне алып әрекеттесетін заттардың формуласы мен көрсету қабылданған, мәселен . Химиялық тепе-теңдік күйге әрекеттесетін заттардың концентрациясы температура, ал газ күйіндегі заттарға — қысым әсер етеді. Бұл параметрлердің біреуі өзгерсе тепе-теңдік бұзылып, басқа тепе-теңдік концентрациясына сай жаңа тепе-теңдік пайда болғанға дейін әрекеттесуші заттардың концентрациясы өзгеріп отырады. Реакцияласушы системаның бір тепе-теңдік күйден басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деп атайды. Егер, жағдай өзгергенде соңғы заттардың концентрациясы артатын болса онда тепе-теңдік реакция өнімдері бағытына қарай ығысады. Ал егер бастапқы заттардың концентрациясы артатын болса, онда тепе-теңдік солардың түзілетін бағытына қарай ығысады.
Date: 2015-11-13; view: 2258; Нарушение авторских прав |